Психологиялық тренинг Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті

Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті»
Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
Өткізу формасы: дөңгелек үстел
1.Кіріспе сөз
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгін ауыстырып, оның 12℅ -ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? «Мамандық - дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай ой бөлісеміз.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
2. Пікірталас
1) «Маман иесі дегенді қалай түсінуге болады?»
2) Ата-аналарың отбасында сендер жақсы мамандық таңдауда үлкен азамат болып өсу үшін, өздеріне қандай мақсаттар қоюы мүмкін?
3) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?
4) Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, сен тіршілік ететін аймаққа қандай мамандықтар қажет.

3. «Ең жақсы» ойыны
Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.
Ең жасыл------------(эколог, географ, бақташы)
Ең тәтті------------------(аспаз, кондитер)
Ең ақшалы---------------(банк қызметкері,экономист)
Ең күлкілі-------------------(клоун)
Ең жауапты ----------------- (сот, бухгалтер)
Ең салмақты------------------- (мұғалім, заңгер)
Ең қарым-қатынасы күшті------- (бизнесмен)

4. Суретті тест
Қатысушыларға күн, бұлт, жаңбыр бейнеленген қағаздар таратылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.
Күннің суреті------- жақсы, көңілді
Бұлттың суреті----- орташа
Жаңбыр------------- төмен

Қорытынды
Әбунасыр Әл Фараби: «.... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,- деген.





© 2010-2022