Оқушының мамандық таңдауында ата-анасының маңызы. (9 сынып)

Анықтама: Әр бір сұрақтың жанына «ия» немесе «жоқ» деп жауап жазасыз. 1. Баланың мамандық таңдауына мен өте көп көңіл бөлемін. 2. Баланың болашақтағы мамандығы тек қана өзі үшін пайдалы болуы керек. 3. Баламның болашақтағы мамандығы ата – анасы, жанұясы үшін пайдалы болуы керек. 4. Мен өзім қалаған мамандығымның иесі бола алмағандығым үшін, баламның сол мамандықты таңдауын қалаймын. 5. Біздің жанұямызда атадан балаға мирас қалған дәстүрлі бір іс болғандығын ешқандай мамандыққа жол берілмейді.
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушының мамандық таңдауында ата-анасының маңызы.

Анықтама: Әр бір сұрақтың жанына «ия» немесе «жоқ» деп жауап жазасыз.

1. Баланың мамандық таңдауына мен өте көп көңіл бөлемін.
2. Баланың болашақтағы мамандығы тек қана өзі үшін пайдалы болуы керек.
3. Баламның болашақтағы мамандығы ата - анасы, жанұясы үшін пайдалы болуы керек.
4. Мен өзім қалаған мамандығымның иесі бола алмағандығым үшін, баламның сол мамандықты таңдауын қалаймын.
5. Біздің жанұямызда атадан балаға мирас қалған дәстүрлі бір іс болғандығын ешқандай мамандыққа жол берілмейді.
6. Баламның келешекте жетістікке жеткен адвокат, іс адамы, саясаткер, экономист, банкир, финансит болуы үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын (қалаған мамандықтардың асты созылады).
7. Баламның келешекте атақты суретші, ұпай аралығында: (қалаған мамандықтардың асты сызылады).
8. Баламның мұғалім, дәрігер, имам сияқты тікелей халыққа қатынасты мамандықтардың біреуін меңгеруін қалаймын.
9. Менің балам тек қана ғылыммен шұғылданып, ғылыми жаңалықтар ашу үшін жаратылған.
10.Баланың мамандық таңдауы әкесінің/шешесінің мазасын алуы керек.
11.Баланың мамандық таңдауына ата - ананың екеуі де бірдей көңіл бөлуі керек.
12.Ер балалар әкесінің, қыз балалар болса шешесінің жолын қууы керек.
13.Қыз балалар мүлдем жұмыс істемеуі керек, олардың жоғарғы оқу орындарда оқуы қажет емес.
14.Баламның мамандық таңдауына тіпті араласпаймын, өйткені келешек менікі емес оныкі.
15.Балам тек қана осы күндерде қажетті деп табылатын мамандықтардан біреуін таңдауы керек, өйткені басқаларынан ешқандай пайда болмайды.
16.Балам жақын достарының таңдаған мамандығын таңдауы керек, өйткені оларға әрқашан жақын болуы керек.
17.Мамандық таңдауда сөз пайын көбінесе баламның өзіне тастаймын.
18.Жоғарғы оқу орында оқуын жеңілдету үшін үлкен ағасының (әпкесінің, туысқанының т.б.) оқитын бөлімін таңдауын дұрыс деп табамын.
19.Жергілікті университеттерінің біліміне сенбегендігімнен баламның жоғарғы білімді шетелде алуын қалаймын.
20.Университет жергілікті болсын, шетелдік болсын бәрібір, беретін білімдерінің пайдалы және жоғарғы сапада болуы жеткілікті.
21.Мен баламның кім болатындағы тақырыбында шешімге баяғыда келгенмін, оның бұл жөнінде не ойлайтындығы тіпті мазамды алмайды.
22.Біз баламызбен бірге оның келешегі туралы көп айтысып ойландық, нәтижеде оның ең жақсы қай мамандықты іске асыра алатындығы туралы шешімімізді алдық.
23.Біз баламызбен бірге оның келешегі туралы көп айтысып ойландық, бірақ дурыс шешімге бара алмадық.
24.Баламның мамандық таңдау тақырыбында маман біреумен сөйлесуге мұқтажы бар деп ойлаймын.
25.Балам не болса да өзі біледі, тек дұрыс жұмыс атқарып, жанұямызды ұятқа қалдырмаса сол жетеді.
26.Жанұямыздың экономикалық жағдайы нашар болғандығынан баламды университетке оқыта алмаймын.
27.Бала дегенің өз басына өмір сүруді үйренуі тиіс, сондықтан мектеп жасынан бастап ақша табуды білуі керек.

© 2010-2022