Стресспен қалай күресуге болады? 11-сынып

Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Стресспен қалай күресуге болады?»

Мақсаты: Қоршаған ортаға сенімін нығайту, ішкі кедергілерді жою.

Әдістері: топтық пікірталас, ойындар, медиативтік техникалар.
Міндеттері:
1.Стресске қарсылықты күшейту;
2.Өзін сенімді сезіну дағдысын қалыптастыру;
3.Эмоционалды-ерік сферасын дамыту;
4.Ішкі күштерге негізделген өздік бақылау дағдысын күшейту;
Құралдар: жазбалармен магнитофон, ватман, әртүрлі бейнелеу құралдары, А4 ақ қағазы, тест, әдістемелер бланкі.

Жоспары:
І. Кіріспе. Шағын дәріс: «Стресс және оны қалай жеңуге болады?»
ІІ. Жаттығулар орындау:
1 Стресс-тест.
2 «Джунглидағы жаңбыр».
3.«Біздің топ жүрегі».
ІІІ. Қорытынды. Жаттығу «Қымбатты адамға не тілеуге болады?».

Өту барысы:
І. Кіріспе.

Шағын дәріс «Стресс және оны қалай жеңуге болады?»
Мақсаты: теориялық аспектілермен таныстыру, стресті түсіруге арналған жаттығуларды ұсыну.
Психолог: «Әдебиеттерде стрестің пайда болу себептері жөнінде көп жазады. Бұл кіналау сезімі, өмір мәнінің жойылуы, оқуды жек көру, т.б. Уолт Расселдің мына бір сөздерін есімізге түсірейік: «Егерде жек көретін ісіңізді жасайтын болсаңыз, ағзада бұзушы токсин бөлінеді, нәтижесінде сіз ұзақмерзімді қажуға немесе ауруға шалдығасыз. Сондықтан сізге бәрін жақсы көру керек. Істі сүйіспеншілікпен істеу керек. Шығыс даналығы осылай дейді. Барлығын қуана жасаңыз, өзіңіз жақсы білетін әдіс-тәсілді қолданыңыз. Оқуға, сабаққа деген махаббат, сізді дене және рухани күшпен қаруландырады, аурудан, жалығудан, зерігуден құтқарады. Өзіңіздің дене және психологиялық денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Стрестің физиологиялық белгілері: ұйқысыздық, бас ауруы, жүрек соғуы, арқаның ауруы, асқазан, жүрек ауруына, асқазанның қорытпауы, түйілуі.
Психологиялық белгілері: ұмытшақтық, алаңғасарлық, мазасыздану, жылау, шамадан тыс берекетсіздену, қорқу, тітіркену. Бұл өзіне сенімділіктің жойылуына, әртүрлі аурулардың пайда болуына, психикалық қажуға және дәрі-дәрмекке тәуелділікке әкеліп соғады.
Стрессті жою үшін не істеу керек?
Біріншіден, стресстік жағдайда адам ағзасындағы дәрумендер, әсіресе В тобы көп мөлшерде жұмсалады. Көптеген дәрігерлер дәруменді күнделікті қолдануға кеңес береді, бірақ әрі орнымен болуы керек. Бәрі де шектеулі!
Екіншіден, дене жаттығулары өте пайдалы. Спортзалға бар, жаттығу жаса, биле, ән сал, қыдыр, бассейн мен моншаға түс.
Үшіншіден, психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді қолданып көр: музыка тыңда, түнгі аспанға, бұлтқа қарап арманда.
Төртіншіден, үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. «Психологиялық тренингтерге бар.»

ІІ. Жаттығу: «Стресс-тест».
Мақсаты: оқушылардың стреске қаншалықты бейімділігін анықтау.
Психолог: «Төмендегі пайымдауларды оқып шығып, қаншалықты келісетіндігіңізді келесі шкаланы пайдаланып, бағалаңыз:
- Ешқашан (1ұпай)
- Сирек (2 ұпай)
- Жиі (3 ұпай)
- Әрдайым (4 ұпай);
1.Мен ұсақ-түйектерге ашуланбаймын.
2 Біреуді күтуге тура келгенде мен мазсызданамын.
3 Ыңғайсыз жағдайда мен қызарып кетемін.
4 Ашуланған кезде басқаны ренжітуім мүмкін.
5.Сынды ұнатпаймын.
6.Егерде транспорт ішінде біреу итермелесе, мен де дәл солай жауап беремін.
7 Бос уакқытымда міндетті түрде бірнәрсемен шұғылданамын.
8.Кездесуге әрқашан кешігемін, не бұрын келемін.
9 Тыңдау білмеймін, сөзді бөлемін.
10.Асқа тәбетім жоқ.
11.Болмашы нәрсеге жиі мазаланамын.
12.Таңертең өзімді жайсыз сезінемін.
13.Өзімді шаршаулы сезінем, нашар ұйықтаймын, миым дем алмайды.
14.Ұзақ түстен кейін өзімді жайсыз сезінемін.
15.Жүрегімде ақау бар деп ойлаймын.
16.Менің арам, мойыным ауыратын кездер болады.
17.Үстелге тырғанда саусақтарымды барабанша соғамын, аяғымды қозғалтып отырамын.
18.Менің істерімді мойындағанды, мадақтағанды қалаймын.
19.Менің ойымша мен басқалардан көш ілгерімін.
20.Диета ұстамаймын
Бағалау шкаласы:
30 және одан төмен. Сіз байыпты және саналы өмір сүрудесіз,
проблемаларды жеңе білесіз. Сіз жалған қиялмен де, шектен шыққан байсалдылықпен де ауырмайсыз. Сіз шындық өмір адамысыз.
31-45 ұпай. Сіздің өміріңіз іс-әрекет пен кедергілерден тұрады. Сіз стреске бейімсіз, жағымды (бірнәрсеге жетем деген ұмтылыс) стреске де, жағымсыз стресс те болады. Сіз өмір дағдыңызды өзгертпейсіз, бірақ та өзіңіздің жеке басыңызға көңіл бөліңіз.
46-60 ұпай. Сіздің өміріңіз толассыз күрес. Сіз мансапқұмарсыз және карьера туралы армандайсыз. Сіз үшін сіз туралы басқалар пікірі маңызды. Сондықтан сіз көбіне стрестік жағдайда боласыз. Осылай өмір сүрсеңіз, көп нәрсеге қол жеткізесіз, бірақ жеке басыңыздың бақыты екінші кезекке ысырылады. Ұрыс-керістен аулақ болып, ұсақ-түйекке бола ашуланбаңыз. Әрдайым үлкен жетістікке жетем деп мақсаттанбаңыз. Өзіңізге демалыс жариялап тұрыңыз.
61 және одан жоғары. Сіз машина жүргізушісі секілді өмір сүріп жатырсыз. Өмір дағдыңызды өзгертіңіз. Сіздегі стресс денсаулығыңыз бен болашағыңызға кері әсер етеді».
Жаттығу: «Джунглидағы жаңбыр».
Мақсаты: Иық, мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу.
Психолог: «Тар шеңбер болып тұрамыз. Джунгли орманындамыз деп ойлайық. Ауа-райы бастапқыда керемет болды. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезгілде самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі (арқаға батыңқырайтын қимылдар жасалады). Құйын басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңыз). Содан кейін жай жаңбыр сіркіреді (көршінің арқасын саусақтарыңмен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауып, сосын жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады. Енді жаттығуды ауысып жасайсыз.
Талдау:
-мұндай жаттығудан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?
-жаттығуларды орындағанда қай әрекеттер жағымды, қайсысы жағымсыз болды?
-өз сезімдеріңіз бен көңіл-күйлеріңізді бөлісіңдер».
Жаттығу: «Біздің топ жүрегі».
Мақсаты: Эмпатия сезімін, сенімді, бірлікті дамыту.
Құрал: ватман, түсті қағаз, қайшы, маркерлер, қарындаштар, желім немесе скотч.
Психолог: Ватманды алып, үлкен жүрек қиып ал және оны қабырғаға іл. Енді әрқайсың түрлі-түсті қағаз алып, өзіңіздің жүрегіңізді қиып аласыз және оған топ мүшелеріне тілегіңізді жазасыз.
Мына үлкен ақ түсті жүрекке назар аударыңыздар. Ол әлі жансыз, соқпайды. Бірақ біз оған жан бітіріп, тіршілік береміз. Ол үшін көп нәрсе керек емес.
Кішкентай жүрекшелерді үлкен жүрекке тапсырамыз. Қарайық, көз алдымызда жүрегімізге жан бітеді!
Талдау:
- Бұл жаттығу қандай сезім мен эмоция тудырды?
- Жаттығу ұнады ма?
- Жүрек несімен ұнайды?
- Жағымды сөздер айту жеңіл болды ма?
- Басқа жүрекшелерде жазылған тілектер ұнай ма?
Жаттығу: «Қымбатты адамға не тілеуге болады?».
Мақсаты: тренинг бойынша оқушылармен кері байланыс орнату.
Психолог: «Шеңбер құрып, жайғасып отырамыз және менің қолымдағы ғажайып күлшеге қараңыздар. Қазір ол көтеріңкі көңіл-күймен қолдан-қолға ауысады. Кімнің қолына жетсе, сол адам өз әсері және топа тілегін айтады. Қалғандарымыз бар ынтамызбен сөзді бөлмей, тыныш, сыныптастарымызды сыйлап тыңдаймыз.
Талдау:
- Бұл күн сізге не берді?
- Қандай да бір қорытынды ой тууына себепкер болды ма?
- Бүгінгі тренингтен алған әсеріңіз?»



© 2010-2022