Лабиринт. Психологиялық тренинг сабақ

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Лабиринт» жаттығуы


Жаттығудың мақсаты: сенімділкті арттыру, бір-біріне қолдау көрсетуге баулу, ұжым арасындағы көшбасшыны анықтау.

Суретте көрсетілгендей кез келген матаға маркермен бұрылыстары көп жолдар салынады, яғни лабиринт және көрсетілген жолмен жүретін кез келген шағын дөңгелекше қажет. Топ матаны керіп қолдарымен ұстап тұрады. Нұсқаушы белгі бергеннен кейін мата үстіндегі шағын дөңгелекшені керілген матаның көмегімен жылжытып барлық жолдардан өтіп шығады. Ойын кезінде сөйлеуге болмайды. Сөйлеген жағдайда немесе дөңгелекше жолдардан шығып кеткен жағдайда жаттығуды қайта бастайды. қашан толық өтіп шыққанша жалғаса береді. жаттығудың да мақсаты осы. Топпен бірлесе жұмыс істегенде ғана тиімді нәтижеге жетеміз. Жаттығу біткеннен кейін қатысушылар өз ойларын,пікірлерін білдіреді.

Жаттығуды талдау:

- Ойын саған ұнады ма?
- Осы ойынға дейін саған жағымды нәрсені кім айтты?

Лабиринт. Психологиялық тренинг сабақЛабиринт. Психологиялық тренинг сабақ

Жүректен - жүрекке «Күн» жаттығуы

Психолог: Біздің жаттығуларымыз аяқталып қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын.

Ал қазір мен сіздерге күн бейнесін ұсынамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып күнді беріп отырамыз.

Қоштасуға күнді алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан де алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек.



© 2010-2022