11 сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық кезінде берілетін нұсқау

Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҰБТ тапсыруға психологиялық даярлықты оқушылардың өз уақыттарын дұрыс пайдаланулары да анықтайды. Оның өзінде әрбір 30 минуттан кейін үзіліс жасап, дем алған жөн. Бірақ бұл үзіліс 3-5 минут қана болуы керек. Ал әрбір екі сағаттан соң 20-30 минуттық үзіліс жасау керек. Жалпы, тестке күніне 6-8 сағат дайындалған жөн. Үзіліс кезінде теледидар көру, музыка тыңдау, агентте отыру дұрыс емес. Бұл кезде қозғалыс, қимыл қажет. Сонымен қатар тестке даярлық кезінде бала әдеттегіден 1-2 сағат ұзағырақ ұйықтағаны дұрыс болады. Баланың уақытымен тамақтанып, дем алуы керек.

5. Балаға «ұйқы ашуға жақсы» деп, кофе, шай беруге болмайды. Сынаққа дайындалып жүрген балалардың жүйке жүйесінде қозу процесі өзінен-өзі аса жоғары болады. Оның үстіне ащы немесе көп мөлшердегі кофе, шай бұл процесті одан сайын арттырып жібереді. Соның нәтижесінде зейін тұрақсыз, шашыраңқы болып, бала материалға зейін қоя алмай, оның дайындығына зияны тиеді.

6. ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу керек? Ең алдымен, бір рет оқып қоя салғаннан материалдың ұмытылып қалатынын білу керек! Материалды бір рет оқып алған соң, 10-20 минуттан кейін оны тағы бір рет оқып шығу керек. Одан кейін, 4-5 сағаттан соң есте қалғанды жазып, сызып, бейнелеу керек. Тағы бір рет бір-екі сөткеден кейін оқып шығу керек. Сонда әр материалды үш реттен қарастыру ұзақ мерзімді еске сақтауға мүмкіндік береді.

7. Егер, бала дайындық барысында тұйықталып, көңіл күйі болмай, жиі жылап, мазасы кетіп жүрсе, психолог маманның кеңесіне жүгіну керек. Адам үшін ең жоғары құндылық - өз өмірі мен денсаулығы

8. ҰБТ кезінде тест тапсырмаларын бір қарап шығып, өте жақсы білетіндерді бірінші орындаған дұрыс. Қиындық туғызған тест тапсырмаларының жауаптарын соңына дейін мұқият оқу керек. Бірақ олардың арасынан бірінші кезекте дұрыс жауапты іздемеу керек. Алдымен, дұрыс емес жауаптарды анықтап алу керек, соңында дұрыс-ау дегені қалады. Сонда дұрыс жауап беруге мүмкіндік артады.

9. Тест тапсыру кезінде қасыңдағы балалармен ешқандай қарым-қатынас болмауы керек. Ол өзіңе де оларға да пайдалы бола қоймас. «Ерте бітіп қойдым» деп, уақыттан бұрын шығып кеткенше, тест жауаптарын ең соңында тағы бір оқып, қарап шығу керек. Сынаққа дайындалуда, сынақ кезінде тыныштандыратын немесе белсенділікті арттыратын дәрі ішуге болмайды. Бұл әрекет теріс нәтиже беруі мүмкін.

10. Жалпы сынақтан әр кезде білімділер мен психологиялық даярлығы жоғары оқушылар өтеді. Сондықтан ҰБТ кезінде барынша ерік-күш жұмсап оқу керек. Бірақ тым жоғары мақсат қойып, өзіңе артық үміт артуға болмайды.

Алдағы ҰБТ табысты болсын!



© 2010-2022