Сабақ жоспары Денім сау болсын десең

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысыСабақ жоспары Денім сау болсын десең

Ақсу ауданы

«Қ.Мұқашев атындағы негізгі

орта мектебі м.д.ш.о »к.м.м

Педагог-психолог

Оспанова Гулим Молболдиновна

Еңбек өтілі 5 жыл

Тақырыбы: «Денім сау болсын десең ...»

Мақсаты: «Бірінші байлық - денсаулық » деген ұғымды кеңінен түсіндіре, салауатты өмір салтын насихаттау.

Оқушыларды денсаулығын сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала білуге үйрету. Зиянды әдеттердің зияны туралы айта отырып, одан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, өмірге деген қызығушылығын, өзін қоршаған ортаға деген жақсы көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілігі: Денсаулық туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар, мәнжазбалар, қима қағаздар, ойын элементтері. («Миллион кімге бұйырады?» Ойыны бойынша, ашық хаттар салынған конверт, «Шыңның суреті.»)

Жоспар

І. Оқушыларды үш топқа бөлу

а) «Сауықтыру саяхатшылары »

ә) «Тазалық саяхатшылары»

б) «Спорт саяхатшылары».

ІІ. 1- топпен бірге «Зиянды заттар» ауылына саяхат, «Миллион кімге бұйырады?» ойынын ойнау.

ІІІ. 2- топпен бірге «Тазалық» ауылына саяхат,, «Көзқарас» (Хаттарға пікір білдіру).

ІV. 3- топпен бірге «Спорттық» ауылына саяхат, «Шыңға шығу» ойынын ойнау.

Барысы:

Кіріспе сөз.

Мұғалім: «Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі», «Бірінші байлық - денсаулық» дегендей денсаулықтан артық байлық жоқ. Осы қымбат та асыл байлығымызды қалай сақтауымыз керек? Міне, құрметті ұстаздар, оқушылар, біз бүгін осы аталған мәселелер төңірегіндегі біраз сөз қозғамақпыз. Олай болса «Денім сау болсын десең...» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Бүгінгі сабағымыздың мақсаты - оқушыларға «Бірінші байлық - денсаулық» деген ұғымды кеңінен түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларды денсаулығын сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала біреуге үйрету. Зиянды әдеттердің зияны туралы айта отырып, одан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыта отырып, өмірге деген қызығушылығын, өзін қоршаған ортаға деген жақсы көзқарасын қалыптастыру.

Әр адам өз денсаулығын сақтай білу үшін тазалық сақтап, спортпен шұғылданып, денсаулыққа кері әсерін тигізетін зиянды әдеттерден аулақ болуы керек. Денсаулықтың достарымен денсаулықтың жаулары дегеніміз не екен? Осыны білу үшін оқушыларымыздың білімдері, өз ойларын ортаға салуы арқылы «Денсаулық әлеміне» саяхат жасаймыз. Бүгінгі саяхат сабағымызда үш топқа бөлінген саяхатшылар «Денсаулық әлеміне» сапар шегеді.

Ендеше саяхатшыларымызбен таныс болыңыздар.

  1. топ. Темекі шекпейміз, ішімдік ішпейміз.

Темекі ме, ішімдік пе.

Біз оған қызықпаймыз.

Оған уақытта жоқ. - деген ұстаныммен зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыратын «Сауықтыру саяхатшылары».

  1. - топ. «Тазалық - саулық негізі,

Саулық - байлық негізі» деген ұранмен тазалық әлеміне сапар шегіп, тазалықтың қыр - сырымен таныстырып, өздері секілді достарыңның хаттарына көзқарасын білдіретін. «Тазалық саяхатшылары».

  1. топ. «Намысты қолдан бармейміз, бермейміз, бермейміз!» деген ұранмен спорт еліне саяхат жасаушы «Спорт саяхатшылары».

Мұғалім: Ал оқушылар, біз сендермен бірге әрі қарай сабағымызды «Денсаулық әлеміне» саяхат жасау арқылы жалғастырмақпыз.Бұл саяхат арқылы біз «Денсаулық» атты үлкен шыңының басына шығуымыз керек. Ол шыңының басына тек сендердің күштеріңмен ғана жете аламыз. Ол үшін ауылға соғып, олардың сынынан сүрінбей өтуміз керек. Алдымен «Сауықтыру саяхатшылары» «Зиянды заттар» ауылына соғып, олардың адам өміріне тигізер кесірі туралы сұрақтарға «Миллион кімге бұйырады?» ойынының әдісі бойынша жауап беруі арқылы бізді «Тазалық» ауылына жеткізіп салады. Әрі қарай «Тазалық саяхатшылары» конверттегі өздері секілді достарының жазған хаттарына өз пікірлерін айтып, көзқарасын білдіреді. Бұл топ бізді «Спорт саяхатына» алып келеді. «Денсаулық» шыңына алып шығу «Спорт саяхатшыларының» еншісінде. Ол үшін «Спорт саяхатшылары» шыңының суретіндегі берілген кедергілер нүктелер арқылы көтеріледі. Әр нүктеден жоғары өту үшін сұрақтарға жаауап беру керек. Егер барлық сұраққа дұрыс жауап алынса, біз «Денсаулық» атты шыңының басына шығамыз. Бұл біздің оқушыларымыз денсаулықтың қастары мен достарын ажыратып, өз денсаулықтарын сақтай алады, болашақта саналы, денсаулығы мықты азамат болады деген сөз. Олай болса, жас саяхатшылар, сапарларың сәтті болсын!

«Зиянды заттар» ауылына саяхат

Бұл ауылдан өту шарты: саяхатшыларға 11 сұрақ беріледі. Сұраққа оқушылар топ болып жауап береді. 11 сұраққа түгел жауап берген жағдайда саяхатшылар зиянды заттар ауылынан өтеді.

Пайдаланылатын жеңілдіктер:

  1. 50/50

  2. Қалаған ұстазының көмегі

  3. Сабаққа қатысушы барлық ұстаздардың көмегі

  1. Тапсырмалар

  1. Дені саудың - ... сау

    1. Күні

    2. өзі

    3. жаны

    4. басы

  2. Темекі шегушіліктен 1 күнде 68 адам өмірден өтсе, 1 жылда қанша адам өмірмен қоштасады?

    1. 40 мың

    2. 15 мың

    3. 25 мың

    4. 30 мың

  3. Темекі өнімдерін сатуға қай жастан бастап тыйым салынған?

    1. 18 жас

    2. 16 жас

    3. 14 жас

    4. 17 жас

  4. Адам өміріне зиян емес затты табыңыз.

    1. қымыз

    2. темекі

    3. наша

    4. арақ

5. Ішімдік ішкен адам қандай ауруға шалдығады?

  1. Тұмау

  2. Гастрит

  3. Туберкулз

  4. Рак

6. Адам шамадан тыс ішімдік ішкенде

  1. Есінен айырылады

  2. Ұйқысы келеді

  3. Сандырақтайды

  4. Қарны ашады

7. Темекі шегетін адам ауаға төмендегілердің қайсысын шығармайды?

  1. Аммиак

  2. Синиль қышқылы

  3. Никотин

  4. Су буы

8. Жасөспірім неліктен шылым шегеді?

  1. Еліктеушіліктен

  2. Ауырғаннан соң

  3. Бойын өсіру үшін

  4. Ата - анасының айтуымен

9. Темекі шегетін адам қандай ауруға жиі шалдығады?

  1. бүйрек

  2. өкпе қабынуы

  3. жүрек

  4. нашар көргіштік

10. Салауатты өмір салты дегеніміз не?

  1. Күн тәртібін сақтап, спортпен шұғылдану

  2. Зиянды әдттерге бой алдыру

  3. Шылым шегу

  4. Тазалық сақтамау

Мұғалім: Сұрақтарға жауап беру арқылы «Зиянды заттар» ауылынан өтіп, «Тазалық» ауылына келеміз. Тазалықтың қыр - сырымен таныс болу үшін бұл ауылға саяхатты «Тазалық саяхатшыларымен» бірге жалғастырамыз. «Тазалық» ауылының жас саяхатшыларымызға қояр талабы - олар үлкен конверттің ішіндегі хаттардағы сұрақтармен ситуацялық жағдаяттарға өз ойларын, көз қарастарын білдірулері керек.

«Тазалық» ауылына саяхат

1 - сұрақ. Жан тазалығы, тән тазалығы дегеніміз не?

Айырмашылықтар қандай?

2 - сұрақ. «Тазалық - саулық негізі» дегенді қалай түсінесіңдер?

3 - сұрақ. Дұрыс тамақтану жөнінде?

4 - сұрақ. Қоршаған орта тазалығын сақтауға не айтар едіңіздер?

5 - сұрақ. (Хат оқылады) «Менің інім - үйдің еркесі. Таңертең ұйқыдан тұрғанда , тамақ ішер алдында қолын жумастан отыра салады. Осындай жаман әдетке үйренген інім өсіп, ержетіп келеді. Менің айтқан ақылымды құлағына аспайды. Бірақ тамақ ішер алдында жуынуға дағдыланды ата - анам маған міндеттеді. Маған қандай ақыл қосар едіңдер? Сендер қандай әрекеттер жасар едіңдер?»

6- сұрақ. (Хат оқылады) «Мен сыныпта тазалықшы қызметін атқарамын. Мен досымның тырнағын алмағанына бірнеше рет ескерту жасадым. Бүгін мектепте оқушылардың тазалығына орай жиын болды. Мен тазалық сақтамаған оқушылардың арасында өз досымды да атап айттым. Жиналыс аяқталысымен досым маған қарамастан бұрылып кетті, яғни ренжіп қалған. Досымның әрекетіне көзқарастарың қалай, өздерің қандай әрекет жасар едіңіздер?».

7 - сұрақ. (Ата - анадан хат) «Менің балам 6- сыныпта оқиды. Есімі - Ербол. Ол мектептен келе салысымен киімін де шешпестен теледидар алдына жайғасады. Сөмкесі есіктің босағасында қалады, менің ескертуімді құлағына да ілмейді. Болмаса, компьютерлік ойындар ойнайды. Мектеп формасының бүлінетініне мен қапаланамын. Ерболдың бұл қылығына не айтар едіңдер?».

Мұғалім: Міне, оқушылар біз «Спорт» ауылына да келіп жеттік. «Спорт саяхатшыларымен» бірге саяхат жасау арқылы спорттың пайдасы жайындағы мағлұматтарға қанықпақпыз.Ол үшін біз ауылдың үлкен шыңының басына шығуымыз керек. Ол шың «Денсаулық» деп аталады. Бұл шыңды бағындыру үшін шыңға он нүкте берілген. Бұл нүктелер - сендерге берілген кедергілер. Егер берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере білсеңдер, ол кедергілерден сүрінбей өтіп, шыңның басына шығасыңдар. Олай болса, «Спорт» ауылының сендерге артар сыны «Шыңға шығу» бөлімін бастаймыз.

«Спорт» ауылына саяхат

  1. Денені шынықтыру дененіміз не?

  2. Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет?

  3. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөздің мағынасын қайлай түсінесіңдер?

  4. Салқын суға шомылудың адам ағзасына қандай пайдасы бар?

  5. Ұлттық ойындарға нелер жатады?

  6. Волейбол ойыны және оның адам ағзасына пайдасы қандай?

  7. Гимнастика жаттығуларының адам ағзасына тигізер пайдасы қандай?

  8. «Спорт - денсаулық кепілі» дегенді қалай түсінесіңдер?

  9. Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер?

  10. өздерің қандай спорт түлерімен айналысасыңдар?

Оқушылар жауап береді.

Мұғалім: Міне, оқушылар, біз сендермен бірге «Денсаулық» ауылына саяхат жасау арқылы денсаулығымызға кері әсер ететін әдеттер мен денсаулығымызға пайдасын тигізетін спорт, «Тазалық» ауылына саяхат жасай отырып, олардың пайдасы мен зияны туралы білдік. Соның нәтижесінде «Денсаулық» атты биік шыңды бағындырдық.

Көрініс: «Ажалмен ойнама, айналайын!»

Көрініс көрсетіледі. Көрініс туралы сұрақтар қойылады.

  1. Денсаулық дегеніміз не?

  2. Салауатты өмір салты дегеніміз не?

  3. Денсаулықтың достарына, қастарына нелерді жатқызамыз?

  4. Өз тараптарыңнан өздерің секілді құрбыларыңа қандай ақыл - кеңес айтар едіңдер?

Қорытынды.

Мұғалім: Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабағымыздан көп нәрсені үйреніп, көкейімізге тоқыдық деген сенімдеміз. «Денім сау болсын десең ...»

1 - оқушы: Зиянды әдеттерден

2 - оқушы: Шылым шегуден

3 - оқушы: Ішімдік ішуден

4 - оқушы: нашақорлықтан

5 - оқушы: Өтірік айту мен жалқаулықтан аулақ бол

6 - оқушы: Тазалық сақта

7 - оқушы:Өз денің сау болғанын қаласаң, өзгеге саулық тіле

8 - оқушы: Уақытында дұрыс тамақтан

9 - оқушы: Спортпен шұғылдан

10 - оқушы: Ағзаңды шынықтыр

Мұғалім: Міне, біз осындай әдемі сөздермен бүгінге сағатымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!


© 2010-2022