ҰБТ-ға дайындық міндеттері

Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«ҰБТ-ға дайындау жолдары»

ҰБТ дегеніміз не және оның міндеттері?
ҰБТ дегеніміз не?
Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.
ҰБТ міндеттері:
1. Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету;
2. білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру;
3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.
Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.
Ұлттық бірыңғай тест - бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң даму сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ - бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасындамасы.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапсын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ - ның мақсаты - мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi төрт пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.



Бағдарлама - мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру оқушының, меңгерту - мұғалiмнii ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.
ҰБТ білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.
Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық - оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.
Тесті тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін талқылай отырып, оның 3 кезеңін атап өту қажет:
1. Тестіге дайындық, тесті алдында оқу материалын зерделеу;
2. Тестілеу алдындағы мінез - құлқың;
3. Нақты тесті кезіндегі мінез - құлқың.

ҰБТ - жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.
ҰБТ міндеттері:
1. Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету;
2. Білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру;
3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет. Тестті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, мұндай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестке дайындалу тиімділігін арттырып, тест кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.
Тест тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін талқылай отырып, оның 3 кезеңін атап өту қажет:
І. Тестке дайындық, тест алдында оқу материалын зерделеу;
ІІ. Тест қарсаңында;
ІІІ. Тестке кірер кезде.
І. Тестке дайындық, тест алдында оқу материалын зерделеу: Аса ауыр кездерде басыңды жоғалтып алмас үшін, аса жоғары мақсатқа қол жеткізу үшін өзіңнің алдыңа аса жоғары міндет қойма. Жағдайдың әбден шиеленісуін күтіп отырма. Емтиханға алдын ала, аздап - аздап, бөлшектеп дайындалуға кіріс. Егер күш - жігерің мен ойыңды жинау қиынға соқса, алдымен ең жеңілдерін есте сақтауға тырыс, содан кейін күрделі материалды оқуға көш. Ішкі қобалжуды, шаршағандықты басуға, өзіңді бос ұстауға көмектесетін жаттығуларды күн сайын орында.

Өзіңнің жұмыс орныңды дайындап ал. Үстелге сары немесе күлгін түстегі заттар немесе сурет қой, өйткені бұл түстер зияткерлік белсенділікті оятады.
Емтиханға дайындалған кезде көзге көп жүк түседі. Егер көз шаршаса, бүкіл организм шаршады деген сөз: оның емтихан тапсырмаларын орындауға күші жетпейді. Көзге демалыс беру керек. Төмендегі жаттығулардың кез келген екеуін орында:
- кезек - кезек жоғары - төмен (25 секунд), оңға - солға (15 секунд) қара;
- көзіңмен өзіңнің тегіңді, атыңды, әкеңнің атын жаз;
- қашықтағы затқа қара (20 секунд), сосын көз алдыңдағы параққа бірінші оңнан солға қарай, сосын солдан оңға қарай шаршының, үшбұрыштың суретін сал.

Күніңді үшке бөл:
- емтиханға күніне 8 сағат дайындал;
- спортпен шұғылдан, таза ауада демал, дискотекаға барып билеп кел;
- кем дегенде 8 сағат ұйықта; егер қажет деп санасаң түскі астан кейін өзіңе үзіліс жасап, аздап ұйықтап ал.
Күніне 3 - 4 рет тамақтану қажет; тамақ нәрлі және дәрумендерге бай болсын. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөніс - жеміс, шоколад же. Тағы бір кеңес: емтихан алдында аса тойып жеме және сүт өнімдерін ішпе.
Көп материалды қалай есте сақтауға болады?
Материалдарды сұрақ бойынша қайтала. Басында есіңе түсір де, бар білгеніңді қысқаша жазып ал. Содан кейін ғана даталардың, негізгі оқиғалардың дұрыстығын тексер. Оқулықты оқып отырғанда басты, өзекті ойларды түртіп отыр - бұл жауаптың негізгі тармақтары болмақ. Кішкентай парақтарға әр сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құрастырып үйрен. Ертең емтиханға барамын деген күні жауаптың қысқаша жоспарлары бар парақтарыңды қарап шық.



© 2010-2022