Сабақ жоспары Сенім менің серігім

Раздел Школьному психологу
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысыСабақ жоспары Сенім менің серігім

Ақсу ауданы

«Қ.Мұқашев атындағы негізгі

орта мектебі м.д.ш.о »к.м.м

Педагог-психолог

Оспанова Гулим Молболдиновна

Еңбек өтілі 5 жыл

Мектеп:«Қ. Мұқашев атындағы орта мектеп, м.д.ш.о» к.м.м.

Тақырыбы: Сенім-менің серігім

Құндылық:Ақиқат

Қасиеттер: Ойдың, сөздің және істің бірлігі, өз-өзіне адал болу, өз - өзіне сенімді болу

Мұғалім:Г.М.Оспанова сыныбы 5 оқушылар саны 3

Сабақтың мақсаты :

Оқушылар адамдардың бір-бірімен сенімді қарым-қатынас жасауы ақиқат құндылығы туралы түсініктері кеңейеді;

Сабақтың міндеттері :

  • «сенім» ұғымының мәнін ашады;

  • Өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу. Ойдың, сөздің және істің бірлігі қабілеттері дамиды;

  • Өзіне,өзгеге,қоғамға сенім білдіруге өз-өзіне адал болуға үйренеді;

Ресурстар : Аудио жазбалар, плакаттар, кестелер

Сабақтың барысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен сәлемдесу, көңіл -күйін сұрау. Жағымды жағдай туғызу . Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар , денелеріңізді түзу ұстаңыздар .Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз . Қолыңызды тізеңізге немесе үстелдің үстіне қоюға болады .Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін .Елестетіп көріңіз : Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан . Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді . Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды , әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып , жүрегіңіздің қауызын ашты . Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде . Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз . Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп , сәуле шашуда . Қолымыз тек жақсы , ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі .Нұр аяқтарыңызға тарады . Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда . Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды .Одан әрі нұр сіздің аузыңызға , тіліңізге тарады .Тіліңіз тек шындықты және жақсы , ізгі сөздер ғана айтады . Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді .Нұр көздерімізге де жетті , көзіміз тек жақсыға қарап , бәрінен жақсылықты ғана көреді .Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп , басыңызға тек ізгі , сәулелі ой келеді .Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды , сіздің денеңізден шығып жан-жағыңызға сәуле шашады .Осы нұрды туысқандарыңызға , мұғалімдеріңізге , достарыңызға , таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей , ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттыңыз , олардың да жүрегі нұрға толсын . Осы нұр бүкіл әлемге : барлық адамдарға , жан-жануарларға ,өсімдіктерге , барлық тірі жанға таралсын ....Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз .Ойша айтыңыз : «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын». Осындай Нұр , Махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз ....Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз .Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде . Оны осындай қалыпта сақтаңыз . Жаймен көзіңізді ашуға болады.

-« Рахмет! Ал балалар кім не сезінді , ойларыңды ортаға салайық» .

5Т (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық,)

Ескерту

«Нұрға бөлену».

Мұғалімге арналған әдістемелік құрал

2. Үй тапсырмасын тексеру : Дәптермен жұмыс № 19 сабақ тапсырма.

3. Жағымды ой-пікір: (дәйексөз) Жақын адамдардың, достарының, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу - әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.

М.Жұмабаев

- Осы нақыл сөз бойынша қандай қорытынды жасауға болады?

5 сынып «Өзін-өзі тану» оқушы дәптері

Тақтаға дәйексөзді жазу

4.Жаңа сабақ :

Балалардың пікірлерін «сенім» ұғымын адамдар арасындағы өзара түсіністіктің негізгі ретінде пайымдауға бағыттау.

  • Сенім деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?

  • Қандай адам сенімге ие болады?

  • Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?

Оқиға айту : (әңгіме) Бейне көрініс.

«Ананың - жүрек үні» туралы видеоролик көрсетемін.

  1. Сіздер оқиғаны қалай аяқтайтын едіңіздер?

  2. Баланың істеген ісі дұрыс па? Осы азаматтың орнында болсаңдар не істер едіңіздер?

  3. Бала ана алдындағы өз борышын өтей алды ма?

Айтылған ойларды бекіте түсу үшін оқушылардың оқулықта «Оқып үйренейік» айдарымен берілген «Жаңа дүкенде» атты мәтінді оқып,сұрақтар арқылы талдауды ұсыну.

  • Сендер Ерланның сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

  • Адамдарға сенім білдіретін тағы қандай қоғамдық орындарды білесіңдер ?

Оқушылардың назарын адамның өз күшіне,өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сене білуі және өзгенің өзіне берілген сенімі арасындағы байланысына,арақатынасына аудару.

Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады.Өзіне-өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.

Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.





Бейнетаспа



Оқулық







5.Шығармашылық :(топтық жұмыс)

  • Сенімге ие болу үшін не істеу керек?

Сұрақ бойынша талдау жасалғаннан кейін ,сенімнің жаңа қырын ашу үшін адам өз басына қиындық туындаған кезде өзге адамдарды сүйеніш ететіндігі, жақын адамдарына өз мәселелерін айтып бөлісетіндігі,сенім білдіру әрқашанда адамның серігі болатындығын айтып қорытынды жасату.

Плакаттар, маркерлер

6. Топпен ән айту :

«Сенім»

Мәдина Садуақасова

1.Сездірмей жүрген,

Тек өзім білген.

Бір сенім бар,

Жоғалмас мүлдем.

Сол сенім бар да,

Асығам алға,

Ақ тілегім, биікке самға.

Қ-сы

Тағдыр жолы көп торабы,

Ақ пен қара жолағы.

Сенім - маған серік болады.

Ақ таңдарды мен көремін,

Дауылды да жеңемін.

Жүрегіммен сенемін.

2. Жылуын берер,

Шапағат төгер,

Махаббатым адаспай.

Асқардай биік,

Армандар жиып,

Мен өтемін

Өмірді сүйіп.

Үнтаспа

7. Үй тапсырмасы :Мәтіндегі түйінді ойларды іріктеп алыңдар. Өзіңе өзің сенімді болу үшін не істеу керек екендігін және сенімді болудың адам болашағына қажеттілігі туралы айтып беріңдер.

- Сенімділік адамда қандай қасиеттер болғанын талап етеді?

Соңғы тыныштық сәті .

(музыкамен)(2минут)Тыныштық,тыныштық,тыныштық...бар елде.Тыныштық,тыныштық,тыныштық...бүкіл әлемде .

Бүгін сендер сабақты өте жақсы оқыдыңдар ,жақсы ойлар айттыңдар , сол үшін , сендерге көп-көп рахмет айтамын .

5 сынып «Өзін-өзі тану» оқулығы 70 бет

8. Сабақтың қорытынды сәті :

- Сабақтан қандай әсер алдың?

- Өзіңе сабақтан қандай ой түйдің?




© 2010-2022