Педагогтарға арналған психологиялық тренинг «Өзімізді тану, бір-бірімізге қуаныш сыйлау»

Раздел Школьному психологу
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Педагогтарға арналған психологиялық тренинг «Өзімізді тану, бір-бірімізге қуаныш сыйлау»

Қызылорда қаласы, №8 орта мектеп педагог-психологы

Жасақбай Камила Жасақбайқызы





Педагогтарға арналған психологиялық тренинг

«Өзімізді тану, бір-бірімізге қуаныш сыйлау»

Мақсаты: Ұстаздардың бойындағы эмоциясын шығару, қарым - қатынасты нығайту, қиын жағдайдан шыға білуге және өзін - өзі тануға баулу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, стикер, слайд, тенис добы, ақ парақ, ағаш суреті

Уақыт форматы: 30 минут.

Ұйымдастыру кезеңі:

І. Педагогтармен сәлемдесу.

ІІ. Көңіл-күйлерін сұрау.

ІІІ. Тренинг ережесімен таныстыру.

ІV. Топтарға бөлу

Тренинг ережесі:

  • Тыныштықты сақтау;

  • Уақытты тиімді пайдалану;

  • Белсенділік;

  • Бір-бірімізге сын айтпау;

  • Шығармашылық;

  • Қол шапалақтау.

Күтілетін нәтиже:

  • Өзіне пайдалы ұғымды алады

  • Өзін-өзі еркін ұстай білуге үйренеді

  • Айналамен қарым-қатынас жасайды

  • Өз бойындағы жаман қасиеттерді жеңе біледі

  • Өз ойын ашық айта алады

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен қонақтар! Бүгінгі семинарға қош келдіңіздер! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз! Біздің тренингіміздің тақырыбы: «Өзімізді тану, бір-бірімізге қуаныш сыйлау»

І . «Амандасу» жаттығуы.

Қазақтар-қол алысады

Италияда-құшақтасады

Бразилияда йық қағады

Жапонияда -бір-біріне иіледі

Жаңа Зеландияда - мұрнымен амандасады

Македонияда -шынтақпен

Тай елінде -екі алақанын түйістіріп, бастарына қойып, содан кейін «Савани» деп айтады

(2 минут)

Жүргізуші: Сіздерді үш топқа бөлеміз. І топ-раушан гүлі, ІІ топ -түймедақ, ІІІ топ - бәйшешек. Қатысушыларға гүлдің суреті бар қағаздар таратылады.

ІІ. «Ақ және қара айна» тренингі. «Бәйшешек» тобы ортаға шақырылады Қатысушылар ақ айнаға барып өзінің жақсы жақтарын, армандарын, тілектерін айтады. Қара айнаға барып өзінің бойындағы жағымсыз мінездерін айтады.

Талдау: Жаттығу қиын болды ма? Қиын болса қай жерінде қиын болды?

ІІІ. «Құбырдан су ағызу » ойыны .

Құралдар : А4 парақ,үстел тенисінің добы.

Бұл ойынға «Раушан гүл» тобын шақырамыз. Топ шеңберге тұрып, қолдарындағы парақшалармен құбыр жасайды және құбырдан кедергісіз суды ағызады. ( 5 минут)

ІV. «Жалғыз аяқ жол» жаттығуы. Бұл ойынға «Түймедақ» тобын шақырамыз. Барлық ойыншылар бірінің артынан бірін тұрғып, бір-бірінің белдерінен ұстайды.

Жүргізуші: «Құрметті әріптестер, біздің белгісіз бір жерде орманға тап болдық! Біз орманда адасып жүрміз. Орман жолдары қиындықтарға толы екен. Қазір бәрің бірдей келесі қимылдарды орындайсыңдар:

  • Келе жатсыңдар, жан-жақтарыңда ит тұмсығы өтпейтін ағаштардың жапырақтары шытырлайды, құстар өлең айтады, жасыл шөптер суылдайды (ойыншылар жан-жақтарына қарайды, құлақтарын түріп, дыбыстарды естуге тырысады).

  • Алдарыңда шалшық кезіктіңдер, «Бір шалшық!», «Екі шалшық», «Үш шалшық!» (секіреді, аттап өтеді);

  • Асығып келе жатсыңдар;

  • Алдарыңнан ағып жатқан өзен көрінді, оның үстінен көпір салынған (көпірдің ағаштарынан ұстанып әзер өтеді).

  • Дөңгелектерге кез болдыңдар: «Бір дөңгелек», «Екі дөңгелек!», «Үш дөңгелек!» (секіріп өтеді);

  • Батпақ жерлерге кезіктіңдер (аяқтарын әрең алып, зорға өтеді);

  • Ойға тірелдіңдер, жатқан ағаш арқылы өту керек (тізбектеліп ақырын өтеді);

  • Аяқтарыңды шық түскен шөп сулап тастады (аяқтарын сілкиді);

  • Алдарыңа үлкен ағаш құлады (одан аттап өтеді);

  • Айдын шалқар көлге кезіктіңдер (айналып өтеді).

Міне, осы көлдің ар жағынан сіздер №8 мектебін қайта таптыңыздар.Мен барлық қиындықтарға мойымағандарыңыз үшін рахмет айтамын. Өмірлеріңізде қиындықтар болмасын, болмашы кедергілерді қайраттылықпен жеңулеріңізге тілектеспін.

V. Қорытынды:Тренингке қатысушыларға стикер беріледі. Бір-бірлеріне, мектебімізге ыстық тілектерін және бүгінгі тренинг туралы ойларын, қандай көңіл-күйде болғандарын, тренингтен алған әсерлерін жазып, ағашқа жабыстырады. Cөйлем басы «Бүгін мен ...» немесе «Бүгін маған» -деп басталады. Барлығы жазып болғасын жазылған тілекті оқиды. Қағазды жыртпай, мектепке естелікке қалдырады.

Қатысушылар бір-бірлеріне тілеген тілектері орындалсын деп қошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтайды.













© 2010-2022