Баланың жасырын әлемі ата-аналар жиналысы

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы:Баланың жасырын әлемі.

Мақсаты: Баланың бізге беймәлім құпия жағын ашу.

Ата-ана баланың бас ұстазы.Ата-ананың тәрбиесі -бала мінезінің іргетасы.

Баланың бағыт-бағдар беретін шамшырағы іспеттес. Өзі үлгі болуымен қатар, мейірім мен махаббат иесі болуы керек.

1.Баланың жасырын әлемі.

Ата-ананың ойы тыңдалады. «Баланың жасырын әлемі». Оған нені жатқызуға болады?

2.Баламен оңаша қалуды естен шығармау.

Баланың ата-ана мейірімін, махаббатын оңаша сезінгені жақсы.Анасы баласымен оңаша қалып сырласады.

(Бір тақырыпты алып, сырласу сәтін көрсету)

Баланың мінін немесе ұят істерін жұрт көзінше айтып, келеке ету және баланың көзінше көпшіліктен көмек сұрау, баланы жасық етеді.

Кейбір бала ата-ананың бұл мінезін кешіре алмайды да, ата-анасынан гөрі, басқа ортадан өзіне орын іздейді. Балаға ата-анасынан асқан жанашыр жоқ екенін іспен дәлелдеген дұрыс.

3.Сіз білесіз бе?

Балаңыздың оңашада қалғанда немен айналысатынын білесіз бе? (Ата-анамен бірлесіп, ой бөлісу)

4.Оңаша қалғанда...

Баланың сізден таса, оңаша қалғанда шұғылданатын істерін көрініс ретінде көрсету.

5.Баланың қиялын жетелеу керек.Қиялдың шындыққа айналатынына көз жеткізу керек.

Бір Мәлік (билеуші) ұлын ғалымға берді де айтты: Менің ұлым -сенің ұлың. Жақсылып тәрбиеле. Өз ұлыңа қандай тәрбие берсең, бұған да сондай тәрбие бер!» Ғалым Мәліктің ұлын тәрбиелеуге көп еңбек етті, бірақ ол ғылым мен еңбекті меңгере алмады. Ал, ғалымның ұлдары оқымысты, жан-жақты тәрбиелі болып шықты. Мәлік ғалымды кінәләйді, «Мұның қалай, уәде қылып едің, уәдеңде тұрмадыңгой», - деді.

Ғалым оған былай деп жауап берді:

-Ей, Мәлік, тәрбиенің берілуі бірдей болғанымен, қабылдау әртүрлі болса қайтейін?

Қорытындылау.

Ағаштың дұрыс өсуі үшін, оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал адам дұрыс өсуі үшін, оған бала кезінде көмектесу керек.



© 2010-2022