Статья Отбасындағы келіспеушіліктің бала психологиясына әсері

Отбасылар әртүрлі болады, ол жердегі балалар да түрлі болып келеді. Педагогтар, психологтар және социологтар (Х.Арғынбаева, С.Ковалев, К.Оразбекова, т.б.) отбасын әртүрлі түрге : үйлесімді, бүлінген немесе ыдыраған, толық емес отбасы деп бөледі. Отбасылық өмір мәнері жеке адамның қалыптасуына үлкен із қалдырады. Ғалымдар (В.Гребенников, Г.Андреева) бірауыздан «отбасылық өмір атмосферасы» ұғымына отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, ақпарат алмастыру, қабылдау және меңгеру, ата-анамен бала...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Отбасындағы келіспеушіліктердің бала психологиясына әсері


Отбасылар әртүрлі болады, ол жердегі балалар да түрлі болып келеді. Педагогтар, психологтар және социологтар (Х.Арғынбаева, С.Ковалев, К.Оразбекова, т.б.) отбасын әртүрлі түрге : үйлесімді, бүлінген немесе ыдыраған, толық емес отбасы деп бөледі.

Отбасылық өмір мәнері жеке адамның қалыптасуына үлкен із қалдырады. Ғалымдар (В.Гребенников, Г.Андреева) бірауыздан «отбасылық өмір атмосферасы» ұғымына отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, ақпарат алмастыру, қабылдау және меңгеру, ата-анамен балалардың бірлескен еңбек және эстетикалық іс-әрекеттің әртүрлі формалары сияқты факторларды енгізеді. «Отбасы қарым-қатынасы» сөзінің де терең мәні бар. Олардан жеке адамның қалыптасуы туралы жылылық пен мейірімділік, рухани жақындық, қарапайымдылықты көруге болады. Дұрыс қарым-қатынас жасау жақсы көңіл-күйдің, психологиялық денсаулықтың, шығармашылық іс-әрекеттің негізі болып табылады. Деструктивті қарым-қатынас - «әр сағат сайын болмыстың бір бөлшегін алып кететін» қатынас. Ол қайырымдылық пен өзара түсіністіктің отбасында болмауы. Бұл жатсынуға, ашуланшақтық пен тұйықтыққа әкеледі. Баланың мінезін дұрыс жаққа өзгерту үшін, ең алдымен ата-ана өзін өзгертуі қажет. Мұны түсіну оңай емес. Бұл үшін балаларға деген қатынас таптауырындары (стереотиптері) болуы қажет. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - бала бәрін тыңдап, орындайтын адамдай қарау.

Ата-аналардың отбасындағы тәрбие мәселелері жөніндегі келіспеушілігі, көзқарастарының бір болмауы баланы жеке басында жақсы сапалар қалыптастыруға кері әсерін тигізбей қоймайды.

Үйлесімді өмір сүріп отырған отбасы үнемі балаларының тәрбиесіне көп көңіл аударады. Балаларын өздерінің ойларымен бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, жаңа фильмдер мен кітаптарды бірлесе отырып талдайды, өздерінің сүйікті әндерін орындайды. Мұндай отбасы тар шеңбер аумағында қалып қоймайды.

Кейбір отбасында баланың жеке басына көңіл бөлінбейді. Ата-ана оның ішкі дүниесіне, қандай нәрсе қызықтыратынына, мақсатына, уайымына, қоршаған ортаға қатынасына назар аудармайды. Мұндай ата-аналар баланың тәрбиелеуі мен жетілу процесін басқаруды дұрыс біле бермейді. Оның ішкі дүниесін түсіну үшін, оның әр жағдайдағы қимылы мен істеген істеріндегі жатқан мотивтерді білуі керек.

Отбасы - адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар, ошақ қасы, үйі, алтын бесігі. Отбасы дегеніміз - туысқандық байланыста болатын (күйеуі, әйелі, балалары, ата-анасы, әжесі, шөбересі, т.б.) бірлесіп әлеуметтік тұрмыста өмір сүретін адамдар. Ол жерде қарым-қатынас сүйіспеншілікке, ер мен әйелдің барлық жағынан толық теңдігіне негізделген. Балалар мен ата-аналардың қуанышы, реніші ұштасып жатады. Отбасы шын мәнінде тату-тәтті болса одан адамгершілік пен әділеттіліктің көрінісі туады. Отбасының бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрылымындағы адамдардың бірегей адамгершілік талаптары.

Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мәселелердің бірі - ата-аналардың педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасуында.

Біріншіден, бала өзін субъект ретінде есептейді, олар әке-шешесіне еліктейді, сондықтан ата-ана әр жасаған жұмысы мен қарым-қатынасын, сөзін ойланып жасап, балаға үлгі болатындай мақсатта болуы тиіс. Әрбір болған жағдай, әңгіме, мысал балаға маңызды бір түсінік берік сезімінен орын алатынын есте ұстау.

Екіншіден, баланың рухани дамуында психологиялық ахуал үлкен әсер етеді. Балалардың сезіміне әсер ету шетсіз жұмыс және тәрбие жұмысының күрделі саласы болып табылады. Көптеген ата-ана балалардың санасына әсер етуді жөн көреді, ал тәрбие жұмысында оның сезіміне қалай әсер ету керектігін кейде біле бермейді.

Үшіншіден, бала отбасы жағдайында өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасында бірін-бірі сыйлау, қамқоршыл болу, бірлесіп еңбек ету секілді игі дәстүрлер қалыптасқан болса, ол ортадан қоғамға қарсы тұратын тәрбиесіз адам шығуы теориялық жағынан алғанда мүмкін емес.

Төртіншіден, ата-аналар өз балаларын аса қаталдықпен тәрбиелейтін деп әр түрлі қысым мен тыйымдарды қолдану сәл нәрсеге бола қатаң жазалау, ар-намысын қорлайтын әрекеттер жасау арқылы балаларын өздеріне қарсы қояды. Мұндай жағдайда әрине балалар ата-аналарын сыйламайды, олардың баласына айтқан ақылы кері әсер етеді. Осындай отбасында тәрбие алған балалардың рухани бай, адамгершілік тәрбиелі болуы да екі талай.

Бесіншіден, отбасындағы ата-аналар өз балаларының не істеп, немен айналысып жүргендерімен ісі жоқ, оны өзінің міндеті деп санамайтындар. Олардың балалары қараусыз қалған, ағашпен тең сияқты әсер алады. Бұл ең қауіпті, әрі сөз жоқ жұтаң, адамгершіліктен жұрдай балалар тәрбиелеуі мүмкін. Отбасындағы тәрбиенің құнды болуы - оның болашақ ұрпағынан көрініс беріп, нәтижелі болуында.

Отбасылық қатынастарда ерлі-зайыптылар келіспеушіліктері басты рөл атқарады. Олар көбінесе ерлі-зайыптылардың қажеттіліктерінің қанағат болмауына байланысты пайда болады. Отбасындағы ерлі-зайыптылар келіспеушіліктерінің негізгі себептерін төмендегідей жіктеді:

  • ерлі-зайыптылардың психосексуалды сәйкес келмеуі;

  • «мен» қажеттіліктерін қанағаттандырмау, серіктес тарапынан адамгершілік сезімін құрметтемеу;

  • жағымды эмоцияларға деген қажеттіліктердің қанағаттандырылмауы, мейірімнің, қамқорлықтың, ықылас пен түсіністіктің болмауы;

  • ерлі-зайыптылардың біреуінің өз қажеттіліктерін шамадан тыс қанағаттандыруға әуестігі (маскүнемдік, нашақорлық, қаржыны қара басының қамына жұмсау және т.б.);

  • үй шаруашылығын жүргізу, бала тәрбиелеу, ата-аналарға және т.б. қатысты мәселелерге байланысты өзара көмек көрсету мен өзара түсінісуге деген қажеттіліктердің қанағаттандырылмауы;

  • бос уақытын өткізуге, әуестіктеріне байланысты қажеттіліктердің айырмашылықтары.

Ерлі-зайыптылардың келіспеушіліктерін шешудің ажырасу сияқты негізгі тәсіліне жеке тоқталмаған жөн. Психологтардың пікірінше, оған мынадай сатылардан тұратын үрдіс ықпал етеді: а) ерлі-зайыптылардың бір-бірінен оқшаулануынан, жатсынуынан байқалатын көңіл-күйдің үйлеспеуінен эмоционалды ажырасу; б) бөлек тұруға әкелетін тән жақындығынан ажырасу; в) некені тоқтатуды құқықтық рәсімдеуді талап ететін заңды ажырасу (В.Гребенников, 1984).

Көпшілігін ажырасу өшпенділіктен, жек көрушіліктен, өмірін күңгірт еткеннің бәрінен, алдаудан құтылуға әкеледі. Әрине, оның жағымсыз салдары бар. Ерлі-зайыптылармен салыстырғанда ажырасудың жағымсыз салдары балалар үшін анағұрлым маңыздырақ. Бала ата-ананың біреуін (кейде сүйіктісін) жоғалтады, өйткені көп жағдайларда аналары әкелерінің балаларымен кездесуіне кедергі келтіреді. Бала көбінесе ата-анасының біреуінің жоқтығы себебінен құрдастарының қысымына ұшырайды, бұл оның жүйкелік-психикалық күйіне әсер етеді. Ажырасу салдарынан : қоғамда толық емес отбасы пайда болады, мінез-құлқында ауытқуы бар балалар саны артады, қылмыс көбейеді. Бұл қоғамға қосымша қиындықтар туғызады. Ата-ананың арасындағы келіспеушілікті көрген бала өзін сенімсіз және қорғанышсыз екенін сезінеді. Балалық алаңдаушылық, үрей және невротикалық белгілер пайда болады.

Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті білімді болуы ең алдымен ата-анадан, отбасы-ошақ қасынан басталмақ . Сол себепті қазақта «Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілерсің», деген даналық сөз тегін айтылмаса керек. Қазақ « Әке-асқар тау, шеше-бауырындағы бұлақ » деген. Сонау Адам ата мен Хауа анадан бастау алған екі қосақ күні бүгін де бөлінбес жұбы толыға мәуелеп, гүлденіп өніп, бұтақтана шоғырын қалыңдатып, әулеттен әулеттке жалғасып келеді, жалғаса береді де. Жас сәби шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әр адамның өзіндік, қайталанбас психологиялық тірлігі басталады.

Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек мектеп жасы балаларының тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына отбасы, отбасылық қарым-қатынас, отбасының психологиялық ахуалын тәрбиелеу стилінің маңызы зор екенін естен шығармаған жөн. Біздің бұл мәселені негізгі фактор ретінде алуымыздың себебі балалардың жеке адам болып қалыптасуына отбасының алатын орны ерекше. А.С.Макаренко айтып өткендей, баланың тұлғасының қалыптасуы отбасының өмір сүру тәсілі мен тәжірибені қабылдау сипатына тәуелді.

Дүниеге келген баланы бірінші көретін адам ата-анасы, жанұясы. Оның әлеуметтік ортасы бала дамуына жан-жақты әсер етеді. Әрбір отбасының мүшесі дара болғандықтан бір-бірінің дамуына едәуір ықпал жасайды.

«Бала нені білсе жастан - ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан. Ата-анадан өсіп, ұрпақ тараған, жақсы, жаман болса бала - солардан», - деп Бауыржан Момышұлы бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін құлаққа ұғымды, ойға қонымды етіп тұжырымдайды. « Адам бақыты - бала » деген ғұлама ойшылдардың пікірін біздің қазақ былайша өрбітіп, түйіндейді: «Адам бақыты - бала, егер ол саналы болса ». Ұрпақ тәрбиесіндегі кемшілік дегеніміз мертігумен бірдей. Тәрбие бала тумай тұрып, дүние есігін ашпай тұрып басталуы тиіс. Халық сондықтан да:

«Отбасында шырақ болып жанады,

Мейірімділік тарататын жанары.

Анасының тәрбиесін, тәлімін,

Сәби болса іште жатып алады.» - деген.

Кейбір отбасында тәрбиенің қиындығы : әке мен шеше өзінің кемшіліктерімен күреспей, қайта оны жуып-шайуға ұмтылумен сипатталады. Солай бола тұрса да олар балаларынан тәртіпті болуды талап етеді. Ал, өте байқағыш, сезімтал балалар ересектердің мұндай қылықтарын жылдам байқайды. Бұл жағдай балалардың азамат болып өсуіне кері әсер тигізеді. Осы ретте А.С.Макаренко ата-аналарға оқыған лекциясында: «Әрбір әке, әрбір шеше өз баласында қандай қасиетті тәрбиелеп жатқанын жақсы білулері қажет», - деген.

Бала тәрбиесі ата-аналарға жауапты, міндетті жүктейді, ал ол міндеттердің көңілден шығуы ата-ананың отбасындағы әрбір үлгілі ісіне байланысты. Олай болса, А.С.Макаренконың: «Біздің балаларымыз - біздің қартайған кездегі болашағымыз. Оларға берілген дұрыс тәрбие - ол біздің болашақ қасіретіміз, көз жасымыз», - деген даналық тұжырымынан жемісті нәтиже шығарайық.


© 2010-2022