Суицид - өз - өзіне қол жұмсау

Суицид (лат.: sui caedere — өзін өлтіру) — адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы.Қазіргі кезде адамзаттың өз өміріне балта шабуы-қоғам дертіне айналып барады.Мәселені осы жерден бір қайыра тұ­рып, суицид сөзінің қашан, қайдан енгеніне тоқтала кетсек. Бұл терминді 1947 жылы итальян психологы Г.Дэзен енгізген. Ол бұған «өзін-өзі өлтіруге әрекет ету» деп түсінік береді. Жыл сайын 10-20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жақыны жарық дүниемен қош айтысады. Алдың...
Раздел Школьному психологу
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Суицид (лат.: sui caedere - өзін өлтіру) - адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы.Қазіргі кезде адамзаттың өз өміріне балта шабуы-қоғам дертіне айналып барады.Мәселені осы жерден бір қайыра тұрып, суицид сөзінің қашан, қайдан енгеніне тоқтала кетсек. Бұл терминді 1947 жылы итальян психологы Г.Дэзен енгізген. Ол бұған «өзін-өзі өлтіруге әрекет ету» деп түсінік береді. Жыл сайын 10-20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жақыны жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда, көрші алпауыт мемлекеттер - Ресей мен Қытай, Қазақстанды атауға болады. Қазіргі таңда, Қазақстанды алаңдатып отырған жәйт бұл, жеткіншек балалардың суицид ауруына көптеп душар болуы. Суицид - қатты қажыған, шарасыздықтан, шаршағанда, немесе бір жағдайда шешімін таба алмай тығырыққа тірелген адамдарда және санасы әлі дамып, жетіліп болмаған жеткіншектік ұл-қыздардың арасында кездеседі. Жеткіншек кезеңде суициалдық мінез-құлықтың кейбір өзгешеліктері болады.

Суицид - өз - өзіне қол жұмсау

Жеткіншектер арасында ересектерге қарағанда өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі. Бірақ олардың азғана бөлігі өздерінің қойған мақсатына жетеді.Суициалдық мінез-құлық бұл жаста көп жағдайда демонстративтік сипат,сонымен бірге байбаламдық сипат алады.Психолог-ғалым А.Е.Личконың көрсеткеніндей, тек қана жеткіншектердің 10 пайызы шынайы өлгісі келетін ниет білдірсе, ал 90 пайызы көмекке шақырған жан-айқайы болып есептелінеді. Міне, осы жағдайлардың барлығында психолог пен отбасының көмегі қажет. Өкінішке орай, көпшілік психолог қызметінің не екеніне және оның не үшін қажеттігіне мән бере бермейді. Психологты көп жағдайда психиатрмен шатастырады, сондықтан да оның алдына баруға ұялады. Ал бұл екеуінің арасындағы айырмашылық бар. Қарапайым сөзбен айтқанда, психиатр ауруларды емдейді, ал психолог - психикалық тұрғыдан сау адамдарға кеңес беріп кезіккен мұқтаждықтан шығуға көмектеседі. Дегенмен, депрессиялық жағдайда адамға көбінесе отбасы мүшелерінің шынайы қамқорлығы, жақындығы, түсіністігі мен демеуі қажет. Депрессиялық жағдайға түскен адам жиі агрессиялы (ұрысқа, қақтығысқа бейім) болады. Сонымен бірге, оның агрессиясы бірінші кезекте өзіне, содан соң жақынына және қоршаған ортасына бағытталады. Көп жағдайда жақындары немесе қоршаған ортасы оның бойындағы өзгерістерді түсінбейді де, қабылдай да алмайды. Ал бұл оны көптеген тығырыққа тіреп, соңы суицидке әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан, жеткіншек шақтағы жастарға, оқушыларға кез-келген жағдайда жайменен түсіндіру қажет. Және ата-ана өз балаларының жағдайларына жеткіншек шағында көбірек көңіл бөлуі қажет.

Өлімге құмарту негізінен психиканың проблемасы, оның астарын қоғаммен байланыстыруға болмайды. Көпшілігіміз рухы әлсіз, қорқақ және мінезсіз адамдар ғана осындай суицидке барады деп ойлаймыз. Сөйтсек, суицид ешкімді де сырт айналып кетпейді екен. Кейбіреулерінде суицид тұқым қуалайтын ауру болып саналады. Адамның бұл суицид ауруынан тез сауығып кетуі үшін кешенді ем-дом жүргізілуі шарт. Бірінші кезекте моральдық,келесі сатыларда психологиялық және медициналық қолдау керек. Үлкен қалаларда білікті суицидолог,психиатр, психологтар арнайы бағдарламалар жасап,арнайы жұмыстар жүргізеді. Суицид - дертінің емі иманда - дейді діндарлар, бұл пікірмен бәрімізде келіссек болар еді, себебі өзіне өзі қол жұмсау - күнә болып саналады. Қалай десек те, суицидтің адам үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін де зияны мол. Ол елдегі өлім жітімнің артуына, халық санының азаюына ғана әкеп қоймай, мемлекетті әлеуметтік - экономикалық шығынға да батырады Бүгінде адамдардың өз-өзіне қол жұмсап, өз өмірін қиған оқиғасы туралы жиі естуге болады. Аталарымыздың ғасырдан бері келе жатқан «құдай өзі берген жанын өзі ғана ала алады» деген ежелгі қағидасына қарсы шығып, адамдардың өз-өзіне қол жұмсап, өмірмен қоштасуының сыры неде?

Медициналық - психологиялық зерттеу қорытындыларына қарағанда, оның сыры да, себептері де көп көрінеді. Ал, жалпы адамның өзіне өзі қол жұмсауы ғылымда «Суицид» деп аталады. Суицид - ішкі эмоционалды қуатын шығару негізінде, адамның әдейі өз-өзіне қол жұмсау себебіне соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай деп қарастырамыз. Психологиялық сөздікте суицид-ауру, рухани азап және психологиялық дағдарыс, ішкі күшті жанжал ретінде түсіндірілді. Бұл тақырып аясында әлі күнге дейін сыры сыр сандықта бұққан жұмбақ жайттар көп. Өз-өзіне қол жұмсау яғни суицид табиғаттың оянған гүлденген кезінде көктем мезгілінде жиі кездесетіні дәлелденді. «Сәуір - ең қатыгез ай»- деген американ ақыны Томас Эллиот. Сәуір айындағы суицид көрсеткіші жыл бойғы көрсеткіштен 120% жоғары болатын көрінеді

Суицидтік әрекеттерге ұшыраудың мынадай факторлары бар:

1. Болашаққа шарасыздықпен қарау, мақсат-армандардың болмауы, өмірге деген құштарлықтың төмендігі;

2. Әлеуметтік қолайсыздық. Яғни, әлеуметтік шеттілуі, оқшаулану;

• Оқшаулану, қоршаған ортамен қарым-қатынастан қашу;

• Келешекке деген жоспардың болмауы;

• Өз күйзеліс жөнінде дәрігер, психолог, педагогтарға шағымдану.

2. Отбасындағы жағымсыз ахуал, жайсыз психологиялық атмосфера

• Жұмыссыздық, кедейшілік (материалдық жағдайдың жетіспеуі);

• Жанұядағы берекесіздік немесе бақытсыздық;

• Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында үйлесімлікдің болмауы (өзара жиі конфликт, ұрыс-керіс);

• Отбасында елеусіз қалуы (жалғыздықты сезіну) т.б. Өзіндік «менінің» төмендегі немесе жоғарлы, сыртқы ортаның қысымы және т.б.

Адам уақытта өмір қағидаларына мойынсұна бермейді. Өзін-өзі өлтірушілер арасында өмірдің мәнін іздеп, оны таппағандар жиі кездеседі. Өмір сүру жауапкершілігінен қашып, суицидтік іс-әрекеттің шырмауына жүрген жандарды қалай анықтауға болады?

• Көп жағдайда көңілсіз күйде жүру, тыныш, монотонды дауыс;

• Сөйлеудің баяулығы, жауаптың қысқалығы;

• Іс-шарасыздық, қарым-қатынастан қашқақтау.

Психикалық бұзылыстар көріністері:

• Жылауықтық;

• Ауыздың кебуі;

• Тахикардия;

• Демнің жетпеуі;

• Бас аурудың жиілігі;

• Дене салмағының азаюы;

• Тәбеттің қашуы;

• Кеуденің ауырлығы.

Социология, психология мен медицина және демография мен психиатрияның тоғысында пайда болған суицидалогия өзін-өзі өлтіруге баратын адамның ерекшелігін, оның әрекеті мен себептерін зерттейді.

Жиырмасыншы ғасырдың басында австриялық психолог Зигмунд Фрейд суицидтің себебін ызақорлықпен, агрессиямен түсіндірсе, америкалық психолог Карл Менниндер оны өш алу, жеккөрушілікпен, тұйыққа тірелумен және кінәлі сезімнің күштілігімен байланыстырған. Әлбетте, суицид термині бертінде пайда болғанымен, өзіне өзі қол салу адамзатпен бірге жасап келеді. Өзін-өзі өлтіргендердің мәйітін өртеп жіберу ежелгі Грекия, Спарта, Афинада болса, орта ғасырлық Австрия мен Францияда оларды діни көзқарас бойынша қылмыскер санаған. Адамға өмір берген Алла ғана оның жанын ала алатынын ескерсек, Ислам дінінде де өзін-өзі өлтірудің күнә екендігін бағамдаймыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде: «Кімде-кім өзін өзі қандай да бір темірмен өлтірсе, жаһаннамда қолына темір алып мәңгі бақи өзін-өзі түйреумен болады. Ал, кімде-кім у ішіп өлсе, жаһаннам отында мәңгілік у ішумен болады. Ал, кім өзін таудан тастап өлтірсе, жаһаннамда да өзін мәңгі отқа лақтырып тұрады» деп өз өмірін өзі қиғандарды ақыретте не күтіп тұрғандығынан хабар береді.


Тұлғаның дағдарысқа ұшырауы, басқа адамдармен тіл табыса алмауы, жеке адам ретінде даму мүмкіндігінің болмауы суицидке соқпақ салатындығы отандық психологтардың пікірі. Өзіне өзі қол салуға итермелейтін психологиялық өзгерістерге сыртқы қоршаған ортаның, әлеуметтік факторлардың және басқа түйткілдердің себеп болып жататындығы тағы аян. Жастардың арасындағы ақша бопсалау, әскердегі әлімжеттік, жігітінің тастап кетуі, қоғам мен отбасында өзін жалғыз сезіну және басқа жағдайлардың да бұған ықпал ететінін естен шығармауымыз керек.

Ғалымдардың айтуынша суицидтің үш түрі бар.

Біріншісі - шынайы суицид

Екінші түрі - жасырын суицид

Үшінші түрі - жариялық суицид

Суицид - өз - өзіне қол жұмсау

Суицид - өз - өзіне қол жұмсау

Шынайы суицид.Оған барған адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз болып жүреді, өлгісі келеді. Нақтырақ айтқанда өмірдің мәнін жоғалтады.

Суицид - өз - өзіне қол жұмсау

Жасырын суицид. Бұл түрінде адам өз-өзін өлтіру жақсы іс еместігін түсінеді. Бірақ қиындықтан шығар шара, жол жоқ болып көрінгендіктен, өлімге апаратын істерге бас тігеді. (Мысалы: нашақорлық, алкоголизм т.б).

Суицид - өз - өзіне қол жұмсау

Жариялық суицид. Өзін-өзі өлтіргісі келгендердің көбі өлместен бұрын өзгелердің назарын өзіне аударғысы келеді. (Мысалы біреумен ренжіссе, қолына суық қару алып, болмаса арқан, жіп ала жүгіріп, «өлем» деуі.)

Суицид - өз - өзіне қол жұмсау

Қазақстанда кісі өлтіруден өзін-өзі өлтірушілер көп.

Әлем бойынша әрбір 20 секунд сайын бір адам өз өміріне қол жұмсайды. Ал, жыл сайын 1 миллион адам өзін ажалға қияды, сондай-ақ, шамамен 20 миллиондай жан өз өміріне балта шабуға әрекет жасайды. Олардың 8 мыңы - қазақстандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады. Бір атап өтерлігі - елімізде адам өлтіргендерге қарағанда өз-өзін өлтіргендер саны әлдеқайда көп екен. Халықаралық анықтама қызметінің айтуынша, заман өткен сайын, әсіресе, соңғы елу жылдың ішінде суицид дерті өршіп барады. Мәселен, 1950 жылдан бері әлемдегі суицид оқиғасы 60 пайызға өскен екен.

Мысалы мен сізге бірнеше мысалдар келтіріп өтейін: айта кету керек, жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің әрбір үшіншісі - қалыпты құбылыс, нақтырақ айтсақ, олар өлгісі келмейді, тек осы әрекеттерімен өздеріне назар аудартқысы келеді. Мамандар мұның өте қауіпті құбылыс екендігін айтады. Өйткені, өз-өзін өлтіруге талпынып аман қалған жасөспірімдердің келесі талпынысы міндетті түрде өлімге алып келуі мүмкін.

(Елде 2005-2007 жылдары кәмелетке толмағандар арасында 1364 өз-өзіне қол салу фактісі анықталып, оның - 887-і қазамен аяқталған. 2005 жылы - 261, 2006 - 274, ал 2007 - 352 суицид тіркелген.)

Қазақстан Дүниежүзі бойынша суицидтен 3-ші орында тұр. Жыл сайын 1 миллион адам өзін ажалға қиса солардың 8 мыңы - қазақстандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады. Бір атап өтерлігі-елімізде адам өлтіргендерге қарағанда өз-өзін өлтіргендер саны әлдеқайда көп екен. Суцидпен көз жұмғандардың 44% өзіннің өліміне мына адам кіналі деп хат жазып қалдырады. Олардың кінәлі деп тапқаны мыналар:

- «барлығы» -20%

- Жақын адамым - 12%

- Бастық - 8%

- Ешкім емес - 4%.

Менің бұл мәселеге қатысты жеке көзқарасым суицид оқиғасы ең алдымен әлеуметтік жағдайы нашар, инфрақұрылымы дамымай қалған, экономикасы мен әлеуеті артта қалған елдерде көп орын алады.

Дұрыс шығар, өзімшілдік рухани құлдырауды білдіреді.Жалпы мемлекетте психо-профилактикалық және психо-гигиеналық орталықтар бар. Олардың ауруханасында адамдарда қозу процесі жүреді өзінің еркінен тыс қимылдар жасайды. Сол кезде дәрігерлер оған күштеп дәрілерін салады ,соны біраз солай ұстап ,жағдайы жақсарды деп шығарып жібереді. Ал, ғылым бойынша бірде бір психикалық ауру дәрімен жазылмайды. Дәрімен басуды психотрия дейді ал, психотерапевт дегенде ол сөзбен емдейді. Мысалы Ресей мен Қазақстанды салыстырсақ, сөзбен емдейтіндердің саны 12 екен де, дәрімен емдейтіндер саны біреу екен. Қазақстанда дәрімен емдейтіндер екеу, ал сөзбен емдейтіндер саны біреу.Демек,бізде бұл мәселенің шешімін табудан әлдеқайда алша жатқанымызды аңғартады.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мамандары адамдардың өз өміріне қол жұмсауына себеп болатын мынадай факторларды көрсетеді:

1. 1.2 % -Денсаулығының нашарлығынан

2. 3 % -Қаражат қиындығынан .

3. Өмір сүрудің ауырлығынан- 1.4 %

4. Құмарлықтан- 6%

5. Отбасы келіспеушілігінен- 18 %

6. Рухани дерттен -18 %

7. 19 %- Жазасын өтеуден жалтару мақсатында осындай қатерлі қадамға барады екен.

Ал өзін-өзі өлтіру фактілерінің 41 % -і неден болатыны белгісіз күйде қалып отыр. Бұл мәселедегі ең күйзелтетіні, суицидтің жасөспірімдер мен жастар арасында көптеп кездесуі.

Меніңше әлеуметтік фактор - негізгі себеп бола алмайды. Мысалы қазіргі қоғамдағы «суицидке себеп болып жатыр» деп есептелінетін факторларды тізіп шығайықшы: кедейлік, жұмыссыздық, жақынынан айырылу, жауапсыз махаббат,отбасындағы түсініспеушіліктер, қаржылай қиындықтар көру, қарызын, я болмаса, банктегі несиесін төлей алмау, өзін туған-туыстарына және жалпы қоршаған ортаға әбден қажетсіз сезінуі т б. Қысқасы, тізе берсек өлімге жетелейтін ғалымдар есептегендей 800 түрін мысалға келтіруге болады. Алайда, бұлардың барлығын негізгі себеп деуден көрі - сылтау деп атағанымыз дұрыс шығар. Ал сылтау әрқашанда көп болады. Адамның өмірден түңіліп, өзіне қол салуының негізгі себебі-психикасының бұзылуынан деп жатады. Осыдан жарты ғасыр ғана бұрын «бәленшекең өзіне қол жұмсапты» десе естіген жұрт өре түрегелетін. Бұл қауесет бір ауылдан екінші ауылға одан ел арасына тарап естіген жұрт жағасын ұстайтын. Меніңше негізгі себеп -эгоизм. Жалпы қазақ қоғамы «өзге үшін өмір сүретін» халық қой. Әйелдері еріне қызмет еткен, ерлері еліне қызмет еткен халықпыз ғой. Жаңағы сенім мәселесі қозғалған соң айтып отырмын. Батыс идивидуалистік, яғни өзімшіл қоғам. Өзім ішсем, өзім жесем екен дейді. Ал Шығыс, оның ішінде қазақ қоғамы коллективистік санамен өмір сүрген. «Еткен еңбегім елім үшін» деген кредоны жан тәнімен сезіне білген. Ал осы ұғымды терең психологияға салсақ мұндай ұғымның иесі атанған халық (жеке тұлға ретінде алып қарасақ та, жалпы қоғам деңгейінде салыстырсақ та) еш уақытта өзінің өмірін балталауға бармайды.

Қазақта «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген бір ауыз сөз бар ғой.

Сократ(б.з.б.469) адамды адам ететін оның жаны (псюхе) деп санады. Сократ жанды санасы бар тұлға ретінде қарастырады. Ол ақылды әлде ақымақ, мейірімді немесе зұлым болуы мүмкін. Ал адам өзінің жанын жақсартуға ұмтылуы тиіс.
Неге? Сократ бар адамның бақытты болғысы келетінін айтады. Ал бақытқа жету-жетпеуі жанының қандай екеніне байланысты. Жаны адал әрі қайырымды адамдар ғана бақытты бола алады. Адамдардың жамандық істейтін себебі, олар қызығып, ұмтылатын нәрселер сырттай жақсы көрінгенімен, шын мәнісінде жақсы емес. Егер адамдар ненің жақсы екенін білсе, онда олар жаман әрекеттер жасамас еді. Сонда біздің өз ішімізде де, қоғамда да қақтығыстар болмаған болар еді.

Сократ «жан өлмейді, ол мәңгі, өлімнен кейін біздің жанымыз басқа әлемде өмір сүреді» деді. Ол мифтік құдайларға табынудан қашқақтады, алайда әйтеуір бір құдай бар деп сенді.
Осы тақырыпта Сократтың айтқан бір сөзі бар еді: «Адамдардың өз өмірі- не балта шабуына апаратын жалғыз нәрсе бар: ол - адам өмірінің мәні деген сұраққа келіп тірелу» дейді. Яғни не үшін өмір сүріп жүргенін түсінбеуден туындайды. Ал тағдырдың қалауы да сол, адам баласына бұл берілген өмір- дің мәнін іздеп, соны түсіну үшін.

Бұл сұрақты данышпан атаулы өзіне өзі қойып, соның жауабын іздеп өткен. Сонау Сократ, Аристотель, Платон, Әл-Фараби, Толстой, Шәкәрім тағы бас- қа данышпандар осы сұрақтардың жауабын тауып, өмірдің мәнін түсіндіріп кеткен.

Cөзімнің соңында және де Сократтың мына бір идеяларына тоқтап өткім келеді. Сократтың қорытуы бойынша, адамдар өздерінің бақытсыз сезінеді, бірақ нағыз жақсылықтың мәнісін түсінбейді. Сол себепті де өздері сияқты жақсылықтың не екенін қате түсінетін адамдарға билікті беруге мәжбүр. Сократтың әскерлік өмірден қашып кетпей, басын қатерге тігіп, қалып қою себебі де осында еді.


© 2010-2022