Мектеп және отбасы: қарым-қатынас принциптері

Мектеп және отбасы: қарым-қатынас принциптері        Тек өз күштерін біріктіру арқылы ғана мектеп пен отбасы өздеріне жүктелген егемен Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін абыроймен орындап шыға алады.      Қазіргі мектеп отбасының қолдауына бұрынғыдан да күштірек мұқтаж, бұл жерде сөз терең түсіністік пен өзара құрметке құрылған серіктстік жайында болып отыр. Педагогтің ата-аналармен жұмысы ынтымақтастық болмайынша, ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне белсенді тартпайы... 1. Баланың көзінще мектепті жамандап, мұғалімдерді кемсітпеңіз 2. Мұғалімді әр баламен жеке жұмыс жасамайды деп кінә артпаңыз, одан да өзіңіздің әрекетіңіз жайлы ойлаңыз 3. Балаңызбен бірге қанша рет отырып, сабағына қараған кездеріңізді есіңізге түсіріңіз. Баланың тапсырманы қате орындағанын байқап, қателікті түзеткен кездеріңіз болды ма? 4. Мектепте болған даулылық жағдайды (конфликтная ситуация) балаңыздың көзінше егдей-тегжейіне дейін талқыламай, мәселені шеттеткеніңіз дұрыс 5. Балаңызды уақ...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат zip
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Көкірек көзін ашалық!

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойында адам туралы, оның табиғи ішкі мүмкіндіктері, мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптастыра отырып, оларға өзін-өзі қадағалай алу, бағалай білу және өзін-өзі дамытып, жетілдіре алу және өсу, есею жөнінде түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

  • адам өмірінің үнемі дамып, өсіп, жетіліп отыратын құбылыс екендігін ұғындыру;

  • адам бойындағы барлық қасиеттерді, өзіндік ерекшеліктерді дамыта отырып, оқушыларға әр адамның ішкі мүмкіндігінің зор екендігін және оны тиімді пайдалана алуға үйрету;

  • оқушыларды өзін-өзі басқара алуға, өздігінен іздене алуға үйрету;

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын, көрініс

Дамытушылығы: Адам бойындағы барлық қасиеттерді тиімді пайдалана алуға үйрету.

Тәрбиелігі: Оқушыларды бауырмал, қайырымды, қамқоршыл, сыпайы болуға

үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дәйек сөздер, М.Мақатаевтың өлең жолдары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару.

ІІ. Жаңа сабақ. Көкірек көзін ашалық!

Шаттық шеңбері

Оқушылармен еркін қарым-қатынас жасау мақсатында шеңбер құрып, барлығына бір-біріне тілек айтқызу.

Әңгімелесу

  1. Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер?

  2. Өздерің жақын тұтқан адамдарды біраз уақыт көрмесеңдер қандай күйде боласыңдар?

  3. Сағыныш дегенді қалай түсіндірер едіңдер?

Жаңа ақпарат

Адам баласы үнемі өсу жолында болады. Жарық дүниеге келген сәтінен бастап, оның нәресте жүрегінде өмірге деген талпыныс орнайды. Ана сүтімен дарыған құштарлық сезім әке тәрбиесімен ұштасып, ол көп нәрсеге қызығады.

Есейген сайын адамның білуге құштарлығы артып, таным көкжиегі кеңейе түседі. Көкірегін кернеген асыл армандарын іске асыру үшін адам үнемі ізденіс үстінде болады.

Мәтінмен жұмыс

К.Сегізбаевтың «Өсіп-өнген ағаштар» атты әңгімесін ұсынамыз.

1. Адамның өсіп-жетілуінің басқа тіршілік иелерінен өзгешелігі неде?

2. Адамның жан дүниесіне қандай қасиеттер сәуле береді?

Дәйексөз

Көкіректе сәулесі жоқтың көңілінде сенімі жоқ.

Абай

«Дәйек сөзді қалай түсінесіңдер?» деген сұрақ арқылы оқушылардың өз пайымдауларын ортаға салуға жағдай туғызуға болады.

Назар аудару

Өміріме өзімнің таң қаламын,

Қаламаймын деп қатардан қамданамын.

Бүгінімді өткізсем қиындықпен,

Ертеңіме үмітпен қамданамын!

Үйге тапсырма

1. К.Әбілдақызының «Екі жол бар» атты өлеңін жаттап келу.

  1. Өзін-өзі қадағалап, өз ісіне өзі дұрыс бағыт бере білген адам қандай жетістікке жетеді деп ойлайсың? Ойыңды шығарма түрінде жазып кел.

Жүректен жүрекке

Оқу сабағын аяқтау мақсатында оқушылармен бірге үлкен шеңберге жиналып, сөзін Ш.Сариев, әнін К.Дүйсекеев жазған «Ойлан, балам» әнін айту

Ойлан, балам


Ойлан, балам, өмір деген өтпелі,

Бұл дүниеге кімдер келіп, кетпеді.

Қайта оралмас бұл өмірдің жаздары,

Қайта оралмас бұл өмірдің күздері.

Ойлан, балам!

Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған,

Ойлан, балам!




№188 жалпы білім беретін мектеп









Көкірек көзін ашалық






(ашық сабақ 7 -сынып )

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.С.Карабекова








Алматы қаласы

2014-2015 оқу жылы






© 2010-2022