„Бәрімізде мақсат бір„ (Бітіруші сынып оқушыларын ҰБТ - ке психологиялық дайындау)

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бәрімізде мақсат бір

Мақсаты: ҰБТ-ға психологиялық қолдау, ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту, оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру.

Қатысушылар: 11-сынып оқушылары, мұғалімдер және ата-аналар

Көрнекілігі: ақ парақ , қаламсап, интерактивті тақта , «Тілек ағашы» тақырыбындағы үлкен ағаш суреті салынған плакат , кеме макеті, жапсырма қағаздар , үнтаспа .

«Адам баласының құндылығы - оның білімінде һәм ойлана білуінде»

(Жүсіп Баласағұни).

«Ерік жігері күшті адам- нағыз мықты адам».

«Армансыз адам қанатсыз құспен тең»

Психолог:

Адам баласы өмірінде түрлі сипаттағы талай сынақ тапсырады. Әр жас кезеңнің, әр даму шақтың өзіне тән ауыртпалығы болатын тіршіліктегі сынақтан ешкім құтыла алмайды. Топтың алдына шығып, сәби шақта алғаш рет тақпақ айту да - сынақ. Үйге келген қонақты күтіп, разы етіп шығарып салу да - сынақ.
Ал енді қазір біздің республикадағы мектеп бітірушілердің ҰБТ тапсыруына қоғамда тіпті аса маңыз беріледі. Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушылардың психологиялық дайындығы өзекті мәселенің бірі. Емтихан болсын, сынақ болсын, тест болсын бұл - оқушылар, ұстаздар және ата-аналар үшін стресс болып келеді.

«Шілдір» (паутинка)жаттығуы.

Нұсқау: Топқа тоқыма жіптің түйіні беріледі. Тоқыма жіп топтың кез-келген қатысушысына беріледі, жіпті алған қатысушы қазіргі уақыттағы көңіл-күйін, алдағы уақыттағы армандарын, топтағы қатысушыларға тілектерін айтып жіптің ұшын өзінде алып қалып, тоқыма жіпті қалаған адамына береді. Сөйтіп, жаттығудың аяғында шілдір пайда болады.

Тренинг «Қар қиыршықтары»

Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да бүктейміз, оң жақ жоғары бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп, оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігінше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.

Талдау: - Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Таптыңыздар ма? Жоқ. Себебі неде деп ойлайсыздар?

- Не себептен бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?

- Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әртүрлі шықты. Өйткені біз әртүрлі адамдармыз. Біздің ата-аналар мен мұғалімдер қоғамдағы орнымыз, қызметіміз, жан дүниеміз бәрі әр түрлі. Ал оқушыларға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, ойлауы, дүниетаным, көзқарасы - бәрі әр түрлі. Бірақ, бәріміздің бірге жиналуымызда себеп бар - ол ҰБТ, одан жақсы жетістікке жету. Қоғамдағы орнымыз бен рөліміз әр түрлі болса да, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір.

«Сәлемхат».

"Мен сендерге өздеріңнің сәлемдеріңді бір қағазға жазып, мына қорапшаға салуларыңды ұсынамын. Қорапшадағы сәлемхаттарыңды ауыстырамын, сендер кезекпен біртіндеп сәлемхатты алып топқа дауыстап оқисыңдар. Сәлемхат өздеріңде бүгінгі күннен естелік болып қалады.
Талқылау:

  • Сәлемхатты жазу қиын болды ма?

  • Топтың алдында сіздің жазған сәлемхатты оқығанда,қандай сезімде болдың?

  • Сабағымызды әрі қарай жалғастыруға дайынбыз ба?

Негізгі бөлімі:

Психолог:

1 - тапсырма: «Менің пікірім…»

Әр топқа сұрақтар таратылып беріледі. Сол сұрақтар бойынша ұстаздар мен оқушылар өз ойларын ортаға салады.

1-топқа тапсырма: (оқушылар) Емтихан кезіндегі іс-әрекеттің жағымды және жағымсыз жақтары.

2-топқа тапсырма: (мұғалімдер) Емтихан кезінде қалай өз-өзіне келуге болады.

2 - тапсырма.

А) Жарқын шуағын төккен күн астында әр ұлттың баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.

„Бәрімізде мақсат бір„ (Бітіруші сынып оқушыларын ҰБТ - ке психологиялық дайындау)

Мұғалімдер: «Сыртқы түстері әртүрлі болғанмен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді….»

Б) Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақ.

„Бәрімізде мақсат бір„ (Бітіруші сынып оқушыларын ҰБТ - ке психологиялық дайындау)

Оқушылар: «Біз сұқ саусағымызбен өзгені көрсетіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсеткенімізді аңғара бермейміз. Ендеше, біз әлдекімді кінәлағанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Әрбір ағаттық үшін кінәні өзгеден емес, өзімізден іздеу керек шығар….»

2.«Шынымды айтқанда» жаттығуы

Материал: Аяқталмаған сөйлемдер карточкасы.
Ережесі: Сіздердін алдарыңызда карточкалар тұр. Қазір біртіндеп шығып бір карточкадан аласыздар. Карточкадағы аяқталмаған сөйлемді бірден ойланбастан аяқтау керек. Барынша шын көңіліңізбен ашық айтуға тырысыңыз.

Мысалы:
Шыныдмы айтқанда, алда келе жаткан ұбт туралы ойласам...
Шынымды айтқанда, емтиханға дайындалған кезімде...
Шынымды айтқанда, үйге келгенімде...
Шынымды айтқанда, менің бос уақытым болғанда...
Шынымды айтқанда, мен толқығанымда...
Шынымды айтқанда, мен ойымды жинақтай алмаймын...
Шынымды айтқанда, мен күйзелгенде ...
Шынымды айтқанда, мен консультацияға келгенімде...
Шынымды айтқанда, тренингке қатысқанымда...
Талдау:
Сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?
Осы сәттегі сіздің өмірлік ең маңызды мақсаттарыңыз қандай?

Топтық жоба «Мен үшін ҰБТ…»

Нұсқау: ҰБТ-ның қиындықтары мен жетістіктері, оның маңызы оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар көзімен айтылып, жоба қорғалады.

Қорытынды: Ұлттық бірыңғай тесті /ҰБТ/ - заман талабы бола тұра, ол оқушыларға оқу грантын жеңіп алу мүмкіндігі. Ендеше сол мүмкіндікті жібермеу әркімнің өз қолында. Өз білімі мен еңбегіне сенген адам ғана өз өмірінің қожасы бола алады.

«Ерікті тыныс»жаттығуы.

Қатысушылырға: Түргеліп тұрамыз, денеміздің бәрін бос ұстаймыз, денемізді барлық қысымдардан босатамыз, терең бірқалыпты демаламыз. Сосын, бір мезетте демімізді ішке алып жатқанда,алақанымыз жоғары қараған күйінде қолымызды кеудеміздің тұсына дейін көтереміз, қолымызды шынтаққа дейін бүгіп артқа қарай апарамыз. Сосын, бір мезетте демімізді сыртқа шығарып жатқанда алақанымызды төмен қаратып қолымызды төмен түсіреміз. Демді шығару кезінде қол, иық, ішіміз және аяқтарымыздың бұлшық еттерге күш түсіреміз (напрягаются). Қол төменге түсу кезінде, өкпедегі ауа қысыммен төменге (жерге) қарай бағыттайтынын елестетуге болады. Тыныс алып болғаннан кейін бұлшық еттерді босаңсытамыз. Жаттығуды бойыңда сенімділік пайда болғанға дейін және ағзаның дайындығына дейін бар ынтамен қайталау керек.

Медитативті жаттығу

« Мәселеге жоғарыдан қарай», «Өз мәселеңіз жайында ойлаңыз. Өзіңіздің уайым-сезімдріңізді елестетіңіз…

Ал енді біруақытты мәселеңіз және үйіңіз туралы, үйіңізде тұратын адамдар туралы ойлаңыз.

Бұл елеске өзіңіздің жақындарыңыз бен туыстарыңызды, көршілеріңізді қосымыз. Маңайыңызда тұрған адамдар, олардың үйлері туралы ойлаңыз.

Енді өз мөлтек ауданыңыз туралы ойлаңыз, онда тұратын адамдар туралы ойлаңыз.

Ал енді өзіңіздің мемлекетіңіз туралы, ондағы мыңдаған тұрғындар туралы ойлаңыз.

Бүкіл Жер шарын елестетіңіз. Енді бүкіл планета жүйесін елестетіңіз.

Галактиканы елестетіңіз. Енді бүкіл әлемді елестетіңіз. Өзіңіздің жұлдыздар арасында самғап жүргеніңізді көріңіз. Сол ұшып жүрген жоғарыдан, өзіңіздің мәселеңізге төмен қарай қараңыз…».

Талқылау сұрақтары: « Өзіңіздің мәселеңізге сырт көзбен қарай алдыңызба?»; « Мәселеңізге қатынасыңыз өзгерді ме?»

Талдау:

  • Оқушылар, сендерде қандай сезім пайда болды?

  • Жағымсыз күштен арылудың әсері болды ма?

  • Мұғалімдер мен ата-аналар тарапынан қолдау көру қаншалықты әсер берді?

Үй тапсырмасы: «Еңбек ағашы»

  • Бұталарға - мұғалім қандай болу керек?

  • Жапырақтар - мұғалімнің түпкі мақсат, мұраты

  • Гүлдер - мұғалім еңбегінің нәтижесі.

  • Жемістер - шәкірт қандай болу керек?

Міне сіздер «Еңбек ағшын» құрастырып шығардыңыздар. Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі осы емсе пе?

«Кеменің бағыты»

  • Теңіз толқыны - оқушы қандай болу керек?

  • Кеме - оқушының түпкі мақсат, мұраты

  • Желкендер - оқушы еңбегінің нәтижесі.

  • Бағыты - шәкірт қандай болу керек?

Міне сіздер «Кеменің бағытын» құрастырып шығардыңыздар. Сіздердің қадамдарыңыз нық болуы

«Жаңғырық туралы аңыз» әпсана әңгіме

Әкесі баласымен бірге тауға барады. Содан келе жатып аяғын тасқа ұрып алған ұлы:

  • АААААААА! - деп айқай салады.

  • АААААААА! - деген жауапты естіп таң қалады.

  • Сен кімсің?- деп сұрайды ұлы.

Ал оған :

  • Сен кімсің? - деген жауап келеді.

Мұндай жауапқа ашуы келген бала:

  • Қорқақ! - дейді.

Ол оған :

  • Қорқақ!- деп жауап береді.

Бала әкесінен:

- Не болып жатыр? - деп сұрайды.

Әкесі жымиып күледі де, былай жауап береді: «Мені мұқият тыңда»

Әкесі тауға:

- Мен сені сыйлаймын! - деп айқайлады.

Ол оған:

- Мен сені сыйлаймын!

- Сен кереметсің!

Ол оған:

- Сен кереметсің!

Бала сонда да таңдануын қоя алмады, содан оған әкесі түсіндіірп берді. «Бұл құбылысты жаңғырық деп атайды. Шындығында бұл өмір деп аталады. Ол сен не айтсаң да, не істесең де, соның бәрін өзіңе қайтаарды».

Қорытынды: Құрметті ата-анадар, ұстаздар, оқушылар! Өз еңбектеріңіз бен білім жолында төккен терлеріңіз алдарыңыздан жарқырап шығатынына сеніп, шаршамай, талмай еңбектене отырып, ҰБТ-да жоғары нәтижеге жетулеріңізге тілектеспін, сәттілік тілеймін!

Ән «ҰБТ-да жетістікке жетейік!»

( «Біз дәуірдің түлегіміз» әнінің әуенімен)

1. Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,

ҰБТ деп бірге соққан жүрегіміз.

Білім болған бастау алар тірегіміз,

Әннен шашу шашайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәріміз де дайым

Көрмей қайғы-уайым,

ҰБТ-дан жетістікке жетейік.

2. Жанымызға сенімділік серік болсын,

Бірлігіміз әрқашанда берік болсын.

Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,

Асулардан асайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәріміз де дайым

Көрмей қайғы-уайым,

ҰБТ-дан жетістікке жетейік.



© 2010-2022