Өрмекші торы. Психологиялық тренинг

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Б. Жұмалиев атындағы орта мектеп












«Өрмекші торы»

жаттығуы









Өткізген: Жуманова Н















«Өрмекші торы» жаттығуы

Мақсаты: Бұл тамаша жаттығу оқушылар арасындағы жақсы қатынастың дамуына ықпал жасайды. Кейбір балалар өзінің эмоцияларын еркін көрсете алады, ал бұл кейбіреулер үшін үлкен мәселе. Бұл ойында барлық қатысушылар осы маңызды дағдыны дамытудың шынайы мүмкіндігін алады. "Өрмекші торы" өзара қатынастың ахуалын жақсартады.

Қажетті құрал: түрлі - түсті жіп орамы.

Нұсқау: Барлықтарың ортақ шеңберге отыруларыңды өтінемін. Мен сендерге өте қызық бір ойынға қатысуды ұсынғым келіп отыр. Біз қазір бір-бірімізді біріктіретін үлкен бір түсті өрмекшінің торын құрамыз. Сонымен қатар әрқайсымыз жолдастарымызға деген мейірімді ойлар мен сезімдерді көрсете аламыз. Қазір мен сендерге ойынның жүргізілу тәртібін айтамын.

Жіп орамының ұшын бірнеше рет алақанда ораймыз да орамды оқушылардың біріне көрсетесіңдер . Сендер менің не істегенімді көріп тұрсыңдар "өрмекші торында" келесі болатын оқушыны таңдадым. Орамды біреуге бергеннен соң "Қанат (Ғалым, Берік) сен, маған ұнайсын себебі ...- деп ойынды жалғастырасың мысалы, мен былай айтамын "Қанат! Сен маған ұнайсың себебі сабақ басталмас бұрын сен маған сыныптың есігін аштың". Оған айтылып жатқан сөздерді тыңдап болған соң, Қанат өрмекшінің торы тартылып тұруы үшін, өз алақанын жіппен орайды. Содан соң орамды кімге берерін Қанат ойлап шешуі керек. Орам келесі қатысушыға келгенде Қанат ойыншыға былай дейді: Ұлжан сен маған ұнайсың, себебі сен маған кеше математикадан қиын тапсырманы шешуге көмектестің". Бұл адам сізді немен қуантқалы отыр немесе сіз не үшін алғыс білдіргіңіз келетіні туралы айта аласыз. Осылайша біздің ойымыз әрі қарай жалғасады. ... Орамды беріп жатқанда сізге не айтқанын жақсылап есте сақтаңыз.

Ойын барысында барлық оқушылар орамды алып шығуын мұқият қадағалаңыз. Егерде кейбір балаларда алғашқыда "сен маған ұнайсың, себебі ..." деген дәйексөзді айту қиындық тудырса, оны "маған... ұнайды" деген сөздермен ауыстыруға мүмкіндік беріңіз.

Бірте-бірте "өрмекшінің торы" өсіп толықтырылады, соңғы орамды алған бала оны кері бағытта жинай бастайды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию.
Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді - дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық.

орамды қайтып береді.



© 2010-2022