Тақырыбы: Тұрақты тіркестер - (6 класс)

Раздел Школьному психологу
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Тұрақты тіркестер - (6 класс)































Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер


Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Сөзжасам туралы мағлұмат беру, сөзжасамның жасалу жолдарынан алған Сабақ түрі білімдерін пысықтау, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету
    Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру, өз бетінше сөзжасамның жасалу жолдарын ажырата білуге дағыдыландыру, есте ұстау, ойлану қасиеттерін дамыту
    Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, жылдамдыққа, тілдік - эстетикалық сезімге тәрбиелеу- Түрлендірілген аралас сабақ
    Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, сын - тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері (семантикалық карта, Инсерт кестесі)
    Сабақ көрнекілігі: кеспе қағаздар, слайд, сызбалар, буклет
    Пәнаралық байланыс - әдебиет.

  • Сабақ барысы:
    Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысуын тексеру


Оқыту нәтижесі: Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалану нәтижесінде оқушылар жай тіркес пен тұрақты сөз тіркесін практикалық жолмен ажырата білу.


Негізгі идея: Балалар бірлесе отырып ереже шығарады. Тұрақты тіркес ерекшеліктерін айқындайды.

Тапсырма мен жаттығулар:
1 - тапсырма. Сыныпты кәмпит арқылы 3 топқа бөлу.(2 мин)
2 - тапсырма. Топ ережесін шығару. (3 мин)
3 - тапсырма. Топ рөлін анықтау.

Оқушыларға еркін тіркес пен тұрақты сөз тіркесінен мысалдар таратылып беріледі.
Ит өлген жер - ит өлді
Төбе шашы тік тұрды - шашын кес
Он саусағынан бал тамған - бал жеді
1. Ит өлген жер деген сөз тіркесін басқа сөздермен ауыстырып көрші?

Құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға болмайды.

2. Төбе шашы тік тұрды сөзінің мағынасы неде?
3. Әр сөзде бір - бірімен байланыс бар ма?
Тұрақты сөз тіркестері тұтасып, бірнеше сөз бірігіп бір ғана мағынаны береді.
4. Он саусағынан бал тамған деген тіркесті пайдаланып сөйлем
құрау.
5. Әр сөзге жеке сұрақ қойыла ма?
Тұрақты тіркестерді бөлуге, бөлшектеуге болмайды. Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап береді, бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқарады.
Осыдан кейін әр топтың хатшылары берілген қағазға сөз тіркесінің белгілерін жазып тақтаға іледі.

Енді әр топ бірге тұрақты сөз тіркесінің ережесін құрастырады.


Екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған, бір ғана мағынаны білдіретін тіркестер тұрақты сөз тіркестері немесе фразеологизмдер деп аталады.


111 - жаттығу. (Жазбаша)


Көзге ілмеу - қарамау
Аузына құм құйылды - үндемеу
Зәресі ұшу - қорқу
Көзді ашып жұмғанша - тез, жылдам
Жүрегі зу ету - қорқу
Тас жүрек - қатал
Әр топқа тапсырма беріледі. Онда оқушылар тұрақты сөз тіркестері мен жай сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрайды және екі сөйлемді салыстырмалы түрде оқып, өз ойларын айтады.

Сергіту сәті: (Мимикамен көрсету) мұғалім - үндемеу
1 - топ - ұрысу
2 - топ - қорқу
3 - топ - қуану
Тұрақты сөз тіркесі тілімізге не үшін қажет?

Бес жолды ойлау
1. Тақырып
2. Суреттеу
3. Қимыл
4. Сезіну
5. Мәнін қайта айтатын сөз (синоним)

Бүгінгі сабақта сендерге не ұнады, не ұнамады, не білдіңдер?
Бағалау: Топ басшылары жасыл, қызыл, сары түсті фишкалармен өз топтарын бағалайды.
Үйге тапсырма: 112 - жаттығу. Ережелерді қайталау.



© 2010-2022