Ашық тәрбие сағаты 9 сынып Сенім-менің серігім

Раздел Школьному психологу
Класс 9 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сенім - менің серігім



Мақсаты: оқушылардың бір-біріне деген сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: «сенім» ұғымының мән-мағынасын ашу; өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту; өзіне, өзгеге және қоғамға сенім білдіруге дағдыландыру.

Көрнекі құралдар: кітап, дәптер, әртүрлі суреттер.

Техникалық құралдар: магнитофон, аудио кассета.

Шаттық шеңбері

Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырып, шаттық шеңберге шақыру. Жеңіл әуенді, көңілді ән қосылады да, балалар өздерінің ең жақын, әрі сенімді досын биге шақырады. Би аяқталған соң, мұғалім шеңберде тұрып, Ә. Табылдиевтің өлеңімен таныстырады.

Сенім

Ә.Табылдиев

Еңбек етсем, ертеңгі

Бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер

Уақытыма сенемін!

Достық іспен қасты да

Жеңеріме сенемін!

Ақыл сана білім мен

Өнеріме сенемін!

Арым таза, ақ көңіл,

Адалдыққа сенемін!

Абыройлы ақ ниет

Адамдыққа сенемін!

«Ойланайық, әңгімелесейік»

Шаттық шеңберінде таныс болған жаңа ұғым «сенім» туралы оқушылар өз ойларын, түсініктерін ортаға салу мақсатында төмендегі сұрақтарға жауап алу және сабақтың тақырыбы бойынша бастапқы білімдерін анықтау.

Сенім деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың ?

Қандай адам сенімге ие болады ?

Адамдардың барлығына сене беруге бола ма ?

Анара: Сенім деген біреуге сенім арту , сенім артқан адамың сол істі уақытында орындау керек.

Әсет: жауапкершілікті сезіну керек.

Диана: тәртіпті, ұқыпты, өз ісіне нақты көңіл аударатын, тапсырған затты уақытында орындайтын.

Сара: Еріншек, жалқау, өзіне-өзі сенбейтін адамдарға сенуге болмайды.

Сабақ әрі қарай «Тыныштық сәті» релаксация тәсілін өткізумен жалғасады.

Оқушылар терең тыныс алып, көз алдарына достарымен бірге болған қызықты күндерді елестетеді. Жеңіл әуен ойналып тұрады. Олар өздерінің кімге сенуге болады, кімге сенуге болмайтындығын сезінеді.

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың ойларын бекіту мақсатында М. Гумеровтің ізімен «Сенім» мәтінін кезекпен - кезек оқушылар оқып шығу.

«Сенім» М. Гумеровтің ізімен

Әуежай үйіне кірген сәтте Кәрімді бір қартаң кісі тоқтатты. Баланың бас-аяғына көз жүгіртті де, ентіге сөйледі.

- Қай жаққа ұшпақ едің, қарағым ?

- Мен ұшпаймын, ата.

- Е, ендеше неге келдің ?

- Жай, ұшақтардың самғағанын көрейін деп.

- Ендеше, балам, мына заттарды қарай тұр. Билет жайын біліп келейін,- деді де, әлгі кісі касса жаққа беттеді.

Сәлден кейін Кәрімнің қасына әлгі жолаушыға ілесіп кеткен бір кісі келді. Үсті-басы алқам-салқам.

Жан-жағына жалтақтай қарап, ақырын сөйлей бастады. Оның айтуынша қария мына танысына жүгін әкелуді тапсырыпты. Кәрімнің күдіктенбеске амалы қалмады.

- Тірі жанға ұстатпа деген. Тимеңіз! - деді Кәрім.

Әлгі кісі:

- Жарайды онда, өзіне айтайын, - деді де, жайына кетті.

Бір кезде әлгі қарт жолаушы келді. Қолында билеті бар. Кәрім оған жаңағы оқиғаны айтып берді.

  • Қой, ешкімге заттарымды әкел дегем жоқ,- деді жолаушы.

  • Рахмет, айналайын! Мың да бір рахмет ! ...

Кәрім ұшақтардың самғағанын тамашалай алмағанына өкінген жоқ.

Сұрақтар:

Қарттың балаға өз жүктерін тапсырып кетуінің себебі неде ?

Бала қарттың сенімін қалай ақтайды ?

Дәптермен жұмыс.

«Мен өзіме сенемін» атты эссе жазу үйге тапсырылады.

Жүректен жүрекке

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірінің жақсы қасиеттерін айту.

Мысалы: Айдана, сен сондай жауапты қызсың, саған сенуге болады. Данияр ақылды, тәртіпті баласың. Диана, сен сондай көңілді, ақ жарқын, сезімтал қызсың.

Сабақты «Біз бақытты баламыз» әнімен аяқтау.

Біз бала көктемгі гүлдей жайнаған,

Біздерге қосылып бұлбұл сайраған,

Жеріміз біздің көңілді,

Жырлаймыз шаттық өмірді,

Орман , тау қосылып, бірге жырласын,

Сәбидің күлкісін әлем тыңдасын.

Жеріміз біздің көңілді,

Жырлаймыз шаттық өмірді.












© 2010-2022