Тәрбие сағаты Мен мамандық әлеміндемін

Раздел Школьному психологу
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шараның тақырыбы: «Мен мамандық әлеміндемін»

Шараның мақсаты: «Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан» - дей отырып жоғарғы

сынып оқушыларына мамандық таңдау қажеттілік

екендігін түсіндіру. Ұстаз мамандығының

қажеттігін, «Ұстаз болу - көңілдің алтындығы» -

екендігін ұғындыру.

Көрнекілігі: Шараның тақырыбы «Мен мамандық әлеміндемін»

«Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан»

Абай Құнанабаев

Кештің жүру барысы:

Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар, оқушылар! «Мен мамандық әлеміндемін» тақырыбындағы мамандық таңдау кешіне қош келдіңіздер! Осы кекшті өткізу мақсатында мен оқушылар мен ұстаздар арасында сауалнама өткізген болатынмын. Сол сауалнаманың қорытындысы бойынша мен кешімізді төмендегідей бөлімдерге бөлдім.

Мамандығым өзімнің болашағым

Мұнда оқушылардың көпшілігі мамандықты өз қажеттіліктеріне қарай таңдаймыз десе, ұстаздар арасында бұл пікірмен келіспей мамандық қоғам қажеттілігіне байланысты таңдалуы керек деп пікір білдіретін ұстаздарымыз бар.

«Ұстаз болу - көңілдің алтындығы»

Қазіргі оқушылардың көпшілігі ұстаз мамандығын аламайды, ұстаздар осы мамандықты таңдау керектігін, оның қажеттілігін дәлелдегілері келеді.

«Мамандық алу - өмірлік азық» - дегенмен оқушылар келіспейміз десе, ұстаздар толығымен келісетіндіктерін айтады.

«Мамандық таңдау өмір талабы» - яғни оқушылар мамандық таңдар болсам, тек өзімнің өмір сүруім үшін таңдаймын десе, ұстаздар біздің алға қойған мақсатымыз «Болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосу дейді».

Осы мақсаттағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Кешіміздің алғашқы қонағы:

Алға қойған мақсаты: Журналистика мамандығын таңдап, өз мамандығының шыңынан көріну.

Көзқарасы: Мамандықты өз қажеттілігіме қарай таңдаймын.

Өз ойы: Адамның ілгерілеу талабы биік болса, оның қабілеті, таланты соғұрлым өмірлі болып дамиды.

2 - ші қонағымыз

Алға қойған мақсаты: Ұстаз мамандығының биік шыңдарынан көріну.

Көзқарасы: Мамандықты қоғам қажеттілігіне сай таңдау

Өз ойы: Мамандық - өмірлік азығың

Ұстазымыз:

3 - ші қонағымыз

Алға қойған мақсаты: Маман иесі болу

Көзқарасы: Ұстаз мамандығы қажет емес

Өз ойы: «Бетінің қытығы жоқ,

Ұяттың тұқымы жоқ»

4- ші қонағымыз

Алға қойған мақсаты: Жас ұрпаққа саналы да, сапалы тәрбие беру.

2.Көзқарасы: Мамандыққа адалдық керек.

3.Өз ойы: Мамандығының жемісін көру, мақсатың болуы керек

Ұстазымыз:

5 - ші қонағымыз

1. Алға қойған мақсаты: Қалаған мамандығының иесі болып, сол арқылы елге қызмет ету

Көзқарасы: Ұстаз болу да мамандық, бірақ оған көп күш керек.

Өз ойы: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей»

6- шы қонағымыз

Алға қойған мақсаты: «Болашақ жас ұрпақтың тәрбиелі, адамгершілікті азамат болып шығуына көмектесу»

2.Көзқарасы: Мамандықтың бәрі жақсы, бірақ оған да икемділік керек.

3.Өз ойы: Мамандығым - мақтанышым

Ұстазымыз:

Кештің барысында келген қонақтар ұстаздар мұғалім мамандығының пайдалы, өте қажет мамандық екендігін дәлелдеуі керек.

ІІ топ оқушылар тобы ұстаздар мамандығы қажет дегенмен қазіргі уақытта әр түрлі одан да тиімді мамандықтардың көп екендігін дәлелдеп беруі керек.

Қорытынды: Кешімізге қатысып, ой білдіріп отырған ұстаздарымызға және оқушыларға алғыс айтамыз. Кешімізді тамашалап отырған көрермендер өздеріне қажетті, маңызды ақпаратты алды деп ойлаймыз.

Андирова Айман Амандыковна, Мұхит атындағы ЖОББМ-нің педагог-психологы, БҚО облысы

© 2010-2022