Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру


Инклюзивті білім беру -мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерде тең жағдайда бірдей білім алуына қолжетімділігін ұйымдастыру. Мәселен арбамен қозғалатын балалар үшін мектептерде арнайы панустар өзге де мүмкіндіктер қарастырылуы керек.Бұл индикаторлар 2011-2015жылдарға арналған стратегиялық жоспарда да талап етілген.

Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару,барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.Тәжірибе көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады,өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.

Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін қандай арнайы жағдайлар қажет

Ең алдымен даму мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыс жасай алатын мамандар даярлау.

Екіншіден архитектуралық кедергілерді жою.

Білім мекемелерін арнайы тұтқалармен ,парталармен,үстелдермен және басқа да компенсаторлық құралдармен жабдықтауды ,көтергіш қондырғылар, пандустар, санитарлық бөлмелердің арнайы қондырғыларын орнататын іс-шаралар кешенін бастау қажет.

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беруді жетілдіру мақсатында төмендегідей мәселелерді қарастрады.
2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін қажетті нормативтік база құрылады.

Инклюзивті білім беру шеңберінде жалпы және арнайы білім берудің өзара әрекетінің тетігі әзірленеді, мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары әзірленеді мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың тәртібі әзірленеді.

Осы жұмыстардың барлығы да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» «Бала құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық -педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңдарын және ережелерді басшылыққа алады.

Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады.

2015 жылға дейінгі инклюзивтік білім берумен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25 пайызын қамту көзделсе,инклюзивтік білім беруге жағдай жасаған мектеп үлесі 30%-ға жету керек. Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектепке дені сау балалармен қатар білім алуына жағдай жасайды.

Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады,ол маңайындағылардың тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді,бұл баланың өзін-өзіне бағалай білуіне,қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына,өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады.Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай ата-анасынан алшақтамай,яғни арнайы мектеп-интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай,тұрғылықты жерде білім алады. Қоғаммен біте қайнасып,әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата-анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып, жеткіншек алдында жауакершіліктері артады.

Қорыта келгенде, ең бастысы кемтар балаларға деген қоғамның көзқарасын,пікірін өзгерту керек, олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру қажет және мүмкіндігі шектеулі баламен бір сыныпта отырған дені сау бала әлдеқайда мейірімді, қайырымды болып өсетінін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр.Енді сол тәжірбиенің біздің елімізде де қанат жайып,өркендеуіне педагогтар қауымы зор үлес қосуы қажет деп ойлаймын.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсіп, өзін әлеуметтік ортада жеке тұлға санап,олардың тағдырын ел болып реттейтін уақыт келді. «Бала тағдыры-ел тағдыры» деп қарап, ұрпақтың өмірге келген сәтінен бастап,тәлім-тәрбиені бойларына сіңіріп, мүмкіндігі шектеулі баелалардың әлеуметтік өмірге даярлап, еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын азамат тәрбиелейтін кез келді.



© 2010-2022