Мейірімділік-адамдар а расындағы қарым-қатынасты жақсартатын асыл қасиет!

Раздел Школьному психологу
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Мейірімділік -адамдар арасындағы қарым-

қатынасты жақсартатын асыл қасиет!»

Сабақтың мақсаты:

1.Тақырыптың негізінде сайысқа қатысушы оқушыларымыздың мәлімет жинау мен өз ойын ортаға салу, пікірталас арқылы білімін толықтыру, өз ойын еркін, мәдениетті, әдеби тілде жеткізе алуға баулу.

2.Адамның бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адалдық пен мейірімділікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу.

Сабақтың түрі: пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: слайдтық мәліметтер, бейнетаспа

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Жүргізуші: Мейірімділік - адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады."Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады" (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұни "кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең - мейірімділік көресің" деп, мейірімділікке зор мән берген.Ал, қазіргі өмір де ше, бұл мейірімділік ұмытылып бара жатыр ма, әл де тәрбиенің жоқтығы ма? Әр адамның пікірімен санасқанда, кейбір адамдар мейірімсіздіктің әсерінен адамгершілік қасиеттен жұрдай болып бара жатыр десе, ал кейбірі, адамдар арасындағы сүйіспеншіліктің биіктігі мен табиғатты қорғауға көп мән беріліп жатыр, осы тәрбие арқылы адамдар арасында мейірімділік қалыптасуда,-дейді.

Ендеше, бүгінгі өткізгелі отырған пікірталас сайысының да әр топ спикерлеріне қоятын талабы осындай. Мейірімділік туралы ойдың мән-мағынасын ашу бағытында білімді, сөзге шешен, тапқыр да саналы жастарымызды тәрбиелеу мақсатымыз.Осы тақырып жайында өз ой- пікірімізді таразыға салып көрейік.

Сайысымыздың ережелері мен бөлімдерімен таныстырып өтейін:

Сайысымыздың бөлімдері:

І. Кіріспе

1.Екі команда үш спикерден болады.

2.Екі команданың спикерлері өздерін, (критерийін,дәлелдерін) таныстырады.

3.Осы ереже 10а,б-сыныптың командалары арасындағы пікірталастық турнирдің ұйымдастыру және өткізілу мақсатында, міндеттері мен тәртібін анықтайды.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Негізгі кезең бұнда спикерлер (дәлелдемелермен) мысалдар, өмірмен байланысты статистикалық мәліметтермен таныстырады.

2. Екі команданың ұсыныстары мен қосымшалары.

3. Екі команда бір- біріне сұрақ қояды.

ІІІ. Қорытынды

1. Пікірталас барысы бойынша қазыларға сөз беріледі.

2. Сарапшылар өздерінің сараптамаларын айтады.Төрешілер екі команданың

сайыста жинаған сараптамалық дауыстарын жариялайды.

2. Пікірталас барысы бойынша көрермендер өзіндік ойын ортаға салады.

3.Жеңімпаз топты және үздік спикерлерді марапаттау кезеңі

Пікірталас турниріне қатысушы екі топты таныстырып өтейін:

1. 10а -сынып оқушыларынан құралған- « Ақиқат » құрама тобы

2. 10б- сынып оқушыларынан құралған - «Адамгершілік» құрама тобы

Команда спикерлері:

«Ақиқат» тобы

1 спикері - 2 спикері - 3 спикері -

«Адамгершілік» тобы:

1 спикері - 2 спикері - 3 спикері -

Пікірталас турнирінің әділ өткізілуі мен жеңімпаздарды анықтау мақсатында әділ-қазыларды сайлап өтейік.

Әділ-қазылар мүшелері:

1.Оқу ісінің меңгерушісі - Бектасова Айнұр Сапарқызы

2.Қосымша білім беру педагогі- Гумарова Айжанна Қатесқызы

3.Мектебіміздің мақтанышы-Руслан Нұралиев

Слайд. Пікірталастың мақсаты мен міндеттері:

1) Пікірталастың мақсаты - әлемдік қоғамдастықта орын алған адамдар арасындағы мейірімділік, адамгершілік қасиеттерді қорғау мәселелерін көпшілік алдында талқылау мен талдау арқылы мектеп оқушыларының әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін көтеру, мектепішілік пікірталас қозғалысын дамыту.

2) Пікірталастың міндеті:

1.Отбасы, туыстық, достық,отансүйгіштік сезімдерін дамыту;

2.Шығармашылықпен және сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті, әлеуметтік жетілген, азаматтық тұрғыдан жауапты да белсенді жас ұрпақты қалыптастыру;

3.Жастар арасында өз бетінше білім көтеру қажеттігін тудыру;

4.Оқушылар арасында адамгершілік пен толеранттылықты қалыптастыру;

5.Пікірталас пен дауласу ережелеріне, шешендік шеберлікке, шиеленісті жағдайды жеңіл шеше білу қабілетіне баулу.

Жүргізуші: Ендеше, бірінші бөлімге кезек берейік.

Таныстыру Уақыттарыңыз-1- минут

Жақтаушы жақтың спикері:Адамгершілік тобы

Қарсы жақтың спикері: Ақиқат тобы

Жүргізуші: Қарсыластар өздерін таныстырып болған сыңайлы, енді негізгі кезеңге кезек берсек дейміз. Оқушылар бұл кезеңде өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті фактілер, мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіреді. Жақтаушы мен қарсы даттаушы топтардың спикерлері әр дәлел бойынша кезекпен- кезек сөйлейді. Уақыттарыңыз шектеулі -2минут.

«Адамгершілік» жақтаушы тобы сөз кезегі сіздерде.

Жүргізуші: Дәлелдеңіз.

«Ақиқат» даттаушы тобы сөз кезегі сіздерде.

Жүргізуші: Дәлелдеңіз.

Жүргізуші: Екі топ спикерлері өз ойларын толық жеткізе білді деп ойлаймын. Енді ұсыныстарыңыз бар ма? Қарсы жақ ұсынысыңыз бар ма? Уақытыңыз -3 минут

Қарсы жақ:

Жүргізуші: Екі топ мүшелері ойларын толық жеткізді деп ойлаймын. Сұрақтарыңыз бар ма? Сұрақтарыңыз бар болса, уақыттарыңыз 1 минут.

«Адамгершілік тобы» Жақтаушы жақ:

ІІІ. Қорытынды

1. Пікірталас барысы бойынша қазыларға сөз беріледі.

2. Сарапшылар өздерінің сараптамаларын айтады.Төрешілер екі команданың

сайыста жинаған сараптамалық дауыстарын жариялайды.

2. Пікірталас барысы бойынша көрермендер өзіндік ойын ортаға салады.

3.Жеңімпаз топты және үздік спикерлерді марапаттау кезеңі

Жүргізуші: Ата-ананың балаға деген көзқарасы, берген тәрбиесі, болашақта баланың бойында қалыптасатын адами қасиеттеріне зор әсерін тигізеді. Жас баланы мейірімділікке, ізгілікке бөлейтін, әрине, ата-ананың жылуы, отбасындағы жайлылық. Сондықтан адам бойындағы барлық адами құндылықтар мен жарқын мінездердің қалыптасуы тікелей отбасындағы тәрбие мен ата-ананың балаға деген көңіліне байланысты екені хақ.



© 2010-2022