Алты -ойшыл-шляпа әдістемесі

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Алты - ойшыл - шляпа» әдістемесі.

Алты -ойшыл- шляпа әдістемесі

Тақырып: «Өзіңді өзің басқаруды үйрен».

Мақсаты: аутодеструктивтік жағдайдың алдын алу.

Міндеті:

-Жасөспірімдерге болып жатқан жағдайларды сараптауға үйрету.

-Қандайда бір жағдайдан шығу жолдарын табуға үйрету.

- Ата аналарымен, достарымен, үлкен адамдар арасындағы қарым қатынаста, өзінің қылығына, таңдауына жауапты екенін үйрету.

-Өзінің «Мен» позитивтік образын қалыптастыру.

Өткізу формасы: тренинг

Қатысушылар: 7 - 11 сынып оқушылар.

Уақыт: 90 минут.

Құралдар: әр түрлі шляпалар (6 түсті), мәтін жазылған парақ, таза парақтар.

Сабақтың құрылымы.

Мотивациялық блок.

Екі топқа бөлініп бугінгі күнің тақырыбын анықтау.

  1. Топ.

Біздің эрамызға дейін V ғасырда грек жауынгері Марафоннан Афинаға дейін 42 километрді жүгіріп келіп. Персыларды гректардың деңгенін айтып, мерт болды. Сол жауынгердің естелігі ретінде ең ұзын жеңіл атлетика аты берілген (42 километр 195 метр ) марафонка аты берілді.

  1. Топ.

Бір соғыс кезінде Напалеонға бір жауынгер келіп. Ол хатты беріп тұрып отырған жерінде шайқалып.

-Сіз жаралысыз ба? - Напалеон сұрады.

- Жоқ, өлдім!- деп аттан құлап өліп барады.

Бүгінгі сабағымызда біз не жайлы айтамыз?

Бұл методиканың авторы әйгілі психолоғы Эдвард де Боно. Жағдайы ол әр бір ойлау бағытымен шешуді ұсынады. Әр бір шляпаның өзінің бір ойлауға міндетті. Алты әр түрлі шляпа беріледі. Не себепті, шляпаны қолданамыз? Автордың айтуынша, бас киім арқылы біз оның әлеуметтік рөлін көреміз. Өздеріңіз ойлаңызшы. Біз: бейсболдың кепкасын, медбикенің косынкасын, әскердңғ бас киімін киеміз. Бізге ол жаңа әлеуметк ролді береді. Сол арқылы біз қошаған ортаға басқаша жаңаша көзқарасымен қараймыз. Маңыздысы ол шляпаны оңай шешіп тастау.

Алты -ойшыл- шляпа әдістемесі

Ақ шляпа - ол нақты дәлел, сандар, ақпарат. Біз қандай мағлұматты білеміз? Қай ақпарат маңызды?

Қызыл шляпа - сезім, эмоция, алдын ала сезу. Мен осы проблемаға байланысты не сезінемін?

Қара шляпа - шындық, абай болу, нақты ойлау. Фактыларға нақты келу. Көмектесе ме бұл? Қаншалықты қауыпты? Осы ойын жүзеге асам?

Сары шляпа - пайда, не үшін солай істеу?

Мүмкіндік. Қорытындысы қандай болады? Осылай - жасауға- бола - ма?

Жасыл шляпа - зерттеу, жаңа ойлар, ұсыныс. Мүмкіндік, алтернатива, осы жағдайда не жасауға болады. Альтернативты ойлар бола ма?

Көк шляпа - ойлау процесін қадағалау. Осы этапта қорытындысын шығару. Келесі ойлаудың қадамын жасау.

Қара шляпа - нақты ой. Осы мүмкіндік бола ма?

Сары шляпа - пайда. Не үшін олай жасау?

Жасыл шляпа - жаңа ойлар, ұсыныстар.

Көк шляпа - қабылданған шешімді орындау керек па?

Жүргізуші:

Жағдаятты тыңдаймыз. Енді өзіңізді осы басты кейіпкердің орнына қойып өз шляпаңыздың атынан осы жағдайды шешіңіз.

Лида отбасындағы сұлу тұңғыш қызы еді. Жолдас қыздары солай ойлайтын еді. Қара ұзын қолаң шашы, қара көздері. Өзі сондай тартымды. Ол өзі сондай ашық, ақжарқын, сыныпта барлығымен жақсы қарым қатынаста. Сыныптастарының ішінде оған Слава ұнайтын. Олар бір партада отыратын, сабақта бір біріне әрдайм көмектесетін, сабақтан соң Слава Лиданы үйіне дейін шығарып салады. Үш ай бұрын олар келіспей қалған. Слава қазыр бөлек отыратын болды, ол менде қазыр оңай кезең емес деп айтты. Қыздың өзімшілдігіне бір соққы болды.

Лида күнделікті таңғы сағат 7 оянды, сабағына жиналып мектепке кетті. Жолда келе жатып ол Слава жайында ойлады. Оның мұндай қылығы мазасын алды. Осы кезде оған бір ой келді.

«Ата анамнан туған күнімді жасау үшін ақша сұраймын. Өз достарымды шақырамын,Салаваны да шақырам. Ол мені көргеннен кейін менімен қайтадан араласқысы келетінін түсінеді. Не болмаса мен оған өзім барып, қайтадан дос болайық деп айтамын.» деп ойлады Люда.

Тек қана ата аналарымды ақша беруге көндңрсем болды. Әкем рұқсат береді, ал анам мүмкін бермес, қарсы болар.

- «Лида сен олай неге айтасын! Біз саған 8 наурызда ақша бердік, тапсырыспен киім тіеіздік, туфли алдық! Ал, сен тағыда ақша сұрап тұрсың. Бұл сондай шығын ғой! Осыдан кейін қалай өмір сүреміз? Біз миллионер емеспіз! Біз былтыр сенің туған күніңді жасадық қой. Осы жылы шыдай тұр.» - қызының өтінішіне осылайша ансы ашулана қабылдады.

- Маған өтте қажет туған күнімді жасау. Мен бүгін жолдас қыздарымды шақырып қойдым.

-«Жоқ» - деп әкеі айтты. - бұл жерде қойылым қоюдың қажеті жоқ. Өзің ақша таба бастаған кезде қанша рет туған күніңді жасағың келеді сонша рет жасайсың. Бөлмеңе бар!

Әкесінің айтқан сөзі төбесіне жай түсіргендей болды. Қызы көз жасына әзер ие болды. Бөлмесіне барып жылай бастады. Оның жоспары жүзеге аспады. Ең өкініштісі ол бүгін шын достарын, Славаны да туған күніне шақырып қойған. Енді барлығымен хабарласып болмайтынын айту керек. Бірақ олай жасасам барлығы мазақ қылады. Жеңілі өліп қалу! Өлу! Несі бар дұрыс ой! Сол кезде барлығы өздерінің істеріне өкінеді, ата анамда, Салавада.

Лида өзінің жерлеу рәсімін елестеті. Барлығы қабірдің қасында тұрып жылайды да «Қандай сұлу, қандай жақсы болып еді.» деп айтады. Әкесі оған ұрысқанына өкінеді дем «Оған ақша беруім керек еді. Несі бар үнемдеп жүрер едікм » деп. Ал, Слава болса ұзақ уақытқа дейін ешкіммен араласпас еді.

Енді Лиданың роліне кіреміз. Мен Лида.... Мен Лида.

Қазыр Лиданың атынан осы жағдаяттың шешімін айтасыңдар. Мен сіздерге прарқты таратам 10 минуттай ойлана тұрыңыздар. Қағазға өз жауаптарығызды жазуға болады.

Сонымен

АҚ ШЛЯПА ақпарат. Не болды, қандай шешім қабылдадың? Осы шешімді не себепті қабылдадың?

ҚЫЗЫЛ ШЛЯПА эмоция, сезім. Мен не сезіндім?

ҚАРА ШЛЯПА нақты ой. Осым іске асама?

САРЫ ШЛЯПА пайда, неге солай жасаймын?

ЖАСЫЛ ШЛЯПА жаңа ой, ұсыныс.

КӨК ШЛЯПА қабылданған шешімді іске асыру керек па?

Рольдік ойын: мен Лида емеспін, мен....

Сонымен, ойларыңызға рахмет. Ойларыңды әйгілі американдық психологтың сөзімен жалғастырайын деген. Анны Анастази: «Тағдырдың соққысына әр түрлі жауап беруге болады, күйзеліспен, депресиямен, мүмкін өзіне -өзі қол салумен не болмаса бар күш жігеріңді жинап тағдырға қарсы тұру». Осы сөздермен келісесіздер ме? Келіссеңдер онда осы қиын жағдайлардан қалай шығу керек екенін ойластырайық.

1 - қадам. Өзіңізге қиын болған жағдайда ең алдымен не істеуіміз керек?

Тақтада: ТОҚТА! БАРЛЫҚ БОЛЫП ЖАТҚАН ҚИЫНДЫҚТЫҢ БАҒАСЫ МЕНІҢ ӨМІРІМ БА?

Осы жағдайды бағалау.

2- қадам. Не, не болмаса кім, сізге көмектеседі? Өзіңнің қиындығыңмен біреумен бөлісуге бола ма?

Тақтада:ЕҢ АЛҒАШ АУЫР ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙДАН ШЫҒАРАТЫН КӨМЕКТЕР: КҮШ ЖІГЕР, ӘН, АДАМДАР.

3- қадам. Қалай шешеміз, не қолданамыз?

Тақтада: ШЕШІМ! ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСЫ ЖАҒЫНА ӨЗГЕРТЕМІН, ЕГЕРДЕ ...........

4- қадам. Жаса

Рольдің шешімі. Мен Лида емеспін, мен......

Жүргізуші: Қазыр мен сіздерге ойын ұсынамын «Катастрофа».

Елестетіңдер бүкіл адамзатты катастрофа тосып тұр. Барлық тіршілік жойылады. Бірақ ғалымдар уақытша емделу тәсілін табады. Ол тірі емес бір заттқа айналуды ұсынды. Сендер қазыр ойланыңдар, қандай заттқа айналатыныңды. Қандай затқа айналар едіңіз, ақ параққа осы затыңызды толық сипаттап беріңіз: түсі, оның өлшемі, осы зат сіздің меніңізді толық сипаттау керек. Сол заттан кейін, өайтадан адамға айналамыз.

Осы тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі. Барлық парақтарды жинап алып оқылады да оқушылар тауып алу керек.

Рефлексивтік блок.

Сабақта не қиынға соқты?

Сабақта не оңай болды?

Сабақтың қорытындысы.



© 2010-2022