• Преподавателю
  • Школьному психологу
  • Тақырыбы: Ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңдердің алдын-алу жұмыстары мен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру. Ата-аналармен тренинг

Тақырыбы: Ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңдердің алдын-алу жұмыстары мен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру. Ата-аналармен тренинг

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңдердің алдын-алу жұмыстары мен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру.

Мақсаты: ата-аналар үшін қалыпты психологиялық ахуалды бар орта қалыптастыру; бала тәрбиесінде ата-аналарға жауапкершілікті арттыру; бала мен ата-ана арасындағы жанжалдың алдын алуда өзінің іс-әрекеттерін қадағалау, дұрыстануға үйрену.

Тренинг барысы:

  1. Психологиялық ахуал орнату. Сәлемдесу.

«Мен қандаймын?» жаттығуы. Мысалы: «Мен психолог Назеркемін» кейін барлығы айтып шығады.

  1. Тренингтің ережесімен таныстыру.

Тренинг тақырыбы: «Ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңдердің алдын-алу жұмыстары мен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру».

Бір-білімізді сынамаймыз;

Ойымызды ашық айтамыз, эмоциямызды жасырмаймыз;

Барлық мәселені осы жерде және дәл қазір қарастырамыз, әркім өзіне керегін ғана алып кетеміз.

  1. Әлеуметтік ортаны анықтау.

Әрі қарай жұмыс жасайтын ортаны анықтау барысы үшін, ортада тұрған ата-аналарға психолог кеңес береді.

Нұсқау:

  • Өзіңіздің өскен ортаңызды еске түсіріңіз;

  • Сіздер бір отбасында нешеу едіңіз?

  • Бір балалы отбасында тәрбиеленсеңіз сол жаққа;

  • Екі балалы отбасында тәрбиеленсеңіз сол жаққа;

  • Үш, төрт немесе одан да көп балалы отбасында тәрбиеленсеңіз ортада қалыңыз. Осылайша қазіргі отбасы бойынша орналасады.

  1. Ата-аналарға тапсырма.

  • Кикілжің деген не?

  • Кикілжің (жанжал) себептері қандай болуы мүмкін?

  • Ата-аналарға кикілжіңге түсу себептері қандай болуы мүмкін?

Флипчарттағы жұмысты қорғау. Әрбір қорғаудан кейін слайдтармен түсіндіре отырып, пікірлесу.

Кикілжің - ол ұрыс-керіс, жан-жалдасу, өштесу, жеке тұлғаға бағытталған балағаттау сөздер, қорқыту т.б.

Ең қорқыныштысы - ол кикілжіңнен кейінгі кезеңдегі адамның сезімі. Мысалы: қорқу, ренжу, кек сақтау, өш алу т.б.

  • Баланың өтпелі кезеңіндегі жас ерекшеліктері;

  • Өзін сынау, өзін-өзі анықтауға деген құштарлық;

  • Ата-аналардың жас шамасының тым үлкен болуы;

  • Өзін барлық жағынан беделді етіп көрсеткісі келетіні.


  • Баланың ер жеткенін мойындамау;

  • Баланы өз еркімен жіберуге қорқу;

  • Баланың әрекетін өз заманымен салыстыру;

  • Ата-ананың жұмыстағы немесе қоғамдағы алатын беделінің үйде қайталануы;

  • Ата-ана үмітін ақтамау.

  1. Кикілжіңнің салдары қандай?

  • Физикалық зиян

  • Психологиялық зиян

  • Әлеуметтік зиян

  1. Практикалық жұмыс. «Менің отбасым гүл ретінде»

Нұсқау: Өз отбасыларыңыз туралы ойланыңыз. Егер, оларды гүл десек, қандай гүл болар еді? Суретке салыңыз. Ата-аналар салған суреті туралы баяндайды.

  1. Ата-ана жуапты.

  • Баланың өміріне;

  • Баланы өзін және өзгені сыйлауға үйретуге;

  • Баланың өзіне деген жауапкершілігін тәрбелеуге;

  • Баланың қызығушылығын білуге, қолдауға;

  • Баланың достарын егжей-тегжей тануға;

  • Өз баласына да, өзгенің баласына да қамқорлық көрсетуге;

  • Баланы естуге және тыңдауға.

  1. Сергіту сәті. «Кір жуу машинасы»

Нұсқау: Екі қатарға жұптармен тұра қалады. Олардың ортасынан бір адам өтеді. Қалғандары оны қолдарымен жуындырады.

  1. Практикалық жұмыс. «Тығырықтан шығуға көмектесу»

Ортаға бір адам шығады, көзін байлайды. Қалғандары оны ауызша айту арқылы керекті жолдардан шығарады. Қорытынды: Ата-аналар балаларға көбіне тығырықтан шығар жолды табуға көмектесу керек екенін ескендіру.

  1. Ата-аналар!

Есіңізде болсын, сіз де адамсыз.

Балаңыз сіздің көңіліңізден шығуын, тіл табысуын өз еркіне беріңіз.

Ең батысы жақсы көріңіз. Жақсы көргеніңізді жасырмаңыз.

Барлық кезде әділетті шешім қабылдаңыз.

Сіз бүгінгі тәрбиеңізге шаршамаңыз, өйткені, ол сіздің қарттық өміріңіздің бақытты болуы, екенін ұмытпаңыз.

  1. Практикалық жұмыс. «Түймелерді орналастыр»

Нұсқау: Ата-аналар, өз отбасыларыңыздағы мүшелерді түймелердің түсімен орналастырыңыздар, ойланып, кімді қай жерге қоятыныңызды, сосын ғана орналастырыңыз.

  1. «Ойға шомылу» релаксациялық жаттығуы.

  2. Кері байланыс орнату: Стикерлерге жазу.

  1. Бүгінгі кездесудің сіз үшін маңыздылығы болды ма?

  2. Психологқа сіздің кеңесіңіз бен ұсынысыңыз?

  1. Қорытынды. «Қоштасу»




© 2010-2022