Емтихан кезінде оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін мобильдеу әдістері

Емтиханға дайындық және оны тапсыру кезінде оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін  мобильдеу әдістері.Оқушыларға стрестің алдын алу, одан арылу жолдарын үйрету. "Крестелген қадам", "Энергетикалық есінеу", "Қиғаш крест" жаттығуларын жасап үйрету. Стресс кезінде организм  жоғары дәрежеде құрғақшылыққа ұшырап ,қалжырайды. Бұл нерв процестерінің электрохимиялық реакциялар негізінде  жүзеге асатындығымен байланысты, ал ол  жеткілікті  түрде  сұйықтықты қажет етеді.  Оның жеткіліксіздігі нерв про...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Емтиханға дайындық және оны тапсыру кезінде оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін мобильдеу әдістері

Стресс кезінде организм жоғары дәрежеде құрғақшылыққа ұшырап ,қалжырайды. Бұл нерв процестерінің электрохимиялық реакциялар негізінде жүзеге асатындығымен байланысты, ал ол жеткілікті түрде сұйықтықты қажет етеді. Оның жеткіліксіздігі нерв процестерінің жылдамдығын тез төмендетеді. Сондықтан, емтихан алдында немесе оны тапсыру үстінде бірнеше жұтым су ішкен абзал. Стресті жағдайдың алдын- алу үшін суды тамақтан 20 мин. бұрын немесе 30 мин. кейін ішуге болады. Ең тиімдісі минералды су ішкен дұрыс, ол электрохимиялық реакцияларға қатысы бар калий ионы мен натридан тұрады. Таза су мен жасыл шай ішуге де болады. Басқа сусындардың бұл жағдайда пайдасы жоқ немесе зиянды. Тәтті газдалған сусынға су жеткіліксіздігін тездететін қоспалар қосылады. Ал шай мен кофе тек жұмысқа деген құлшыныстың жалған бейнесін туғызады.

Стресті жағдайға тап келетін оқушылардың екінщі қиыншылықтары - бұл оң және сол жарты шарларының гармональды жұмыс жасауының бұзылуы. Егер екеуінің біреуі басым болса - оң (образды- бейнелі) немесе сол (логикалық), онда адамның алдынды тұрған тапсырманы тиімді шешу мүмкіндігі төмендейді. Бірақ мұндай жағдайды түзетіп, қалыпқа келуге болады. Оң жартышар дененің сол жағын басқарады, ал сол жартышар - оң жағын басқаратыны белгілі. Бұл байланыс екі бағытта да қызмет етеді, сондықтан дененің екі жағының координациясы мидың жарты шарларының координациясына әкеледі. «Крестелген қадам» физикалық жаттығуы оң және сол жартышарлардың гармональды жұмыс жасауына а ықтап етеді. Жаттығу мынадай түрде жүзеге асырылады.

Қалыпты жағдайдағыға қарағанда тізені сәл жоғары көтеріп, орында жүрген бейнені саламыз. Аяқтың басымен басып, тізені қолға қарай көтереміз, бір орында отырып та жасауға болады. Тізе жоғары нүкте деңгейіне жеткенде оған қарама- қарсы қолымызды қоямыз. Яғни сол жақ тізеге оң қолды тигіземіз, ал оң жақ тізеге сол қолды тигіземіз. Жаттығудың тиімділігі үшін көтерілген кезде аяқ басымен (подняться на цыпочки) тұруға болады. Бұл жаттығуды жасаудың тиімділігі - тез қозғалуда емес, ыңғайлы темпта және ризашылықпен жасау.

Егер « крестелген қадам» жаттығуын жасауға мүмкіндік болмай, жағдай тез арада жинақылықты талап етсе мынадай тәсілді қолдануға болады: таза қағаз бетіне «Х» әріпіне ұқсатып қиғаш крест салып, оған бірнеше минут қарап отыру. Эффектілігі физикалық жаттығуға қарағанда төмендеу болады, сонда да оң және сол жартышарлардың қызметінің жақсаруына септігін тигізеді.

Емтихан кезінде қиғаш крестті сыныптың қабырғасына іліп қойған абзал. Түсіне мән бермеуге болады, тек қарамен ақ түске немесе керісінше салынса болғаны.

Келесі жаттығу стрестің ықпалын төмендетіп, ауа жетіспеушілігін азайтады. Ауа жетіспеушілігінің алдын- алу үшін «Энергетикалық есінеу» тәсілін қолданған жөн . Сіздің ойлануды көбірек талап ететін қызметіңізге байланысты, соншалықты көбірек есінеу керек. Емтихан кезінде есінеу өте пайдалы. Қалай дұрыс есінеу керек?

Есінеу кезінде жоғары және төменгі жақтың қосылатын жерін (құлақтың маңы) дөңгелендіре массаж жасау керек. Осы жерде нерв талшықтарының көбі орналасқан. Организмді ауа жетіспеушілігінен қорғау үшін 3- 5 есінеу жеткілікті.



© 2010-2022