Cабақ: Бақыт деген не?

Тақырыбы: "Бақыт" деген не?   "Бақыт" деген досыңның табағында, дом-быра шанағында, жарыңның жанарында, халық-тың қабағында. Қадыр Мырза Әлi   Мақсаты: жанұяда өзара адамгершiлiк қарым-қатынасты дамыту, ата-аналар мен ұстаздардың ынтымақтастық жұмысың нығайту; қолайлы эмоциялы-психологиялық ахуал тудыру; тақырыпқа өзiндiк көзқарас тудыру; отбасында алған білімдерін қолдану. Өтiлу түрi: Пiкiр алмасу. Көрнекiлiк: Бейнетаспа, жүрек, үнтаспа, ватман, ақ парақ беттерi, фломастер, тақта. Әдiс-тәсiлдер...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:

"Бақыт" деген не?

"Бақыт" деген досыңның табағында, дом-быра шанағында, жарыңның жанарында, халық-тың қабағында.

Қадыр Мырза Әлi

Мақсаты: жанұяда өзара адамгершiлiк қарым-қатынасты дамыту, ата-аналар мен ұстаздардың ынтымақтастық жұмысың нығайту; қолайлы эмоциялы-психологиялық ахуал тудыру; тақырыпқа өзiндiк көзқарас тудыру; отбасында алған білімдерін қолдану.

Өтiлу түрi: Пiкiр алмасу.

Көрнекiлiк: Бейнетаспа, жүрек, үнтаспа, ватман, ақ парақ беттерi, фломастер, тақта.

Әдiс-тәсiлдер: Шығармашылық тапсырмалар, өлең оқу, пiкiр талас, әңгiмелесу, ойын.

Амандасу рәсiмi: "Мейiрiмдiлiк шеңберi"

Ата-аналар шеңбер бойына тұрады, сазды әуен ойнайды.

Жүргiзушi қолына жүрекшенi алып, шеңберде тұрған ата-аналарға нұсқау бередi.

Бiр-бiрлерiмiзге осы жүрекшенi бере отырып, жылы лебiзiмiздi бiлдiрейiк.

Жүргiзушi:

Әкем, анам үлкендi сыйла деген,

Сол сөз маған iзгiлiк, құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан, кiшiлiктi,

Үлкендердiң өзiне сыйға берем.

(М.Мақатаев)

Жүргiзушi: Бүгiнгi кездесуiмiздiң тақырыбы: "Бақыт" деген не?

Мұқағали ағамыз мектепте оқушы кезiнде мұғалiм:"Бақыт" деген не? тақырыбында шығарма жаздырыпты. Ол кезде Асыл аға: «Бақыттың не екенiн, мен қайдан бiлейiн», - деген екен. Арада көп жылдар өтiп толысқан ақын болған шағында "бақыт" деген не? сұрағына жауап тауыпты. Сол жауапты біздің ата-аналарымыз, сіздерге өлең үзіндісінен оқып береді.

Бақыт деген

Бақыт деген - сенiң бала күндерiң,

Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенiң,

Бақытың да, басқасын да бiлмеуiң,

Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенiң.

Бақыт жайлы менiң мынау бiлгенiм,

Бақыт деген - бiрде шаттық, бiрде мұң.

Бақытты сол - тәрiк етiп түндерiн,

Бақыт iздеп азаптанса, кiмде кiм.

Бақыт деген - әркiмдерге бiр арман,

Сол арманның шыққан жерi құмардан.

Ал сен үшiн бақыт деген - дәл қазiр,

Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.

Бақыт iздеп мал бақ, мейлiң тас қала,

Бiрақ балам, мынаны естен тастама:

Бақыттысың, бақыт iздеп сорласаң,

Бақытты боп сорлап жүрген масқара.

Бақытың - мен, бақытым деп бiл менi,

Менi бiлсең, бақытыңды бiлгенiң.

Ал мен үшiн ең бақытты күндерiм -

Балам, саған бақыт iздеп жүргенiм.

Ой бөлісу сәті. "Бақыт деген не?"

- Құрметті ата-аналар, сіздер қалай ойлайсыздар: "Бақыт" деген не?

Ата-аналармен топтық жұмыс: Ата-аналарға арналған тапсырмалар және сұрақтар.

Ата-аналар екi топқа бөлiнедi (жүрекшелер арқылы қызыл, сары). Екi топқа сұрақтар берiледi:

1-топ. Өз өмiрлерiңiздiң қай кезiнде, қай жағдайда өздерiңiздi бақыттымын деп сезiндiңiздер?

2-топ. Айналаңыздағы адамдарға бақыт әкелген өзiңiздiң бiр iс-әрекетiңiз туралы әңгiмелеп берiңiз.

Жалпы сұрақ: Өзiңiздiң пiкiрiңiз бойынша тағдыры бақытты деп санайтын адам туралы әңгiмелеп берiңiз.

Жүргiзушi: (бір ата-анаға сұрақ қояды)

-………….., сыйлық алғанды ұнатасыз ба? Сыйлық алғанда қандай сезiмде боласыз?

Ата-ананың жауабы.

- Олай болса, қазiр бiз ата-аналарға қызықты тапсырма ұсынамыз.

Ата-аналарға арналған практикалық жұмыс: "Бақыт ханшайымының сыйлығы".

Ата-аналарға қағаз, фломастер таратылады.

Сiздiң тағдырыңызға Бақыт ханшайымы кездесiп, сiздiң өмiрiңiз үшiн маңызды бiр сый сыйлағанын көз алдыңызға елестетiп көрiңiз. Ол сiзге қандай сыйлық бердi, соның суретiн салыңыз. Тақтада "Бақыт ханшайымының сыйлығы", деп жазылып тұрады. Әр ата-ана өз салған суретiн тақтаға әкеліп iледі, суретінің мазмұның ашады.

Жүргiзушi: Құрметтi ата-аналар! Әр ұрпақтың Бақыт туралы өз пiкiрлерi бар. Жақында бiз балалардан интервью алдық. Бақыт туралы бiздiң балаларымыздың қандай ойлары бар, тыңдап көрейiк. Бейнетаспада балалар "Бақыт" туралы өз ойларын айтады. Ата-аналарына тiлек арнайды.

Психолог ата-аналармен топтық жұмыс жүргізеді: "Бақыттың түрлерi"

Жұмыстың барысы: Ата-аналар үш топқа бөлiнiп, әр топқа тапсырма берiледi:

1-топқа: Ана бақытын қалай түсiнесiздер?

2-топқа: Бала бақыты дегендi қалай түсiнесiздер?

3-топқа: Әке бақыты дегендi қалай түсiнесiздер?

Тапсырма орындалып болған соң, психолог қорытынды жасайды:

- Құрметті ата-аналар! Біз бәріміз бірігіп ана, бала, әке бақыты туралы пікір алыстық. Сонда бақытты болу үшін не керек? Бақыт формуласы бар ма екен?

Ата-аналарға арналған шығармашылық тапсырма: "Бақыт формуласы"

Ата-аналар шеңбер бойына тұрады. Бақытты өмiр сүру үшiн сiздер қазір бақыт ережесiн құрастырдыңыздар. Психолог ережелердi ватманға жазып отырады (ойынға доп қолданылады). Мысалы: бiр-бiрiмiзге жылылық таныту, мейiрiмдi сөздер, тiлектер айту.

Бейнетаспа көру: 2004 жылы қазан айында Астана қаласында өткен мұғалiмдердiң III сьезiнде "Бөбек" қорының жетекшiсi, "Өзiн-өзi тану" бiлiм жобасының авторы С.А.Назарбаева ұстаздармен кездестi. Осы кездесуден үзiндi көруге шақырамыз.

Рефлексия "Сөйлемді жалғастыр" ата-аналармен дөңгелек үстел басында пiкiр алысу. Әр ата-ана өзіне ұнаған сөйлемді таңдап, сол сөйлемді жалғастырады.

"Арман" бастауыш гимназия-бақша мемлекеттiк мекемесiнiң директорына сөз берiледi.

Оқу-тәрбие жұмысының меңгерушiсiне сөз берiледi.

Жүргiзушi: Балаға бiлiм беру тәрбиесi тек ұстаздың ғана мiндетi деп ойламасақ, ол ата-ананыңда асыл борышы, қоғам алдындағы парызы. Ата-анамен, ұстаздың бiрiккен еңбегiнiң нәтижесiнде балаларды рухани-адамгершiлiк құндылықтарға тәрбиелеудiң жемiсiн көруге болады. Бiздiң бүгiнгi мақсатымыз осы.

Шеңберге тұрып "Ризамыз" әнiн айту.


© 2010-2022