Бастауыш Сынып Оқушыларының жазу ерекшеліктері

Раздел Школьному психологу
Класс 13 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солақайлықтың психологиялық негізі

Қазіргі таңда оқу тәрбие жұмыстарының жаңару заманында білім беру саласының әр сатысында көптеген мәселелер туындауда. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басын дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан - жақты зерттеу негізінде оқу - тәрбие жұмысының балалардың жақын арадағы даму аймағына бағыттау. Баланың мектепке даярлығын анықтауға арналған педагогтар мен психологтардың зерттеулерінде бұл мәселелердің аспектілері жан - жақты зерттелгені еш дау тудырмайды.

Іс - әрекетті орындай бастау қажеттігі қай жастан және қай қолмен орындалуы туралы нақты дәлел жоқ. соған орай енді физиологиялық ерекшеліктеріне тоқтала кетсек: сол мен оң қолдар миының қызметі әр түрлі. Солақайларды оң қолға үйрету арқылы біз олардың миының физиологиялық ерекшеліктерін бұзамыз. көп жағдайда адамдардың іс - әрекеттегі жетекші қолын білу арқылы, оның миындағы басым шарты шарын айтуға болады. Мысалы: оң қолды балада сөйлеу орталығы мидың сол жақ жарты шарында орналасса, сол қолды балада ол мидың оң жақ жарты шарында болуы мүмкін. Сонымен қатар ол сол және оң жарты шарларда яғни симметриялы болуы мүмкін. Көбінде солақайлар миының 2 жарты шары бірдей қызмет етеді. Баланы теріс үйрету арқылы біз мидың іс - әрекетінің құрылымын да өзгертеміз.

Мектепке дейінгі кезеңде ата - аналар мен тәрбиешілер баланың қай қолы жетекші екендігіне көп мән бермейді, сондықтан бала сүрет салып, жазып үйрене бастаған кезде ғана үлкендер оған мән беріп, қолын ауыстыруын сұрайды. Солақайлық - тұқым қуалау арқылы да берілуі мүмкін деген пікір кездеседі. Жанұяда солақайлық әке - шеше, әже - атасында болса, әсіресе осындай жанұялар мектепке дейінгі солақай балаларды оң қолға үйретуге тырысады. мұндағы негізгі себеп неден дейтін болсақ, көбінде ата - анасы өздерінің көрген қиыншылықтарын баласы көрмесе деген ойдан деп топшылауға болады. Солақайлықтың пайда болуының негізгі себебі туралы нақты пікір жоқ. Кейбір зерттеушілер генетикалық яғни тұқым қуалауға негізделеді деп тұжырымдаса, кейбір зерттеушілер солақайлық бала организмінің дамуының алғашқы кезеңіндегі сол жақ жарты шарлардың зақымдалуынан деген тұжырым жасайды.

Өкінішке орай, солақайлар мен ақыл - ойында кемістігі бар адамдардың ұқсастығы бар деген пікірлер де кездеседі. Алайда арнайы психофизиологиялық тексерулер мұндай ойды теріске шығарады. Дегенмен де ақыл - ойы кеміс балалар ішінен солақайлардың саны басымрақ екендігі байқалған. Мұндай жағдайда солақайлық паталогия нәтижесі болуы мүмкін деген де күмән туындайды. Сонымен солақайлықтың себебі неде деген сұрақтың әлі нақты анықталған жауабы жоқ. Соңғы жылдары сол қолы жетекші «оң жартышарлы » балаларға көңіл бөлу қолға алынып отыр. Көптеген зерттеушілердің айтуынша, таңда мұғалім баланың іс - әрекеттегі жетекші қолын анықтап, оны І - ші оқу күнінен бастап назардан тыс қалдырмағаны абзал. Мәселен, солақайлықты анықтау жолдарына тоқтала кетсек, ең кішкентай кезінде баланың қай қолының жұдырығы тығыз болса, кейінірек қай қолымен сылдырмақты ұзағырақ ұстаса, туғаннан кейін 4 апта өткеннен кейін бала төсекте жатып, басын жиі сол жаққа бұра берсе, оң аяғы мен оң қолының жиырылуы қалыпты болса, бала солақай болуы мүмкін. Сонымен қатар 3 айлығынан бастап қай қолымен әрекеттерді орындауына көңіл бөлу қажет.

Солақайлардың сөйлеу орталығының қай жарты шарда қанщалықты қарқындылығына қарай түрлі топқа бөледі: 1) сөйлеу орталығы оң жақ жартышарда болуымен. 2) сөйлеу орталығы сол жақ жартышардың қатысуымен сипатталатындар.

Егер солақай бала қалыпты деңгейде өссе, дамыса егер оны қайта үйретпесе, онда оларға оң қолдылар сияқты әрекет жасау оңай болады. Ең бастысы, сіздер оның жеке ерекшеліктерін ескерулеріңіз керек және шыдамды, сыпайы қатынас жасау қажет. Солақайлықтың шығу тегі жайлы ғалымдардың пікірі әртекті болуымен қатар қарама - қайшылықтарға да толы болады. Осы мәселе төңірегіндегі жұмыс көлемінің ауқымды болуына қарамастан бұл тақырып әлі күнге дейін жете зерттелмеген, әрі қандайда бір болжамның дәлелі жоқ. Сондықтан да солақайлыққа әкелетін себептер баршылық. Солақайлықты әдет, ортаның әлеуметтік жағдайлардың әсерінен туындайтын нәтиже деп есептеген, ағылшын ғалымы С. Джексонның әлеуметтік теориясы, солақайлықтың пайда болуы жайлы алғашқы теориялардың бірі болып саналады.

Қазіргі уақытта солақайлық қандай да бір паталогияның әсерінен туындауы мүмкін екендігі сөз етілуде. Мұны растайтын дәлелдер де баршылық. Сонымен қатар солақайлықтың шығу тегі ми қызметінің бұзылуымен байланысты паталогияның әсерінен деп тұжырымдағандары да бар. Шынымен де, осы мәселенің төңірегінде жүргізілген зерттеулер бойынша солақай балалардың дамуына көз салсақ, құрсақтағы және нәресте дүниеге келген кезіңнде алатын түрлі жарақаттардың генетикалық, яғни тұқым қуалаушылық жолымен де кездесетінін ұмытпаған жөн. Бұл жағдайда солақайлық әр буынында көрініс беруі мүмкін.

Американдық ғалымдар Спингер мен Дейчтің айтуынша, солақайлықтың пайда болуына әкелетін тек бір жұмыртқалы (моно зиготты) егіздерде ғана көрініс беретін фактор екендігін анықтаған. Бұл жайт бір жұмыртқалы егіздердің ширегінде (төрттен бір бөлігі) байқалатын айнадағы көшірмесі, сұлбасы атты феномен дегенге саяды. Мәселен, егіздердің тіпті саусағының басындағы иірімдерінің өзі екіншісінің айнадағы көшірмесіндей болып келеді. Шындығында да егіздердің бірі солақай, екіншісіндей болып келеді. Шындығында да егіздердің бірі солақай екіншісі оңқай болуы заңды. Дегенмен бұл мәселе әлі де жете зерттелмеген. Баланың жеке басын жан - жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі - бүгінгі таңда ағарту саласындағы аса маңызды шаралардың бірі болып отыр. Жалпы білім беретін мектептердің 1 - сыныбында қабылданған балалар, мектептік оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарға ұшырайды. Олардың сәтсіздіктерінің басты себебі - психикалық дамудың кемшіліктерінде, яғни мектептік оқуға даяр еместігі. Оқуға берерде баланың тек биологиялық жасына немесе дене дамуына сүйенбей, мектепке психологиялық даярлығының көрсеткіштерінің өлшемін жасап, шығару - бүгінгі күн талабы екндігін уақыт өзі көрсетіп отыр.

Педагогиканың күрделі мәселелерінің бірі - солақайлық мәселесі көп уақыт бойы оң жақ қолына қарағанда сол жақ қолымен белсендірек әрекет ететін балаларды, жалпыға бірдей бір түрге келтіру мақсатында қайта үйрету тиіс деп есептелініп келді. Алайда мұндай әрекеттің еш жақсылыққа әкелмейтіні, керісінше көпшілік балаларда невротикалық реакциялардың пайда болуына жағдай туғызатынын байқауға болады. Солақайлық дербес көзқарасты талап ететін балалардың тобы. өйткені дәл осы балалар астеноневротикалық реакцияға сезімталдыққа бейім келеді.

Светлов Р. С тарихқа көз салсақ, солақайлық құптарлық емес құбылыстардың негізінде болғандықтан, солақайларды міндетті түрде оңқайлыққа қайта үйрету қолға алына бастады. Осы уақытқа дейін өскелең ұрпақтығ тәрбиесімен, денсаулығымен айналысқан мамандар солақайларды міндетті түрде күштеп болса да оңқайлыққа үйрету қажет деп есептеді.

Балалның сол қолымен жазуға, әрекет етуге күш көрсеткен жағдайда сол мезетке дейінгі баланың бойында байқалмаған астеникалық белгілер көрініс бере бастайды, атап айтқанда бала тез шаршағыш болады, жұмыс істеу қабілеті қабілеті төмендеп, сол қолының шаршағандығы мен басының ауырғандығының белгілері көрінеді. Осы аралықта баланың түнгі ұйқысы бұзылады, тамаққа тәбеті шаппай, балалардың бойында залаңқылық, ұстамсыздық, қызбалық байқалып, ата - аналарына, тәрбиешілеріне, педагогтарына қатысты «қарсылық реакциясы» жиіленеді. Сирек жағдайда, тұтықпа, дәретін ұстай алмау жағдайлары орын алады.

Солақайларды «оңқайлық әлемге» ешқандай жағымсыз жағдайласыз да қайта үйретуге де болады. Сондықтан балаларды қайта үйрету мәселесі әрбір нақты жағдайға сәйкес, атап айтқанда олардың денсаулық жағдайларын, ағзаның бейімделе алу мүмкіншіліктерін, ішкі сенімдерін, физиологиялық алғышарттарын, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Кейде солақайлықтың өзі қайта үйрету дағдыларда солақайлықпен қосарлана жүретін барлық сыртқы белгілерін тексере отырып, қайта үйрету әрекеттерінің жүзеге асырылмағаны дұрыс.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Основы психологий практикум. Л. Д. Столяренко. Ростов на Дону. 2003

  2. Обухова Л.Ф. Детская психология. Учебник - М. Российское педагогическое агентство. 1996

  3. Асылханова М. Танымдық іс - әрекет - мекңтепке бейімделудің басты факторы.

  4. Эльконин Д. Б Избранные психологические труды. - М. 1989

© 2010-2022