Презентация по психологии на тему БАЙБАЛАМ кезіндегі психологиялық көмекс

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БАЙБАЛАМ кезіндегі психологиялық көмек

Бұл не?
Біздің көпшілігіміз үшін байбалам салған жағдайдағы адам - аласұрған, қол сермеген, айқайлаған адам (көбіне әйел). Алайда мұндай іс-қимыл тек соңғы жағдайда байқалады, сонымен қатар тек әйел адамға ғана тән.
Бүгінде байбалам - психикалық және соматикалық көріністердің әр түрлілігімен сипатталған іс-әрекетінің түрлі жағдайын айқындайтын аса жалпылаушы термин. Байбаламды сипаттайтын психикалық белгілер: көңіл-күйінің ауытқуы, эмоционалды тұрақсыздық, сезімде үстіртін қарау, иландыруға және өзін-өзі иландыруға аса бейімділігі. Адамның іс-қимылы басқа адамдардың көңілін аудартуға жұмсалған.
Соматикалық (физикалық) белгілері әртүрлі болуы мүмкін, мәселен, сал ауруы, сіңір тартылып құлау, бас ауруы, қабылдаудың және сөйлеудің бұзылуы. Барлық белгілердің бір жалпы түйіні бар - олардың пайда болуын қандай да бір соматикалық (физикалық) факторлармен түсіндіру мүмкін емес екендігін атап өту қажет
Байбалам жағдайындағы құлау бірнеше минутқа немесе бірнеше сағаттарға созылады. Көз жасына қарағанда, байбалам - тоқтатуға тырысуға қажет жағдай. Мұндай жағдайдағы адам көп дене және психологиялық күшін жоғалтады.

Белгілері:
- ес-түсі сақталады;
- аса қозғыштық, көптеген қимылдар,театрдағы позалар;
- сөйлеген сөзі эмоционалды қанық, жылдам;
- айқай, жылау;

Бұндай жағдай неге болады?
Байбалам әр адамда бола бермейді. Мұндай эмоциялы жарылыс, әдетте шығармашылықтағы және жеңіл қозғыш адамдарға тән. Әдетте бұл ұзақ уақыт жиналады. Байлам ішкі қысымды шығару үшін туындайды. Бұл ұзақ уақыт бойы жиналады. Адам ұзақ уақыт бойы сыртқы сабырлығын сақтайды, өзін дұрыс ұстайды. Ал одан кейін жарылады, байбалам басталады.
Байбаламның себебі қандай да бір мақсат қою және оны жүзеге асыра алмаумен байланысты болуы мүмкін. Әсіресе бұл кішкентай балаларда жақсы білінеді. Себебі олар кішкентай кезінде өзінің тілегін білмейді.
Басқа жағдайда байбалам кенеттен болған қатты қысымнан туындауы мүмкін, бұл қиын өмір жағдайында болады. Әдетте дәрменсіздігі және бір нәрсені өзгерте алмауы.

Өз-өзіне қалай көмек көрсету қажет?
Байбалам болған кезде, «жарылған адам» үшін ең жақсы амал, жағдайды әбден шешіп алу. Басқаша айтқанда, байламды ішке тығып, эмоцияны білдірмеуге тырыспау қажет. Ең жақсысы іштегіні шығару және «өз байбаламынан рахаттану» керек. Яғни соңына дейін ішкі шерді тарқату қажет.
Егер әлі де байбаламға түспесе басқа жағдай. Онда назарыңызды басқа іске аударуға тырысыңыз. Мұндағы басты қағида ішкі қысым қатты болған сайын назарыңызды аударатын істе те аса көңіл аударарлық болуы керек.

Ондай адамның жанында қалсаң?
«Жарылайын» деп жатқан адамға қоршаған адамдар да көмек көрсете алады. Бастысы дұрыс іс-қимыл жасау.
Еске сақтаңыз, егер зардап шеккен өз қимылдарына есеп берген жағдайда ғана оған психологиялық көмек көрсетуге болады. Ондай жағдайда:
Біріншіден, көрермен адамдарды қуыңыз, тыныш жағдай жасаңыз. Егер ол Сіз үшін қауіпсіз болса, зардап шеккенмен жалғыз қалыңыз. Эмоционалды жарылыс кезінде адамның өзіңізге және қалғандарына зиян тигізбеуіне тырысыңыз. Егер сіз оның оқыс іс-қимылдар жасайтынын сезсеңіз араласып, қойдыру қажет: өз-өзіңді және байлам салған адамды қорғау керек. Оның алдынан қауіп және ауыр заттарды - пышақтарды, шанышқыларды, бұрағыштарды, мүсіншелерді алып тастаңыз.
Екіншіден, оның назарын қатты таң қалдыратын (қатты тарсылдатын затты құлату, зардап шегушіге қатты айқайлау) кенеттен жасалған іс-қимылға аудару қажет. Егер байбалам салушы кішкентай салмақтағы адам болса, оны ваннаға немесе душтың астына тұрғызып қоюға болады. Немесе оның маңдайына суық мұзды қою керек. Бетіне суық су шашып жіберу қажет. Салқындату зардап шеккеннің назарын басқа жаққа аударуға мүмкіндік береді. Ол реакцияны баяулатады, яғни эмоцияны ұстайды.
Оны байсалдылық танытуға шақырыңыз, аямаңыз және өзіңіз байбаламға түспеңіз, себебі ондай жағдай зардап шеккенді қоздырып жібереді. Зардап шегушімен қысқа фразалармен, жылы дауыспен («Су іш», «Жуын») сөйлесіңіз.
Зардап шегушінің қалауын жасамаңыз. Селсоқ болыңыз немесе егер байбалам толастамаса мүлдем басқа жаққа кетіп қалыңыз.

Одан кейін не істеу керек?
Адамдардың көпшілігі эмоционалды жарылыстан кейін құлазыған күйде және абыржу сезімінде қалады. «Өз-өзіне» келгеннен кейін көбінесе әрең дегенде істеген ісін есіне алады. Көбі не істегенін, сол уақытта не жасағанын есіне түсіре алмайды.
Байбалам біткеннен кейін, адамның ісіне ызаланбаңыз, болған іс туралы есіне салмаңыз. Адамға бір стақан суық су беріңіз немесе нашатыр спиртін иіскетіңіз. Оған ыстық шай беріп,одан кейін ұйықтату керек.
Міндетті түрде психологқа немесе дәрігерге жүгініңіз, себебі ауру ушығуы мүмкін.



© 2010-2022