Тәрбие сағаты: Адам өмірі - басты құндылық

Сабақ мақсаты: Оқушылардың өмірде болатын қиын мәселелерді шеше білуге                                  және достарына көмектесуге тәрбиелеу. Сабақ көрнекілігі : суреттер( суицидқа байланысты), кесте, жаднамалар(өлең жолдары), плакаттар( нақыл сөздер), шелек, ақ қағаз,слаид шоу.Сабақ барысы Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгін мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Сабағымды бастамас бұрын алдымен бір – бірімізбен амандасып, сергіту жаттығуын орындайық. Енді қазір бәрімізде орынымыздан тұрайық, бір – бірімізге қарама – қарсы тұрып менің айтқанымды қайталап, қимыл жасаймыз.
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты: Адам өмірі - басты құндылықТәрбие сағаты: Адам өмірі - басты құндылықТәрбие сағаты: Адам өмірі - басты құндылықТәрбие сағаты: Адам өмірі - басты құндылықТәрбие сағаты: Адам өмірі - басты құндылықТәрбие сағаты: Адам өмірі - басты құндылықСабақтың тақырыбы: Адам өмірі - басты құндылық.

Сабақ мақсаты: Оқушылардың өмірде болатын қиын мәселелерді шеше білуге және достарына көмектесуге тәрбиелеу.

Сабақ формасы: дөңгелек үстел ( 8, 9, 10 кл.)

Сабақ көрнекілігі : суреттер( суицидқа байланысты), кесте, жадынамалар(өлең жолдары), плакаттар( нақыл сөздер), шелек, ақ қағаз,слаид шоу.

Сабақ барысы:

Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгін мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Сабағымды бастамас бұрын алдымен бір - бірімізбен амандасып, сергіту жаттығуын орындайық. Енді қазір бәрімізде орынымыздан тұрайық, бір - бірімізге қарама - қарсы тұрып менің айтқанымды қайталап, қимыл жасаймыз.

Күлім қағып қолымды (қолын бұлғайды)

1,2,3 деп соғайын (қол соғу)

Қарсы тұрған көршіме

Қолымды мен бұлғайын (бір - біріне)

Қарсы тұрған көршімнің

Маңдайынан сипайын (бірінің маңдайынан сипау)

Күлімдеп бір қарайын (жымияды)

Құшақтасып алайын (құшақтайды)

- Қандай сезімде болдыңыздар ?(көңілдерін сұрау). Ендеше жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық. Бүгін сабағымыздың тақырыбы: Адам өмірі - басты құндылық деп аталады. Тақырыпты бұлай алу себебім, қазір суицид әрекеті жасөспірімдер арасында кеңінен алып отыр.

- " Суицид " сөзін ағылшын тілімен аударғанда "өзін - өзі өлтіру " деген мағынаны білдіреді. Соңғы 5 жылда өзінің өмірін қиғандар саны 14157-ге жетіп отыр. 2009 жылдың I жартжылдық қорытындысы бойынша, Республикада кәмелетке толмағандар арасында 216 суицид жағдайлары мен суицидке ұмтылу әрекеттері тіркелген. Жыл сайын әлемде 20 сек. адам өмірімен қоштасады екен.

Енді назарымызды тақтаға аударайық (таблица түсіндіру):


Суицид әрекетінің бөлінуі

Тәсіліне қарай

Жалпы бөлінуі

Ерлер - атылу, суға батып өлу.



Мақсатына қарай

Өзіне - өзі қол жұмсау әрекеті аяқталған, яғни өлімге соқтырған.

Әйелдер - дәрі ішіп улану, тамырын кесу, биіктен секіру

Қыр көрсету ниетіне жету, басқа адамның аяушылығын туғызу

Өзіне - өзі қол жұмсау әрекеті аяқталмаған

Өзіне - өзі құрбан ету



Енді сіздерге бірнеше сұрақтар қоям, осы сұрақтарға өз ойларымызды айтып, ортаға салайық:

  1. " Суицид " ұғымын қалай түсінесіңдер?

  2. Адамдар не себепті суицидқа барады?

  3. Суицидтің қандай жолдары бар?

  4. Суицид әрекетінің куәгері болған жағдайда қандай күйде болар едің?

  5. Суицид әрекетін алдын - алу үшін не істер едің?

  6. Қоғамда немесе мектепте суицидқа қарсы қандай шаралар атқарылу керек деп ойлайсын?

Слаид көрсету.

Адамның өмір бір - ақ беріледі. Қамшының қысқа сабындай ғана өмірде сәнді

де мәнді өткізу әрқайсымыздың қолымыздан келеді. Ол үшін өзімізге мақсат қойып, сенімді болайық. Қандай жағдай болса да өмірден бас кешіп, бәрінен жалығуға, түңілуге болмайды. Тығырықтан шығатын жолдың бар екенін ұмытпаңыздар. Ол үшін жанымыздағы адамдарға, жолдастарымызға көңіл бөліп, жанын не жаралайтынын білген жөн.

Тренинг

Ендеше қазір алдарыңызға ақ қағаздың ортасын 2-ге бөліп бір жағына жағымды,екінші жағына жаман қасиеттеріңізді жазыңыздар.Болғаннан кейін мына бір шелекке жаман қасиеттерімізді лақтырып, өртеп жібереміз.Сіздерге 5 мин.беріледі.( музыка - Көңіл толқыны)

Қорытынды:

Адам бойындағы жақсы қасиет арқылы өмірге деген құлшынысы арта түседі. Ең бастысы өмірден түңілмемеңіздер! Сабағымызды ақын ағамыз М.Мақатаевтың бір өлеңімен аяқтасақ деймін.

Шыда, Шыда! (музыка)

Шыда, Шыда!

Шыдай түс, шыда тағы!

Шыдамдыны мына өмір ұнатады

Үміттің құлан иек құла таңы,

Әйтеуір бір атады, бір атады…

Өкінбе, өкпелеме бүгініңе,

Өмір, өмір! Болмайды түңілуге,

Мәңгі сені жаөбаған сүрінуге,

Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге.


© 2010-2022