«Мен мамандық әлеміндемін» психологиялық сабақ

Мақсаты: «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан! Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тапта бар қалан!» -деп ұлы Абай атамыз айтқандай, оқушыларды мамандыққа бейімдеу мен қабілеттілігін арттыру, мамандық таңдау жолы туралы түсінік беру, олардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Міндеті: -   Мамандық таңдаудың негізгі әдіс-тәсілдерімен таныстыру; -   Мамандық таңдауда оң шешім қабылдау; -   Кәсіптік бағдар беру, баланың білім алу сапасының аз да болса жо...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектеп психологі: Нургалиева А.А.

«Мен мамандық әлеміндемін»



Психологиялық тренинг

А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі«Мен мамандық әлеміндемін» психологиялық сабақ













Тақырыбы: «Мен мамандық әлеміндемін»

Мақсаты:

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан!

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта бар қалан!» -деп ұлы Абай атамыз айтқандай, оқушыларды мамандыққа бейімдеу мен қабілеттілігін арттыру, мамандық таңдау жолы туралы түсінік беру, олардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеті:

  • Мамандық таңдаудың негізгі әдіс-тәсілдерімен таныстыру;

  • Мамандық таңдауда оң шешім қабылдау;

  • Кәсіптік бағдар беру, баланың білім алу сапасының аз да болса жоғарылауына ықпал жасау.

Көрнекілік:

Үлестірмелі түрлі-түсті қағаздардан қиылған алма бейнесі, слайдтар, бәйтерек бейнесі, сұрақтар бетшесі.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу жаттығуы

Ер балалар итальяндықтар секілді қатты құшақтасады, ал қыздар бір-біріне иық түйістіріп амандасады

Психолог тренингтің мақсаты мен тапсырмаларын жариялайды.

Мамандық таңдау өте жауапты және маңызды іс. Өйткені, мамандықты дұрыс таңдаған азамат рухани құндылықтарға ие болып, әртүрлі адамдармен араласуға үйренеді. Және бұл олардың мінезінің қалыптасуына әсер етеді.

Мамандық таңдаудың мынадай әдіс-тәсілдері бар

  1. Сынақ және қателік, адам нағыз қажетті мамандық таппайынша, адаса жүріп әртүрлі салада жұмыс істейді, бұл оған еңбек қадірін ұқтырады.

  2. Қандай мамандық таңдаса да адамға қажетті нәрсе: өзін-өзі тану, өзінің қызығушылығын, қабілетін, ойын есте сақтауын, жүйке жүйесінің қалыбын білу. Себебі адам өзі туралы білген соң мамандық әлемімен танысады, сол мамандықтағы мүмкіндігін, өзінің сол маманнға сай екендігін бағамдайды.

  3. Өзінің ата-анасының, бабаларының мамандығын таңдау. Мұндай жағдайды мамандықтың отбасында ұрпақтан ұрпаққа берілуі дәстүрлі болғанда ғана таңдауға болады.

Адамның өз мамандығына деген қарым-қатынасы негізінен өз ісіне деген сүйіспеншіліктен басталады.

Болашақ мамандық таңдау кезінде үлкендердің көмегі қажет. Бірақ соңғы шешімді өздері қабылдаған жөн.

ІІ. Негізгі бөлім

Еліміздің ең сәулетті ғимараты - Бәйтерек бейнесі. Алайда ғимарат толық емес. Бейнені толық құрастру үшін оқушылар мына сұрақтарға жауап беруі керек. Берілген жауаптар арқылы Бәйтеректің толық бейнесін құрастырамыз.

«Мен мамандық әлеміндемін» психологиялық сабақ

Сұрақтар:

  1. Сендер болашақ мамандықтарыңды таңдадыңдар ма? Қандай мамандықты таңдадыңдар?

  2. Таңдаған мамандықтарың жөнінде не білесіңдер және өзіндік ерекшелігі қандай?

  3. Бұл мамандық заман талабына сай ма және еңбек нарығындағы қажеттілігі неде?

  4. Таңдауға не әсер етті? Егер оған ата-анаң қарсы болса не істейсің?

  5. Оқуыңды аяқтаған соң жұмысқа кірісер кезде ата-анаң саған одан гөрі еңбек ақысы жоғары қызмет ұсынса қайтесіңдер?

  6. Таңдаған мамандықтарың бойынша мамандармен кездесіп кеңес сұрасып, пікір алыстыңдар ма?

  7. Бұл мамандықты еңбек ақысына қарап таңдадың ба, әлде қызықтың ба?

  8. Таңдаған мамандықтарыңды ата-аналарың қолдай ма, әлде басқа мамандық туралы көп айта ма?

Балалар сұрақтарға жауап беріп, әрқайсысы өз пікірін айтады және жауаптарына сәйкес Бәйтерек үрмектеріне орналастырамыз.

ІІІ. Оқушылардың пікірін жеткізу «Егер мен сиқыршы болсам...»

Бәйтеректің келесі бейнесін орналастыру үшін балалар өз идеяларымен сырласа отырып хат жазады. Оған 10 минут уақыт беріледі. Бұл арқылы оқушылар өз жүректері қалаған, көңілдері сүйетін, ісінен үлгі алатын өз идеяларының рухымен тілдесіп, жан сырларына бір қадам болса да жақындай түседі.

ІV. «Алақан» жаттығуы

Балалар алақанының контурын қағазға түсіріп, ортасына өз есімдерін жазып қояды да жанындағы оқушыға жалғап жібереді. Қалған оқушылар алақандағы есімі жазылған балаға қандай мамандық сәйкес келетінін саусақтарына жазуы тиіс. Осылайша алақан иесіне қайтып келгенше жалғасады.

Достарының жазған пікірі жөнінде не ойлайтынын әрбір оқушы тұрып талдайды.

V. Сергіту жаттығуы

Оқушылар шеңбер жасап тұра қалады. Психолог кез-келген мамандықты айтады. Оқушылар үндемей сол мамандыққа сәйкес келетін оқушыны саусақтарымен көрсетеді. Содан кейін неге олай ойлайтындарын түсіндіреді.

Айтылатын мамандықтар: заңгер, сәулетші, мұғалім, полиция қызметкері, ұшқыш, археолог, мал дәрігері, автомеханик, актер, дәрігер, құрылысшы, аспазшы, аудармашы, есепші, тігінші, хареограф т.б.

VІ. «Мен досымды мақтан тұтамын» жаттығуы

Оқушыларға түрлі түсті қағаздан қиылған алмаларға өз жолдастарына арналған тілектер жазып, «Тілек ағашына» жапсыру ұсынылады. Әр оқушының тілегі, жылы лебізі осы сабақтың қорытындысы ретінде көрсетіледі.

Қорытынды:

Тренинг-сабақтан алған әсерлерімен бөлісу. Сұлулық пен биіктікке мәңгілік ұмтылысты бейнелеген Бәйтерек ғимаратын осылайша тұрғызып, сабақты қорытындылаймыз. Елбасы айтқандай, «Бұл біздің бақытты болашағымыздың символы» болып табылады.

«Мен мамандық әлеміндемін» психологиялық сабақ

«Мен мамандық әлеміндемін» психологиялық сабақ«Мен мамандық әлеміндемін» психологиялық сабақ«Мен мамандық әлеміндемін» психологиялық сабақ

Сіздер де осы бәйтерек ағашындай болыңыздар, тамырларыңызды кеңге жайып, алған білімдеріңізбен сусындап, берік діңгегі сияқты мықты да берік болып, жасыл жапырағы секілді әсем де көрікті болыңыздар!



© 2010-2022