Тренинг-урок психологической подготовки к ЕНТ

Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарағанды қаласы .

Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты

11 - сынып.Психологиялық тренинг
Қатысқан оқушылар саны:24 оқушы (топқа бөлінініп өткізілді.)

Өткізілген күні:26.05.2015-31.05.2015.

Тренинг мақсаты: ҰБТ тапсырушы 11 - сынып оқушыларының бойындағы стрестік қалыптан арылту, сенімділіктерін арттыру.
1 - жаттығу.
Мақсаты: Психологиялық қысымнан арылту.
Барлық оқушылар шеңбер бойына тұрып, көздерімізді жұмамыз, өз түйсігіңізбен, ойымызбен іштей бір - бірлеріңе, әр қатысушыға сәлем жолдаймыз. Енді көзімізді ашып, барлығымызбен қол алысып шығамыз. Әркім өз есімін айтып, өзіне мінездеме береді. Өзіне берген мінездемесі тест тапсырғанда немесе емтиханда өзіне қолдау көрсететіндей болуы керек.
2 - жаттығу. «Тығырықтан шығу» ойыны
Мақсаты: Өмірде кездесетін кедергілерді жеңу және кедергіден шығу жолдары.
Ойынның шарты:Қатысушылар шеңбер құрап тұрады.Психолог бір-бірінің қолдарынан ұстап тұруын сұрайды.Бір мезгілде барлығы қолдарын бірге көтеріп,арада пайда болған аралықтардан өтіп,әбден бір жерге арасынан адам өте алмайтындай болып шатасып жиналады,тығырыққа тіреледі.Кейін осы шатасудан қолдарын жібермей жазылулары қажет.

Шарт:Қадай жағдай болмасын бір-бірінің қолдарын босатпауы қажет.Әбден жазылғанда тығырықтан шығады.

Сұрақ:Шатасу кезінде кім не сезінді?
Өз істеріңді мұқият түсінуге тырысыңдар, нақты не саған керек, нақты не саған көмектесе алады? Өз іс - әрекеттеріңді бақылаңдар, естеріңе сақтаңдар.
Рефлекция: қандай әсер алғандарыңды шеңбер бойы айтып шығыңдар. Қандай кедергіге тап болдыңдар, ол не нәрсе, оны қалай жеңдің? Қолыңда қандай да бір зат болды ма? Немен шықтың?
3 - жаттығу. 2.Мазасыздану кезіндегі жаттығу.Мақсаты:Оқушыларға мазасыздану кезінде өздерін қалай сезінетіне назарын аудару.

Оқушылар көздерін жұмып отырады да ,өздерін қатты мазасызданған,қобалжыған сәттерді естеріне түсіреді.Осы кезде не сезініп отырғандарына көңіл аудару қажет.Содан кейін өздерін жайлы сезінген кезін естеріне түсіріп қандай сезімде болғандарына көңіл бөлу керек. Жаттығуды орындап болған соң өз пікірлерімен бөліседі.

Өткізген психолог:Кузеуова К.К.

© 2010-2022