Тренинг “Развитие чувства уверенности в себе”

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тренинг “Развитие чувства уверенности в себе”Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп













СЕМИНАР - ТРЕНИНГ


«СЕНІМДІЛІК ЕЛІНЕ САЯХАТ»

/11 - сынып оқушыларына арналған/














Есенова Ботагөз Серікболқызы

Педагог - психолог







«СЕНІМДІЛІК ЕЛІНЕ САЯХАТ»


Есенова Ботагөз Серікболқызы

Ғ.Мұратбаев атындағы

№17 орта мектептің психологы

Қазалы қаласы, Қызылорда облысы


Мақсаты: Оқушылардың бойына сенімділікті,оқушылардың өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету.
Міндеті:
♦ Өзіндік сенімді болуға баулу.
♦ Өзіндік бағалауын анықтау.
♦ Стресті жеңуге жол көрсету
♦ Оқушыларға ҰБТ - ні сенімді тапсыруға дайындау

Сабақтың түрі: психопрофилактикалық сабақ
Құралдар: ҰБТ - ға байланысты салынған плакат, ақ қағаз, қара қағаз,қалам.


Тренингтің барысы:


Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар,мектеп түлектеріміз, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдірішін бала едіңіздер, енді бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайынсыздар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адамғана жетістікке жетеді. «Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз. дейді К. Д. Ушинский. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз.

Тренинг ережесі:
1. Тыңдай білу.
2. Сөзді бөлмеу.
3. Белсенділік.
4. Төзімділік.
5. Сыйластық.

Көрнекіліктер: үнтаспа,ватман, түрлі-түсті карандаш, түрлі-түсті парақтар,жабыстырғыш стикерлер.

1. Салемдесу жаттығуы.

Мақсаты: Бір -бірімен жағымды қарым -қатынас орнату.

Шарты: Оқушылар шеңбер болып тұрады. Әр оқушының қолында гулдері бар,сол гүлдерді беру арқылы өз есімдерін айтып, бір -біріне сәттілік,жақсылық, табыс тілейді.

Хабарландыру аудио арқы

2. «Саяхатқа дайынбыз ба?» жаттығуы

1.Саяхатқа дайынбыз ба? (Ия) дейміз

2.Контакт (Қол созу)

3.Педальді тексер(аяқты тарсылдату)

4.Локаторды тексеру (Құлақты уқалау)

5.Желкенді тексер (екі қолды көтеру)

6.Дүрбіні тексер (көзді уқалау)

7.Экипаж мүшелерін тексеру (бірін -бірі құшақтау)

8.1-ден 5-ке дейін санағанда у,у,у деп,6-18ға дейін санағанда,алақай деңдер.

3. Балалық шақ еліне саяхат

Видео көрсетіледі

Балалық шақтың эпизодын еске түсіру.

Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау процесін қайта жаңғырту.

Шарты: Оқушылар балалық шақты еске түсіріп, соның суретін салады.

4. Жетістіктер еліне саяхат

Видео көрсетіледі

«Өз жұлдызыңызды тап» жаттығуы

Мақсаты:

Өзіндік ішкі жан дүниесіне үңіле білу, қиялдағы армандарды шындыққа жанастыру.

Аудио тыңдалады

Түн. Аспан толы самсаған жұлдыздар. Маңай қап-қараңғы.Айнала тып-тыныш, ешқандай сыбдыр естілмейді. Сенің жаның жайланып, бойыңды тылсым әсер күші биледі. Сен аспандағы жұлдыздарға жаймен назар сала көз тастадың. Осы жұлдыздардың ішінде ерекшеленіп, сәулесі қатты жарқыраған жұлдызды көрдің. Ол жұлдыз - түнгі аспан әлемінің патшасы Айдың жанында тұр еді. Осы жұлдыз сенің жаныңа жақын әсер етті. Ерекшеленген жұлдызды таңдап, алақаныңа салып, оған ұзақ таңдана қарадың, ол гауһар тастай жалт-жұлт етіп өз сұлулығын көрсетті. Сен ол жұлдызға қарап, ішіңдегі бар тілегіңді, алға қойған мақсаттарыңды, орындалмаған армандарыңды, сырыңды айттың. Себебі, ол - сенің жұлдызың, саған жол көрсетуші және болашаққа жетелеушің. Сол жұлдыз саған үнсіз тіл қатқан сияқты болды."Сен ешкімнен кем емессің, сенің миың барлық пәнді игеруге жетеді. Ол үшін сен ерінбеуің және жалықпауың қажет. Оқу-инемен құдық қазғандай... Бір күн сабақ оқып игере алмаймын деп, қорытынды жасай салма. Күнде аянбай оқы. Ойынды жи. Сенің қолыңнан "грант иегері" болу келеді. Мен саған сенемін. Әлі де кеш емес, үмітіңді үзбе, сеніміңді арттыр. ҰБТ-дан сүрінбей өтетініңе сенімім мол!» Әр оқушы өзіне ұнаған жұлдызын таңдап алып, сол жұлдызға қарап тұрып, қандай жетістікке жеткісі келетінін айтады.

5. Сенімділік еліне саяхат

Видео көрсетіледі

«Қорқыныш сезімінен арылу» жаттығуы

Мақсаты: оқушыны стресстік жағдайдан арылтып , сенімділікке үйрету.

Оқушыларға қара түсті парақтар таратылады. Біздің мақсатымызға жету үшін, қорқыныш,күйзеліс кедергі жасады.сол параққа өз қорқынышымызды және күйзелісімізді саламыз. Оқушылар өз қорқыныштарын параққа салып, соны айтып шығады. Қорқыныштарын мыжып жәшікке салады.

6. «Бинго» жаттығуы

Мақсаты: Есте сақтау процесін жаңғырту.

Ес - адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отыру керек. Адам естігенінің 90 % ұмытады, көргендерінің 50%, ал өзі істегенінің 10 % ұмытады екен. Сондықтан мақсаттарыңа жету үшін әр уақытта өз қолдарыңмен істеуге тырысыңдар.

7. Армандар тақтасы

Шарты: әр оқушы өз армандарымен бөліседі.

Оқушыларға жадынама тарату.

8. «Тілек ағашы» тренингтен алған әсерлерін жазады.

Құрметті түлектер! ҰБТ-ні өте жақсы нәтижемен тапсырып, мектептеріңнің мәртебесін асқақтататын азаматтары болыңдар! Сендерге сәттілік тілеймін! Сау болыңыздар!

© 2010-2022