Тақырыбы: Психологиялық кеңес беру - (11 класс)

Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ

Психологқа барып, өзің жөнінде ашық айту, оған қоса өзіңдегі және өміріңдегі бірдемені өзгертуді бастау үшін біршама батылдық қажет. Психолог клиенттерінің арасында әр қилы проблемалары мен сан алуан тілектері бар әр түрлі адамдар кездеседі. Олардың әрқайсысы өзінде өзі, өз қорқынышы, алаңдауы, күмәні мен күдігі, тілегі туралы айтуға батылдық тапты, ал бұл оңай емес. Психологтың клиенттері батыл адамдар.
Еш психолог сіз үшін проблемаңызды шешуді өз мойнына алмайды. Ол сізге проблеманы түсінуге және оны жеңу жолдарын белгілеуге көмектеседі.
Психолог көмегі қай кезде қажет:
- сіз проблеманы шешудің барлық мүмкін болар тәсілдерін сынап көрдіңіз, алайда жағдай тек нашарлайды, сізде тұйық шеңбер бойымен жүргендей ғана сезім бар.
- сіз күшті стрессті (жақын адамның дүниеден өтуін, денелік немесе моральдық зорлықты, ажырасуды және с.с.) бастан кешірдіңіз. Дегенмен уақыт бәрін емдейтініне үміт артуға болмайды. Кейде уақыт ұзақ мерзім емдейді, ал кейде онша сапасыз емдейді.
- сізді «өмірде бірдеме ойдағыдай емес», «өзгеріс қажет» деген көмескі сезім қуалайды, бірақ сіз қай тұсқа қозғалуды және нені өзгертуді білмейсіз.
- сіздің жан дүниеңізде онша анық көрінбейтін себепсіз ұзақ уақыт нашарлау бар: уайым, қайғы, бір сөзбен айтқанда торығу, жабығу (депрессия).
Егер сіз мыналарды сезсеңіз:
- жан дүние жайсыздығын;
- өмірдің мәнінің, мағынасының жоғалуын;
- сізді өзіңіздегі сенімсіздік мазаласа және өзіңізді сенімді ұстау қиын болса;
- сіз өзіңізді бейтаныс адамдар арасында ыңғайсыз сезінсеңіз;
- сізге өз мүдделеріңізді қорғау қиын болса;
- сізге айналадағылар өзіңізді нашар түсінетіндей көрінсе;
- сізге басқа адамдардың және өз жеке мінез-құлқыңыздың түрткілерін жақсырақ түсінгіңіз келсе;
- сіз өз жеке күйзелістеріңізге ден қойсаңыз және айналадағылар сізді аз қуантса;
- сіз туындайтын өмірлік қиындықтарды жеңуге күшіңіздің, тәжірибеңіздің, біліміңіздің жетпейтініне мазасыздансаңыз;
- сіз өзіңізді түсінгенді қаласаңыз.
Бұл жағдайда сізге психологиялық кеңес (консультация) алу қажет. Ол сізге күйзеліс өткірлігін алып тастауға, өзіңізді түсінуге, өтіп жатқандардың себептері мен салдарын түйсінуге, саналы ұғуға және өзіңізге сенімді нығайтуға көмектеседі және оңтайлы шешім іздеуге ықпал етеді.
Не үшін психологқа барудың мағынасы жоқ:
- өз өміріңізге жауапкершілікті оған арту үшін («менімен бірдеңе жасай салыңызшы»);
- сиқырлы таяқша әмірі бойынша лезде сауығу кереметі үшін;
- өз туыстарыңыз бен айналаңыздағы әлемді өзгерту үшін.
Жұмыс клиентпен белгілі бір мерзімге келісім жасалған кезде қысқа мерзімді консультация режімінде өтеді. Жеке тілектер мен клиенттің жағдайына байланысты 3-25 сессиядан тұратын бағдарлама өткізіледі. Псиологиялық сабақтың міндеті - адами психиканың потенциалды мүмкіндіктерін өзекті ету, оның қалыпты қызмет етуіне кедергі келтіретіннің бәрінен арылу.
Адамға сырттан мүлдем аз ғана демеу қажет және ол өзін-өзі аша бастайды: Психолог бар болғаны зерттеуші және басқа зерттеушінің-клиенттің көмекшісі ғана, сондай-ақ олар бірлесіп қалаулы нәтижеге жетеді.

Кеңес беру - әлеуметтік көмек беру әдісі ретінде туралы

Кеңес беру әлеуметтік жұмыстардың маңызды әдісі мен технологиясы болып табылады.Кеңес беру - бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын әлеуметтік жұмыс түрі. Әлеуметтік міндеттерді шешудің технологиялық әдістері ретіндегі кеңес беру - бұл азаматтардың, жеке адамдардың, отбасылардың, топтардың, қауымның қажетті бір ақпаратты анықтау мақсатын және оны қамтамасыз етудегі көмек көрсетудің баламалы түрлерін нұсқаумен ақыл-кеңес беру арқылы әлеуметтік қызметте жиі пайдаланылатын шара.Әлеуметтік кеңес берудің түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Солардың арасынан: қадағалау, тестілеу, көндіру, сендіру, хабарлау, кіші теенинг және басқаларын атап өтуге болады.Мақсаты бойынша бірі-біріне ұқсас және кіәсіптік қызмет түрлерінің техникасы- консалтинг, психотерапия, психокоррекция сияқты бір-біріне жақын кеңес беру түрлерін бөліп қарау қажет.Әлеуметтік қызметтте, әсіресе отбасымен жұмыс жүргізгенде, психологиялық кеңес беру пайдаланылады, яғни «адамдарға ықпал етудің негізгі жолы - әғгіме-дүкен құру қажет болып табылатын, тұлғалар арасындағы қатынастардың қиыншылықтарына байланысты әрқилы психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған тікелей жұмыстар жүргізу». Психологиялық кеңес беру өтініш иесіне ең алдымен оның тұлғааралық қатынастарын қайта құруға, ал психокоррекциялық немесе психотерапиялық ықпал ету негізінен өмірі қиындықтары мен шиеленістері негізіне жататын адамның ішкі мәселелерін шешуге бағытталған.Кез келген кеңестік көмек көрсету өтініш берушінің қажеттілігіне негізделуі тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда екі негізгі мақсат туралы айтуға болады:

1) өтініш иесінің жеке өмір сүруіне ие болуының тиімділігін арттыру;

2) өтініш иесінің проблемалық жағдайды және қолдағы мүмкіндігін молайту қабілетін дамыта түсу.

Кеңес беру мақсатының қорытындысы - өтініш берушіні өзіне-өзі көмектесуіне үйрету және осылайша оны өзіне-өзі кеңесші бола білуіне баулу.

Сұраныстың сипатына немесе мәселенің түріне қарамастан негізіне өзгерту идеясы жататын кеңес беру өткізудің 4 негізгі стратегиясы бар:

1) жағдайдың өзін өзгерту;

2) жағдайға бейімделу үшін өзін өзгерту;

3) оның жағдайдан шығуы;

4) сол жағдайда өмір сүру жолдарын таба білу.

Қазіргі әлеуметтік қызметте кеңес берудің Дж. Иген моделі кеірек тараған. Дж. Иген кеңес беруді «мәселелердің менеджементі» ретінде, яғни мәселелерді басқарушы ретінде (нақ «шешім» емес, проблемалардың бәрі бірдей толығымен шешіле қоймауы мүмкін) қарастырып және кеңес алушыға көмек көрсетудің негізгісі үшеу болып табылатын 9 сатыға бөледі:Отбасылық кеңес беру отбасындағы ересектер мен баланың арасындағы әлеуметтік проблемалар, шиеленістік жағдайлар кезінде әлеуметтік-педагогикалық ақыл-кеңестік көмекті қамтиды. Әлеуметтік-психологиялық кеңес беруге қарағанда бұл жағдайдағы ерлі-зайыптылар мәселесі мен отбасылық қарым-қатынастардың психологиясы талдау нәрсесі болып табылмайды.Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру нәрсесі мыналар болып табылады:

  • өмірлік қамту саласында: еңбекпен қамтылуы, жеңілдіктерді белгілеу, жәрдемақы, мүгедектік, дағдарыс жағдайындағы материалдық көмек, т.б.;

  • тұрмыс жағдайы саласында: қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен қамтамасыз ету, пәтерін жөндеу, дезинфекциялау, гигиеналық дағдыларға үйрету, пәтерде бала бұрышын ұйымдастыру, бос уақытты ұйымдастыру, балаларды қадағалау, т.б.;

  • отбасы денсаулығы саласында: балалар мен ересектердің созылмалы, қатты ауыруларын тексеріп-анықтау және емдеу, салауатты салтпен өмір сүруге дағдыландыру, аурулардың алдын алу, балаларға нашақорлықтан аулақ болуға көмектесу;

  • рухани және моральдық хал-ахуал саласында: ішімдікке бой ұрудан құтылу, отбасының дәстүрлері мен тұрақтылығын сақтау, отбасы мүшелерінің құнды бағаларын қолдау;

  • бала тәрбиесі саласында: мектепке үйрену мәселесін шешу; мінез-құлық ауытқушылығын анықтау және оны түзеу; психологиялық, тіл дамыту, психотерапиялық, заңгерлік көмек көрсету, педагогикалық хабарсыздықты, сапасыздықты, дәрменсіздікті болдырмау және т.б,;

  • отбасының ішкі және сыртқы қатынастар саласында: бұрынғы немесе жаңа жақсы әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіру, араздықты жоюға көмектесу, бала - ата-ан және ерлі-зайыпты қарым-қатынастарын реттеу және т.б.Отбасылық кеңес берудің айырмашылығы - әлеуметтік қызметкер кеңес беру барысында не жаппай отбасымен, не отбасы мүшелерімен жеке-жеке кезең-кезеңмен жұмыс жүргізеді де, соңынан олардың бәрін кездестіреді.Отбасылық кеңес беру мәселердің кең шеңберін қамтитын ақыл-кеңес беру бағыттарының бірі ретінде ерлі-зайыптылардың, бала мен ата-аналар, ерлі-зайыптылар мен олардың ата-аналары арасындағы өзара қарым-қатынастарды қарастырады. Көбінесе мұнымен қазіргі кезде белсенді түрде бастау алып, қарқынды дамып келе жатқан психологиялық-педагогикалық кеңес беру қызметімен айналысады. Әдетте 14-15 жасқа дейінгі балалар мен ата-аналарының қатысуында кеңес беру жүргізіледі, өйкені олардың мәселелерін отбасының қатысуынсыз шешу қиындыққа түседі. Ата-аналарға кеңес беруде жағдайға қатцысты көз қарас обьективті және субъективті болуы тиіс, яғни мәселелер отбасы көзқарасы тұрғысынан және кеңес беруші көзқарас тұрғысынан бекітілуі керек.Отбасылық кеңес беру процесі конгитивті және эмоционалды аспектілерді қамтиды. Кеңес беру барысында кеңес алушының немесе жалпы отбасының мәселелері шешіліп қана қоймайды, оларды шешудің тиімді деңгейдегі жолдары да іздестіріледі. Отбасылық кеңес беру - бұл ең алдымен тұлғаның ішкі байлықтарын эмоционалды тиімді факторлардың көмегімен аша білу үшін жағдай туғызатын өзара араласу, отбасының эмоцианолды байланыстарын қалыптастыру, осы байланыстардың белгілі бір қозғалыстары.Мұндай жағдайда отбасылық кеңес беруді бірнеше бағытқа бөлуге болады. Мұндай жіктеу отбасылық проблемаларға кеңес беру тәжірибесінде кездесетін төмендегідей бөлулерден туындайды:

  • некелескенге дейінгі проблемалар: жынысаралық қатынастардағы махаббат пен өзара түсіністік, некелік іздеу салу, неке таңдау, жалғыздық және тағысын тағы проблемаларға түсінік беру. Мұндай жаңдайдағы проблемалар жігітттік кезде де, сонымен бірге ересек кезде де жиі кездеседі, мысалы, бірінші некеден кейін қайтадан үй болу, өмірлік серік іздеу, ерлі-зайыптылардың көзге шөп салушылықтарынан кейін шешім қабылдаулары;

  • жас отау иелері өмірлерінің бастапқы кезеңіндегі проблемаларына кеңес беру. Бұл кезеңде отбасылық өмірге деген тәжірибенің жоқтығы салдарынан жанжалдың болып тұруы, ерлі-зайыптылардың ата-аналары арасындағы өзара қарым-қатынастары, бала туу жөніндегі мәселені шешу туралы сөз қозғалады;

  • бала - ата-ана проблемаларына кеңес беру: баланың мектептегі оқуы мен тәртібі, дамуының ауытқушылығы, отбасындағы тәрбие беру мәселесі және басқалар;

  • неке бұзысу мен ажырасқаннан кейінгі алаңдаушылық;

  • отбасылық жанжал мен дағдарысқа кеңес беру.

© 2010-2022