Арман – жарқын болашақ бейнесі

Тақырыбы: Арман – жарқын болашақ бейнесі.      Мақсаты: «арман» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Арманның мәні, жету жолы туралы өзіндік пікірін қалыптастыру. Өз арманына сену және орындалатына күмән келтірмеу.             Мұғалімнің сөзі: Балалар, бүгін біздер АРМАН аралға сапар шегетін боламыз. Ол үшін көзімізді жұмып, терең тыныстап дем аламыз. 1,2,3,4,5. Сынып терезесі арқылы соққан сиқырлы самал бізді ақ көгершінге айналдырып, арманға жетелейтін періште біз армандаған әсем де сиқырлы әлемге жетелей жөнелді. Ол аралда мәңгілік жаз. Көз  қуантар түрлі жұпар шашқан гүлдер. Гүлдердің күлте жапырақтарында би билеген әдемі көбелектер, сайраған құстардың әсем даусы. Жарқыраған күн сәулесі. Бұл аралда ойыңа не мақс... Мәтінмен жұмыс: М.Шахановтың «Арман» өлеңі ұсынылған. Осы өлеңнен оқушының білуге тиісті нәрсесі- арманның алыс көк жиектерді қамтитыны, әр адамның өресіне қарай арманның түрлілігі, қоғамның талаптар деңгейінде болуы, адам болашағына әсері, осы жағдайларды талдап, зерделеуде оқушылар ой түйеді., пікірлерін қорытады.    Сахналау: «Арман» поэмасына қойылым ұйымдастырылады. Қария ролінде: Аманғали Дойыл ролінде: Ислам Әбу ролінде  Алишер Автор:     Айгерім Дойыл айтты:сөзі  Қария сөзі: Әбу айтты:  Қарт жымиды:  «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен өтетін кезеңінде жеке-жеке пікір ұйымдастырылады.              -          Армансыз адам бола ма? -          Арманның үлкен кішісі бола ма? -          Арман мен қиял, мұрат ұғымдарын қалай түсінесіңдер? -          Әбу еліне қандай пайда келтірді?     Оқушылар:  Әбу Насыр Әл Фараби туралы өз ойларын айтады.  .   Жаңа ақпарат:   Мұғалім сөзі:  Арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала-өссем дейді, қарт-жүзге жетсем дейді, ұстаз-шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді.            Біз күн сайын « Нағыз өмір» туралы армандаймыз. Егер терең ойлайтын болсақ адамға шындығында арман керек ақ, ол бізге бағыт, күш-қуат береді, үмітімізді жалғап отырады. «Арманы адамзат игілігіне бағытталған адамда ұлы даналық бар,» - дейді француз жазушысы А. Франс. Ендеше адам тек жеке басының қамын ойламай, болашағын, өз ортасымен, елімен байланыста армандайтын болса ел азаматы болғаны.Арман  алға жетелейтін жарық жұлдыз, адам адал еңбек етіп, қиындыққа мойымай, қажырлылық танытқанда ғана өз ... Тапсырма:     Оқулықта тапсырма берілген, өлең жолдарын жаныңа жақынын таңдап ал, да түсіндіріп беріңіздер.   Түйіндеме.   Шығармашылық жұмыс ретінде «Мен басқаның көзімен болашақта» тренингі жүргізіледі. Достар, жүрек тұсымызда отырған адаммен жұптасайық. Ол адамның алақанына өз алақаныңды қойып, жанарына тура қара. Алдыңда отырған жанның жақсы қасиеттерін есіңе түсір. Енді көзіңді жұмып, досыңның болашақтағы бейнесін көз алдыңа елестет. Досыңның болашақтағы өмірі қандай, қызметі, мінезі, жеткен жетістіктерін бағала. Енді көзімізді ашып, елестеткен қиялымызды ақ парақ бетіне түсіреміз.немесе айтамыз Арман деген көп белес- Біріне шықсаң, бірі бар.     Б.Ж.Тилеубаева
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Арман - жарқын болашақ бейнесі.

Мақсаты: «арман» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Арманның мәні, жету жолы туралы өзіндік пікірін қалыптастыру. Өз арманына сену және орындалатына күмән келтірмеу.

Мұғалімнің сөзі:
Балалар, бүгін біздер АРМАН аралға сапар шегетін боламыз. Ол үшін көзімізді жұмып, терең тыныстап дем аламыз. 1,2,3,4,5. Сынып терезесі арқылы соққан сиқырлы самал бізді ақ көгершінге айналдырып, арманға жетелейтін періште біз армандаған әсем де сиқырлы әлемге жетелей жөнелді. Ол аралда мәңгілік жаз. Көз қуантар түрлі жұпар шашқан гүлдер. Гүлдердің күлте жапырақтарында би билеген әдемі көбелектер, сайраған құстардың әсем даусы. Жарқыраған күн сәулесі. Бұл аралда ойыңа не мақсат алсаң болды, сол сәтте қол жеткізіп, арманыңа қадам санап жақындай түсесің. Бұл аралдың иесі Арман періштесі тек қана жаны пәк мөлдір, таза, кіршіксіз аппақ адамдарға құшағын жаяды. Сондықтан күнделікті күйбің тірлікті ойлауға мүмкіндік бермейді. Бұл арал - қиялыңның жүзеге асып, армандар орындалатын Арал.
Міне, барлығымызды Арман періштесі қабыл алып құшағын жайды. Олай болса, ең әуелі арман дегеніміз не соған жауап іздеп көрелік.


Мәтінмен жұмыс: М.Шахановтың «Арман» өлеңі ұсынылған. Осы өлеңнен оқушының білуге тиісті нәрсесі- арманның алыс көк жиектерді қамтитыны, әр адамның өресіне қарай арманның түрлілігі, қоғамның талаптар деңгейінде болуы, адам болашағына әсері, осы жағдайларды талдап, зерделеуде оқушылар ой түйеді., пікірлерін қорытады.

Сахналау: «Арман» поэмасына қойылым ұйымдастырылады.

Қария ролінде: Аманғали

Дойыл ролінде: Ислам

Әбу ролінде Алишер

Автор: Айгерім

Дойыл айтты:сөзі

Қария сөзі:

Әбу айтты:

Қарт жымиды:

«Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен өтетін кезеңінде жеке-жеке пікір ұйымдастырылады.

- Армансыз адам бола ма?

- Арманның үлкен кішісі бола ма?

- Арман мен қиял, мұрат ұғымдарын қалай түсінесіңдер?

- Әбу еліне қандай пайда келтірді?

Оқушылар: Әбу Насыр Әл Фараби туралы өз ойларын айтады.

.

Жаңа ақпарат: Мұғалім сөзі:
Арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала-өссем дейді, қарт-жүзге жетсем дейді, ұстаз-шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді.

Біз күн сайын « Нағыз өмір» туралы армандаймыз. Егер терең ойлайтын болсақ адамға шындығында арман керек ақ, ол бізге бағыт, күш-қуат береді, үмітімізді жалғап отырады. «Арманы адамзат игілігіне бағытталған адамда ұлы даналық бар,» - дейді француз жазушысы А. Франс. Ендеше адам тек жеке басының қамын ойламай, болашағын, өз ортасымен, елімен байланыста армандайтын болса ел азаматы болғаны.Арман алға жетелейтін жарық жұлдыз, адам адал еңбек етіп, қиындыққа мойымай, қажырлылық танытқанда ғана өз мұратына жетеді, яғни арманы жүзеге асады. Әйтпесе, арман қиялға айналып, келешектің қам болмай ақиқат өмірден алыс, тек ойлап қана ұғатын адам санасындағы әлемге айналады. Арман адам игілігіне бағышталуы керек.

Тапсырма:

Оқулықта тапсырма берілген, өлең жолдарын жаныңа жақынын таңдап ал, да түсіндіріп беріңіздер.

Түйіндеме.

Шығармашылық жұмыс ретінде «Мен басқаның көзімен болашақта» тренингі жүргізіледі.
Достар, жүрек тұсымызда отырған адаммен жұптасайық. Ол адамның алақанына өз алақаныңды қойып, жанарына тура қара. Алдыңда отырған жанның жақсы қасиеттерін есіңе түсір. Енді көзіңді жұмып, досыңның болашақтағы бейнесін көз алдыңа елестет. Досыңның болашақтағы өмірі қандай, қызметі, мінезі, жеткен жетістіктерін бағала. Енді көзімізді ашып, елестеткен қиялымызды ақ парақ бетіне түсіреміз.немесе айтамыз

Арман деген көп белес-

Біріне шықсаң, бірі бар.

Б.Ж.Тилеубаева



© 2010-2022