Ата-аналар кодексi (міндеті мен құқығы көрсетілген)

-         Бала тағдырына жауаптылықпен қарап, оның дамуына жағдай жасау. -         Отбасы психологы, педагогы және дәрiгерi бола бiлу. Ол үшiн мектептегi сабақтарға қатысып, қажеттi әдебиеттердi оқу. Отбасында еңбастысы - бұл бiр-бiрiне сыйластықпен қарап, ортаққызығушылықтары мен iстерiнiң болуы, шыдамдылық пен әрқайсысыныңқорғалған және оның жеке басыныңқұндылығының болуы. -         Тәрбиемен кездейсоқ жағдайда ғана емес, үнемi айналысу. -         Баланы тәрбиелеудi өзiңнен бастау. Тәрбие- же...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-аналар кодексi

Ата-ана құқығы:


  • Ата-аналар комитетiнiң құрамына дауыс беру және сайланғандардың бiрi болу.

  • Ата-аналар комитетiнде қарастырылатын мәселелердiң iшiне өз ұсыныстарын енгiзу.

  • Мектеп әкімшілігі және мұғалiмнiң келiсiмiмен жеке сабақтарға қатысып, мектептегi педагогикалық процестiң жақсартуына өз үлесiн тигiзу.

  • Отбасы намысы мен бала құқығын қорғау.

  • Проблемалық жағдайлар, дау-дамайлар бойынша психологқа, мектеп әкімшілігіне жолығу.

  • Баланы оқыту түрiн таңдау.

  • Жекелеген мұғалiмдер мен оқушыларды марапатталуына ұсыныс беру.

Ата- ананың мiндетi:

  • Бала тағдырына жауаптылықпен қарап, оның дамуына жағдай жасау.

  • Отбасы психологы, педагогы және дәрiгерi бола бiлу. Ол үшiн мектептегi сабақтарға қатысып, қажеттi әдебиеттердi оқу. Отбасында ең бастысы - бұл бiр-бiрiне сыйластықпен қарап, ортақ қызығушылықтары мен iстерiнiң болуы, шыдамдылық пен әрқайсысының қорғалған және оның жеке басының құндылығының болуы.

  • Тәрбиемен кездейсоқ жағдайда ғана емес, үнемi айналысу.

  • Баланы тәрбиелеудi өзiңнен бастау. Тәрбие - жеке өнеге оқыту емес, бұл- отбасының бар тыныс - тiршiлiк әрекетi.

  • Баланы сүю және оған деген сүйiспеншiлiктердi жылы сөзбен, ыстық мейiрiммен жеткiзу.

  • Баламен қатарлас бiр деңгейде сөйлесу. Балалар өз- өзiне ешқашан кiшкентай болып көрiнбейдi, олар өзiн үнемi үлкен ретiнде сезiнедi. Балаларда өзiндiк әрекеттi тәрбиелеу.

  • Егер де өз принциптерi мен ұғымдары болмаса, балаға жақындамау керек. Бағыттау, кеңес беру, бiрақ бала пiкiрiмен санасу.


© 2010-2022