ЭССЕ Қазіргі психология ғылымы

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ, ҚАРАШОҚЫ ОРТА МЕКТЕБІ,

ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ МИРЗАКАНОВА ЖАНАР АВАБАКРИЕВНА

Эссе

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ.


Психология атауы «Псюхе»-жан, «логос»-ілім деген сөздерден құрастырылған. Сонда дәл мағынасы «жан ілімі». Қазіргі кезде психология ғылымын тәжірибелік жағынан қарастырсақ, өндірісте, білім беру салаларында, денсаулық сақтау жүйелерінде оның рөлі өте маңызды.

Қазақстанда психология ғылымының дамуы мен қазіргі бет алысына ерекше назар аударылған. Қазіргі кезде психологияның алдында көптеген міндеттер тұр. Солардың бірі-ғасырлардың дәстүрлі этно-мәдени жүйелерінің бұзылуы, бір рухани кеңістіктегі қарама-қайшылық және адам туралы ойлардың әрқилы болып келетінін байқатады.

Өркениет дамуының әр түрлі кезеңдерінде діни және аңыз, ғылыми тұжырымдардың ұқсас мәселелері шешілуде. Адам барлық жағдайда өмірдің маңызды мәселелерін, өзінің жаны, психикасы, іс-әрекет табиғатына сүйене отырып шешкен. Психиканың табиғаты жанның бүгінгі тұжырымдамасын қабылдаумен немесе жанның шын мәнінде бар екенін мойындаудан бас тартып, психиканың сипаттамасын құруға бағытталады. Сондай-ақ, психология ғылым мен мәдениеттің әртүрлі салаларымен байланысады. Пайда болған кезінен-ақ оның философияға, медицина мен жаратылыстануға ықпалы аз болған жоқ. Сол себептен де, көптеген психологтар өз еңбектерін этнография, әлеуметтану, мәдениет теориясы, математика және логикамен тығыз байланыстыра қарастырып келеді. Бүкіл психологиялық білімнің дамуы психологияның үш нысаны арқылы анықталатыны белгілі: жан, сана, мінез-құлық. Психология мәселелерінің жаңа құрылымы ХХ-шы жылдары байқалып, дамып келеді.

Сөзімді қорыта келе, «жүрек теңіз, қызықтың бәрі асыл тас» демекші, көбіне жауыздық адам бойында болып тұрады, ал ізгілік ұзақ уақыт бола алмайды. Үміті үзілген адамның болашаққа деген көзқарасы айтарлықтай сенімді болмайды. «Үмітсіз-шайтан ғана» дегендей, адам бойында үміт оты өшпеу керек.

Әркімді заман сүйремек,

Заманды қай жан билемек?

Заманға жаман күйлемек,-деп заман мен адам арасындағы қарым-қатынастың психологиялық тұжырымын жасай отырып, тығыз қарым-қатынаста болса қазіргі психологияның алатын орны ерекше.

Қазіргі кезде, бүгінгі өмір сұранысына байланысты, психология ғылымының салаларында алуан түрлі мәселелерді шешуде отандық ғалымдар зерттеу жұмыстарын жалғастырып, жаңа ғылыми мектеп бағыттарын құруда: психология ғылымдарының доктор, профессорлары-С.Қ.Бердібаева-халық шығармашылығының этнопсихологиялық мәні, Б.Ә.Әмірова-этностық жаңсақ нанымдардың теориясы мен практикасы, О.Х.Аймағамбетова этностық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздері, О.С.Санғылбаев-зейін мәселелері, Н.Б.Жиенбаева-оқу процесіндегі коммуникативті субъект, А.Р.Ерментаева- субъект- субъектік қарым-қатынас, Н.С.Ахтаева-жоғары оқу орнында оқытушыны жүйелі психологиялық дайындау, А.Т. Ахажанова-жабық мекемедегі жасөспірімдердің девиантты мінез құлқы. т.б.

© 2010-2022