Отбасы - қоғам негізі. Ашық сабақ

Мақсаты : «Отбасы», «Шаңырақ» ұғымдарын кеңінен түсіну.Колледжбен ата-аналарды тығыз байланыстыру. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.Саламатсыздар ма ? құрметті студенттер жә...
Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
















БЕКІТЕМІН

Директордың оқу-әдістеме

істері жөніндегі орынбасары

___________ Мамбетова А.Қ

«___»_______2015 ж.



Ашық сабақ



Тақырыбы : «Отбасы - қоғам негізі»

Дайындаған : Исматулаева Алия Муратовна





Ақсукент 2015ж

Күні : 13.02.15ж

Өтілетін орын : АКТ зал

Тобы : БСО-131

Пәні : Рухани-адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері

Тақырыбы : Отбасы- қоғам негізі

Қолданылатын көрнекіліктер:Проектор,слайд,плакаттар,карточкалар,т.б

Сабақтың әдісі :Интерактивті әдіс

Сабақтың түрі :Ізденіс сабағы

Мақсаты : «Отбасы», «Шаңырақ» ұғымдарын кеңінен түсіну.Колледжбен ата-аналарды тығыз байланыстыру. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Саламатсыздар ма ? құрметті студенттер және ұстаздар.бүгінгі біздің ашық сабаққа қош келіпсіздер. Сіздердің рұқсаттарыңызбен өз сабағымызды бастайық.
Шаттық шеңбері :

Жаттығу :

1.Орындыққа жайланып отырамыз қолдарымызды орындықтың артқы жағына қойып терең демаламыз,екі қолды бір-бірінен жіберместен барынша созыламыз,алдымызда үлкен ағашты елестетеміз сол ағаш секілді денемізді өсіреміз.

2. Орнымыздан тұрамыз ,өзіміздің ұнайтын адамның жанына барамыз .

МЕН СЕНІ КӨРГЕНДЕ....................

Мен сені көргенде - денем жеңілдеп жүзім жадырап қуанып тұрмын ,себебі сен керемет жансың !

Сандықшаны ашайын ,мейірімді шашайын одан басқа сіздердің жаман көңіл-күйлеріңізбен ,жағымсыз әдеттеріңізді сиқырлы сандықшаның көмегімен жойып жіберейін.

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы :ОТБАСЫ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Жаңа ақпарат :

Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірімен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.


Тапсырма : Студенттердің жасаған жобасын талқылау.

Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Жағдаятты шешу : БАЛА БАҚЫТЫ Видео көрініс (Жағдаятты талқылау,пікір талас )

Балаға ең керек құндылық ?

Ата ана бақыты дегеніміз ?

Отбасында балаға ең бастысы не керек деп ойлайсыздар ?

Баланың барлығы бірдей ,ақ парақтай таза болып туылады ,бірақ өсе келе жанына санасына шимайланған сызықтар сызылады ,ол сызықтар көбінесе қай жерден пайда болады деп ойлайсыздар ?

Әр бір мектеп қабырғасында тәрбиесі қиын балалар жеткілікті ,сол балаларды дұрыс жолға салу үшін қандай жұмыс апаруға болады?

Отбасы тәрбиесінің проблемасы ?

Отбасында кикілжіңдердің шығу себептері ?

Отбасындағы атмосфераның бала тәрбиесіне әсері ?

Қазіргі заман талабына сай баланың тәрбиеленуі ?

Ерлі-зайыптылардың ажырасуынан балаға тигізетін зардаптары ? Психологиялық әсері ?

Мектеппен ата-ананың тығыз байланыстылығы ?

Бейне көрініс : БІЗДІҢ БАЛАЛАР

Шығармашылық жұмыс : Отбасы бақытының модулін салу,түсіндіру.

Тыныштық сәті :

Адам өмірі отбасынан басталады, адам отбасынан азамат болып қалыптасады. Отбасы - махаббат, құрмет, береке мен сүйіспеншіліктің көзі, соның негізінде кез келген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды. Отбасының дәулеттілігі - мемлекет дамуы мен прогресінің өлшемі.

Ана - сая болар бағың болса,
Әке - асқар тауың" дейді қазақта.
Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
"Әке" деген сезімді ұмытар кім?!
Ана - жарық сыйлаған жан екенсің,
Ана - шуақ шашатын таң екенсің.
"Ана - өмір, ана - бақыт, ана - жүрек"
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.

Әке мен ананың орны адам өмірінде ерекше емес пе?!
Бүгінгі «Жанұядан артық не бар?» деп мен осы ойымды айтқым келіп отыр құрметті студенттер.

Бейне көрініс : Ата ана туралы

Жүректен жүрекке : Студенттер бір біріне тілек тілейді. Мультфильмнен үзінді.



Оқытушы :

ПБК төрайымы :



© 2010-2022