Педагогикалык карым катынас шеберлігі

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:





Мазмұны

Кіріспе

1. Мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсерінің теориялық негіздері

2. Педагогикалық шеберлік психологиялық-педагогикалық проблема ретінде

3. Қазіргі білім жүйесі жағдайындағы мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы және оның педагогикалық шеберлік тәуелділігі



4. Мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсерін зерттеу жұмысы

5. Қорытынды.






Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарга терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. "Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы ... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын ... Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. (Ы. Алтынсарин ). Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясының кеңеюі, қазақ мектептері санының көбеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзіндік бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді күтуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог - мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.

Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.

Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.

Елбасымыз Нұрсылтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын. Қазіргі заман Мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың қазіргі жаңа технологиясын шебер терең меңгерген болғанда ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.

Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу - мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қорытындылай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, кәзіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне- өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара сыйластық орнайды. Міне, осыларды педагогикалық шеберлікті аша түсудің тағы бір қыры деп есептеймін.

Мұғалімге қойылатын талап - жауапкершілік, жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан - жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.

Бұдан нені байқауға болады? Мұғалімнен жан - жақты терең білім-біліктілікті, сегіз қырлы, бір сырлылықты талап етіп тұрған жоқ па?

Мұғалімнің бір ғана сыры - оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам - кәсіби мамандығына құштар, оны жан - тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.

Үшінші қыры - мұғалімнің тілді меңгеруі - тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі - өнер. Себебі, тіл - тәрбие құралы.

Төртінші қыры - байқағыштық сезімі - көрегендігі.

Бесінші қыры - әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.

Алтыншы қыры - жан - жақты дарындылығы.

Жетінші қыры - үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы. Сегізінші қыры - үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп - этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті - сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.

Мұғалім - Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан - қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: бірінші: балаға үлгілі болуы, және үлгі көрсетуші болуы керек.

Шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші- білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам.

Мұғалім шеберлігі - бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері. Жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті дүниетаным, педагогикалық техника мен озат тәжірибе, осы педагогикалық шеберліктің негізі деп ойлаймыз. Қазіргі заман мұғалімнің тұлғалық белгісі - ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры - шәкіртпен қарым - қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.

Педагогикалық шеберліктің қалыптасу мәселесі, оның мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастағы рөлі жайында педагогика мен психология саласында Ю.П.Азаров, Ю.К. Бабанский, Н.В.Кузьмин, С.Д.Смирнов, В.А.Сластенин , Н.Д.Хмель, Шкутин Л.А, Н.В.Александров жұмыстары, Н.В. Кухарев, А.В.Мудрик, А.В.Петровский, В.И.Слуцкий, П.И.Пидкасистый, Л.И.Рувинский, А.А.Гин, А.П.Чернявская, А.А.Калюжний, Н.В.Мирза, Т.П.Смолькина және басқа да ғалымдардың еңбектерінде педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жолдары ашылып, зерттелді. Жаңашыл-ұстаздардың Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, Ю.П.Фокин, Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенковая және де басқалардың үлкен жаттығу тәжiрибесi «мұғалім-тәрбиеленуші» жүйесінде қарым-қатынастың тиімді болуына жоғарғы педагогикалық шеберлік әсер ететіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Оқушылармен қарым-қатынасқа түсудегі педагогикалық шеберліктің өзектілігі және осы қарым-қатынасқа мұғалімнің дайындығының жеткіліксіздігіне біздің зерттеуіміздің тақырыбы «Мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа тусуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсері» себепші болды.

Зерттеудің обьектісі: Мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсері.

Зерттеудің пәні: жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбиелік процесі.

Зерттеудің мақсаты: мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсерін зерттеу.

Зерттеудің болжамы : егер мұғалімдерге педагогикалық шеберлік туралы теориялық және практикалық бiлiмдерді меңгеру жағдайы туғызылса, және кәсiби қызметтерде оларды қолдана алатын болса, онда оқу-тәрбиелiк процесінің барлық кезеңдерiнде тәрбиеленушiлермен олардың қарым-қатынасқа түсу тиiмдiлiгі жоғарлайды.

Зерттеудің міндеттері:

Теориялық деректерді талдау және «педагогикалық шеберлік», «педагогикалық қарым-қатынас» ұғымдарының мәнін анықтау.

Ұстаздың тәрбиеленушiлермен қарым-қатынасы тиiмдi болуы үшiн, оның қажеттi шарттарын анықтау.

Тиімді қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін педагогикалық шеберліктің жоғарлату әдістерін талдау.

Зерттеудің әдістері: ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді теориялық тұрғыдан талдау, педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау, бақылау, тест жүргізу, әңгімелесу.

Жұмыстың құрылымы тақырыппен, зерттеу объектісі мен пәнімен, мақсаты мен міндеттерімен, ғылыми болжаммен қамтылған.

Дипломдық жұмыс: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.









1. Мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсерінің теориялық негіздері

Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.

Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізеттілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді.

А.С.Макаренко былай деген болатын: "Тәрбиешінің шеберлігі ол бір ерекше өнер емес. Ол мамандық. Мамандық болѓанда да дәрігерді өз мамандығына, музыканттарды өз мамандығына үйреткен сияқты мұғалімді де өз мамандығына үйрету" деп, атап көрсеткен болатын.

Мұғалімнің шеберлігі екі жағынан бірдей танылады: бірінші жағы, баланы қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу, екінші жағы, оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу. Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі қалыптасып жетіледі. Бұл жөнінде біз өзімізге белгілі болъгп келе жатқан көптен таныс, даңқты педагогиканың іс-тәжірибесін оқьш үйрену арқьлы педагогикалық шеберліктерді танып-біліп, олардың іс-тәжірибелерін жаңа жаѓдайда жаңа форма-әдістермен жандандыра отырып, өз ісімізде басшылыққа алуға тиіспіз. Сонда ѓана өзіміздің педагогикалық шеберлігімізді жетілдіріп, шыңдай түсеміз.

Мысалы, А.С.Макаренконың, М.Горький атындағы, Э.Дзержинский атындағы балалар колониясындағы атқарған педагогикалық шеберлігі "Ұстаздық дастан", "Мұнара үстіндегі тулар" атты еңбектерінде айқын суреттелінген.

Қазақстанда педагогикалық іс-әрекеттің шеберлері Макаренконың педагогикалық шеберлігін қайталаушы Семей облысы "Көкпенті" балалар үйінің директоры Жақия Шайжүнісов, Алматы қаласындағы қиын балалар үйінің директоры - Архимед Мыңбаевтың іс-әрекеттері нағыз шеберліктің үлгісі болады.Қазір жаңашыл деп атап жүрген бір топ педагогтардың: И.Ф.Шаталов, И.Е.Ильина, Ш.А.Аманашвили, Т.И.Гончарова С.Н.Лысенкова т.б. педагогтардың іс-әрекеттерінен нақты педагогикалық -шеберлікті байқаймыз. Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан- жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты. Парасаттылықты, адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар десек, қателеспес едік. Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға жетпек емес.

"Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең. "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!"- деп ұлы данышпан Абай айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі- адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы, қазір жаңалықтар легімен енген соны технология, технологиялық дәуір. осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі педагогикалық шеберлік демекпін.

Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өтуге жөн көрдік:

- сабаққа педагогикалық - психологиялық талдау жасау;

- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;

- сабақты ұйымдастырудың педагогикалық - психологиялық негіздері;

- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс - тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.

Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған.

«Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет.

Білім сапасының арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін жетілдіру басты роль атқармақ. Егер педагог мамандардың біліктілігін жүйелі арттырса, онда үлкен жетістікке қол жеткізуге болары анық. Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:

1.Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру.

2. Білім беру асында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.

Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады:

1. Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі).

2. Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу).

3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу.

Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі.

Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады.

«Мұғалім-өзі де оқуы керек. . . » - деп П. Ф. Каптеров айтқан еді.

Мұғалімнің өздігінен білім алуына нақты көмек көрсету үшін, тұлғаның кәсіптік қызмет саласындағы қажеттіліктерін, сұраныстарын, мүдделерін білуі қажет. Арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімнің жеке қажеттіліктерін ескеріп құрылуы тиіс. Мұндай жағдайда мұғалім біліктілікті арттырудың ұжымдық нормаларына қатыса отырып, өзін қызықтыратын мәселелерге жауап табатын болады.

Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника жатады.

Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету - мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан-жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.




2. Педагогикалық шеберлік психологиялық-педагогикалық проблема ретінде

Мұғалімнің творчестволық қабілеті, жаңашылдық әрекеттері, біліктілігі, физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік біліммен сәйкестенеді.

Жаңашылдық творчестволық қуат шексіз, әрі үздіксіз қозғалыста дамиды. Бұл педагогикалық бағытта оқытушы мен оқушының өзара ықпалы, өзара дамуда, ынтымақтастықтан теңгермешілікке, дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде мәні зор.

Материалистік диалектика табиғатында үздіксіз даму, ғылыми білім мен тәжірибенің бірлігін, тұтастығын, сәйкестігін ашып көрсетеді. Біздің ойымызша, педагогикалық шеберлік - бұл мұғалімнің кіріктірілген қасиеті, өйткені ол өзінің кұрамына өзара тәуелді, тығыз байланысты бірліктерді, яғни білім, іскерлік, қабілет пен қасиеттерді камтиды. Әрине, педагогикалық шеберлік күрделі кұрылым болғандықтан, оның мәнін ашуды, оны түсінуге деген әр түрлі көзқарас тұрғылары қалыптасқан. Тек жанашылдыққа деген талпыныс, үздіксіз ізденіс мұғалімді өз ісінің биік шыңына жетелейді. Осы тұжырымды өлкеміздің маңдай алды азаматтары, өз ісінің шеберлері К. Нұрғалиев, К. Бітібаева, Ж. Шайжүнісов, еліміздің бір туар тұлғалары Р. Нұртазина, А. Ысқақов, Е. Очкур сынды ұстаздар қызметі негізінде жасадық. Олар өз педагогикалық іс-әрекет шыңына жаңашылдыққа ұмтылыс негізінде жетті. Бірақ, инновациялық іс-әрекет, кәсіптік білім мен іскерліктерсіз және тұлғалык қасиеттерсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі таңда мұғалім шеберлікке қол жеткізу үшін өзін-өзі басқара алуы керек, бойында оптимизм, лидерлік қасиет, тәуекелге бел буа білу, қуаттылык, төзімділік сияқты тұлғалык касиеттері болуы тиіс. Аталған қасиеттер мұғалімді жанашылдыққа жетелейді, жаңаны жасауға ынталандырады.

Педагогикалық шеберлік ұғымына қатысты педагогикада әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Бұл ұғымды әр педагогтар өздерінше қарастырады. Жаңа дәуір педагогы А.Дистервег педагогикалық шеберлікті шынайы оқыту, істі білу, өз ісін, және оқушыларды жақсы көру, педагогикалық қабілеттерден құралады дейді.

Педагогикалық шеберлік - кәсіби педагогикалық іс-әрекетті өзіндік ұйымдастыруды жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттер кешені. (И.А.Зязюнь)

Педагогикалық шеберлік - қоғамның әлеуметтік мәдениеттік құндылықтарын шығармашылық тұрғыда меңгерудегі жеке тұлғаның рухани-адамгершіліктік, интеллектуалдық дайындығын бейнелейтін және кәсіби іс-әрекетте білім, іскерлік, дағдылардың шығармашылық тұрғыда қолдана алудағы практикалық дайындығын қамтитын жеке тұлғалық қасиеттері. (И.П.Андриади).

А.И. Щербаков педагогикалық шеберлікті - ғылыми білім, іскерлік, дағдылардың, әдістемелік өнер және мұғалімнің тұлғалық сапаларының синтезі деп көрсетеді.

А.И.Щербаков педагогикалық шеберліктің қалыптасуына тұлғаның өзінің толық мәнді қалыптасуы да әсер етеді деп көрсетеді. «Педагогикалық шеберліктің қалыптасуының алғышарты мен негіздері жалпы тұлғаның өзіндік қалыптасуы»,- деп жазып кетеді.

Н.В. Кузьмина шеберлік деп маманға ситуацияны сәтті зерттеуге мүмкіндік беретін кәсіби білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, осы ситуациядан шыға отырып, кәсіби міндеттерді құрастыруы, оларды ғылым мен өндіріс мақсаттарына сәйкес шеше алуы деп көрсетеді. Ол шеберліктің құрылымы кәсіби білім, іскерлік, дағыдалар және оларды меңгеруі деп анықтайды.

Ю.П.Азаров педагогикалық шеберлік негіздері балаларды тәрбиелеу заңдылықтарын білу деп көрсетеді. Педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктері «сезімдер мен техниканың өзара әсерлесуі педагогтың тұлғаға образды эмоциянальды ықпалына әкеледі. Бұл біртұтастық - шеберліктің күші. Сезім мен техниканың арасындағы қашықтағы шекті жеңу шеберлікке жету жолы»,- деп пайымдайды.

В.А.Сластенин бірқатар кәсіби іскерліктердің жоғары деңгейлі дамуы шеберлікті береді дейді. «Теориялық білімдер және оларға негізделген іскерліктер - барлық мұғалімдерге ортақ педагогикалық шеберліктің объективті мазмұны және ең бастысы»,- дейді. Мұғалімнің шеберлігі - педагогикалық процестің жоғары тиімділігін анықтайттын тұлғаның тұлғалық-іскерлік сапалары мен қасиеттерінің синтезі.

Н.Н.Тарасевич «Педагогикалық шеберліктің мәні - кәсіби іс-әрекеттің жоғары деңгейіне қажетті мұғалімнің тұлғалық сапаларының кешені деп қарастырады. Педагогикалық шеберліктің құрылымы мұғалім тұлғасының педагогикалық бағыттылығы, кәсіби білімдер (педагогикалық шеберліктің қалыптасуының фундаменті), педагогикалық іс-әрекетке қажетті қабілеттер, педагогикалық техника.

В.Г.Куценко «Педагогикалық шеберлікті біртұтас әлеуметтік-психологиялық тұтастық ретінде қарастырады, ол белгілі бір, өзара байланысқан және өзара мәндескен компонентерден тұрады, өз кезегінде ол жүйенің арнайы құрамадас бөлігі».

Педагогикалық шеберліктің мәні - әлеуметтік-психологиялық тұтастық, яғни ол педагог тұлғасына қатысты.

Педагогикалық шеберліктің құрылымы психологиялық -этикалық эрудиция, тұлғаға қажетті сапалар жатады.

Педагогикалық шеберлік кәсіби іс-әрекетті ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін тұлға сапаларының кешені. (Н.А.Морева). Педагогикалық шеберлік оқытушының кәсіби бағыттылығына тікелей тәуелді кәсіби іс-әрекеттердің жиынтығынан құралады. Педагогикалық шеберлік мұғалім тұлғасының белгілі бір сапаларының жиынтығы, олар мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығының жоғары деңгейімен, әр түрлі педагогикалық ситуацияларда жылдам шешім таба алуына негізделеді.

Педагогикалық шеберлік негіздері - педагогикалық техника. Педагогикалық шеберлікті «мақсаттар ағашы» ретінде қарастыруға болады, олардың әрбіреуін шешу (мақсаттарды) жиынтығы педагог өнерін дамытады.

Педагогикалық шеберлік педагогтың кәсіби іс-әрекетінде байқалады. Педагогикалық шеберлік - ол қозғалыстағы жүйе, себебі онда қоғамда жеке тұлғаның объективті және субъективті жағдайлары жеке тұлғаның ерекшеліктері бейнеленеді.

Педагогикалық шеберлік негізі бұл адамның жеке басының таланты мен осы талантты дамытуға бағытталған қажырлы еңбегі болып табылады. Әрбір маман шебер болып туа бермейді, бірақ еңбектену барысында шебер болуға болады. Мұғалім мамандығының басты ерекшелігі оның үнемі үлгі-өнге бола білуінде. Сондықтан нағыз мұғалім болуы үшін үнемі шеберлікке ұмытылып отыру керек. Шебер мұғалім атанудың алғашқы қадамы -жоғары оқу орынында басталады, студент өзінің пәнін жетік білуі керек, яғни теориялық материалды терең меңгеруге және оны нақты практикада орындай алуға дағдылануы қажет.

Педагогикалық шеберлік неге негізделеді, оның компоненттері қандай?- деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

Педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктерінің бірі білім, іскерлік, дағдылар - олар өз кезегінде шеберліктің негіздері болады.

Білім, іскерлік, дағдылардың кәсіби-педагогикалық мазмұнының құрамдас бөліктері:

1. Кәсіби педагогикалық білім

2. Кәсіби педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру тәжірибесі;

3. Педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық тәжірибесі.

4. Педагогтың қалыптасқан тұлғалық сапаларының болуы.

Көріп отырғанымыздай педагогикалық шеберлікті зерттеушілер арасында ортақ пікірдің жоқтығын байқауға болады. Бір авторлар - педагог тұлғасының сапалық ерекшеліктері десе, екіншілері - білім, іскерлік, дағдылар, үшіншілері - сапалық ерекшеліктер мен білім, іскерлік, дағдылардың жиынтығы, төртіншілері - тұлға сапалары мен кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыру деңгейі деп қарастырады.

Келесі бір авторлар педагогикалық шеберліктің құрылымы төмендегідей компоненттерден құралады деп көрсетеді

Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық- қызығушылығы, құныдылықтар жүйесі, идеалы;

Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық - тәрбиешілердің, мүғалімдердің балаларға адамгершілік-ізгілік қарым-қатынас орнату жағынан жетіле түсуін қажет етеді. Гуманистік бағыттылық жүйесі - педагогтардың балалармен ынтымақтастық, демократтық бағыттағы ізгілі-адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының болуын қажет етеді.

Л.Н.Толстой былай деген болатын:

"Егер мұғалім өзінің балаларға деген сүйіспеншілігін, педагогикалық іс-әрекетпен жалғастыра білсе, ол жетілген мүғалім". Педагогтық іс-әрекетіндегі гуманистік бағыттылық әр жақты бағалы бағдарлар құрады. Олар мыналар:

өзін шебер педагог ретінде танып білу.

педагогикалық әсер ете білу ықпалының болуы.

балаларға, балалар ұжымына деген сүйіспеншілік- ынтымақтастық бейімділігінін болуы.

педагогикалық іс-әрекет мақсатының, гуманистік стратегиясының, тактикасының болуы

- Кәсіби білім - педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, арнайы, жалпы базалық білімідері;

Педагогикалық кәсіптік шеберліктің фундаменттік негізі - кәсіптік білім. Мүѓалімнің кәсіптік білгірлігі - біріншіден, өзі оқытатын пәнін терең, негіздей білуге негізделсе, екіншіден сол пәнді оқып тани білетін оқушыларға арналады.

Кәсіптік білімнің ерекшелігі оның комплекстігінде: оған білім мазмүны, оны оқыту әдісі, оны ұйымдастыру принциптері жатады.

Кәсіптік білімнің комплекстігі ол кәсіптік білімді, саналы ереже принцип-тәртіпті қальштастырады.

Кәсіптік білім - теориялық, технологиялық, єдістемелік жағынан тұтасады. Оны әрбір педагогтар өз тәжірибесіне сай құрады, ғылыми білімі негізінде оның заңдылықтарын көре біледі.

- Педагогикалық қабілеттер - коммуникативті, перцептивті, эмоциональды тұрақтылық, жоспарлау, жабалау, креативті, аналитикалық және т.б. іскерліктер

- Педагогикалық техника - мұғалімнің өзін-өзі басқара алу іскерлігі (жест, мимка, понтолмимика, поза т.б.) және өзара әрекеттесу іскерлігі (педагогикалық қарым-қатынас орната алуы, кері байланысқа түсе алуы т.б.).

Педагогикалық техника - мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы мазмұнының үйлесімді бірлігіне әсер ететін тәсілдер жиынтығы. (А.П.Черняевская)

Педагогикалық техниканың құрамдас бөліктері:

1) Өзін-өзі басқару іскерліктері;

2) Ұжыммен жеке тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері.

1) Өзін-өзі басқару іскерліктері құралады:

- өз денесін басқара алу (физикалық денсаулық, мимика, понтомимиканы бақылай алу, төзімділік );

- эмоциональды жағдайын басқара алу (жағымды эмоциональды көңіл-күй, эмоцияларды білдіре алу т.б.);

- әлеуметтік перцепцтивті қабілеттер (зейін, әлеуметтік сезімталдық - басқалардың көңіл-күйін сезіне алу және олардың себептерін білу және қабылдау);

- сөйлеу техникасы (дауысты қою, дем алу, сөйлеу темпі мен тембірін басқара алу, дикция)

2) Ұжыммен және жеке тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері құралады:

- дидактикалық іскерліктер;

- ұйымдастырушылық іскерліктер;

- коммуникативті іскерліктер;

- талап қою іскерліктері;

- бағалау іскерліктері;

- конструктивті іскерліктері;

- педагогикалық қарым-қатынасты басқару іскерліктері

Педагогикалық техника - мұғалімнің өзін-өзі басқара алу іскерліктері мен өзара әрекеттесу іскерліктерінің жиынтығы.

Мұғалім шеберлігін зерттеу барысында әр түрлі практикалық міндеттерді шешуде педагогикалық өзара әсер ету тәсілдерінің алар орны ерекше екенін байқалады. Мұғалімнің өзара әсер ету тәсілдерін педагогикада педагогикалық техника қарастырады. Мұғалім өзіне әрқашанда оушыларды белсенді танымдық жұмысқа жұмылдыра алу іскерлігін, ұжыммен, жекелеген оқушымен жұмыс жасай алу іскерліктерін, өз көңіл-күйін, мимикасын, дауысын, қозғалысын басқар алу іскерліктерін меңгере алу іскерліктерін меңгере алу қажет.

Педагогикалық техникалық қарым-қатынас жасау формасы - мүғалімнің іштей ұйымдастырылған сөз әрекеттерімен сырттай ұйымдастырылған ым-ишара, дене қимылы әрекеттерімен ұштасып отырады.

Негізінен педагогикалық техника екі топ компоненттерінің сөйлесуімен жүзеге асырылады.

Бірінші топ компоненттеріне жататындар: өз дене құрылыс пітімін қимыл-қозғалысын басқара білу, келбет-пішінін, қас-қабағы, көңіл-күй сезімімен мақұлдауын, не құптамауын білдіру, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен дикция-сымен қатынасты үйлестіре білу, әлеуметтік байқағыштық, өз қиялын басқара білу.

Екінші топ компоненттеріне жататындар: оқыту мен тәрбие жұмысын ұйымдастыра білушілік, конструктивтік техникасының болуы. Жеке адамға, ұжымға ықпал ете білу коммуникативтік білгірлік, шығармашылық жұмыс ұйымдастыра білу.

Сондықтан педагогикалық техника дегеніміз - сөз және сөйлеудің басқада құралдары арқылы: адамның келбет-пішіні, дене қимылы басқада да ұйымдастыру формалалары арқылы іс-әрекет қатынасын жүзеге асыру жолдары болып табылады.

А.С.Макаренко былай деген болатын:"Тәрбиеленушілер сенің ойыњды, жүрек сезіміңді ұққандықтан ғана қабылдамайды сені көргендіктен, сені естігендіктен де қабылдайды". Демек, мүғалімнің іс-әрекет техникасы - оны ішкі рухани ой-сезім мәдениетінің көрінуімен бірге эстетикалық әсерлілігімен сырттай көзге түсуінің бірігуі, яки сөйлеу және сөйлеуден тыс қатынас формаларының бірігуі.

Мұғалімдердің негізгі міндеттері аталған педагогикалық техникалық іскерлік қатынас формаларын қолдана білу, әдетте мектепке жаңа келген жас мұғалімдердің уақытша сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі - педагогикалық техникалық іскерлік қатынастарды толық меңгермегендіктерінен болады. Мысалы, сөйлегенде сөйлеу мәнерінің болмауы, дауыс ырғағының біркелкі болмауы, дене қимыл-қозѓалысын дұрыс бағыттай алмауы, жүрсе - ұзақ жүріп кетуі; тұрса ұзақ тұрып қалуы, сөйлегенде дене қимылын, мимикасын қатыстыра алмаушылық, кейде жылдам сөйлеп, кейде тым баяу сөйлеушілік, дауыс ырғағы дикциясының дұрыс үйлеспеуі т.б. Осы сияқты кемшіліктер - оқушыға нәтижелі әсер ете білу өнерінің төмендігін көрсетіп, сабақтың тартымды болып өтуіне кері әсерін тигізеді.

Өз сезімін (эмоциясын) басқару. Эмоциялар психикалық сфераға қатысты адам эмоциясы өте күрделі процесс әрі объективтік шындықтың бейнеленуі ретінде қабылданады. Ол әрдайым адамның белсенді қызметімен байланысты туындап жүзеге асады. Соңғы кезде сезім мәдениеті проблемасының маңызы артты. Бұл өзінің эмоциясын, кез-келген ситуацияда мінез-құлқын басқара білу және басқа адамның орнына қоя білу. Басқа адамныњ сезімін бағалау және құрметтеу. Педагогикалық қызметте әрбір баланың психологиялық ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі сенімсіз балаларға айрықша көңіл аударып, оқушылардың нерв жүйесінің жеткілікті қалыптаспаѓанын ескере отырьш, олардың көңіл-күйінің, белсенділігінің жоғары болуына мүмкіндік туғызу керек. Адамгершілік сезімді қалыптастыру жеке жағымды қасиеттерге тәрбиелеумен бірге өзін-өзі тәрбиелеумен ұштасады. Әр адам жағымды эмоциялардың қажеттігін түсініп, әркім өзінің мінез-құлқын, әрекетін бақылай білуді үйрену керек. Жағымды эмоцияны тәрбиелеуде мұғалімнің, ата-ананың, ересектердің достардың сөздерінің алатын орны ерекше. Сөз жеке адамға әсер ететін қуатты фактор. Адамдарға сөзбен ықпал ете білуді үйрену, сергектік,ықыластылықќа байланысты. Ықыласты, сезімтал сергек адам өзіне де, басқа адамѓа да эмоциялық әсер етіп, балаларды қуанышты көңілді сезімге тәрбиелей алады.

Мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырып басқаруда мұғалімдердің ең алдымен өз эмоциясын дұрыс басқарып, одан кейін оқушыларды жаѓымды эмоцияға тәрбиелеудің үлкен маңызы бар. Тәжірибеде кейбір педагогтар оқушылар алдында кей уақыттарда өз эмоциялық сезімін басқара алмаушылығы, бет әлпетінен бұлшық еттерінің ұнамсыз рең беруі байқалады. Мұндай жағдай әсіресе жұмысын жаңа бас-таған жас мұғалімдер арасында жиі кездеседі. Олар оқушылардан басқа адамдармен де алғашқы кездесіп сөйлесуінде де абыржушылық, қысылушылық байқалып бет реңінен сезіліп тұрады. Бүл олардың тәжірибесінің аздығынан. Сондықтан педагогтар әсіресе жұмысын жаңа бастаған жас мұѓалімдер өзін-өзі басқаруға, өз сезімін өзі меңгеруге дағдыланып дайындық жасау керек. Ол үшін өзін-өзі жат-тықтыру жұмысымен шүғылданѓаны жөн. Ондай жаттығудың түрі өзін-өзі дайындаѓаны жөн болады, бұл жаттығу өзін-өзі реттеу жаттығуы. Мысалы:

Сіз әрқашанда ұстамды, байыптысыз ба?

Сіздің көңіл-күйіңіз біркелкі ме?

Үйде, аудиторияда, қызмет үстінде сіздің зейініңіз бірқалыпты шоғырланған ба?

Сіз өз сезіміңізді өзіңіз басқара аласыз ба?

Сіз жақын адамдарыңызбен, жолдастарыңызбен ықылас, қошеметті қалайсыз ба?

Сіз оқыѓан материалды тез меңгере аласыз ба?

Сізде алшақтауды қажет ететін қандай қолайсыз дағды бар?

Сіздің кейбір жағдайларда дұрыс істемеген жұмыстарының болды ма?

Міне, осы сұрақтарға "ИӘ", "ЖОҚ" деген сөздермен жауап беру керек. Егер "ИӘ" деген жауап басым, көп болса, сіз өз сезіміңізді басқара алғаныңыз. Егер "ЖОҚ" деген жауап көп болса сіз өз сезіміңізді басқара алмағаныңыз. Егер "ИӘ", "ЖОҚ" деген жауап бірдей болып келген жағдайда сіз өз сезіміңізді басқару үшін, көп жұмыстар істеулеріңіз қажет.

Педагогтың оқу-тәрбие процессі үстінде, аудиторияда, сынып оқушылары алдында өз дене бітімін, қозғалыс-қимылын дұрыс бағыттап ұстап білуі педагогикалық шеберлік тәсілдерін жүзеге асыруға байланысты. Дене бітімін бір қалыпты сымбатты, тұрақты ұстаған мұғалімнің өз ісіне сенімді, ойы тиянақты, айтатын сөзін абыржымай тиянақты мазмұнды бере алатындығын сипаттайды. Өз күшіне, өз біліміне, өз іс-әрекеттеріне сенімділігін білдіреді.

Сондықтан да мұғалім сабақ үстінде дене бітімін тік дұрыс, сымбатты ұстау керек. Әрі-бері орынсыз қозѓалып жүре бергеннен сақтану керек және бір жерде ұзақ тұрып қалуға да болмайды. Сабақ үстінде қақырыну, түкіріну, сіңбіру, өте мәдениетсіздікті байқатады, олар мұғалім үшін өте жат. Отырғанда да екі аяқ арасының аса алшақ болуы дүрыс емес. Мұғалімнің қимылы психологиялық мәнерде болу керек. Қолайлы көңілді кездерде қолыңды кеудеңе келтіріп қошемет көрсету, сыныпќа кіруде, шығуда қолданылуы көңілге жайлы тиеді. Дене қимыл-келбетін ұстай білуге жаттығу үшін физкультура спортпен шұғылданған жөн. Сол сияқты өзін-өзі қабырғада тұрып жаттықтыру және өзіне-өзі оқушы көзімен қарау керек. Мысалы, сөйлер алдында бір қадам ілгері басу оқушылардың зейінін өзіне тартатын болса, бір қадам кейін шегіну азѓана тыныстауды демалыс қалпын ұйғарады.

Келбет - бет пішінді байқатады. Мұғалімнің келбеті -көзқарасы, қас-қабақ қағысы, көзқарасы адамның ішкі сезім, ой дүниесінен көп хабарлар етеді. Келбет өзіңнің ойыңды, сезіміңді көңіл күйіңді білдіретін өнер.

Оқушы сенің бет-пішініңнен, қөзқарасыңнан сенің айтайын деген ойыңды, мақұлдауыњды, не мақұлдамауыңды, қолдамауыњды, не қолдауыңды танып біледі. "Көз -көңілдің ажары" деген мақал осы сияқты жайыттарды аңғартады. Күлімдеп сөйлеу, көздің кішіреюі дене қимылымен жымдасып, қуанышты жағдайды, қошеметтеуді білдірсе, көзді бадырайта қарау, қабақты керу, бет бұлшық етін бедрейту қоштамауды, мақұлдамауды, істің дұрыстығына шүбә келтіруді көрсетеді.

Мұғалім сыныпта сабақ үстінде оқушыларды тегістей көзбен шолып карауға, барлығын көз алдына ұстауға дағдылану керек. Көзбен сынып оқушыларымен байланыс жасап отыру керек. Көзбен оқушыны бейсауат іспен шұғылдануға мүмкіндік бермейтіндей етіп өзіңе көзбен тартып отыру керек.

Адам қозғалысының мәні туралы кинетика ғылым зерттейді. Дене қозғалыстарына жест, поза, понтомимика, мимика және т.б. жатады.

Понтомимика -дене, қол, аяқ қозғалысы, ол ойдың негізгісін бөліп көрсетеді және бейне жасайды.

Жест - қол сермеуі, ол бейнелеуші және психологиялық жесттер болып бөлінеді.

Бейнелеуші жестер - ойдың барысын бейнелейді, иллюстрациялайды. Мұғалімнің сабақ барысында қол қозғалысымен әр түрлі бейнелерді жасауы.

Психологиялық жестер - сезімді білдіреді. Мысалы, құптау, ишара білдіру, келіспеу және т.б. білдіретін жестер. Мұғалімнің қарым-қатынасы барысында бейнелеуші жестерден қарағанда псхологиялық жестер көбірек болуы тиіс. Олар берілетін ақпараттың мәнділігіне, ұғынықтылығына әсер етеді. Жест әрқашанда өз орынымен, белгілі бір нормадан шықпауы керек. Қарым-қатынасқа түскенде тым көп қол сермеуді қолдану оқушы зейінінің ауытқуына әкеліп соқтырады және де эстетикалық жағынан да әдемі болып көрінбейді.Мимика - өз ойын, сезімін, көңіл-күйін, жағдайын беттің бұлшықет қозғалысымен білдіре алу өнері. Мұғалімнің бет әлпеті тек мимикаларды білдіріп қана қоймай, сонымен бірге оларды жасыра да алуы керек.

Жест және мимика ақпараттың эмоциональды мәнін арттырып, оның жақсы меңгерілуіне жағдай жасайды.

Дикция - бұл сөздерді, буындарды және дыбыстарды айтудағы ашықтық, нақтылық.

Мұғалімнің сыртқы бейнесі.Халық мұғалімі - жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол- өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Осы аса ізгі және өте қиын кәсіп ұстаздан өз өмірін оқу- тәрбие ісіне арнаған тұрақты шығармашылықты талап етеді. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін- өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу- тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр. Ахмет Байтұрсынов: «Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім»,- деген болатын. Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті туралы Н.К. Крупская, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, К.Жарыкбаев, Ш.Т.Таубаева еңбектерінде кеңінен сөз болып, мұғалімнің әдеби, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс дикциясы, сыртқы бейнесі жөнінде келелі әңгіме қозғалады. Мұғалімге қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Мұғалімнің киімі, қозғалысы, шаш үлгісі сәнді болып келгені абзал. Мұғалімнің әлеуметтік беделін көтеруде оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады. Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіну білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым болады. Педагогикалық әдеп- мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік белгісі. Кейбір мұғалім, кәсібін айтпай- ақ, өзінің әділдігімен, ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт көзге айқындап тұрады. Мұғалімнің ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамауы пайдалы. Болашақ ұстаздар өз ісінң әрбір қыр- сырын жетік игеру жолында кәсіптік сапаларды толық меңгерсе, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.

Педагогикалық шеберліктің құрылымы

Оқушылар өздерінің мұғалімдерінің қаталдығын, талапкершілдігін кешіре алады, бірақ өз ісін нашар білетіндерді ешқашан кешіре алмайды. Олар педагогтың нақты білім, білігін, бойындағы өнерін, шебер қолдарын, жұмысқа деген жігерін, айқын ойын, тәрбие жөнінен біліктілігін өте жоғары бағалайды. Макаренко А. С. былай деген еді: «Мен тәжірибе арқылы мынадай шешімге келдім, сұрақты тек біліктілікке негізделген шеберлік арқылы ғана шешуге болады».

Педагогикалық өмірбаян әр мұғалімнің даралығын көрсетеді. Кез-келген мұғалім бірден шебер болып кете алмайды. Кейбіреуі, өкінішке орай, орташа мұғалімнің қатарында қала береді. Ал кейбіреулерінде шеберлікке жетуіне жылдар кетеді. Шебер, өзгертуші, жасампаз болу үшін мұғалім педагогикалық үрдістің заңдылықтары мен механизмдерін игеруі қажет. Бұл педагогикалық жүйеде ойлауға, әрекет етуге мүмкіндік береді, яғни, педагогикалық құбылыстарды өздігінен талдауға, оларды құрамдас бөліктерге бөлуге, әр бөлігін ой елегінен өткізуге, оқыту және тәрбиелеу теориясында қарастырылып отырған құбылыстың логикасына сәйкес идеяларды, қорытындыларды, қағидаларды табуға, құбылысты дұрыс диагностикалауға, оның қандай педагогикалық-психологиялық санатқа жататынын анықтауға, негізгі педагогикалық міндетті (проблеманы ) және оны ұтымды шешудің тәсілдерін табуға көмектеседі. Кәсіптік біліктілікті игеру, жетілдіру және педагогикалық қызметтің құрылымын және онымен байланысты теориялық білімдер жүйесі мен практикалық білік, дағдыларды нақты көз алдымызға елестетуіміз керек.

Педагогикалық зерттеулер көрсетіп отырғандай (Н. В. Кузьмина, В. А. Сластенин, А. И. Щербаков және басқалары), оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің педагогикалық қызметінің өзара байланысты төмендегі түрлері бар:

1. диагностикалық;

2. бағдарлы-прогностикалық;

3. конструкторлық-жобалау;

4. ұйымдастырушылық;

5.ақпараттық-түсіндіруші;

6. коммуникативтік-ынталандырушы;

7. талдау-бағалау;

8.зерттеуші-шығармашылық;

Кәсіптік шеберлікке мұғалім өз қызметінде тек теорияға сүйенген кезде ғана жете алады. Әрине, бұл жолда оған көптеген қиындықтар тосқауыл болады. Ең алдымен, ғылыми теория- бұл жалпы заңдардың, қағидалардың, ережелердің ретке келтірілген жиынтығы, ал тәжірибеде қолдану үшін теориялық ойлаудың кейбір дағдыларының болуын талап етеді, алайда, бұл дағды барлық мұғалімдердің бойынан бірдей табыла бермейді. Екіншіден, педагогикалық қызмет-бұл білімдер топтамасына (синтезіне) сүйенген (философиядан, педагогикадан, психологиядан, әдістемеден және т. б.) толық үрдіс, алайда, мұғалімнің білімдері «сөрелер» бойынша бөлінген, яғни, жинақталған білік деңгейіне жеткізілмеген, бұл педагогикалық үрдісті басқару үшін қажет. Бұл өз кезегінде төмендегідей жағдайға әкеледі: мұғалімдер көп жағдайда, педагогикалық білікті теорияның ықпалымен игермейді, оған тәуелсіз, педагогикалық қызмет жөніндегі, тұрмыстық, ғылымға дейінгі түсініктер негізінде игереді.













3. Қазіргі білім жүйесі жағдайындағы мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы және оның педагогикалық шеберлікке тәуелділігі

Педагогикалық қызметтің әр қадамын шығармашыл, қайталанбайтын және үнемі жаңа болуын талап етуге болмайды. Бірақ педагогикалық нормативтердің кері әсері де үлкен. Репертуарлық, жанама, педагогикалық теорияға деген жек көрініштілік, педагогикалық ойлаудың догмалылығы, педагогикалық ұстанымға жоғарыдан түскен нұсқау, өзгенің іс-тәжірибесін қабылдау-міне, келеңсіз құбылыстардың толық емес реті, бұл диалектикалық табиғатты білмей нормативтерді игеру деген сөз. Мұғалім қызметінде педагогикалық ғылымнан тартылған жіптер өзара түйіседі, ең соңында, барлық алыңған білімдер іске асады.

Педагогикалық қызметтің дамуының жоғары деңгейін, педагогикалық технологияны игергенін сипаттай отырып, педагогикалық шеберлік педагог тұлғасын, оның тәжірибесін, азаматтық және кәсіптік ұстанымын сипаттайды. Мұғалімнің шеберлігі- бұл тұлғаның тұлғалық- іскерлік сапасы мен ерекшеліктерінің синтезі, ол педагогикалық үрдістің жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.

Балалармен қарым-қатынас жасау - бұл толассыз шығармашылық. Бір сабақтын өзін ғана сәл еске түіріңізші. Мұнда балалармен дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыруда шешуге тура келетін қаншама педагогикалық айла-әрекеттер, қарама-қайшылықтар, қақтығыстар, проблемелар туындайды десеңізші. Осының барлығы қас-қағым сәтте ойластырылуы тиіс. Міне сондықтанда педагогикалық қарым-қатынас - әрине, шығармашылық. Оның өзі қалайша нақты көрінеді.

Біріншіден, сіздер өздеріңіз жақсы сезіп отырғандай, қарым-қатынас шығармашылығы ақпаратты бере білуде көрінеді: оны әңгімелесушіге дәл бағыттап, айқын бейнелі сөзді таба білуде. Сабақта ақпаратты сұрыптаудың, құрудың және оны берудің осындай шығармашылығы болмасын делік - сонда бірден оның тартымдылығы жоғалып, іш пыстыра бастайды.

Ал балалармен өзара қатынасты ұйымдастыруда шығармашылық қалай көрінеді? Тек шығармашылық ғана өзара қатынсаты сапқа тұрғызудың, дамытудың күрделі өнерінде аса маңызды бола түседі. Өйткені біздің балалармен іскерлік әрекетіміз өзара қатынастың «көп қабатты сарайын» тұрғызудан басталады. Тек өзра қатынса қана көп жағдайда балалардың біздің пәнге, мектепке, сыныпқа деген көзқарасына ықпал ететінін ұмытпаған жөн.

Балалармен қарым-қатынас жасаудың психологиялық дәл жолын қалай табуға болады, қарым-қатынса арқылы нысаналы педагогиклық ықпалды қалай ұйымдастыруға болады?

Балалармен әңгімелескенде әрекет ету жүйесін стандартсыз құруды үйрен - оның жеке басының жай-күйін, жалпы психологиялық жағдайын, ең ақырында, өзінің жеке педагогикалық дербестілік ерекшелігіңді ескер.

Педагогтың қарым-қатынас жасау шағармашылығындағы тағы бір жағдай - бұл шығармашылығының өздігінен-реттелетін процесі: өзінің психологиялық күінді меңгере білу, әр алуан психологиялық кедергілерді жеңу, өзінің шығармашылық сезімінді шабыттандыру, әр қашан шат көнілді, әрі оптимист бола білу. Педагогтың көңіл-күйі топқа бірден әсер ететінің сіздер, сірә, байқаған боларсыздар. Осыны есте сақтаңыздар, өзіңе билік жүргізе білуді үйреніңіздер.

Педагогикалық қарым-қатынас қандай функцияларды жүзеге асырады? Қарым-қатынас жасаудың алуан түрлі барлық функцияларын ақпарат беруге, қарым-қатынса пен өзара түсінісу процесінде басқа адамның жеке басын тани білуге арналған міндеттерге жатқызуға болады.

Практикадағы студенттерде және жас педагогтарда байқалатын ең көп тараған қателіктер қандай? Мәселе сонда, олар қарым-қатынасты тұтастай ұйымдастыра алмайды да, оның белгілі бір функциясын ғана жүзеге асыруы мүмкін. Мәселен, сабақтағы өзара әрекеттің аса маңызды және өте мәнді функциясы - ақпарат формасын жете ұйымдастыруға көңіл бөледі. Міне сондықтанда жас педагогтар сабақты жоспарлағанда ең алдымен ақпаратты беру жүйесін ойластырады да, жоғарыда аталған басқадай қарым-қатынас функцияларын ескермейді. Соның салдарынан: сабақ конспектісі, көрнекі материалдар әзір болып, педагог жақсы даярланып, материалды толық игергенімен сабақ ойдағыдай өтпейді. Мұндай жағдайда біз топпен байланыс жоқ дейміз. Өте дұрыс, бірақ дәлірек айтқанда - педагогикалық қарым-қатынастың тұтас процесі жоқ. Танымдық ақпарат болғанымен, ол өзара қарым-қатынаспен нығайтылмағандықтан, мұның өзі жеке адамдар арасында өзара әсер туғызбайды.

Мәселен, оқыту процесін ұйымдастыру кезіндегі қарым-қатынас функциясын толығырақ талдап көрелік. Қазіргі кезде оқыту барысындағы өзара әрекетте қарым-қатынастың ақпараттық функциясы туралы жиі айтылып жүр. Оны жүзеге асырудың алуан түрлі әдісі жайлы көптеген теориялық және қолданбалы еңбектер жарық көрді. Дегенмен қарым-қатынас функциясы едәуір ауқымды.

Қарым-қатынасты оқытудың оқу функциясын жүзеге асыру балыйша қамтамасыз етіледі:

- педагогтың балалармен нағыз психологиялық байланысы;

- педагогтың балалармен оқыту процесін оқу әрекетіне айналдыру;

- оқытудың қолайлы жағдайларын қалыптастыру;

- ұжымдық танымдық ізденіс пен бірлесіп ойластырудың психолгиялық жағдайының пайда болуы;

- оқу процесінде жеке адамның өз бетінше жүзеге асыруы және өзінің шығармашылық ойын айқындауы тиіс.

Қарым-қатынасты оқытудың тәрбиелік функциясын оқу былайша қамтамасыз етіледі:

- оқу процесінде педагог пен балалардың психологиялық байланысы негізінде тәрбие қарым-қатынасы жүйесін орнату;

- оқу әрекетін ойдағыдай қамтамасыз ететін педагогикалық қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру;

- жеке адамның тұтастай танымдық бағытталушылығын қалыптастыру;

- оқу әрекеті процесінде (танымдық, жас ерекшелік, эмоциялық, дидактикалық т.б.) психологиялық кедергілерді жеңу;

- балаларға тұтастай комплексті тәрбие ықпалын жүзеге асырудың мүмкіндігі;

- балалар ұжымындағы өзара қарым-құатынасты ойдағыдай қалыптастыру.

Қарым-қатынасты оқытудың дамушы функциясы былайша жүзеге асырылады:

оқу әрекетінде жеке адамның жан-жақты тұтастай дамуының әлеуметтік-психологиялық негізін орнату;

жеке адамның дамуының қозғаушы күші ретінде көрінетін қарама-қайшылықтың диалектикалық жүйесін орнату;

жеке адамның өз ойын жасырмай айтуына және өзінше дамуына ықпал ететін, әрі мүмкіндік беретін психологиялық жағдай орнату;

қарым-қатынас процесінде жеке адамның дамуына бөгет жасайтын әлеуметтік-психологиялық факторларды меңгеру.

Байқап отырғанымыздай, қарым-қатынастың педагогикалық репертуары әр алуан екен, бірақ мұны педагогтар әрдайым ескере бермейді.

Педагогикалық кызмет пайда болуы объективті негізге ие. Егер жас ұрпақ атадан тарап келе жатқан шығармашылықты пайдаланбағанда қоғам әрі қарай дами алмас еді. «Педагог» деген сөздің этимологиясы да қызық. Қазіргі сөздіктерде тәрбиеші біреудің тәрбиесімен айналысатын және оның дамуы мен өмір жағдайларына жауап беретін адам ретінде қаралады. «Мұғалім» сөзі кештеу пайда болған сияқты, себебі белгілі бір білім мен іскерлікті игеруге бағытталған адамдардың арнайы іс-әрекетін ұйымдастыру қажет болды. Бұндай іс-әрекет оқыту деген түсінікке ие болды.

Ежелгі Вавилонда, Египетте, Сирияда мұғалімдер ең алғашқыда жрецтер болды, ал Ежелгі Грецияда - мұғалімдер өте ақылды, талантты азаматтардан алынды: педономдар, педотрибтар, дидаскалдар, педагогтар. Ежелгі Римде император мұғалім ретінде мемлекеттік лауазымдағы адамдарды, ғылымды жақсы білген, саяхатшыларды, көп көргендерді қойды, яғни бұндай адамдар басқа халықтың тілін, салт-дәстүрін білетін адамдар. Ежелгі қытай жазбаларында біздің эрамызға дейінгі XX ғасырларда елде халық ағарту ісімен айналысатын министрлік болғаны айтылады.

Педагогикалық кәсіптің пайда болу кезеңінен бастап оларға тәрбиелік функция үлкен мүмкіндіктер берді.

Мектеп алдында тұрған міндеттер қоғамның кезеңдеріне байланысты ауысып отырды. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат оқыту мен тәрбие егіз екенін айтады. Көрнекті мұғалімдер әр халықта әр кезеңде болған. Ұлы мұғалім ретінде қытайлықтар Конфуцийды айтады.

Чех педагог-гуманисті Ян Амос Коменский педагогиканы алғашқылардың бірі болып теориялық білімнің жеке бір саласы ретінде дамыта бастады. Мектепке арнап көптеген оқулықтар мен 260-тан астам педагогикалық шығарма жазды. Бүгін де әр мұғалім сабақ, сынып, демалыс, оқыту деген сөздерді қолданғанда чех педагогының есімін еске алады. Ян Амос Коменский мұғалім кәсібіне жаңа көзқарасын дәлелдейді. Бұл мамандықты бақташымен, архитектормен, скульптормен, полководецпен салыстырады .

Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци өзінің барлық жинаған байлығын балалар үйін салуға жұмсады. Ол барлық өмірін жетім, тастанды балаларға арнады.

Ресейдің ұлы педагогтарының бірі - орыс мұғалімдерінің атасы - Константин Дмитриевич Ушинский. «Ана тілі» еңбегі 167 рет басылып шықты. Константин Дмитриевич Ушинскийдің педагогикалық шығармалары қазіргі күнге дейін ғылыми құндылығы бар .

Антон Семенович Макаренко есімі кең таралған. А.С Макаренконың балалар ұжымы туралы теориясы тәрбиеде үлкен маңызға ие. Ол, тәрбиешінің еңбегі ең қиын еңбек, жауапкершілігі мол және көп күш-жігерді, қабілетті талап етеді дейді.

Адамның белгілі бір мамандыққа қабілеті оның іс-әрекетінің ерекшелігінен және ойлауынан көрінеді. Е.А.Климовтың ұсынған жіктелуі бойынша педагогикалық кәсіп - пәні басқа адам болып табылатын мамандық тобына жатады. Бірақ педагогикалық мамандықты ең алдымен оның қайраткерлерінің көзқарастары мен жауапкершілігі тарапынан таңдайды. Осыған байланысты педагогикалық мамандық жеке топ болып жіктеледі. Оның басқа мамандықтардан негізгі ерекшелігі жеке тұлғаны қалыптастыру, оның интеллектуалды, эмоционалды, дене тәрбиесін басқарып, рухани әлемін қалыптастыру.

Педагогикалық мамандықтың негізгі мазмұны адамдармен өзара қарым-қатынасты құрайды. Педагог мамандығының негізгі міндеті - қоғамдық мақсатты түсініп, басқа адамдардың күш-жігерін сол мақсатқа жетуге бағыттау.

Іс-әрекет ретінде оқыту мен тәрбиенің ерекшелігі әлеуметтік басқару жағынан екі құралдан тұрады. Біріншісі, егер жетекшіде басқа адамдармен қатынас орнай алмаса, онда ең негізгі басқару функциясы жоқ дейміз. Екіншісі, бұл мамандық адамнан арнайы белгілі бір салада білім, дағды, іскерлікті талап етеді. Педагог оқушылардың іс-әрекетін жақсы біліп, процестің дамуына дұрыс басшылық жасай алу керек. Осыған сәйкес, педагог мамандығы екі - адамгершілік және арнайы дайындықты қажет етеді. Мұғалім мамандығында қарым-қатынасқа түсе алу негізгі сапалардың бірі. Мұғалімдердің тәжірибесіне зерттеуді жүргізген В.А.Кан-Калик қарым-қатынаста өте жиі кездесетін қиындықтарды атап өтеді. Олардың өзі педагогикалық міндеттерді шешуге қиындық келтіретінін айтады: бағдардың сәйкес келмеуі, сыныптың қорқуы, қатынастың болмауы, педагогикалық қателерден қорқу және т.б.

Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі ол гуманистік, ұжымдық және шығармашылық сипаттамалардан тұрады.

Гуманистік функция. Педагогикалық мамандықта тарихи екі әлеуметтік функция бар - адаптивті және гуманистік. Адаптивті функция оқушының немесе тәрбиеленушінің қазіргі әлеуметтік мәдени ситуацияның нақты талаптарына бейімделуі, ал гуманистік - жеке бастың дамуымен, шығармашылық даралығымен байланысты.

XIX ғ.ортасының ғалымы, көрнекті педагог, неміс мұғалімдерінің атасы Фридрих Адольф Вильгельм Дистервег тәрбиенің мақсаты - шындыққа, жақсылыққа, сұлулыққа құлшылық ету деген. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мұғалімнің ерекше ролін атап көрсетеді.

Ұлы орыс жазушысы және педагогы Лев Николаевич Толстой педагогикалық мамандықта алдымен гуманистік бастаманы көреді, оның өзі балаларға деген сүйіспеншіліктен тұратынын айтады. Л.Н.Толстой баланың бостандығын оқыту мен тәрбиенің негізгі принципіне жатқызады. Ол мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсару қажет дейді [9].

XX ғ. 50-60 жылдарында гуманистік тәрбиенің теориясы мен практикасына ерекше еңбек сіңірген - Василий Александрович Сухомлинский - Полтавщинадағы Павлыш орта мектебінің директоры. Мұғалімнің негізгі табысы - оның рухани жан байлығы, сезімі, эмоционалды мәдениетінің деңгейі деп атап көрсетеді .

Батыс педагогикасы мен психологиясындағы қазіргі гуманистік бағыттың негізін салушылардың бірі - Карл Роджерс. Белгілі бір жағдайға бейімделмеген оқушыны тәрбиелеуде мұғалім оның өміріне қиындықтар келтіреді. Ал қоғамның бейімделген мүшесін тәрбиелеуде өзін өзгертуге арналған қажеттілікті қалыптастырмайды.

Ұжымдық сипаттамасы. «Адам-адам» тобының басқа мамандықтарында нәтиже бір маман иесінің іс-әрекет жемісі болып табылса, мысалы, дәрігер, сатушы, кітапханашы, ал педагогикалық мамандықта - тәрбиеленушіге әсер етушілердің педагогтың, отбасының және т.б. еңбектерін атап көрсету өте қиын.

Педагогикалық мамандыққа педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас субъектісі түсінігі бірте-бірте енуде. Біртұтас субъект кең мағынада - мектептің немесе басқа білім беру мемкемесінің педагогикалық ұжымы ретінде, ал тар мағынада - оқушылар тобына немесе нақты оқушылармен қатынасы бар педагогтар ұжымы.

А.С.Макаренко педагогикалық ұжымның қалыптасуына көп тоқталған. Ұжымның белгілі бір қасиеттері ең алдымен оның мүшелерінің көңіл-күйіне, жұмысқа қабілеттілігіне, психикалық және дене дамуына байланысты болады. Бұл құбылыс ұжымның психологиялық ахуалы деп аталады.

А.С.Макаренко мұғалімнің педагогикалық шеберлігі педагогикалық ұжымның қалыптасу деңгейімен шарттасады деген заңдылығын ашады. Ол Мұғалім тек қана педагогикалық ұжым арқылы ғана шеберлікке жетеді дейді Педагогикалық ұжымның теориясы мен практикасының дамуына В.А.Сухомлинский көп еңбек еткен. Бірнеше жылдар бойы мектеп басқару тәжірибесінен ол мынадай қорытындыға келеді: мектеп алдындағы мақсатқа жету үшін педагогикалық ынтымақтастық ролін ұмытпау қажет. В.А.Сухомлинский педагогикалық ұжымның тәрбиеленуші ұжымына әсерін зерттей отырып келесі заңдылық ашады: педагогикалық ұжымдағы рухани құндылықтар бай болған сайын тәрбиеленуші ұжымы белсенді күш, тәрбиелеуші процесс мүшесі болып табылады. Педагогикалық ұжым ненің нәтижесінде, қалай құрылады деген сұраққа, оны ұжымдық көзқарастар жиынтығы, пікірлер, шығармашылық деп жауап береді.

Шығармашылық ерекшелігі. Педагогикалық іс-әрекет кез келген әрекет сияқты сандық қана емес, сонымен қатар сапалық ерекшелікпен сипатталады. Мұғалім еңбегінің мазмұны мен ұйымдастырылуын өз іс-әрекетіне шығармашылық қарым-қатынасының деңгейі негізінде ғана анықтауға болады. Педагог іс-әрекетінің шығармашылық деңгейі өз мүмкіндіктерін алға қойған мақсатқа жету үшін қолдануынан көрінеді. Сондықтан педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық ерекшелігі оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Ғылым, техника, өнер сияқты сфералармен салыстырғанда педагог шығармашылығының мақсаты жаңа бір бағалы, әлеуметтік құндылықты құру емес. Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог, оның ішінде жаңашыл педагог өзінің педагогикалық жүйесін құрады.

Педагогтың шығармашылық потенциялы жиналған әлеуметтік дағдымен, психологиялық және педагогикалық білімімен, жаңашылдығымен қалыптасады. Тәжірибеде дәлелденуі бойынша жоғары мамандырылған, білімін, мамандық квалификациясын жоғарлатып отыратын мұғалімдер ғана шынайы педагог бола аллады.

Педагогикалық шығармашылықтың көріну саласы педагогикалық іс-әрекеттің негізгі компоненттерінің құрылымымен анықталып, оның барлық жақтарында: жоспарлауда, ұйымдастыруда, жүзеге асырылуда, нәтижені талдауда көрінеді.

Қазіргі ғылыми әдебиетте педагогикалық шығармашылық өзгермелі жағдайларда педагогикалық міндеттерді шешу процесі ретінде қарастырылады. Әр түрлі көптеген мәселелердің шешілуіне назар аударсақ мұғалім де басқа да адамдар сияқты өз қызметін белгілі бір эвристикалық ережелерді ізденуімен жүзеге асырылады, мысалы: педагогикалық ситуацияны, берілген ақпараттар бойынша нәтижені талқылау және алынған нәтижелерді бағалау арқылы, сонымен қатар жаңа мәселені қалыптастыру арқылы. Бірақта педагогикалық қызметті тек педагогикалық мәселелерді шешумен ғана шектелмейді, ол өзінің шығармашылық қызметінде танымдық, эмоционалды-еріктік, мативациялық сияқты тұлғалық компанентерді көрсетеді.

Педагог шығармашылығы коммуникативті міндеттерді шешуде де көрінеді. В.А.Кан-Калик мұғалімнің шығармашылық әрекетінің логикалық-педагогикалоық аспектісін және субъективті-эмоционалды жағдайларымен қатар, ситуативті міндеттерді шешуде көрінетін коммуникативті іскерліктерді нақтылайды. Бұндай іскерліктердің алдыңғы қатарына өзінің психикалық және эмоционалды жағдайын басқару, әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып назарды өзіңе қарата білу жатады. Шығармашылық адамды жеке бастық іскер сапалар, яғни оның креативтілігін сипаттайтын сапалар көрсетеді .

Е.С.Громов және В.А.Моляко креативтіліктің 7 қасиетін көрсетеді: эвристикалық, фантазия, белсенділік, тұрақтылық, нақтылық, сезімдік. Педагогқа сонымен қатар инициатива, өзінділік, мақсатқа бағытталғандық, бақылампаздық, ойлауды дамыту тән.

Материалдық және рухани өндірістің салалары сияқты білім беру саласында да мамандық аралық диффренциация тенденциясы байқалады. Бұл заңды процесс педагогикалық мамандық шегінде әр түрлі іс-әрекет барысында көрінуде. Педагогикалық іс-әрекет түрлерінің жаңару процесі ең алдымен тәрбие сипатының өзгеруімен, өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс себептерімен байланысты.

Жаңа педагогикалық мамандықтардың пайда болуы білікті оқыту мен тәрбие сұранысының өсуіне байланысты болып табылады. 70-80 жылдардың өзінде-ақ тәрбие жұмысының негізгі бағыттарына байланысты мамандандыру мәселесі анық көрінді. Ал бұл мәселенің өзі оқушылардың көркем-өнер, спорт, туризм және басқа да әрекеттерін білікті басқару қажеттілігін тудырды.

Сонымен, мамандықтардың кәсіби тобы - әлеуметтік жарамды әрекеттің тұрақты түрлері бойынша біріктірілген, соңғы нәтижесі, арнайы құралдары, пәні бойынша ерекшеленетін мамандықтардың біртұтастығы.

Педагогикалық мамандық - белгілі кәсіби топ шегіндегі әрекет түрі, ол білім алу нәтижесінде игерілген білім, іскерлік, дағдылардың біртұтастығын сипаттайтын және берілетін біліктілікке сәйкес нақты кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді.Педагогикалық мамандандыру - педагогикалық мамандық шегіндегі іс-әрекеттің нақты түрі. Ол нақты еңбек түрімен және маманның нақты функциясымен байланысты.

Педагогикалық біліктілік - нақты міндеттерді шешуде маманның мүмкіндіктерімен сипатталатын кәсіби-педагогикалық даярлықтың деңгейі мен түрі .

Педагогикалық мамандықтар «Білім беру» кәсіби тобына біріктірілген. Педагогикалық мамандықтардың диффренциациясының негізі осы топ мамандары іс-әрекетінің объектісі мен мақсаты болып табылады. Педагогтардың кәсіби әрекетінің жалпы объектісі - адам, оның жеке тұлғасы. Педагог пен оның іс-әрекетінің объектісі арасындағы қатынас субъект-субъект болып құрылады. Сондықтан бұл топтың мамандықтарын дифференциациялаудың негізі өзара әрекет құралдары ретінде байқалынатын білім, ғылым, мәдениет, өнер саласы.

Мамандықтарды дифференциациялаудың тағы бір негізі - жеке тұлға дамуының жас ерекшелік кезеңдері, яғни педагог пен дамып келе жатқан жеке тұлға арасындағы нақты қатынастың болуы (мектеп жасына дейінгі, бастауыш сынып оқушысы, жеткіншек, жасөспірім, ересек, қарттық).

Мамандықтарды дифференциациялаудың келесі бір негізі - психофизикалық және әлеуметтік факторлармен байланысты жеке тұлға дамуының ерекшеліктері (есту, көрудің бұзылуы, ақыл-ойдың кешеуілдеу, девиантты мінез-құлық және т.б.).

Педагогикалық кәсіпті мамандандыру педагогикалық әрекет түрлерін көрсетуге және тәрбие жұмысының бағыттарына байланысты (еңбек, эстетикалық және т.б.).

Педагогикалық практиканы зерттеуде педагогтың іс-әрекеті әр түрлі міндеттердің тұрғаны айтылады.

Ауыл мектебі мұғалімінің еңбек жағдайына оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда кездесетін қиындықтар жатады. Ауыл мектебі мұғалімінің еңбегі мен іс-әрекетінің ерекшелігі ауылдағы қоғамдық қатынастармен, оның өмірімен және тұрғындардың іс-әрекетімен анықталады.

Ауыл мектебі мұғалімінің еңбегі мен іс-әрекетін анықтайтын факторларды екі топқа біріктіруге болады: тұрақты және өзгермелі сипатқа ие уақытша факторлар.

Факторлардың бірінші тобы ауыл шаруашылық және табиғи ортамен шарттасады, ал екінші тобы - қаламен салыстырғанда ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының артта қалуы.

Мектептің ауыл шаруашылық факторы ауыл оқушыларының оқуы мен тәрбиесін қамтамасыз ететін жағымды жағдайларды тудырады, табиғатта бақылау өткізу, сабақ пен сыныптан тыс шараларды нақты материалмен қамтамасыз ету, оқушыларды әлеуметтік жарамды еңбекке баулу, аграрлық мамандарға сыйластығын тәрбиелеу.

Ауыл мектебі мұғалімінің еңбегі мен іс-әрекетінің ерекшелігі ауыл тұрғындарының өмірі мен тұрмысына байланысты. Себебі ауылда адамдар бірін-бірі жақсы біледі, олар жоғары әлеуметтік бақылау жағдайында. Ауыл мектептеріндегі педагогикалық процесті ұйымдастыруда кездесетін қиындықтар, ол көптеген ауыл мектептерінің аз комплектілігі. Белгілі бір мамандығы жоқ мұғалімдер екі-үш пәннен қатар береді.

Сондықтан аз комплектілі мектептердегі жұмысқа арнайы универсал-мұғалімдерді даярлау қажет.

2. Педагог мамандарының кәсіби қалыптасу ерекшеліктері

Педагогтардың әлеуметтік және кәсіби позицияларының позицияларының нақты болуы педагогикалық мамандыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру міндеттері әдетте мұғалімге қойылатын талаптардың өсуімен және сапасын дамытумен байланысты. Көп жылдар бойы педагог іс-әрекетінің объектісі ретінде оқушы саналды. Ал, мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің объектісі ретінде көрінеді.

Педагог позициясы - интеллектуальды, ерік, эмоционалды-бағалы қатынастардың қоршаған ортаға, педагогикалық шындыққа, педагогикалық іс-әрекетке қатынастарының жүйесі. Ол бір жағынан, қоғам қоятын талаптардан көрінсе, екінші жағынан, белсенділік сапаларынан - педагогтың мотив, мақсат, бағалы құндылықтары, дүниеге көзқарасы, мұраты арқылы көрінеді.

Педагог позициясынан оның жеке басы, әлеуметтік бағалы сапасы, азаматтық мінез-құлқы, әрекеті көрініс береді.

Педагогтың әлеуметтік позициясы жалпы білім беретін мектепте қалыптасқан пікір, түсінік, бағалы құндылықтары жүйесінен туындайды. Кәсіби даярлық негізінде оларда педагогикалық мамандыққа, мақсатқа, педагогикалық іс-әрекет құралдарына деген мотивациялық-бағалы қатынас қалыптасады. Педагогикалық іс-әрекетке деген мотивациялық-бағалы қатынас мұғалім бағыттылығынан көрінеді.

Педагогтың әлеуметтік позициясы кәсіби позицияны да анықтайды. Педагогтың кәсіби позициясының таңдауына көптеген факторлар әсер етеді. Бірақ олардың арасында жеке тұлғаның кәсіби бағдары, дара типологиялық ерекшелік, темперамент, мінез көп әсер етеді.

Л.Б.Ительсон педагогикалық позицияларға мынадай сипаттама береді [18]. Педагог:

Егер ол талап, норма, көзқараспен т.б. ғана шектелсе, онда ол - ақпаратшы.

Егер ол бала жанын түсінуге ұмтылса, онда ол - жолдас.

Егер ол тәрбиеленушілердің санасына норма мен бағалы құндылықтарды күштеп игертсе, онда ол - диктатор.

Егер ол осторожное уговариваниені пайдаланса, онда ол - кеңесші.

Егер ол тәрбиеленушінің алдында төмендеп, одан қандай болу керектігін сұраса, онда ол - сұраушы.

Егер ол тәрбиеленушіні мақсат, идеялармен, перспективалармен қызықтырса, онда ол - вдохновитель.

Бұл позициялардың әрқайсысы тәрбиешінің жеке тұлғасына байланысты жағымды және жағымсыз әсер беруі мүмкін.

Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар жиынтығы педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық ретінде анықталады. Оның құрамында бір жағынан психологиялық, психофизиологиялық, дене даярлығы болса, екінші жағынан ғылыми-теориялық, практикалық жан-жақтылықты атауға болады.

Кәсіби даярлық мазмұны педагогикалық білім беру мақсаты ретінде профессиограммада беріледі, онда жеке бас параметрлері мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті көрсетіледі.

Қазіргі кезде мұғалімнің профессиограммасын құрастырудың бай тәжірибесі жинақталған. Бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыра алатын үш кешенді атап көрсетуге болады:

жалпы азаматтық сапа,

мұғалім мамандығын анықтайтын сапалар,

мамандық немесе пән бойынша арнайы білім, іскерлік, дағды.

Психологтар профессиограмманы құрғанда педагогикалық қабілеттерге тоқталуды ұсынады. В.А.Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативті қабілеттерді, педагогикалық шығармашылықты және зейінді бөле алу қабіліттілігін көрсетеді .

А.И.Щербаков маңызды педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, құрылымдық, перцептивті, экспрессивті, коммуникативті, ұйымдастырушылықты көрсетеді. Сонымен қатар ол мұғалімнің жеке басының психологиялық құрылымында жалпы адамзаттық сапаны, адамгершілік-психологиялық, әлеуметтік-перцептивті, дара психологиялық ерекшеліктер және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бөледі .

Практикалық іскерліктер мен дағдыларға:

жалпы педагогикалық (ақпараттық, мобилизациялық, дамытушы, бағдарлаушы),

жалпы еңбек (құрылымдық, ұйымдастырушылық, зерттеушілік),

коммуникативті (әр түрлі жастағы адамдармен қарым-қатынас),

өздігінен білім алу (білімді жүйелеу және қорытындылау, оларды педагогикалық есептерді шешуде, жаңа ақпарат қабылдағанда қолдана алу).

Мұғалімнің профессиограммасында оның жеке басының бағыттылығы маңызды орын алады. Оның бағыттылығының сипаттамасына: әлеуметтік-адамгершілік, кәсіби-педагогикалық, танымдық бағыттылығы жатады.

Педагогикалық бағыттылық негізі мұғалім мамандығына қызығушылық болып табылады. Оның өзі балаға, ата-анаға, педагогикалық іс-әрекетке дұрыс қатынасынан көрінеді. Педагогикалық атағының педагогикалық қызығушылықтан айырмашылығы, ол педагогикалық іске деген қабілеттілік.

Педагогикалық атақ (презвание) болашақ педагогтың теориялық және практикалық тәжірибесінің толықтырылу және педагогикалық қабілетін өзін-өзі бағалау процесінде қалыптасады.

Педагогикалық атақ негізіне балаларға деген сүйіспеншілік жатады. Бұл сапа мұғалімнің кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайды.

Осындай сапалар ішінен педагогикалық борыш пен жауапкершілікті атап кетуге болады. Педагогикалық борышты біле отырып, мұғалім балаларға, ересектерге көмек жасай отырып, өз-өзіне жауап береді, педагогикалық мораль кодексіне сүйенеді.

Педагогикалық борыштың жоғары түрде көрінуі мұғалімнің самоотверженность болып табылады. Еңбекке деген мотивациялық-бағалы қатынасы көрінеді бұл сапада. Мысал ретінде А.С.Макаренко мен В.А.Сухомлинский өмірі мен шығармашылығын жатқызуға болады.

Мұғалімнің әріптестерімен, ата-аналармен, балалармен өзара қатынастары педагогикалық такт мәнін түсіндіруге тырысады. Педагогикалық такт көбінесе педгогтың жеке бас сапаларынан көрінеді, атап айтқанда, мәдениетіне, еркінен, азаматтық позициясы мен кәсіби шеберлігінен. Ол мұғалім мен оқушы арасындағы дұрыс қарым-қатынастың негізі болып табылады. Педагогикалық такт, әсіресе, педагогтың бақылау-бағалы әрекетінен көрінеді, ал оның өзіне ерекше зейінділік пен шындық қажет.

Педагогикалық шындық мұғалімнің объективтілігін, адамгершілік тәрбиесінің деңгейін өлшейтін сапа.

Педагогтың кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайтын жеке бас сапасы оның беделінен көрінеді.

Жеке тұлғаның танымдық бағыттылығының деңгейінің негізі рухани қажеттіліктер мен қызығушылықта.

Жеке тұлғаның рухани және мәдени қажеттіліктері білімге деген қажеттіліктен туады. Педагогикалық өзіндік білім алудың үздіксіздігі - кәсіби дамудың қажетті жағдайы. Танымдық қызығушылықтың негізгі факторларының бірі - өз пәніне деген қызығушылық. Қазіргі мұғалім ғылымның әр түрлі саласынан хабардар болу керек, ол өз пәнін жақсы біліп, әлеуметтік-экономикалық, өндірістік, мәдени міндеттерді шешу мүмкіндіктерін білуі керек. Сонымен қатар жаңа зерттеулерді, жаңалықтарды, болжамдарды біліп, ғылымның жақын және алыс перспективаларын білуі керек.

Мұғалімнің танымдық бағыттылығының бірі ғылыми-педагогикалық ойлау мәдениеті. Оның негізгі көрінісі - ол диалектикалық бірлікте. Ол кез келген педагогикалық құбылыстың қарама-қайшылықтарынан тұрады. Педагогикалық құбылыстарға диалектикалық көзқарас мұғалімге оны процесс ретінде қабылдауға көмектесіп, жаңа мен ескінің күресі негізінде үздіксіз даму болады.

Педагогикалық әрекет мотивациясы, адам мінез-құлқы мен әрекетінің мотивациясы сияқты күрделі және аз зерттелген проблемалардың бірі болып табылады. Педагогикалық мамандық таңдау мотиві мен педагогикалық әрекет мотивациясының өзара байланысы жөніндегі арнайы зерттеулер жоқ деуге болады.

Белгілі бір мотивке байланысты педагогикалық мамандықты таңдау көбінесе оқу мотивіне байланысты болып келеді. Мотивтердің жетекші (доминантты) және ситуативті (мотив-стимул), сыртқы және ішкі болып бөлінуі болашақ мұғалімдерге оқу, ал жұмыс істейтін мұғалімдерге олардың іс-әрекетін болжау мақсатқа бағытталған ұмтылыс түрінде беріледі. Іс-әрекет мақсаты мен мотиві бұл жерде сәйкес келеді. Кейбір ситуациялар күштеп мақсатқа бағытталады, онда мақсат пен мотив сай келмейді. Бұл жағдайда педагогикалық іс-әрекет мақсатына мұғалім немқұрайды қарайды .

Бірінші ситуацияда мұғалім қатты күш-жігермен, ұмтылыспен жұмыс істеп, нәтижесін көреді, ал екіншісінде - өзін-өзі қинап, ауыр жұмыс істеп, еш нәтиже шығармайды. Бірақ педагогикалық іс-әрекет күрделі болып табылғандықтан, күші, әлеуметтік мәні, жеке бастық сипаттамасы бойынша бірнеше мотивтер арқылы пайда болады. Педагог жоғары нәтижеге жету үшін жақсы жұмыс істеуі қажет, сонымен қатар өзінің қажеттілігін де қанағаттандыру керек (әріптестерінің қуануы, моральды және материалды мадақтау және т.б.).

Педагогикалық іс-әрекеттің әлеуметтік бағалы мотивтеріне мыналар жатады: кәсіби және азаматтық борыш сезімі, балаларды тәрбиелеуге деген жауапкершілік, кәсіби функцияны адал орындау, балалармен қарым-қатынаспен қанағаттану сезімі, балаларға деген сүйіспеншілік және т.б.

Қазіргі уақытта мұғалімнің жеке басы мен іс-әрекетіне қойылатын талаптар мен педагогикалық білім беру мекемелерінің түлектерінің даярлық деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар, мұғалімдерді даярлаудың типтік жүйесі мен оның іс-әрекетінің жеке бастық-шығармашылық сипаттамасы арасындағы қайшылықтар тереңдеуде. Бұл қарама-қайшылықтар педагогикалық білімммен байланысты проблемаларды шешуді қажет етеді:

жаңа мақсат проблемасы,

білім берудің жаңа құрылымының проблемасы,

білім беру мазмұнын жаңарту проблемасы,

ұйымдастыру формалары мен әдістерін жаңарту проблемасы.

Бұл айтылған проблемалар көп деңгейлі педагогикалық білім беру жүйесін енгізудің негізі болып табылады.

Көп деңгейлі педагогикалық білім беру құрылымының мақсаты - жеке тұлға мен қоғамның мәдени-білім беру сұраныстарын білім беру мекемелерінің мүмкіндіктерін кеңейту, экономика мен еңбек нарығының өзгермелі қажеттілігін есепке ала отырып білім беру сферасында мамандарды мәдени, ғылыми, кәсіби даярлауды жоғарылату.

Көп деңгейлі педагогикалық білім беру мына міндеттерді шешуден тұрады:

жеке тұлғаға (студентке) - интеллектуалды, әлеуметтік, экономикалық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында алатын білім деңгейі мен мазмұнын өзі таңдап, кәсіби даярлауды жүзеге асыру,

қоғамға (білім беру жүйесіне, мектепке) - маманды белгілі бір біліктілік сипаттамасы бойынша қысқа мерзімде алу,

оқытушылық корпусқа (факультет, колледж, университет, институт) - ғылыми және кәсіби-педагогикалық қажеттілікті өте жоғары деңгейде жүзеге асыру.

Педагогикалық білім берудің негізін базалық жоғары білім құрайды, ол кәсіби және оқыту бағдарламаларының бірінші және екінші деңгейлері арқылы жүзеге асырылады. Олар студенттерге адам, қоғам, тарих, мәдениет туралы білімді ұсынады, таңдалған мамандығы бойынша базалық фундаментальды ғылыми даярлық алады.

Бірінші деңгейде - жалпы жоғары білім - оқытудың екі жылында оқыту және кәсіби бағдарламаларды игереді. Жалпы жоғары білім 18 айға созылады, ол орта кәсіптік білім береді. Бұндай кәсіби бағдарламаларды игергендер лаборант, мұғалім көмекшісі, тәрбиеші қызметтерін атқара алады. Одан кейін екінші деңгей басталады.

Екінші деңгейде - екі жылға арналған оқыту бағдарламасы белгілі бір бағытқа арналады. Мемлекеттік емтихан тапсырып, базалық жоғары педагогикалық білім алған студенттерге бакалавр дипломы беріледі.

Оқыту мерзімі үш жылға созылған білім беруді кәсіби даярлық бағдарламасымен байланыстыруға болады.

Толық жоғары педагогикалық білім жоғары білім базасында беріледі. Бұл деңгейдің негізгі мақсаты - шығармашылық әрекетке бағытталған педагог-зерттеушіні даярлау. Оқыту мерзімі екі жыл.

Толық жоғары педагогикалық білім алғандарға магистр дипломы беріледі.

Педагогикалық білім беруді бір-бірімен тығыз байланысты үш блокқа бөлуге болады:

жалпы мәдени;

психологиялық-педагогикалық;

пәндік.

Жалпы мәдени блок оқу мерзімінің 25%-ін құрайды, мұғалімнің дүниеге көзқарасының дамуын қамтамасыз етеді, кәсіби өзін-өзі анықтау үшін жағдай тудырады, практикалық педагогиканы игереді.

Психологиялық-педагогикалық блок оқу мерзімінің 18%-ін құрайды, педагогтың педагогикалық өзіндік санасының дамуына, шығармашылығына бағытталған. Оның өзі педагогикалық әрекетті талдауда, жобалауда, жүзеге асыруда, рефлексияда көрінеді.

Пәндік блок оқу мерзімінің 57%-ін құрайды, нақты ғылыми білім мазмұнын игеруге бағытталған блок.

Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу кез келген әрекет сияқты мотивтер мен белсенділіктің күрделі жүйесіне ие. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуінің қозғаушы күші өздігінен даму қажеттілігі. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу негізінде, педагог әрекетіндей сияқты, мақсат пен мотив арасындағы қарама-қайшылық жатыр. Мотивтің мақсатқа жылжуын қамтамасыз ету - өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі болып табылады. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеудегі мұндай қажеттілік белсенділікпен анықталады: борыш, жауапкершілік, кәсіби намыс т.б.

Психологтар өзін-өзі бағалауды қалыптастырудың екі тәсілін көрсетеді. Біріншісі, өзінің ұмтылыс деңгейін жеткен нәтижемен салыстыру, екіншісі - әлеуметтік салыстыру немесе өз пікірін айналасындағылармен салыстыру. Осы тәсілдерді қолданғанда адекватты өзін-өзі бағалау өңделеді.

Педагогтың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру тәсілі - өз нәтижесін жеке тұлға идеалымен, педагог іс-әрекетінің нәтижесімен салыстырады. Бұндай жұмыс бірінші курстан басталу қажет. Кәсіби идеалды қалыптастырудың қарапайым тәсілі - арнайы әдебиет оқу, көрнекті педагогтардың өмірі мен шығармашылығымен танысу. Мұғалімнің дұрыс қалыптасқан идеалы - оның өзін-өзі тәрбиелеу жағдайларының тиімділігі.

Өзін-өзі тәрбиелеу процесінің сыртқы факторлары:

педагогикалық ұжым,

мектепті басқару стилі,

бос уақыт.

Педагогикалық ұжымға алған келген педагог оның талаптарын, принциптерін, сындарын көріп, кәсіби идеал талаптарына үйренеді.

3. Педагогтің өзін-өзі дамуы.

Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тануына психология көмектеседі. Ол үшін әр түрлі әдістемелер бар. Кәсіби өзін-өзі тануы ерік, эмоционалды, темперамент, мінез, танымдық процестерінің ерекшеліктерін, қабылдау, ес, қиял, ойлау, сөйлнеу, зейін ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Өз-өзіне әсер беру құралдары мен тәсілдері әр түрлі. Жеке бас ерекшеліктерін және нақты жағдайларды ескере отырып әр адам оларды таңдай алады. Өзін-өзі тәрбиелеу құралдарына өзінің психикалық жағдайын басқару, яғни өзін-өзі реттеу құралдары жатады. Олар: релаксация, аутотренинг.

Мектеп бітірушілер педагогикалық жоғары оқу орнына келгенде жаңа жағдайларға тап болады, себебі оларға жоғары талаптар қояды: өз уақытын дұрыс бөлу және жоспарлау, өз жұмыс орнын ұйымдастыру, кітаппен, арнайы әдебиетпен жұмыс істеу және т.б.

Өзіндік жұмыс іскерлігі мен дағдысын игеру педагогикалық түрде дұрыс жасалған күн режиміне байланысты басталады. Оқу және оқудан тыс әрекетін дұрыс жоспарлау, демалысқа, өзіндік білім алуға уақыт қалдыру қажет.

Өздік жұмыс дағдыларын игеру және оқу еңбегін ұйымдастыру іскерлігі ойлау мәдениетін, яғни анализ бен синтездеуде, салыстыруда, классификациялауда, жалпылауда, нақтылауда көрінеді, алған білімін қолдана білуді, танымдық қызығушылық, танымдық есептерді шеше алу іскерлігі мен дағдысын, өздігінен білім алуды, ауызша және жазбаша сөйлеуді үйренуді, өз уақытын дұрыс қолдана білуді, рухани және дене күштерін дұрыс жмсауды қалыптастыруға байланысты.

Мұғалімнің кәсіби өзіндік білім алуының тиімді жолы - мектептің комплексті тақырыбының көлемінде ғылыми немесе әдістемелік өңдеу жасау болып табылады.

Ұстаздың жеке басына қойылатын талаптар.

Ұстазға қойылатын талаптардың ең негізгісін үш топқа бөліп көрсететін болсақ, олар мыналар:

1. Мұғалімнің жеке басының ізгіліктілік бағыттылығы, қоғамдық борыштылық пен жауапкершілік сезімі;

2. Кәсіптік мамандық даярлығы, терең де тиянақты жалпы ғылымдық білімі. өз пәнін, ғылымын игеруі, оныңоқыту әдістемесін, психология мен педагогиканы меңгеруі;

3. Педагогтік технологияны игеруі, кәсіптік мәденеті.

Мұғалімнің қызметіне қажетті дағдылар мен іскерліктерді төмендегідей топтастыруға болады:

- Оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін шығармашылықпен іздестіру;

- Қарым-қатынастық мәдениетті, мұғалім мен оқушы жүйесінде қажетті қатынасты қалыптастыру;

- Ұйымдастырушылық қабілет, тәрбие процесіндегі әр түрлі әрекеттерді басқару;

- Бақылаушылық, бағалаушылық: оқу-тәрбие процесі мен оқушы іс-әрекетіне, біліміне үздіксіз бақылау жасау, тексеру, бағалау.

Тәрбиешінің мәдениеттілігің көрсеткіші - әдептілігі, қоғамдық орындарда өзін сыйлап, еркін, ортаға лайықты ұстай білуі, өнегелі тәртібі, сүйкімділігі, адамдармен өзара сыйластыққа, адалдыққа негізделген қарым -қатынасы. Ондай тәрбиешіні балалар жақсы көреді,сыйлайды, құрметтейді, оған жақын жүргісі келеді, оның балалар арасында беделі де зор болады.

Тәрбиешінің дүниеге көзқарасы табиғат пен қоғамның даму заңдарын терен түсініп, тұрақты болуы үшін ол өзінің білімін үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Педагогтың алдынғы қатарлы көзқарасы оның өз ісіне сенімінен, іс-әрекетінен, принцпінен, жүргізген оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұны мен әдістерінен көрініс табады. Сенім мен идеялық көзқарас - адамның қос қанаты, азаматтық айқындамасы.

Тәрбиеші үнемі алға талпынып, жас ұрпақ тәрбиесіне белсенді араласуға, балалар арасында беделді болуға міндетті. Оның адамға, балаға деген сүйіспеншілігі мол, моральдық жағынан биік болуы, мамандығын жақсы көруі шарт. Жалпы айтқанда тәрбиешіге педогогикалық байқампаздық, бақылампаздық, зейін, ақыл-ой, ерік-жігер, шыдамдылық, ұстамдылық, шыншылдық, адалдық, қарапайымдылық, мейірімділік, ізеттілік, ізденімпаздық сияқты қасиеттер қажет. Бұл адамгершілік сапаларды игерген тәрбиеші баланың әрі қарай дамуына әсерлі ықпал етіп, мінез-құлқында өшпес із қалдырады.

Тәрбиешінің жеке басының үлгісі жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістердің бірі, өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Сол себептен де ол үнемі жинақы, таза, ұқыпты жүруге, сөйлеген сөзі мәнді ,ойлы, әдемі, салмақты келіп, асықпай, байыппен сөйлеуі керек. Бала еліктегіш болғандығына байланысты оның бәрін тез қабылдайды.

А.С.Макаренко тәрбиешінің жеке басына төмендегідей нақты талаптар қойған:

- тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып,ұйымдастыра білуі;

арнаулы білім- дағдыны меңгеруі;

баламен сөйлесе білуі;

көзқарасымен,ыммен де өз ойын түсіндіруі;

жұмысты ұйымдастыра білетін,тиісті жерінде әзілдесіп, тиісті жерінде көңілді болып, орынды жерінде ашулана да алатын болуы;

тәрбиешінің әр бір қимылы, жүріc-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім-тәрбие берерліктей болуы тиіс.

Бүгінгі таңда әрбір тәрбиешінің бойында осы қасиеттер болуы шарт. Әр адамға мынандай сұрақ туындауы мүмкін: неге біз тәрбиешінің жеке басына талаптар қойуымыз керек? Себебі жеке бастың атқаратын қызметі зор. Тәрбиешінің бала тәрбиелеуі оның жан-жақтылығын талап етеді. Себебі бала тәрбиешіден алғаш өмір нәрін алады.

Педагогтың оқушылармен қарым-қатынасының демократияшыл формалары - оқу тәрбие процесінің тиімділігінің артуына зор сетігін тигізеді. Ал ең бастысы, табысты біріккен іс-әрекетке қажетті педагог пен оқушылардың әлеуметтік-психрологиялық бірлігін құрады. Қарым-қатынас дистанциясы белгілі бір деңгейде қарым-қатынастың жағымсыз формасы қорқыту қарым-қатынасының өтпелі сатысы болып табылады.

Шығармашылық қарым-қатынаста қорқыту ықпалы мүлде нәтижесіз болып келеді. Ол өз мәнінде шығармашылық іс-әрекетті қамтитын коммуникативтік атмосфераны құрмауымен, жасауға болмайтын істерге итермелейді, біріккен шығармашылық іс-әрекетке қажетті кәсіби қарым-қатынас достастығынан айырып, белгілі бір ережелерге бағындыруға тырысады.

Балалармен жұмыста жағымды рольді әзілдеу, ойнау қарым-қатынасы атқарады. Бұл нәтижелі педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыра алмау іскерлігімен байланысты жас педагогтарға арналады. Қарым-қатынастың бұл типі балалардың шындыққа симайтын беделдерін жаулап, ашық алдын-алуға тырысады. Бұл қарым-қатынас стилінің пайда болуы бір жағынан жас педагогтың балалармен тез тіл табысуға тырысуынан, ұжымға ұнау тілегінен, ал екінші жағынан, жалпы педагогикалық және коммуникативтік мәдениеттің педагогикалық қарым-қатынса дағдылары мен іскерліктерінің, кәсіби-коммуникативтік іс-әрекет тәжірибесінің жоқтығынан туындаған. Әзілдеу қарым-қатынасы бақылау көрсеткендей мыналардың нәтижесінде туындайды.

Педагогтың алға қойған жауапты міндетін түсінбеуі;

Қарым-қатынас дағдыларының жоқтығы;

Ұжыммен қарым-қатынасқа және бір мезгілде тәрбиеленушілермен қатынасын тәртіпке келтіруге жүрексінуі.

Көріп отырғанымыздай, мұның барлығында негізгі рольді педагогтың қарым-қатынас технологиясын білмеуімен қарым-қатынасқа қажетті қабылдаулардың жоқтығы себеп болып отыр. Қарым-қатынас стильдерінің бұл түрлері яғни қорқыту, әзілдесу, дистанция педагогта кәсіби қарым-қатынас дағдыларының жоқтығымен қоса педагогикалық процесті күрделендіріп және тиімділігін төмендетуде өте қауіпті. Қарым-қатынас стилі ұжымда эмоционалды, жағымды, табысты атмосфераның қалыптасуына әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей балалар өзара қатынастың мәнді болуына себеп болатын құралдарымызға жоғары адамгершілік - психологиялық талаптар қоятыны анықталды. Міне сондықтан да қарым-қатынас стильдерінің достыққа психологиялық жайлылықтың сезілуіне, іс-әрекетте түрткі болуға негізделуі осыдан.

Кәсіби- педагогикалық қарым-қатынастың индивидуалды стилі.

Кәсіби- педагогикалық қарым-қатынастың негіздерін меңгеру міндетті түрде индивидуалды- шығармашылық деңгейде жүруі тиіс.

Біз бөліп көрсетіп отырған кәсіби- педагогикалық қарым-қатынастың барлық компоненттері әрбір педагогтың іс-әрекетінде қайталанбайтын және өзгеше түрде көрінеді. Міне, жас педагогтардың маңызды міндеті- өзіне тән индивидуалды қарым-қатынас стилін іздеу болып табылуы осыдан.

Кәсіби педагогикалық қарым-қатынастың индивидуалды стилін педагог іс-әрекетінде дамыта отырып, өзінің шығармашылық даралығын, психофизикалық аппаратының ерекшеліктерін көрсетуі тиіс және сол арқылы балаларда оның жеке тұлға ретіндегі «трансляциясы» қалыптасады. Сонан кейінгі кезекте өзінің коммуникативтік процесінің балалардың индивидуалды- типолгиялық ерекшеліктеріне сәйкес келу, келмеуіне назар аударуы керек.

Кәсіби педагогикалық қарым-қатынастың көпжоспарлығы мен көпаспектілігі- педагогикалық жұмыс үрдісінде әртүрлі көрінуін болжайды. Бұл педагогтың жұмысындағы қарым-қатынас мен бос уақытындағы қарым-қатынасының әртүрлі болатындығы жөнінде айтылып отыр.

Кәсіби педагогикалық қарым-қатынастың индивидуалды стилін өзіңдік етіп, құралдар бірлігін қолдана отырып мұқият зерттеу және қалыптастыру қажет.

Мұндай жағдайда әртүрлі аймақтағы қарым-қатынасқа қажетті тәжірбие, қарым-қатынас дағдыларының бекітілуі, педагогтың коммуникативтік мәдениетінің толығымен жүзеге асуы қорытыла бастайды.

Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас стильдер әңгімесін аяқтай отырып, педагогтың қарым-қатынасының индивидуалды стилінен басқа, әрбір ұйымдасқан ұжымда қарым-қатынастың жалпы стилі болтынын айта кетуіміз керек. Қарым-қатынастың жалпы стилі - жалпы психологиялық атмосфераны анықтап, қалыптастыра отырып, педагогтың кәсіби қатынасының индивидуалды стиліне ықпалын тигізеді. Мұнымен біз жай қарым-қатынас технологиясы ретінде емес, оның адамгершілік атмосферасына байланыстылығына көңіл бөлуіміз керек. Яғни ұжымда сыпайлық, ізденушілік, шығармашылық, әдептілік, өнегелік сияқты қасиеттердің орын алуы өте маңызды.

Дұрыс таңдап алынған кәсіби қарым-қатынас стилі, яғни соның ішінде жалпы және индивидуалды стильдер көптеген алға қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады:

Біріншіден, педагогтың жеке тұлғасында педагогикалық ықпал жасау тұрақты болады, аудиториямен қарым-қатынасы жақсарады.

Екіншіден, өзара қатынасты тәртіпке келтіру жүйелі жеңілдейді.

Үшіншіден, кәсіби педагогикалық қарым-қатынастың маңызды функциясы - ақпарат беру тиімділігі арта түседі және мұның бәрі коммуникатор мен реципиенттің жағымды фонында барлық қарым-қатынас сатыларында өтеді.

3. Ұстаздың педагогикалық әрекетінің нәтижелілігі, негізінен оның оқушылармен қарым-қатынас жасауына байланысты. Ұстаз бен оқушылардың қарым-қатынасын қарастырғанда белгілі қиындықтар кездеседі. Олар екі түрмен айқындалады:

1) ұстаз оқушылардың алдында әлеуметік рөлдердің айғағы ретінде;

2) ұстаз психологиялық ерекшеліктері бар жеке адам ретінде көрінеді.

Американ психологы К.Роджерстің көзқарасы бойынша, ұстазға тән алты бағытты ұсынды:

1. Гуманистік бағыт - ұстаз оқушылардың мұқтаждығы мен қажеттілігіне кңіл аударады.

2. Эгоцентрлік (өзімшілдік) бағыт - ұстаз тек өзіне, өзінің қызығуына, қажеттілігіне назар аударады.

3. Бюрократтық (төрешілдік) бағыт - ұстаз әкімшіліктің нұсқауларын, жоғарыдан келген документтерді өзіне бағыт ееді.

4. Конформистік бағыт - ұстаз ұжым өмірімен, өзінің әріптестерімен қатынас жасауға негізделген.

5. Авторитеттік (беделді) бағыт - ұстаз оқушылардың ата-аналарына, олардың қоғамдағы орнына сүйенеді.

6. Когнитивтік бағыт - ұстаз өзі беретін пәннің мазмұнына сүйенеді.

Ұстаздың оқушылармен қарым-қатынас орнату түрлері:

тұрақты - жағымды түрі. Бұл бір қалыпты, тұрақты, шын жүректі қатынаспен сипатталады.

пассивті - жағымды түрі. Мұндай түрдегі қатынаста жағымды эмоциялық бағыт ашық көрініс бермейді. Мұғалім салқын, ресми қарым-қатынас жасайды.

Тұрақсыз түрі - бұл түрдегі қатынаста мұғалім жалпы эмоциялық жағымды бағытты сақтай отырып, жағдайға байланысты қарым-қатынас жасайды.

Активті жағымсыз түрі. Мұғалім балаларды жақтырмайтын қатынаспен ерекшеленеді. өзін жоғары көрсете біледі. Психологиялық бөгеу пайда болады. Балалар одан әрдайым қорғануға тырысады.

Пассивті жағымсыз түрі - бұл түрдегі қатынас жасырын, жағымсыз бағытпен сипатталады.

Педагогикалық такт дегеніміз - мұғалімнің тәрбие беру процесінде балалардың көңіл-күйін, жан дүниесін, мінез құлықтары мен психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін терең қолдана білудің негізінде пақтылы жағдайлардың талабына сәйкес қолданатын әдіс-тәсілдердің қосындысын айтамыз. Әрине педагогикалық такт болмайынша, мұғалім өз пәнін қанша терең білгенімен тіпті әртүрлі әдіс-тәсілдерді меңгергенімен өзінің алдына қойған жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беру мақсатына жете алмайды.



4.Мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсерін зерттеу жұмысы

Теориялық және практикалық зерттеулер педагогикалық іс-әрекеттегі қиыншылықтардың басым көпшілігі оқытушылардың ғылыми немесе әдіснамалық дайындығының жеткіліксіздігінен емес, педагогикалық қарым-қатынас саласындағы деформациямен байланысты екендігін көрсетеді. Қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру осы мәселені шешу жолдарының бірі болып табылады.

Көптеген ғалымдардың (Г.А. Ковалев, Л.А. Петровская, Б.Ф. Ломов, В.Н. Мясищев) еңбектерінде педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық іс-әрекеттің түрі ретінде қарастырылады. Тұтас педагогикалық үдерістің (З.Ж. Жанабаев, М.С. Молдабекова), өзара қатынас мәселесінің (Р.Г. Баранцев, Е.Н.Князева, М.А. Весна, т.б.) синергетикалық тұрғыдан қарастырылуы ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың дамытушылық функциясымен тығыз байланысты шығармашылық әлеуетінің зор екендігін айқындауға мүмкіндік береді.

Қарым-қатынас деп аталатын процесс - аса кең және сиымды түсінік. Бұл саналы және саналанбаған вербалды байланыс, ақпарат алу мен беру, оның өзі барлық жерде және үнемі байқалып отырылады. «Әлемнің кең алқабында коммуникация алып аспан денелерін бір-бірімен байланыстырады деген жорамал бар және Лермонтовтың «жұлдыз жұлдызбен тілдеседі» деген метафорасы осылайша жаңа күтпеген мағынаға ие болады» .

Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар карым-қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынасты анықтамас бұрын, алдымен қарым-қатынасты жалпы феномен ретінде сипаттаушыларды қарап шығайық.

Сөз, сөйлеу, елдің алдына шығып сөйлеу, сөйлеушінің тыңдаушыға әсер ету өнері, екі ғасырдан астам байырғы тарихқа ие екені белгілі. Осы проблеманың көптеген маңызды сұрақтарын, жалпы түрде, тіпті Цицеронның өзі қойып, қарастырған. Дәл осы Цицерон сөйлеушінің негізгі коммуникативтік міндеттерін (оларды қазір солай атайды) анықтайды: «не айту керек, қай жерде айту керек және қалай айту керек». Осы міндеттердің әрқайсысын қарастыра отырып, Цицерон сөйлеудің орындылығы сияқты сапасын атайды, себебі «небір лауазым, небір шен, небір абырой, небір жас, небір орынды тіпті санамағанда, уақыт пен жұртшылық барлық жағдайлар үшін бір ғана ойлар мен лебіздер түрін ұстануға жол береді» .

Біздің заманымызда бұл қарым-қатынастың негізгі ережелерінің бірі - сөйлеудің формасы мен мазмұнының нақты аудитория ерекшелігіне тәуелділік ережесі. Шешеннің үш міндетті - «не, қайда және қалай сөйлеуді» сақтауының негізінде, Цицерон шешендер түрлерін анықтаған, кімнің сөзі «орынды болса», сол шырқау шегіне жеткен шешен болған.

Сонымен бірге, қарым-қатынас - XX жүз жылдықтың проблемасы. Өйткені, егер Көне Греция мен Көне Римде шешендік өнер риторика, эвристика және диалектика шеңберінде зерттелінсе, ал біздің уақытымызда тілдік қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынас, бірқатар басқа ғылымдар көзқарасы тұрғысынан зерттеледі: философия, әлеуметтану, социолингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика және педагогикалық психология, олардың әрқайсысы осы жалпы кешендік проблеманың қандай да бір қырын қарастырады.

Тілдік қарым-қатынас бүкіл дүние жүзінде кеңінен зерттелінеді. АҚШ-тың өзінде ғана осы проблемамен ондаған мың ғылыми қызметкерлер айналысатынын айту жеткілікті. Қарым-қатынасты зерттейтін арнайы орталықтар құрылған (мысалы, Карнеги орталығы). Соның өзінде, осы уақытқа дейін «қарым-қатынас» түсінігінің өзін, оның салаларын, механизмдерін түсіндіруде бірлік жоқ. Әрине, зерттеушілердің түрліше, түрлі көзқарас бойынша осы процеске түсініктеме беруі, оның түрлі моделін жасаулары, оны зерттеуде коммуникативтік-ақпараттық, интерактивтік, іс-әрекеттік, т.б. түрлі келістерді ұсынулары орынды. Қарым-катынас іс-әрекеттік келісі тұрғысынан бұл - бірлескен іс-әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды, өзара әрекеттің, басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс орнату мен оны дамытудың күрделі, көп жақты процесі. Қарым-қатынастың мұндай түсіндірмесі келесі әдіснамалық жағдайларға сүйенеді.

Біріншіден, ол қоғамдық, тауар-ақша және тұлғааралық қатынастардың ажырамастығын мойындаудан туындайды да, олардың құралдары немесе өзара әрекеттесу құралы ретінде «... тіл және ақша» болады .Бұл - бір жағынан, қарым-қатынастың өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып кеткендігін білдірсе, екінші жағынан, осы қатынастардың сипаты мен мазмұнының қарым-қатынастың өзінен көрініс табуын білдіреді. Бұл жерде, осы вербалды қарым-қатынастың күрделілігі мен кемеліне жеткендігі оны келесі форма түрінде қарастыруға мүмкіндік береді, «мұнда қарым-қатынас процесінің жалпы заңдылықтары зерттеуге неғұрлым жеңіл, неғұрлым жалаң және неғұрлым оған тән түрінде беріледі

Екіншіден, бұл процесті осылайша түсіну қарым-қатынас пен іс-әрекет бірлігіне негізделеді, ол «қарым-қатынастың кез-келген формалары бұл адамдардың бірлескен іс-әрекетінің ерекше формалары» деп ұйғарады. Берілген жағдай педагогикалық процесс үшін ерекше болып табылатын қарым-қатынасты субьектілердің бірлескен оқу іс-әрекетінің формасы ретінде санауға мүмкіндік береді.

Іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі жайлы пікір, сонымен бірге, осы құбылыстар байланысының сипатын түсіндірулерінің біржақтылығын ұйғармайды. Олар адамның әлеуметтік болмысы жағынан (Б.Ф. Ломов), қарым-қатынас іс-әрекет түрі сияқты тек (род) - түр (вид) қатынасында болатын құбылыс ретінде қарастырылуы мүмкін (яғни, Г.П. Щедровицкий, А.А. Леонтьев, В.В. Рыжов, Г.В. Гусев және т.б.). Соңғы жағдайда ол қандай іс-әрекет, даралық па әлде ұжымдық па деген сұрақ туындайды. Біз іс-әрекеттің екі формасы да мүмкін дегенді негізге аламыз, бірақ қарым-қатынастың өзі іс-әрекет емес, ол қоғамдық-еңбектік катынаста әр түрлі іс-әрекетпен айналысатын адамдардың өзара әрекеттесу формалары болып табылады. Мұндай түсіндірме Б.Ф. Ломовтың жалпы позициясымен сәйкес келеді, бұл позиция бойынша қарым-қатынас - «бір-бірімен қатарлас (симметриялы) дамушы іс-әрекеттердің бірінің үстіне бірі қосылуы, жапсырылуы емес, ол оған серіктестер ретінде қатысушы субьектілердің өзара әрекеті» . Алайда, түсіндірмелердегі айырмашылық мынада: Б.Ф. Ломов үшін қарым-қатынастың өзі өзара әрекеттесу болса, оқулықта келтірілген анықтама бойынша қарым-қатынас оның формасы болып табылады.

Педагогикалық іс-әрекет әлеуметтік маңызды іс-әрекеттердің маңызды бір түрі. Бұл іс-әрекет түрі құрылымы жағынан күрделі жүйені құрайтын іс-әрекет болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы үш бөліктен құралады: конструктивті, ұйымдастырушылық, коммуникативті іс-әрекеттер.

Педагогтың конструктивті іс-әрекеті педагогикалық іс-әрекеттің жобаларын, жоспарларын құрастыру тұрінде жүзеге асады. Конструктивті сі-әрекет конструктивті-мазмұндық, конструктивті-оперативті, конструктивті-материалдық іс-әрекеттерден құралады. Конструктивті мазмұндық іс-әрекет оқу материалын таңдау, педагогикалық іс-әрекетті жоспарлау, сабақ, тәрбиелік шара жоспарын әзірлеу сияқты

іс-әрекеттерден құралады.

Конструктивті-оперативті іс-әрекет педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерін жомпарлау, қолданылатын әдіс-тәсілдері таңдап, оларды құрастыру түрінде жүзеге асады.

Конструкивті-материалдық іс-әрекет педагогикалық іс-әрекетке қажетті материалдық техникалық базаны құрастыру, ұйымдастыр түрінде іске асады. Яғни мұғалім сабағына қажетті техникалық, көрнекілік құралдарды әр түрлі жабдықтарды анықтайды. Констриуктивті іс-әрекет мұғалім жұмысының жүйелі әрі нәтижелі болуының кепілі деп айтуға болады. Мұғалім өзінің және оқушылардың іс-әрекетін дұрыс жоспарлай алса, ол нәтижелі жұмыс жасауына ықпал етеді.

Педагогтың ұйымдастырушылық іс-әрекеті конструкитивті іс-әрекеттің жалғасы деп айтуға болады. Мұғалім өзі құрастырып, өзі жоспарлаған іс-әрекеттеріннақты іс-жүзінде жүзеге асарады. Оқушыларды білі алу процесіне, тәрбиелеу процесіне ұйымдастырады. Олардың жүйклі білім алуын, олардың таным процестерін басқарады. Оқушылардың сабақтаны тыс әрекеттерін, әр түрлі тәрбиелік шараларды, балалар ұжымының іс-әрекетін, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты іс-әрекеттерін және т.б. шараларды ұйымдастырады. Бұл педагогикалық іс-әрекет құрылымындағы маңызды іс-әрекеттердің бірі болып табылады.

Педагогтың коммуникативті іс-әрекеті педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатуға бағыттылған іс-әрекеті. Мұғалім оқушылармен, мұғалімдер ұжымымен, ата-налармен тиімді қарым-қатынас орнатаалуы керек. Коммуникативті іскерлік мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіндегі маңызды құралы деп айтуға болады. Мұғалім өзінің сөзі арқылы оқушыға білім беріп, оның тәрбиесін ұйымдастырады. Сондықтан да жақсы мұғалім болуы үшін педагогикалық қарым-қатынас құпияларын меңгеру маңызды болып табылады.

Бұл аталған педагогикалық іс-әрекеттің құрылымдары өзара байланыстылықта, тұтастықта, бір жүйеде жүзеге асады. Оларды жеке-жеке алып қарағанмен, олар өзара тығыз байланыстылықта жүзеге асатын іс-әрекеттер.

Өзара әрекеттесу формасы, адамның қоршаған ортамен, басқа адамдармен өзара әрекеттесуінің үш жоспарының бірі ретіндегі адамдар іс-әрекетінің қоғамдық коммуникативтік аясында пайдаланатын құалдарына тәуелді. Адамзаттың іс-әрекетінің аясы, ең алдымен, адамның өмірлік іс-әрекетінің мақсаттарының бағыттылығының өзгеруіне байланысты жіктелінеді. Мысалы, өзі өзі үшін, өзінен тыс нәрсені басқалар үшін және өзі үшін жасау, жарату сияқты адамның іс-әрекетінің негізгі мақсаттарының ішінде мақсаттардың үш тобы бөлінуі мүмкін: материалдық және рухани мәдениет өнімдерін жарату; білімдерді қабылдау, жинақтау, меңгеру және ой алмасу, мақсаттардың алғашқы екі тобын қарым-қатынастағы рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жүзеге асыру. Осыған сәйкес, шартты түрде іс-әрекеттің өзара байланысты және өзара шартталған үш саласын реттеуге болады: қоғамдык-өндірістік (еңбек), танымдық (танып білу) және қоғамдық-коммуникативтік (қарым-катынас). Іс-әрекеттің осындай формаларын Б.Г. Ананьев оған субъект құрылымы тұрғысынан келу негізінде бөлгені маңызды. Бұл келіс бойынша, адамда еңбек, таным мен қарым-қатынас субъектілері қасиеттерінің үйлесуі адамның жалпы іс-әрекет субьектісі және тұлға ретінде ұйымдасуын анықтайды.

Іс-әрекеттікпен қатар басқа да келістер бар. Мысалы, вербалды қарым-қатынасқа деген келістердің бірі байланыс теориясы мен ақпараттар теориясымен ара қатынаста және өз көрінісін Ч. Осгуд, Дж. Миллер, Д. Бродбенттің жалпы психология бойынша еңбектерінен, Г.Гебнердің, Д. Берлоның және т.б. коммуникация бойынша жұмыстарынан табады. Бұл келіс Г. Лассвелдің, қарым-қатынасты зерттеу міндеттерін «кім, нені, қай арна бойынша, кімге, қандай әсермен берді» формуласымен анықтаған еңбектеріне дейін өрлей отырып, негізінен, ақпарат алудың (қабылдаудың) психологиялық ерекшеліктерін, коммуникатор мен аудиторияның сипаттамаларын, қарым-қатынас шарттарын, құралдарын және т.б. зерттеуге бағытталған. Коммуникация модельдерінде оларды зерттеу компоненттері (жалпы түрде: бастау - хабар - арна - алушы) мен аймақтары қарастырылады (коммуникатор мен аудитория ерекшеліктері, жағдайлары, ситуациялар, құралдары және т.б., қарым-қатынастың тілдік құрылымы, ұйымдасуы және стилі, оның мәндік және семантикалық мазмұны т.т.). эксперименталды зерттеулерден алынған қорытындылар негізінде аудитория реакцияларының әсерлері мен формаларына қатысты, яғни кері байланыс әсеріне, аудиторияның өзінің сипатына және де коммуникацияның реципиенттерінің әлеуметтік ұстанымдар жүйесіне, мысалы олардың конвергенциясына әсер ету аймағына қатысты. «Ақпарат», «жүйе», «кері байланыс» түсініктері осы келісте орталық түсініктер болып табылады.

Жүйелік-коммуникативтік-ақпараттық келіс, ақпараттарды байланыс арналарымен беру жағдайында психикалық процестер барысының өзгешелігін есепке алу негізінде коммуникация тиімділігінің критерийлерін, жағдайларын және тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жерде жүйе ретінде өзара әрекеттесуші субъектілер түсінігі нақтыланады. Ю.А. Шерковиннің көрсетуінше, жүйелерді коммуникациялық тізбекке біріктіру кезінің өзінде ол олардың күйлерінің тәуелділігін білдіреді. Бұл жағдайда функционалды келісімделген жүйелер - коммуникатор психикасы мен реципиент психикасы (немесе реципиенттердің) өзара әрекеттеседі. «Коммуникация арқасында осындай жүйелер бірдей күйде болып және әрекеттене алады - эмоционалдық қозу немесе салмақты байыптылық, мазасыз сенімсіздік немесе біліміне сенімділік күйлері. Олар бағыттылығы мен қарқындылығы бойынша ұқсас ұстанымға ие болуға, ойлау материалы ретінде ұқсас таптаурындарды пайдалануға қабілетті» Осы жағдай педагогикалық қарым-қатынасты сипаттау үшін едәуір маңызды.

Коммуникацияның екі жағы ретінде, оның субъектілерінің интерпсихологиялық өзара әрекеттесулерінің ішінде тілдік хабарды қабылдау мен өндірудің осы жүйелердің әрқайсысының ішінде, күрделі интрапсихологиялық өзара әрекеттесу болады. Коммуникативтік келіс, бүгінгі күнгі педагогика қолданатын педагогикалық өзара әрекеттесу схемасын, оған енетін буындардың бүкіл алуан түрлілігімен (бастау, ситуация, байланыс арнасы, кері байланыс, т.б.) көрнекті көрсетуге мүмкіндік береді. Бірақ берілген келіс бойынша осы өзара әрекеттесудің ішкі табиғатын, оның объектілерінің екі жақты белсенділік сипатын және т.б. ашпайды. Осы табиғатты ашу үшін сөйлеуші мен тыңдаушы байлансы сын орнататын ғана емес, сонымен бірге оның психологиялық механизмдерінде анықтай алатын келіс қажет.

Қарым-қатынас мәнін анықтау үшін, соңғы он жылдарда дамытылған, оның функционалдық және деңгейлік ұйымдасуы жайлы ұсынулар маңызды болып шықты (Б.Д. Парыгин, Г.М. Андреева, А.А. Бодалев, А.А. Брудный, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, Л.А. Карпенко, В.Н. Панферов, Е.Ф. Тарасов, Я. Яноушек және т.б.). мысалға, қарым-қатынасты «мазмұны бірлескен іс-әрекет үшін қолайлы түрлі қатынастар көмегімен ақпарат алмасу мен өзара түсіну болып келетін адамдардың өзара әрекеттесуі» ретінде анықтай отырып, В.Н. Панферов қарым-қатынастың төрт сәтін бөлген: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас және осыған сәйкес қарым-қатынасты зерттеуде төрт келісті ұйғарады: коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық (танымдық) және реттеуші. Б.Ф. Ломов қарым-қатынастың үш жағын (функцияларын) сипаттайды: ақпараттық-коммуникативтік, реттеуші-коммуникативтік және аффективтік-коммуникативтік және де өзіндік коммуникативтік компоненттің хабарды алу мен беру ретінде, мінез-құлықты реттеу мен қабылдаудың, бастан кешірулердің болуы ретінде, яғни аффективті компонент ретінде міндеттілігін атап көрсетеді. Қарым-қатынас субъектілері өзіндік функционалды жүктемені алып жүреді және бұрыннан бері қарым-қатынастың түрлі функцияларын жүзеге асырушылар ретінде қарастырылады. Мысалға, А.А. Брудный бойынша, коммуникацияда (қарым-қатынаста) үш бастапқы функциялар: активациялық - әрекетке түрткілеу; интердиктивті - тыйым салу, тежеу («болады-болмайды»); дестабилизациялаушы - қоқан-лоққы, қорлау, т.б. және де қарым қатынастың төрт негізгі функциялары бөлінуі мүмкін: инструменталды - іс-әрекеті қарым-қатынас жолымен үйлестіру; синдикативті - қауымдастықты, топты жасау; трансляциялық. Соңғысы педагогикалық қарым-қатынас үшін ерекше қызықты, себебі «бұл функция оқыту негізінде жатыр: қарым-қатынас арқылы тұлға оқытылуы жүзеге асады, мемлекет тарапынан институционалдық, санкцияланған және ұйымдастырылған да, қайталана беретін адамдармен контакт процесінде болатын, берілген кісіге өз білімдері мен дағдыларын беруге қабілетті, өзіндік даралық, формалды емес те.

Қарым-қатынас функциясының неғұрлым жете талдауы контакттілік, ақпараттык, түрткі болушы, үйлестіруші, түсіну функциясын, қатынастар орнатудың эмотивті функцияларын және әсер ету функцияларын саралап жіктеуге мүмкіндік береді (Л.А. Карпенко).

Қарым-қатынасты, қалай дегенмен де, бір-бірімен психологиялық қатынаста байланысқан адамдар арасындағы мақсатты, тура немесе қайсы бір құралдармен жанамаланған контакт орнату және қолдау процесі ретінде анықтай отырып, А.А. Леонтьев оның келесі сипаттамаларын бөледі: контактілік, бағдарланғандық, бағыттылық, арнайы семиотикалық пен процестің психологиялық динамикасы.

Соңғы редакцияда олар, А.А. Леонтьев бойынша, арнайы семиотикалық және жанамалылық дәрежесі, қарым-қатынас бағдары мен психологиялық динамикасы ретінде анықталған. Бұл жерде бұрынырақ аталған сипаттамалардың кейбіреуін ол жаңа мазмұнға толтырады. Мысалға, бағыттылықтың екі жақты табиғаты белгіленеді: адамдардың өзара әрекеттесу ерекшеліктерін өзгертуге және олардың өздерінің өзгеруіне бағыттылық.

Білім беруді модернизациялаудың стратегиялық мақсаты әрбір адамның ғұмыр бойы білім алуына немесе білімін толықтыруына нақты мүмкіндіктер туғызатын жаңа білім беру жүйесін құру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында бекітілген қосымша білім беру ұғымы (шетелдік аналогтары: extra, additive, complementari) педагог пен оқушының арасында серіктестік қарым-қатынастың дамуына мүмкіндік беретін білім берудің ерекше түрін білдіреді. Либералдық, прогрессивтік, бихевиористік, радикалды, когнитивті, гуманистік философиялық мектептер мен бағыттар ықпалымен дамыған ересектерге қосымша білім беру үдерісі ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап әлеуметтік, экономикалық функцияларды ғана емес, тұлғаны дамыту функциясын орындайтын білім беру қызметін көрсету саласына айналып келеді.

Педагогикалық қарым-қатынас субъектілері - адамдардың жоғарыда қарастырылған жас, тұлғалық ерекшеліктерімен, өмірлік тәжірибесімен, ұстанымдарымен сәйкес ерекше сипатқа ие педагогикалық қарым-қатынастыұйымдастыру міндеті оқытушының кәсіби, әлеуметтік, психологиялық мәдениетінің жоғары болуын ғана емес, тұлғалық кемелденуін де талап етеді.

Педагогикалық, психологиялық зерттеулерде (В.А.Кан-Калик, Г.А. Ковалев т.б.) педагогикалық қарым-қатынас тұлғаның қалыптасуы онсыз жүзеге аспайтын тұтас категория ретінде қарастырылады.

Педагогикалық iс-әрекет, бiр қатар iс-әрекеттер iшiндегi күрделi ұйымдасқан жүйе болып есептеледi. Бiрiншi - оқыту барысындағы мұғалiмнiң iс - әрекетi. Сабақ берушi педагог жалпы қызметтер мен мағыналардың iшiнен өзiне қатысты қызметтердi ғана атқаруы тиiс. Келесi iс-әрекеттер бiрiншi iс - әрекеттерге рефлекстiк қосымша ретiнде келедi, яғни оған қызмет жасайды. Екiншi - оқытудың тиiмдi амалдары мен құралдарын және оқытудың процедураларын теңдестiргендегi оқыту тәжiрбиесiнiң жалпылама iс-әрекетi - оқытудың амалдары мен әдiстерiн құрастыратын методист iс - әрекетi осындай. Үшiншi iс -әрекеттiң методикалығы, бiрақ ол оқу құралдары мен оқу сабақтарын құрастыруға бағытталған. Төртiншi iс - әрекет оқыту сабақтарын бiр тұтас жүйеге сабақтастырудан тұрады - оқу бағдарламаларын құрастыру бағдарламалау iс - әрекетi. Мұндай бағдарламалауды жүзеге асыру үшiн, оқытудың мақсатын бiлу қажет, бiрақта оқытудың бағдарламаларын құру барысында мақсаттың кейбiр жалпы бөлiктерiне бағытталады. Мұндай мақсаттар ертерек саясаткерлермен мәдени қызметкерлермен қалыптасқан, бiрақ педагогтармен емес. Қазiргi заманның әлеуметтiк мәдени жағдайы және және мiндерi мен оқыту мақсатын жобалау және бинелеу мен педагог - методолог, педагог айналысуы қажет деген талаптар қояды. Бұл өте қажет, өйткенi, бiрiншiден қазiргi өндiрiстiк iс тәжiрбиелiк қызымет жиi белгiлi бiр мақсатты, мiндеттердi қояды, оларды тек арнайы дайындалған адамдар шеше алуы мүмкiн. Екiншiден, қазiргi әдiснамалық ойлау оқыту процестерiн тиiмдi жобалауы мүмкiн, бiрақ ол тапсырыс берушiден нақты және анықталған мақсаттар талап етедi. Үшiншiден қазiргi технологиялық қоғам тез және қарқынды дамуда және оқыту жүйесiне де сондай талаптар қояды, яғни қоғамға қажеттi адмның қасиеттерiн жүйелi және тез бейнелеудi, қадағалауды және оқу бағдарламаларын шұғыл жобалауды талап етедi. Кең мағынада мұндай теологиялық ойлаудың нәтижесi адам жобасы болып табылады, ал тар мағынада- маман жобасы, яғни болашақ адамның бойында болуға қажеттi интелектуалды қызметтер, бiлiм, қабiлеттер жиынтығын бейнелеуi қажет. Оқыту оқушы мен оқытушы арасындағы белсендi керi байланыс процесi оның нәтижесiнде оқушы да оның өзiндiк белсендiлiгiнiң негiзiнде белгiлi бiр бiлiмдер және бiлiктер қалыптасады.

Адамның iс- әрекетке қабiлеттiлiгiн қалыптастыру үшiн оқытудың функциясы белгiлi және заттық құралдарға максималды бейiмделуден тұрады. Оқытудың ең қарапайым түрi оқушымен, оқытушының қарым- қатынасынан тұрады, мұғалiм, оқушы iс-әрекетiн дұрыс немесе дұрыс емес етiп бағалайды. Бұл жағдайда оқыту процесiн бөлшектенетiнi көрiнедi. Оқыту жүйесiнiң дамуы iс- әрекеттiң күрделi түрлерiнiң бөлiнуiнен тұрады. Бiрақ та мұндай даму iс- әрекеттiң қиын талдауын және оның элементтерiн бөлумен түсiндiрiледi. Тапсырма, iс- әрекеттiң кәсiби қиын түрiн, жәй элементтердi бөлуден тұрады. Сөйтiп педагогикалық рефлекстiң бiрiншi принципi элементарлық iс-әрекеттi және оларды транцляциялау. Бiрақ та бұл әрқашан да жеткiлiксiз, жәй элементтердiң iс- әрекетiн аяғына дейiн бөлiп қою мүмкiн емес, өйткенi iс- әрекетте қиын байланыстар мен қарым- қатынастар бар. Сндықтан да негiзгi элементтер мен қиын iс- әрекеттi құрауға мүмкiндiк беретiн және белгi құралдары мен жобаларынан тұратын екiншi принциптерi көрсетiледi. Бұл белгi құралдары iс- әрекеттi жобалау және бейнелеу құралдары болып табылады. Басқа жағынан, оқу процесiнiң iс жүргiзу технологиясы оқу жүйесiнiң қызметiн, оқу жағдайының бiр iздiлiгi ретiнде көрiнедi. Бұл жағдайлар келесi образбен теңестiрiледi. Бұрынғы жағдайлар келесiлерге амалдарды көрсетедi. Сондықтан бiлiм жүйесi технологиялық процестiң үзiлмелi құралы ретiнде құрылады және соңында бiлiмдi, қоғамға қажеттi әлеуметтiк- мәдени қабiлеттердi тұтас меңгерген адам болып шығады. Сондықтан, бiлiм жүйесiн методологиялық тiлi, жүйе ретiнде бейнеленуi мүмкiн. Бұл жүйе оқытудың қиын iс-әрекет жағдайы мен оқытудың жәй қызметiнен - қиын қызыметiне өту iс-әрекетiнiң берiлген шарттары мен тапсырмалары арқылы қанағаттануы.

Педагогикалық белсендiлiктi былай қарастыруға болады; 1) басқару қызметi ретiнде (оқу iс-әрекетiн басқару құралы ретiнде) 2) ұйымдық сана мен оқушының санасын түсiну ретiнде педагогтың жұмысындағы маңызды жағдай оқушының жағдайын түсiну және қарым - қатынас болып табылады. Түсiну оқушының iшкi көзқарасын жүйелiк қалыптасуға, басқа адамның iшкi жандүниесiн түсiнуге мүмкiндiк бередi. Басқа жағынан педагог өзiн түсiнуге және өзiнiң көзқарасы бойынша оқушыға маңызды бiр нәрсенi жеткiзу бiрақ та түсiну тiкелей берiлмейдi, оны тек қана өзiнiң жеке тәжiрибесiн ұғыну арқылы беруге болады. Сөйтiп педагогикалық акт, коммуникативтi диагностикалық акт болып табылады.

Тұлғааралық қарым-қатынастың аналитикалық моделі негізінде біз ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың перцептивтік, коммуникативтік, интерактивтік компоненттерден және олардың әрқайсысын айғақтайтын өлшемдер мен көрсеткіштерден түзілетін құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Перцептивтік компонент педагогикалық қарым-қатынас субъектілерінің өзара түсінісуінің негіздемесі ретінде бір-бірінің психологиялық бейнесін қалыптастыра отырып, бірін-бірі тану, қабылдау үдерісі болып табылады. Коммуникативтік компонент вербалды, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын қолдана білуді білдіреді. Коммуникативтік техникаларды ұтымды қолдана білу арқылы ақпарат «жүрісі» ғана орындалып қалмайды, педагогикалық қарым-қатынас субъектілері арасында өзара сенім туындайды. Интерактивтік компонент қарым-қатынас субъектілері үшін ортақ іс-әрекетті ұйымдастырып, жүзеге асыру мақсатымен бір-бірімен әрекеттесуін білдіреді. Өзара әрекет барысында қарым-қатынас субъектілері бір-біріне белгілі бір ықпал жасайды.

Қарым-қатынас оқу-тәрбие процесінде маңызды рөлдi ойнайды. Қарым-қатынасты қолдана отырып, оның мазмұнын, тонын, стилін, функциялардың байланысын өзгертсе, оқушының көңiлiн өзгертуге мүмкiндік туады, оның заттар мен құбылыстарға қатынасын, білімін молайтуға, ақыл-ойын дамытуға, пәндiк және рухани қызметтiн өзгертуге болады. Сонымен қоса, тұлғаның сапасын мақсатты нақтылы қасиеттерін жетiлдiруге болады.

Бұл құралдың оқыту мен тәрбиелеуде қолданудың жетiстiгi нақтылы (шарттар ) талаптардың орындалуын қажет етеді. Олар тұтас көрiнiсте А.А.Бодалев бойынша сипатталған:

егер қарым-қатынас тәрбиеленушінің бүкіл өмір салаларында - жанұяда, мектепте, мектептен тыс мекемелерде және т.б. жерде біртұтас гуманистік қағидамен сәйкес іске асса, онда қарым-қатынса педагогикалық тиімді болады.

2) егер қарым-қатынас жоғарғы құндылық сияқты адамға тәрбиесiмен бағаланса;

Н.Е.Щуркова жемiстi қарым-қатынастың келесi ортақ ережелерiн құрастырды:

- Біз тәрбиеленушiлермен біргеміз сезiмін құрастыру;

- өз бейiмдiліктеріне демонстрация жасауы;

- бiрлескен қызметте жарық мақсаттардың көрсетілуi;

- тәрбиеленушінің оң мiнез-құлығын , сипатын сипаттау;

- өз оқушыларына деген тұрақты қызығушылық

- көмек көрсету .

Сонау XX ғасырдың 30-шы жылдары американдық психотерапевт және кәсіпкер Дейл Карнеги құрастырылған қарым-қатынас ережелеріне көңіл бөлейік. Олар қазіргі уақытта да тек кәсіпкерлерге ғана емес, тәрбиешілерге де тарихи қызығушылық танытады.

Әрiптестен әңгiмелесушi не күтетінін есепке алып, сипатталған мына (қысқартылған түрде) ережелердің кейбірі:

1 ) әңгiмелесушiге шын ниетпен көңiл қойыңыз;

2 ) күліңіз, қарым-қатынасқа разы болыңыз және бұны жасырмаңыз.

3) әңгімелесушінің атын атап отырыңыз ;

4 ) тыңдауға икемдi болыңыз, әңгiмелесушi өзі туралы айтуын қолдаңыз;

5) әңгімелесушіні не қызықтыратыныны жайлы сөйлесіңіз;

6 ) әңгiмелесушiге оның өзінің маңыздылығы жайлы шын ниетпен сенiм туғызыңыз;

7) азғанатай жетістігін мақтаңыз;

8) әңгiмелесушiнiң пiкiрiн сыйлаңыз; мақұлдаңыз, оның көзқарасына қарай қалыптасыңыз; әңгiмелесушi сiздiң ойыңыз оған да қатысты екенін ойласын.

Сайып келгенде, осы ұсыныстарда , сонымен қатар басқа да жоғарыда көрсетілгендерде, педагогикалық қарым-қатынастың елеулі жетiстiктері айтылған: қарым-қатынас мұғалiм мен оқушының қызметі болуы тиіс (әңгiмелесушi өзі туралы айтуы керек және де қарым-қатынаста әңгiме әңгімесесушіні қызықтыратын болуы керек, әңгiмелесушiнiң маңыздылығы бекітілуі тиіс және т.с.с

Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.

Педагогикалық стильдердің көруінуі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және, керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейрімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзіндік өзгеруге дайын.

Автократиялық стильді қолдануында құрылған оқу орнында "мектеп-фабриканың" белгілері болады, ал демократиялық бағытталған оқу орнында "мектеп-отбасының" белгілері болады, бірақ қазіргі кезге дейін педагогикалық жүйелердің артықшылықтары анықталған жоқ : "мектеп-фабрикаларда" әдетте үлгерім жоғары, ал "мектеп-отбасында" қатысушылардың мазасыздығы төмең, микроклиматы жақсырақ болады.

Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші А.Б.Орлов «мұғалімнің тұлғалық центрациясы» деген терминді қолданды, оның ойынша, ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды : педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция. Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады.Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетте басыңқы бола алатын негізгі жеті центрацияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің "Мен" қызығушылығында), бюракратиялық (администрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетті (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа адамдардың-администратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде)А.Б.Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды.

Басқа отандық зерттеушілер, бағдарлардың маңыздылығын мойындай отырып, көбінесе сабақ беруде қолданылатын тәсілдерге шоғырланады. Н.К.Марков пен А.Я.Никонованың ойынша педагогикалық стильдің негізінде мазмұнды сипаттамалар (педагогтың өз еңбегінің процесі мен нәтижелігіне бағдары, өзінің еңбегіндегі бағдарлық және бақылаушы-бағалаушы кезенін ашу, әдістемелілігі мен импровизациондылығы), динамикалық сипаттамалар (икемділік, тұрақтылық, бір нәрседен келесі нірсеге көңіл ауысымдылығы) және нәтижелілік (оқып жатқандардың білімдерінің деңгейі мен оқытудың дағдысы) жатыр. Авторлардың зерттеулері көрсеткендей педагогтың индивидуалды стилінің қалыптасу процесінде стильдің мазмұнды сипаттамалары өзгеруі мүмкін, ал динамикалық сипаттамалардың өзгеруі, яғни эмоционалдылық пен саналылықтың өзара өтуі анықталған жоқ.

Маркова мен Никонова 4 педагогикалық стильді бөліп көрсетті: эмоционалды-импровизационды, эмоционалды-әдістемелік, импровизационды-пайымдаушы, пайымдаушы-әдістемелік.

Педагогикалық қарым-қатынас стилі дегеніміз - педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынастың жеке типологиялық ерекшеліктерін білдіретін қарым-қатынастың сыртқы көрінісі. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері мұғалімнің коммуникативті мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін, педагог пен оқушы арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастың сипатын, педагогтың шығармашылық ерекшелігін, оқушылардың ерекшелігін көрсетеді.

Қарым-қатынас стилі педагог пен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетіндегі дербес-психологиялық ерекшеліктер.

Қарым-қатынас стилінде мынадай көріністер байқалады:

а) мұғалімнің коммуникативті мүмкіндіктерінің ерекшеліктері;

ә) педагог пен пен тәрбиеленушінің өзара қарым-қатынасындағы жеткен деңгей;

б) педагогтың шығармашылық дербестігі;

д) оқушылар ұжымының ерекшеліктері.

Әдебиеттерде педагогикалық қарым-қатынастың төмендегідей стильдері жиі аталады:

- Авторитарлы стиль (Өктемшілдік стилі);

- Либералды стиль (Немқұрайлық стиль);

- Демократиялық стиль (Ынтымақтастық стиль).

Авторитарлы қарым-қатынас стилінде педагог сынып ұжымына қатысты барлық шешімдерді өз қабылдайды. Ол өз ұстанымдарына сәйкес өзара әрекеттесудің мақсаттарын анықтайды. Авторитарлы стильде дидакт және қорғау такикасы қолданылады. Оқушылардың бастамасы құпталмайды. Сыныптағы жағымсыз әлеуметтік-психологиялық климат орнайды. Оқушы тұлғасын, оның өзіндік ұстанымын, көзқарасын, пікірлерін қалыптастыруға көңіл аударылмайды. Оқушы сабақты қарапайым тілмен айтқанда мұғалімнен қорыққаннан, яғни мұғалімнің талап етуінен соң оқиды. Көбіне жаттанды білім қалыптасады. Сыныпта тәртіп орнап, барлығы сабаққа дайындықпен келеді. Сырттай қарағанда бұл сыныпта барлығы жақсы сияқты көрінеді. Бірақ бұл стильдегі қарым-қатынас көп қолданылған жағдайда оқушылар өмірге дайын емес, өзіндік бастама төмен, қорғансыз болып тәрбиеленеді деп жазады зерттеушілер.

Немқұрмайлық қарым-қатынас стилінде - педагог іс-әрекетке минимальды түрде араласады, өзінен нәтиже үшін жауапкершілікті алып тастауға тырысады. Педагог өзінің міндетін формальды түрде орындайды, араласпау такикасын қолданады. Нәтижесінде педагог оқушылардың іс-әрекетін, олардың тұлғалық дамуына бақылау жасалмайды. Оқушылар мен педагог арасында дистанциялы қарым-қатынас орнайды.

Демократиялық қарым-қатынас стилінде - педагог өзара қарым-қатынаста оқушылардың субъективті ролін арттыруға тырысады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі - өзара қабылдау, өзара бағдарлану. Педагог пен оқушылар туындаған мәселелерді шешуде ортақ шешімге келіп, ынтымақтастық орнайды. Мұғалім оқушыларды шығармашылыққа ынталандырып, өзін-өзі дамытуға жағдай жасайды.

Әдебиеттерде педагогикалық қарым-қатынас стильдерінің басқа да түрлері де кездеседі. Мысалы, В.А.Кан-Калик қарым-қатынастың мынадай стильдерін көрсетеді:

- Бірлескен шығармашылық іс-әрекетке негізделген қарым-қатынас стилі;

- Достық қарым-қатынасқа негізделген қарым-қатынас стилі;

- Дистанциялық стиль;

- Қорқыту стилі;

- Әзіл-қалжыңға негізделген стиль.

Педагогикалық практикада аталған стильдер таза күйінде кездеспейді, яғни үнемі бір мұғалім бір ғана стиль түрін қолдануы мүмкін емес. Қарым-қатынас стильдері педагогикалық жағдайларға, сынып ұжымының жеке ерекшеліктері, оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, сыныптың дайындығы, танымдық қабылдауы, олардың темпераменті мен мінез-құлықтары, мұғалімнің тұлғалық ерекшеліктері, шеберлігі, тәжірибесіне байланысты ауысып өзгеріп отырады. Аталған стильдердің біреуі мұғалім қарым-қатынасында негізгі болуы мүмкін, бірақ ол педагогикалық ситуацияларға сай ауысып отырады.





Қорытынды

Елімізде болып жатқан инновациялық өзгерістер - оқу-тәрбие процесін де қайта қарап, жаңартуды, өзгертуді талап етеді. Оқу-тәрбие жұмысын қайта құру дегеніміз - сабақ процесін, тәрбие процесін шығармашылық тұрғыда жаңарту, жетілдіру, жаңа өмір қажет етіп отырған талаптар негізінде ұйымдастыру жұмысын жақсарта түсу болып табылады.

Өз жұмысын жаңа бастаған мұғалімдер алуан түрлі оқыту мен тәрбие әдістерін, формаларын әрқайсын белгілі бір жағдайларда өз орнына қолдануы өте қиындыққа түседі. Сондықтанда әрбір болашақ педагог, педагог-практик жедел шұғылдану керек. Педагогикалық шеберлікке баулу, тәрбиелеу жоғары педагогикалық оқу орындарында ең алдымен жекелеген мамандыққа байланысты пәндер: педагогиканы, психологияны, әдістемені оқуға байланысты жүзеге асырылады. Сондықтан да бұл пәндердің негізінде студенттерге жоғары кәсіптік мамандықты игеруді мақсат етумен бірге студенттердің бұл пәнді оқып үйренуге деген ынтасын арттыру қажет.

Негізгі мақсат - педагогкалық шеберліктің өзіне тән ерекшеліктері мен қасиеттерін білуіміз керек, яғни мұғалімдік мамандық бойынша өзінің алдына қойған мақсатты педагогикалық іс-әрекетті деңгейіне жеткізе және нәтижелі түрде іске асыра білу. Педагогикалық кәсіптік әрекеттерге өзін-өзі бағыттап, ұйымдастыратын педагогикалық білгірлік қасиеттер педагогикалық шеберліктер жүйесіне жатады. Педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді: Педагогтық іс-әрекетіндегі гуманистік бағыттылық, педагогтық кәсіптік білгірлік, педагогтық іс-әрекетіне бейімділік, педагогтық техника. Бұл аталған педагогтық шеберлік жүйелері бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады. Тәрбиеші-мұғалім оқу-тәрбие үрдісіндегі негізгі тұлға. Тәрбиеші-мұғалімнің тұлғалық бейнесі педагогикалық әрекет үрдісінде қалыптасып, дамиды. Егеменді еліміз тәуелсіз мемелекет мәртебесін алып, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асу барысында, осы тұста өз баласын жан-жақты жетілген, парасатты азамат етіп тәрбиелеу кез-келген мемлекеттің естен шығармайтын негізгі мақсаттарының бірі. Қазіргі кезде орын алып отыған қиыншылықтарды, келеңсіздіктерді жеңетін де, жаңаша жол табатын да нарықтық қатынастарын дұрыс бағытын анықтайтын тек іскер, білгір мамандар болатындығына дау жоқ.

Ел Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстан 2030 жолдауында: "Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп кемелдену, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі білім өрені биік, денсаулығы мықты өкілдері болады."деген сенімі жай айтылған сөз емес. Тәрбие тал бесіктен демекші, баланы оқытып, тәрбие беру балабақшадан басталуы тиіс. Сонда ған біз тәуелсіз мемлекетімізді әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосылуына ықпал жасаймыз. " Шынында да, баланың жалпы білімін еөтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени жемістің қарыштап дамуынан туындауда жасанды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Осы саты іске асырылатын болса, кәсіптік бағдар беру жүйесі де нақтылай жолға қойылатын болады. Қазіргі уақытта балабақшаға қажетті мамандар туралы кең ауқымды мәселе айтылып жүр. Сол істер қалай жүзеге асуда? Қаншалықты деңгейде? Бұл мәселенің шешімін табу үшін тәрбиешілердің ат салысулары қажет. Яғни, әрбір тәрбиеші үшін кәсіптілік бағдарлар беру оның басты мақсатына айналуы тиіс. Мекеме педагогының еңбегі басқа қызметтермен салыстыруға келмейді. Яғни, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі жас ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іске дайындау - тәрбиешіні көп іздендіріп, ойландыратынжұмыстың ең басты түрі. Олай болса әр педагог-тәрбиеші жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдалану қажет.

Педагогикалық шеберліктің барлық сырын білуге деген ұмтылыс ғалымдарды, педагог-ойшылдарды барлық адам өмірінің тарихында толғандырып келеді. Бірақ қазір де әрбір педагог бұл заңдарды білігісі келеді. Осы арқылы ол балалардың жүрегін жаулап алып, үлкен әріптен басталатын Мұғалім болғысы келеді. Бұл сұрақ қазіргі уақытта өте маңызды. Мұғалімге бұл міндеттерді шешу үшін ақпараттық, рефлексивтік, аналогтық біліктіліктерді білуді қажет етеді, яғни, бұл дегеніміз мұғалімнің педагогикалық шеберлік пен шығармашылықты меңгерген маман болуы.

Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.

Мұғалім - Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан - қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: бірінші: балаға үлгілі болуы, және үлгі көрсетуші болуы керек.

Шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші- білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам.

Мұғалім шеберлігі - бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері. Жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті дүниетаным, педагогикалық техника мен озат тәжірибе, осы педагогикалық шеберліктің негізі деп ойлаймыз. Қазіргі заман мұғалімнің тұлғалық белгісі - ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры - шәкіртпен қарым - қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.

Ғалымдардың ойлары бойынша педагогиклвқ шеберлік практикалвық қызмет аумағы болып саналады. Осыған байланысты, педагогика саласы бар, ғылыми жиналған қуат арқылы өсіп келе жатқан ұрпаққа тиімді, пайдалы білім алады.

Педагогикалық шеберлікті зерттей келе, біз мұғалім тұлғасыынң гуманистік бағыттылығы жайлы айтамыз, ол қызығушылықтардан, бағдарлану құндылығынан және өмірлік позицияны көрсетуден тұрады.

Мұғалімнің кәсіби білімі педагогиккалықшеберліктің фундаментінің негізі болып табылады. Оның мазмұны жүргізілетін пән білімінен, оның әдістемесінен, педагогика мен психология саласынан тұрады.

Егер бұл жағдайлар жасалса, онда мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсері тиімді болады.

Осындай жолмен, педагогикалық шеберлікті жетілдіру оқушы мен мұғалімнің тығыз қарым-қатынасын күшейтеді.

Жаңашыл-ұстаздардың тәжірибесі балаға жалған болса да қызығушылық таныту керектігін, қарым-қатынастың белсенді қатысушысы болуға, мақсатты түрде оны қалыптастыру, балалармен қарым-қатынасын ұйымдастыру және оны мақсатты бағыттау, бақлампаздығын дамыту, педагогикалық жағдайлар мен күтпеген міндеттерді шешуге дайын болуын жаңашыл-ұстаздардың тәжірибесі көрсеткен. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық шеберлікті жетілдіру үшін керекті материлдарды табуға болады - олар тесттер, анкеталар, жаттығулар, педагоикалық тапсырмалар, әлеуметтік-педагогикалық тренингтер, іскерлік ойындар, интерактивтік әдістер. Егер ұстаздарға педагогикалық шеберлік жөнінде теориялық және практикалық білімдерді игеруге жағдай туғызылса, онда олар кәсіби қызметте оны қолдана білуге үйреніп, барлық оқу процесінің кезеңдерінде оқушылармен олардың қарым-қатынас орнату тиімділігі жоғарлайтынын мектептің мұғалімдеріне жүргізген тәжірибе жұмысымыз болжамымызды растады.

Осы қорытындының нәтижесi ретінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдірудің мақсатты-бағыттылық жұмысын жоспарлау керектігі көзделеді.



© 2010-2022