Психология тренинг сабақ мұғалімдерге

Раздел Школьному психологу
Класс 12 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жақсы мінез-адам өмірінің сарқылмас байлығы»

Мақсаты: Ұстаздардың психологиялық көңіл-күйлерін көтеру, өздеріне құрметпен қарауға баулу, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.

Көрнекілігі: түсті қағаздан қиылған геометриялық фигуралар ақ қағаз, қалам, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Жүргізілу барысы:

Ұйымдастыру:

  1. Ережемен таныстыру;

  2. Эмоциялық жаттығу;

  3. Топқа бөлу;

  4. Релаксация;

  5. Рольдік ойын

  6. Ертегі терапиясы;

  7. Ойын жаттығу: «Молекула»;

  8. Қорытындылау.

Тренингімізді бастау үшін өз еркімен қатысамын деушілер ортадан орын алсын.

Алдымен эмоциялық жаттығу жасайық.

Шаршадым «Уһ!» дедім

Ренжідім «Туһ!» дедім

Қорқыттым «Ой!» дедім

Өкіндім «Аһ!» дедім

Шарасыз «Еһ!» дедім

Таңырқап «О!» дедім

Кейідім «Е!» дедім

Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.

Мына столдан өздеріңізге ұнаған түстерді таңдап алуларыңызды сұраймын.

Ұстаздар өздері таңдап алған түстер бойынша топқа бөлінеді. (Қызыл түсті жүрекше алған топқа «Еркем-ай!», сары түс жүрекше алған топқа «Атамекен-ай!» тобы.

Ұстаздарға таңдаған түстері туралы мағлұмат беру.

Қызыл түс - өте ерекше сұрақты көп қоятын, ойларын еркін айтатын белсенді адамдар. Бұл топ «Еркем-ай!» тобы. Таныс болыңыздар! (Қошемет көрсетіліп, қол шапалақтайды).

Сары түс - оптемизм. Бейбітшілікепен шешуді жақтайтын, ақжарқын адамдар. «Атамекен-ай!» тобымен таныс болыңыздар! ! (Қошемет көрсетіліп, қол шапалақтайды). (Өздерінің аттарына байланысты әндер айтып топтарын қорғайды.).

«Нұр сәулесі» релаксация

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Рольдік ойындар:

Әр топбасшы келіп өз таңдауларымен жасырылған тапсырмаларды таңдап алады.

1. Ғашық жігіт

2. Базардағы сатушы

3. Сыған қызы

4. Ұрысқақ зейнеткер

5. Атақты әртіс

6. Мейірімді ана

Ертегі терапиясы: «Жүзіктегі жазулар». Баяғыда бір хан болыпты. Оның перзенті болмапты. Хан қартайып, өлер шағына жеткен соң: - Мен өлгеннен кейін, менің ауламның есігін бірінші болып ашқан адам менің орныма хан болсын,- дейді уәзірлеріне. Хан өлген соң уәзірлері қақпа алдында тұрса, бірінші болып қақпаның есігін бір диуана ашыпты. Ханды жерлегеннен кейін диуананы хан етіп сайлайды. Басқа диуаналар оны көре алмайды да:

Сендер мені күндемей - ақ қойыңдар. Менің өмірімнен сендердің өмірлерің жақсы. Сендер өз пайдаларыңды өз бастарыңа жұмсайсындар, өз бастарыңды ойлайсыңдар. Ал мен болсам, халқымды ойлаймын, халқым үшін қызмет етемін дейді.

Осы сөзді айтып хан диуаналарды шығарып салады. Арада біраз уақыт өтеді. Хан диуаналарды ұмытып та кетеді. Ханға қапа болған диуаналар жиналып әңгімелеседі. Сонда бір диуана тұрып:

-Бұл хан бізді менсінбей барады. Біз былай істелік, барлық жиған ақшамызды қосып, бес күміс жүзік істелік. Сол жүзіктердің бетіне бес түрлі өсиет жаздырып, ханға сыйлайық. Сосын патша уәзірлеріне сөйлеген кезде, сол өсиеттерді оқып, менменсімейтін болады дейді.

Топтық жұмыс. Диуаналар ханға қандай өсиет сөздерді жүзікке жаздырды.

Әр топ өздері жазған өсиет сөздердерін топ алдында оқиды. Бұл жүзікте:

Ұлық болсаң кішік бол,

Менмен болма.

Ең жақсы әдет жомарттық

Кішіпейіл бол.

Кем болма, кең бол,- деген өсиеттер жазылады.

Бұл жүзіктерді тағуға барғанда, диуаналар былай дейді:

  • Әр кезде осы жүзіктерге қарап, өсиеттерді оқып тұр. Сонда ғана сені халқың сыйлайтын хан боласың. Хан жүзіктерді өмірінің соңына дейін тағып өтеді де, оны ұрпақтан-ұрпаққа қалдыруға өсиет етеді.

Ойын жаттығу: «Молекула»

Музыка қойылғанда барлық топ ортада бейлейді. Тоқтағанда жүргізушінің

нұсқауымен 2-3-4 т.б топтасады. Ойын соңында бәрі бірігіп атом құрайды. Ұстаздарға ойын барысында алған әсерлері туралы ой бөлісу. Әрқашанда ортада өздерін дұрыс ұстай білу керектігін түсіндіру. Ынтымақшыл, бірлікте, сыйласып жүру керектігін ойын арқылы түсіндіріп өту.

Қорытындылау. «Жақсы мінез - адам өмірінің сарқылмас байлығы», «Айнымас досы бар адам ең бақытты адам», «Мінезі бірқалыпты адамның өмірі де жаймашуақ болады», «Жақсы көңіл күй-жан тыныштығы» нақыл сөздерін пайдаланып адам өмірінде жақсы қарым-қатынас жасау үшін мінездің алатын орны ерекше екендігін түсіндіре отырып жұмысты аяқтау.



© 2010-2022