Жақсы көңіл-күй-жанға қуат береді

Мақсаты: Әр ұстаздың ерекшелігін , жеке тұлғалық қасиеттерін анықтап,                      ұстаздар арасында  қарым-қатынасты нығайту, қиын жағдайдан                      шыға білуге және өзін-өзі тануға баулу, көңіл күйлерін көтеру. Көрнекілігі: түрлі-түсті қағаз, суреттер. Әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ой –қозғау,миға шабуыл Түрі: тренинг.                             Барысы: І Кіріспе  сөз. а)  «Көңіл-күй «жаттығуы Нұсқау: Көз алдарыңыздағы  көк, сары, жасыл ,қызыл, ақ, қара , қоңыр , күлгін түстерді таңдасаңыздар. Бұл сіздерді қазіргі уақыттағы көңіл –күйіңізден хабар береді. Тіл арқылы   байланысу, қарым –қатынас жасау адамға ғана  арналған басты байлық, ұлы сыйлық. Бірақ осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққа да  қолданатынымыз жасырын емес. Кейде  аңдамай сөйлеп, ауырмай өлеміз. «Жақсысыз –бұлттан  шыққан күндей боп, көңілді жадыратады», «Жаман сөз- жаныңа мұң»  құйып қабырғаларыңды бір-бірлеп сөгеді, демек сөзден қорқыңыздар, оны абайлап орнымен   пайдалану керек, ғалымдардың зерттеуінше,  былапыт жаман сөздер храмосомаларды өлтіріп, сол сөз иесіне сәтсізд...          Ұстаз  мамандығы – киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету өте қиын шаруа. Мұғалім күн сайын ерлікке пара-пар жұмыс жасайды.Ұстаз мамандығы өзінің профессионалдық ұстанымын жоғалтпай қандай жағдай болса да, эмоцияға берілмеуі тиіс. ә) Релаксация
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№243 негізгі мектебі



Тақырыбы: Жақсы көңіл-күй- жанға қуат береді

( мұғалімдермен жұмыс)


Педагог-психолог: Абдуллаева Светлана

Қайырбекқызы




2013/2014 оқу жылы











Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

243 негізгі мектебінің педагог-психологы

Абдуллаева Светлана Қайырбекқызы

Жақсы көңіл-күй- жанға қуат береді

Тақырыбы: Жақсы көңіл-күй -жанға қуат береді..

Мақсаты: Әр ұстаздың ерекшелігін , жеке тұлғалық қасиеттерін анықтап,

ұстаздар арасында қарым-қатынасты нығайту, қиын жағдайдан

шыға білуге және өзін-өзі тануға баулу, көңіл күйлерін көтеру.

Көрнекілігі: түрлі-түсті қағаз, суреттер.

Әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ой -қозғау,миға шабуыл

Түрі: тренинг.

Барысы:

І Кіріспе сөз.

а) «Көңіл-күй »жаттығуы

Нұсқау: Көз алдарыңыздағы көк, сары, жасыл ,қызыл, ақ, қара , қоңыр , күлгін түстерді таңдасаңыздар. Бұл сіздерді қазіргі уақыттағы көңіл -күйіңізден хабар береді.

Тіл арқылы байланысу, қарым -қатынас жасау адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық. Бірақ осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққа да қолданатынымыз жасырын емес. Кейде аңдамай сөйлеп, ауырмай өлеміз. «Жақсысыз -бұлттан шыққан күндей боп, көңілді жадыратады», «Жаман сөз- жаныңа мұң» құйып қабырғаларыңды бір-бірлеп сөгеді, демек сөзден қорқыңыздар, оны абайлап орнымен пайдалану керек, ғалымдардың зерттеуінше, былапыт жаман сөздер храмосомаларды өлтіріп, сол сөз иесіне сәтсіздік, жаманшылық, ауру шақыратыны анықталған.

Ұстаз мамандығы - киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету өте қиын шаруа.

Мұғалім күн сайын ерлікке пара-пар жұмыс жасайды.Ұстаз мамандығы өзінің профессионалдық ұстанымын жоғалтпай қандай жағдай болса да, эмоцияға берілмеуі тиіс.

ә) Релаксация

Дененізді бос ұстап отырыңыз. Деміңізді мұрныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар даусыңызбен «А» дыбысын айту керек. Ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.

«Е»- қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.

«И» - миыңызғы, көзіңізге, құлағыңызға.

«О» - жүрегіңіз бен өкпеңізге.

«У»- қарныңыздың маңындағы дене мүшелеріне

«Х» - денеңіздің тазаруына.

«ХА»- көңіл күйіңіздің көтерілуіне жаттығуды аяқтау.

ІІ . Негізгі бөлім

а) «Менің тренингтегі есімім» жаттығу

Нұсқау: Шеңбер бойынша әр мұғалім өзінің есімін және есімінің бас әріпінен басталатын бір тағамды айтады (әзіл ретінде) Мысалы: Айран Ақайша т.б.

ә) «Жеміс интерьеріндегі сіздің бейнеңіз» тесті

Әлде -бір жеміс -жидектерге деген жеке адамның құштарлығы оның мінезі оның бойындағы кейбір құпиялардың құлпын ашады екен.

Егер сізге алма өте ұнайтын болса , жігерлі қандайда бір тапсырма берілсе,жан сала тиянақты атқаруға тырысады .

Құлпынайды жақсы көретіндер көңілді ,қонақжай,елмен тез тіл табыса алатындар

Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар.Олар шиеленіске , жанжал , дау-дамайға бара бермейді .

Алмұртты ұнататындар өзінің де , өзгені де сырын сақтай білетіндер

Қиярды ұнататындар тік мінезді жандар

Шиені ұнататындар мінезі жұмсақ, кішіпейіл жандар

б) «Миға шабуыл » жаттығуы

Нұсқаулық : Біз өзімізді алып арифметр сияқты сезінеміз Ол былай санайды: біреуіміз қандайда бір санды атаймыз ( сағаттың тілі бойынша ) , келесі келесі қасыңызда отырған адам арифметикалық әрекеттің белгісі (қосу немесе алу ), келесі тағы да санды атайды және т.б сан белгілерімен кезектеседі , сондықтан да топтың белгі атауы тиіс кез-келген мүшесі «тең » белгісін атаса, келесі оның серігі қосындының нәтижесін айтуы керек.

в) Хиромантия «Алақан сыры »

Әр адамның алақаны мен саусақтарында басқаларға ұқсамайтын сызықтар, өрнектер болады.Дерматоглифология сияқты ғылым саласы алақан сызықтарында тұқым қуалайтын белгілер болатындығын анықтап отыр. Мәселен , осы бағыттағы зерттеулер дәрігерлерге ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын ауруларды айқындауға мүмкіндік беретін көрінеді. Жаңа ғылым саласы , яғни дерматоглифология, ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан хиромантия / алақан сызықтарын оқу / насихаттап жүргендей , адамның мінез-құлқы мен қабілеті денсаулық сипаты , атадан балаға жалғасып жататындығы ақиқат екенін күндердің күнінде дәлелдеуі мүмкін. Хироманттар әдетте адамның табиғаты жөнінде алақандағы айқын үш сызық арқылы ой-пікір түйіндейді.

Олар : өмір сызығы , жүрек сызығы, ақыл-ой сызығы

Өмір сызығы неғұрлым ұзағырақ және анық болса, денсаулығыңыз мықты ғұмырыңыз пайғамбар жасынан ұзақ болады деген сөз. Жүлгесі кең , соғын сызық

Жақсы көңіл-күй- жанға қуат береді

г)«Жүрексіз біз нені түсінеміз» бейне таспадан көрініс көрсету

Сұрақ: Жалпы мұғалім қандай болуы керек? Оның еңбегі қалай бағаланады?

г) Кәне әрі қарай сұрақтар беріледі.

ІҮ. Қорытынды

А) Кімді қалай танисыз?

Ауыл адамдары Бапан биді ортаға алып, өткен-кеткен әңгімесін тыңдайды екен. Сонда "Кімді қалай танисыз?" дегенде ол былай деп термелетіпті.

  • Кісі болар кісіні кескінінен танимын,

Кісі болмас кісіні мүшесінен танимын.

Жомарт болар кісіні тамағынан танимын,

Сараң болар кісіні қабағынан танимын.

Дауы жөнсіз кісіні сөзінен-ақ танимын,

Өзі тұйық жігітті жүрісінен танимын.

Іші сұйық әйелді күлкісінен танимын,

Ақын болар жігітті дауысынан танимын.

Палуан болар жігітті шалысынан танимын,

Мерген болар жігітті атысынан танимын.

Батыр болар жігітті сарысынан танимын,

Бай болатын жігітті пейілінен танимын.

................................................ танимын.

Жалғасын табу

Қорыта келе ұлы педагог К.Ушинскийдің сөзімен айтқанда «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім». Оқуды, ізденуді тоқтасымен оның мұғалімдігі жабылады деген қозғалысын жадымызда ұстасақ, мұғалім тез беделін жоғалтпасы кәміл хақ.

Сурет терапеясы «өмір -өзен»








© 2010-2022