«Симфониялық оркестр» үлкен психологиялық ойын

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Симфониялық оркестр» үлкен психологиялық ойын

Топтасып жұмыс істеу туралы.

Ойынның мақсаты: Топтық ауызбіршілік пен ынтымақтастық қалыптастыру.

Өткізу формасы: тренинг- сабақ.

Қатысушылар: педагогтар.

Бернард Шоудың мынадай бір сөзін айта кетсем: «Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз» деген. Олай болса, қарым- қатынасымызды жақсартып, педагогтар арасында жағымды психологиялық климат орнатып, көңіл-күйімізді көтеру үшін психологиялық ойындарға кезек берсек.

«Өзіңді тереңірек тани біл!»

Нұсқау: Сіздерге жеміс-жидектер ұсынылады, өзіңізге ұнайтын бір жемісті таңдаңыз. Сол жеміс арқылы топтасып, сіздің мінез-құлқыңыз қандай екені анықталады.

Таңдаған жеміс-жидектің өзіңізге ұнайтын себебін түсіндіріңіз.

Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату қиын болады. Бойыңызда менмендік қасиет басымдау.

Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез келген адамдармен тіл табыса алатын, ашық, жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз-қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.

Алманы өте ұнататын болсаңыз, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан салып тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақынжанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.

«Сіз білесіз бе?» жаттығуы.

Мақсаты: қатысушылардың бір-бірін жақсы тану, өзара бөлісу, мән бермей жүрген қасиеттерін өзара түсінісу.

Нұсқаулық: «Сіздің алдарыңызда қоржын бар. Осы қоржыннан бір билет аласыз. Онда әртүрлі жануарлар мен құстар, жәндіктер аттары жазылған. Алдымен әркім өзіңіздегі билеттегі жануарлармен танысып, көршіңіздің бойында осы жануарлардағы бар қасиеттерді анықтайсыз».

Жаттығу: «Менің жүрегім ән айтады, егерле мектепте...», «Менің жүрегім қайғырады, егерде мектепте...»

Шеңбер бойынша әрбір ойынға қатсушы өзінің жүрегі не үшін қуанып, не үшін қайғыратынын айтады.

«Оркестр» ойыны.

Сіздер музыкалық аспаптың аты жазылған карточканы аласыздар, сол аспаптың әуенінде ойнап , 3 этаптан өтесіздер.

1-этап: Әрқайсыңыз денеңіздің мүшесін немесе дауысыңызды пайдалана отырып,

« » әнінің әуеніне саласыз;

2-этап: Барлық ұжым-бұл оркестр. Мектеп директоры-дирижер. Оркестрды басқарып, осы әуенді ойнату керек;

3-этап: Рефлекция (талдау, пікірлесу, тілек білдіру).

Бүгінгі тренингіміздің қорытындысын шығаратын кез келді. Біз сіздермен қазір «Бақытты болған қандай жақсы» тақырыбында ұйымдастыррылған іс -шаралар қызықты сәттеріне назар аударайық.

Психолог: Мектеп өмірі қайнап жатыр. Сонымен қатар апталықтың қорытындысын шығару мақсатында «қайта байланыс анкетасы» ұсынылады.

Қорытынды: «Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды», -демекші, қадірлі әріптестер шәкірттеріңіз білім әлемінде биіктерден көрініп, еңбектеріңіз жана берсін. Сіздердің еңбектеріңіз арқылы мектебіміздің өркендей, өрлей беруіне тілектеспін!



© 2010-2022