Сабақ тақырыбы: «Көктем белгілері»

Мына суретте балалар не көріп тұрсыңдар? Сұрақ-жауап әдісі бойынша сұрақтар қоямын, сендер сол сұраққа жауап беріңдер. 1.      Қанша жыл мезгілі бар екен? (4 мезгіл бар, олар қыс, көктем, жаз, күз). 2.      Көктем мезгілінде қанша ай бар? (3 ай бар, олар наурыз, сәуір, мамыр). 3.      Көктемде ауа райында қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады, қар ериді, шөп шығады, ағаштар бүршік жарады, жаңбыр жауады). 4.      Көктемдегі ауа райының қысқы ауа райынан қандай айырмашылығы бар? ІІІ. Сергіту сәті. Ал, балалар тұрайық, Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп. Бір отырып, бір тұрып. Біз тынығып алайық.  Мұғалім:  ? Сендер көктем туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер Тағы да балалар мынаны білулерің керек, көктемде табиғат оянады. Қар астынан алғашқы гүл-  бәйшешек  шығады. Ол аппақ кішкене гүлдер. Көктемде күн ұзарып, түн қысқарады, сонымен қатар ең бірінші көктемнің алғашқы хабаршы құстары - ұзақ қарға, екінші келетін құстар-бозторғай, үшінші-қараторғай. С уретке қарап қандай тақырып қояр едіңдер.  « Көктем »,« Қардың еруі »,« Көктем келді ». Сендермен шығармашылық жұмыс орындайық . Біз көктем табиғаты туралы көп нәрсені   білдік . Енді осы көктем мезгіліне байланысты сурет салыңдар . Салған суреттерінен көрме ұйымдастыру . Балалар сабағымызды   мына тапсырма арқылы қорытындылайық . (Балаларға кесте таратылып беріледі).
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Айналамен танысу

Сабақ тақырыбы: Адамдардың көктемгі белгілері

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың көктем табиғаты туралы білімдерін кеңейту;

2. Көктем табиғатын түсіндіру арқылы жансыз табиғат пен жанды табиғаттың байланысы туралы білімдерін дамыту.

3. Оларға экологиялық тәрбие беру;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ- жауап, көрнекілік, түсіндіру, ой қозғау

Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты бейнелі суреттер.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабақққа аудару. Амандастыру.

2. Жаңа сабақ :

Балалар, бүгінгі біздің жаңа сабағымызды бастамас бұрын мына тақтадағы сөзжұмбақты шешейік!

-Жұрттың бәрі сүйеді,

Бірақ қарай алмайды (күн)

-Тұрсаң тұрады, жүрсең жүреді. Ол не? (көлеңке)

-Ауыл сыртында сайда,

Жатыр үлкен айна (көл)

-Аспанға ұшар бу болып,

Жерге қайтар су болып (бұлт)

-Ұшып жүрген гүл көрдім,

Қонғанда ұстап үлгердім (көбелек)

-Көлдің беті көк әйнек,

Сырғанай бер сенде кеп. (мұз)

Сөзжұмбақтың ортасында қандай сөз шықты? Иә, көктем . Бүгінгі біздің тақырыбымыз жыл мезгілдерінің біреуі «Адамдардың көктемгі белгілері». Мына суретте жылдың 4 мезгілінің суреттерін көріп тұрсыңда. Бір жылда 12 ай бар, әр мезгілде 3 айдан бар. Соның ішінде көктемде наурыз, сәуір, мамыр айлары бар.

Мына суретте балалар не көріп тұрсыңдар?

Сұрақ -жауап әдісі бойынша сұрақтар қоямын, сендер сол сұраққа жауап беріңдер.

  1. Қанша жыл мезгілі бар екен? (4 мезгіл бар, олар қыс, көктем, жаз, күз).

  2. Көктем мезгілінде қанша ай бар? (3 ай бар, олар наурыз, сәуір, мамыр).

  3. Көктемде ауа райында қандай өзгерістер болады? (күн жылынады, қар ериді, шөп шығады, ағаштар бүршік жарады,жаңбыр жауады).

  4. Көктемдегі ауа райының қысқы ауа райынан қандай айырмашылығы бар?

ІІІ. Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп ,

Солға қарай иіліп. Бір отырып, бір тұрып.

Біз тынығып алайық.

Мұғалім: Сендер көктем туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер? Тағы да балалар мынаны білулерің керек, көктемде табиғат оянады. Қар астынан алғашқы гүл- бәйшешек шығады. Ол аппақ кішкене гүлдер. Көктемде күн ұзарып, түн қысқарады, сонымен қатар ең бірінші көктемнің алғашқы хабаршы құстары -ұзақ қарға, екінші келетін құстар-бозторғай, үшінші- қараторғай .

Суретке қарап қандай тақырып қояр едіңдер. « Көктем», «Қардың еруі», «Көктем келді».

Сендермен шығармашылық жұмыс орындайық.

Біз көктем табиғаты туралы көп нәрсені білдік. Енді осы көктем мезгіліне байланысты сурет салыңдар.

Салған суреттерінен көрме ұйымдастыру.

Балалар сабағымызды мына тапсырма арқылы қорытындылайық.

(Балаларға кесте таратылып беріледі).

Енді өздеріңді бағалаңдар!

1 сұрақ қате болса онда-5 деген баға

2 сұрақ қате болса онда -4 деген баға

3 сұрақ қате болса онда -3 деген баға

4 сұрақ қате болса онда-2 деген баға

IV.Оқушыларды мадақтау. Бағалау



© 2010-2022