Әлеуметтік психологиялық тренинг

Тренингтің мақсаты: ·        Жасөспірімдерде құрбыларымен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, «Мен – хабарлама» техникасымен таныстыру (коммуникативтік құзыреттілікті арттыру); ·        әлеуметтік іс-әрекеттің үш негізгі түрі: сенімділік, сенімсіздік, агрессивтік туралы ұсыныс беру; ·        тренигке қатысушылардың коммуникативтік құзыреттілігін арттыру. Қатысушылар колонна болып және бір бірінің артына, алда тұрғанның иығына қолдарын қойып тұрады. Үрленген шарлар артағылардың ішімен алдағылардың арқасының арасында қыстырылады. Шарды ұстауға, дұрыстауға болмайды. Алдағы тұрған ойыншы өз шарын қолын алға созып тұрып ұстайдыОларды жинап алыңыз және араластырып қайта таратыңыз. Қолға түскен айтылған сөздерді қайта тұжырымдаңыз. Осыған орай қайта тұжырымдалған фразаның «Мен айт...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әлеуметтік-психологиялық тренинг


«Қарым-қатынас жасау данышпаны»

Тренингтің мақсаты:

  • Жасөспірімдерде құрбыларымен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, «Мен - хабарлама» техникасымен таныстыру (коммуникативтік құзыреттілікті арттыру);

  • әлеуметтік іс-әрекеттің үш негізгі түрі: сенімділік, сенімсіздік, агрессивтік туралы ұсыныс беру;

  • тренигке қатысушылардың коммуникативтік құзыреттілігін арттыру.

Қауымдық образ. Тенис ойнау, бумеранг.

Ортақ қобалжу:

Әдістемелік жарақтау: жаңғақтар, арқан, шарлар, «Салқын суп» жаттығуына арналған карточкалар, тілектер карточкалары, қағаз, ручкалар.

Уақытша формат: 1 сағат

Тренингтің барысы:

Тренингтің кезеңдері

Мақсаты

Мазмұны

Уақыты

1

Сәлемдесу жоралғысы


  • «Қазынаны іздеу» жаттығуы






  • «Жаңғақтар» жаттығуы

Сенімділік және құрметтілік атмосферасын жасау






Әрбір қатысушының дербестігін, топ болып өзара қарымқатынас жасау процесінде жеке қарым-қатынас жасау стилін сезу,

Жаттығу сұхбат алу нысанында өтеді. Тренингке қатысушылар бөлме ішінде еркін жүреді, бір-бірімен амандасады және әнгімелеседі. Ойнаушылардың міндеті - кіммен сөйлеседі солардың бәрінің бір-бірінен ұқсастығын және ерекшелігін табу. Неғұрлым көп адамнан сұраса, және ұқсастықтар мен ерекшеліктер қызықтырақ болса соғұрлым жақсы болады.

Ойынның басында жүргізуші мысалдар келтіруі мүмкін (мен де ол дабір үйде тұрамыз, бірақ менде ит бар ал онда жануарлар жоқ)

Жетекші әрқайсына пакеттен бір-бір жаңғақ алуды сұрайды. Бір минут ішінде мұқият қарап өз жаңғағын есте сақтау қажет (оған белгі салуға болмайды). Бір минуттан кейін барлық жаңғақтар пакетке қайта жиналады. Жүргізуші оларды араластырып шеңбердің ортасына төгеді, және әрқайсысына өз жаңғақтарын тауып алуды сұрайды.

Талқылау:

- қандай белгілер бойынша өз жаңғағыңды табуға мүмкіндік болды, ол басқалардан қалай ерекшеленді?

1-қосымша.

5 мин







5 мин

2

Жаттығу-энерджайзер.


  • «Қазжүріс» жаттығуы

Топтық эмпатилік бірігуді, маршрутты өткізу процесінде шүбәсіз сенімділігін дамыту

Қатысушылар колонна болып және бір бірінің артына, алда тұрғанның иығына қолдарын қойып тұрады. Үрленген шарлар артағылардың ішімен алдағылардың арқасының арасында қыстырылады. Шарды ұстауға, дұрыстауға болмайды. Алдағы тұрған ойыншы өз шарын қолын алға созып тұрып ұстайды (жолға үстелдер қоюға, арқан тартуға, жерге заттар қоюға)

5 мин

3

Негізгі бөлім.

  • Шағын лекция «Мен - айтамын» деген не?»

Тиімдірек өзара қарым-қатынас үшін «Мен айтамын» техникасымен танысу

Айтудың екі түрі бар: «Сен айтасын», «Мен айтамын». «Сен айтасын» реніш, қарсылық және жағымсыздық туғызады. Мысалы: «Сен барлығын ұқыпсыз жасайсың». «Мен айтамын» осы жағдайға қатысты жеке сезімдер мен уайымдарды білдірумен сипатталады.

«Мен айтамын» сізідің белгілі бір нәрсеге қатынасыңызды бағасыз басқа бір адамға береді.

Тұрғызу алгоритімі

1. Болған оқиғаны, жағдайды экспрессиясыз обьективті түрде суреттеу («Мен көргенде...», Бұл болғанда...).

2. өзінің эмоциональдық реакциясын суреттеу, осы жағдайдағы өзінің сезімін айту(«Мен ..... сеземін», «Мен.... мұнайамын»).

3. осы сезімнің себептерін түсіндіру және өз тілегін айту («Үйткені мен.... жақсы көремін», «Мен .... жасағым келеді»).

4. Неғұрлым көбірек альтернативтік нүсқаларды ұсыну («Мүмкін ... жасау керек», «Келесі жолы...»).

5. Проблемаға қатысты қосымша ақпаратты беру

10 мин

Практикалық бөлік






Жаттығу энерджайзер.


  • «Тұрғыш» жаттығуы



  • «Салқын супы»

Теоретикалық материалды бекіту






Эмоциональды жаттығу, топтық жұмысқа орнықтыру


  • әлеуметтік іс-әрекеттің үш негізгі түрі: сенімділік, сенімсіздік, агрессивтік туралы ұсыныс беру; практикалық пысықтау

Сіздің көзқарасыңызға білдірілген дұрыс емес бірнеше фразаларды, шағымдарды еске түсіруге тырысыңыз және оларды «Мен айтамынға» қайта тұжырымдаңыз. Әрбір қатысушыға жеке шағын параққа теріс «ренішті» ойларын жазуды ұсынуға болады. Оларды жинап алыңыз және араластырып қайта таратыңыз. Қолға түскен айтылған сөздерді қайта тұжырымдаңыз. Осыған орай қайта тұжырымдалған фразаның «Мен айтамын» алгоритіміне сәйкестігін тиянақты бақылап отыру қажет.


Жүргізуші қандай да санды қатты дауыспен айтады (мысалға, «үш»). Бір мезгілде қандай сан айтылды сонша бала орнынан тұру қажет. Бір-бірімен келісуге болмайды.

Қатысушылар жартылай шеңбер құрып отырады. Жерге үш бұрыш қылып арқан тартылады, Олардың бұрышына және ортасына «сенімді»-«сенімсіз»-«агрессивті» деген жазулары бар карточкалар жатады.

Мынадай жағдай ұсынылады:

Сізді маңызды бір клиентпен іскерлік мәселелерді талқылау сұрады және сіз оны қымбат ресторанға шақырдыңыз. Сізідің клиентіңіз және сіз бірінші тамаққа тапсырыс бердіңіздер. Супы салқын болып шықты. Клиентті сіз шақырдыңыз, яғни сіз бір ыңғайын жасау керек деп ойлайсыз. Әрбір қатысушыға болған жағдайға байланысты өз іс-әрекетін жазатын карточкаларды орналастыру ұсынылады. Топтың сұрақтар қоюына және оны тандауын талқылауына болады.

2-қосымша

4

Қорытынды бөлім

Рефлексия

  • «Сыйлық» жаттығуы

Алған білімді және дағдыны қорытындылау.

Жаттығуды жасау үшін шеңберге тұру керек, ретпен санау және өз нөмірін есте сақтау қажет. Біздің бөлмеде сіздерге қарым-қатынас жасау данышпаны болуға көмектесетін сыйлықтар бар. Өз нөміріңізді еске түсіріңіз, сол нөмірмен сыйлығыңызды табасыз. Және ештене де кездейсоқтық емес екендігін ұмытпаңыз. Сіздің сыйлығыңыз тек қана сізге ғана тиесілі. Әр біреуі бөлмеден келесі жағында тілек жазылған өз нөмірі бар парақшаларды (жұлдызшалар, гүлдер, жемістер және т.б түріндегі) тауып алады. Осыдан кейін барлық қатысушылар шеңберге қайта оралады. Барлық қатысып отырғандарға тілек айтуды ұсыныңыз.

3-қосымша


© 2010-2022