«Жас дос ҰБТ-ға дайындығың қандай?»

Тақырыбы: «Жас дос ҰБТ-ға дайындығың қандай?»Мақсаты: ҰБТ тапсыратын оқушылардың стреске қарсы тұруын,сенімді мінез-құлық дағдысы мен өзін-өзі реттеуін,өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру.1.«Танысу» жаттығуыМақсаты: Сәлемдесу, танысу, зейін мен еске сақтауды жаттықтыру.Жаттығу шеңбер бойында орындалады. Жаттығуды бастаған бірінші қатысушы есімін айтады және оған анықтама қосып айтады. Ол анықтама сөйлеушінің есімі қай әріптен басталса, сол әріптен басталуы қажет және сол адамға лайық болу к...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жас дос ҰБТ-ға дайындығың қандай?»

Мақсаты: ҰБТ тапсыратын оқушылардың стреске қарсы тұруын,сенімді мінез-құлық дағдысы мен өзін-өзі реттеуін,өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру.

1.«Танысу» жаттығуы

Мақсаты: Сәлемдесу, танысу, зейін мен еске сақтауды жаттықтыру.

Жаттығу шеңбер бойында орындалады. Жаттығуды бастаған бірінші қатысушы есімін айтады және оған анықтама қосып айтады. Ол анықтама сөйлеушінің есімі қай әріптен басталса, сол әріптен басталуы қажет және сол адамға лайық болу керек (ойдан шығармау керек). Сөйлем былай болуы мүмкін, мысалы: «Мен - биші Әлиямын». Келесі ойыншы айтады: «Биші Әлияны сіздерге таныстырамын, ал мен - .......», (мысалы, «зейінді Гулден»). Келесі ойыншы алдыңғы екеуін таныстырады және өзінің есімін айтады және т.с.с.

Ең соңғы ойыншы өзінің есімін айтады, бірінші ойыншы жаттығуды мынадай сөйлеммен аяқтайды: «Сонымен, осында .........қатысып отыр», қатысып отырғандардың барлығын атап шығады.

Талдау: Есімге лайық анықтама айту қиындық келтірді ме? Қай ойыншының өзін таныстыруы ерекше болды?

2.Жаттығу «Жағымды сөздер»

Мақсаты: өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың қасиеттерін дамыту.

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады, жүргізуші жағымды сөздер айта отырып кез-келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.

Талдау: Мақтау сөзді айту жеңіл болды ма? Мақтау сөзді естігенде өзіңізді қалай сезіндіңіз? Алған әсеріңіз қандай?

3.ҰБТ-ға қалай дайындалу керек психологиялық кеңес

Арқаларыңды түзеп, ыңғайлы отырыңдар. Өздеріңді бәрінен жоғары, ақылды, ойшылмын деп ойлаңдар, бәрі сендердің қолдарыңнан келеді. «Мен сабырлымын, өте сабырлымын»-деген сөздерді бірнеше рет ішіңнен қайталап айт. Соңында жұдырығыңды қыс.

Тест тапсырмаларын алғаннан кейін, тапсырмаларды оқып, сұрақтарымен танысып алғаннан соң өзіңе жеңіл деген тапсырманы орындаудан баста.

Таза ақ қағазға қарындашпен дұрыс жауаптарын белгіле. Өзің таңдаған жауаптың дұрыстығын дәлелдейтін, барлық фактілерді, мысалдарды есіңе түсір.

Тест тапсырмалары бір-бірімен байланысты емес,

сондықтан өткен тест тапсырмаларын ұмыт, жаңа тапсырмаларды орындауға кіріс.

Дұрыс жауапқа сай келмейтін жауаптарды алып таста.

Егер жауаптың дұрыстығына күмәндансаңыз, таңдау қиынға соғады.

Тестілеу кезінде білмейтін сұрақтар кездессе өз интуцияңа сен!


© 2010-2022