Статья Рухани дүниеге өзіндік ой

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Төлемісов Дүзелбек Маратбекұлы Статья Рухани дүниеге өзіндік ой

ОҚО. Қызылорда қаласы

№101 орта мектебінің

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі


Рухани дүниеге өзіндік ой

Қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің мақсаты - ертенгі болашақтың тізгінін ұстап, туын көкке желбіретер бәсекеге қабілетті мықты мамандар дайындау. Мектеп - бұл, барша білім ғылымды адам бойына мейілінше дарытатын екінші киелі орын, оның жүрегі - әрне, Мұғалім.

Ал, санамыз бен рухани дүниеміздегі басты киелі орын, әрине міндетті түрде Алла тағаланың үйі - Мешіт. Бұл киелі орын барша мұсылман қауымынын Алла тағалаға құлшылық ету орыны екені баршамызға мәлім. Алайда, осы турасында мешіт имамдары мен мектеп білім қызметкерлерінің арасында сонғы кезде шешімін таппаған мәселелер жиі көтеріліп жүр.Ол не мәселе?! Ол әрине бала, әрине оқушы. Олардын қауіпсіздігі.

Қазіргі таңдағы оқушылар арасындағы Ислам дініне деген қызығушылықтары, дінге көзқарастары жөнінде рухани дүниелерін байытуға деген ынталары оянып келеді. Хош, қуаналық. Оқушылардың мешітке барып, дәріс алуына ешкім қарсы бола алмайды, десе де мәселенін екінші жағы бар, оқушылардың білім алу уақытында мектептен табылмауы және олардың қауіпсіздігі. Осы мәселені шындап қолға алып, жүйелі әрі сауатты түрде мектеп бағдарламасына 9сыныптан емес, 5-6сыныптардан бастап дінтау пәні енгізіліп, сауатты түрде жан-жақты, ауқымды оқытуды қолға алсақ, білім алып жатқан болашақ ұрпағымыздың рухани дүниесінің дұрыс қалыптасуына мол септігін тигізер еді.

Ұлы данамыз Әл - Фараби ең бірінші білім емес, тәрбиеге берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы дегені бәрімізге мәлім. Тәртіп пен тәрбие тұрғыдан Ислам дінінін алар орны ұшан теңіз. Ол үшін адам баласына аз да болса жүрегінде адалдық пен қоршаған ортасына деген рухани шексіз мейірім керек. Сонда ғана жүректегі иман оты маздай түсетіні анық

Ал, ол тәрбиені балаға ең алғаш кім береді?! Әрине, ата-ана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі бас тұлға, алғашқы ұстаз, ол - ата- ана. Шыр етіп сәбиі дүниеге келген сәттен бастап ата - анаға қиын да қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет жүктеледі.Міне, осы міндеттердің бірі, әрі бастысы ― діни сауаттылық, біріншіден оны өзі бойына сіңіру, сонан соң, ғана балаға діни ілім алуына мүмкіндік беруі қажет. Сонда ғана бала ата-анасының тәбиесінен алыстауына жол бермей, өз-өзіне нық сеніммен , әрі қай жерде болмасын өзін жеке тұлға ретінде көрсете алады. Бала өсе келе өмірдегі салмақты көлденең сұрақтарды женіл шеше алады.Түрлі салтымызға кереғар наным, ұйымдардан өзін аулақ ұстайды. Өйткені, жүрегінде оларға қарсы тұрар діни, рухани сауаттылық бар. Олай болса, ата ана әрдайым үйде баланы 5-6 шы сыныптарда оқығаннан бастап-ақ, баланың рухани дүниесін діни сауаттылықпен ұштастыра, ненің жақсы, жаман екендігін, қоршаған ортасына мейірімділік жасау не екенін бала бойына қалыптастыруда аса жауапкершілікпен қарауы шарт.Яғни, Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - жанұясы. Жанұялық тәрбие ата - анамен бала арасындағы қарым - қатынастық жүйе. Олай болса, ата - ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан - жақты меңгеру қажет. Ол - бала тәрбиесі және тағы да бала тәрбиесі. Ал оның жан― жақты дұрыс тәрбие алуы бала үшін үй ішінде, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші ата - ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата - атаның парызы. Тек осының бәрін дұрыс жолға қойып, жүйелі түрде бала бойына уақытында қалыптастыра білсек нұр үстіне нұр болар еді.


© 2010-2022