Бұл өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары бұл сабақ жоспары жаңа үлгідегі сабақ

Раздел Школьному психологу
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: Көктөбе ЖОМ Мерзімі: 07.11.2015жыл

Мұғалім: С.Р.Бектурова

Сынып 4 «А» Оқушылар саны: 13

Тақырып: Қуаныш - жан шуағы 12 сабақ

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік шынайылық, адалдық, қамқорлық, достық,

кешірімділік

Мақсаты: Оқушыларға риясыз сүйіспеншілікпен «бақыт», «қуаныш» «сыйластық», мейірімділік» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- оқушыларға қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
- оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- оқушыларды мейірімділікке шынайылыққа, адалдыққа, қамқорлыққа, достыққа, кешірімділікке тәрбиелеу;

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Оқулық, үнтаспа, слайдтар, ИБТ, гүлдің, жүрекшенің, көбелектің үлгісі.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, сабаққа түгел қатысуын қадағалау, Өзін-өзі тану сабағының «5-Т» ережесін ұстануларын еске түсіру. Оқушылардың оқу құралын «5 затты» тексеру.

Тыныштық сәті «Су асты патшалығына ойша саяхат».

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру

Е.Ашықбаевтың «Қуаныш» өлеңін жаттау.

Сабақ барысын талқылау:

Бір-ақ сәтте қас қағым Бүгін балабақшадан

Көршімізді кеше әлгі Ертіп келген баласын

Қуантып - ақ тастадым «Болып өс,-деп,-жақсы адам»,

Деп; «Балаңыз бес алды». Шын қуанды нағашым.

Сұрақ-жауап: Бұл өлеңде қуанышты сезімге бөленуінің себебі неде? Нағашысы қандай жақсы тілек айтты?

Дәйексөз

«Қуанышсыз тән саулығы мен жан саулығының үйлесімді болуы мүмкін емес» В.А.Сухомлинский
Сұрақтар:

  1. Қуанышсыз тән саулығы мен жан саулығының үйлесімді болуы мүмкін емес деген сөзді мағанасын қалай түсінесіңдер?

  2. Тән сұлулығы мен жан сұлулығының айырмашылығы қандай?

- Күлімдеп, ақжарқын жүретін адамның көңіл-күйі үнемі жоғары болады. Ал ондай көңіл-күй жаныңды сау етеді. Жаның сау болса, денің сау болады. Денің сау болса жақсы еңбек ете аласың. Жақсы еңбектің нәтижесінде адамдар бақытты, молшылықта өмір сүреді.

Оқушыларға дәйексөзді 3-4 рет қайталату және дәптерге жазу, жаттау.

Оқиғаларды әңгімелеу (мұғалімнің сыйы)

Тақырыбы: «Отбасы ошағы» атты аңыз айту.

Ертеде бір ауылда үш жас отбасы өмір сүріпті. Бір кездері ол ауылға бақыт келіп қоныстады. Ол өзінің , қай отбасында жарық пен жылу толы болса, сонда қонатынын хабарлады.

Бірінші отбасы өз үйлерін күміске толтырды. Үй жарық болды, бірақ күмістің жарығы үйді жылыта алмады.

Екінші отбасы өз үйлеріне алтынды толтырды. Ол үй жарық бола түсті, бірақ жылулық бәрібір болмады.

Тек, үшінші тақпыр отбасы өз үйлерінің ошағына от жақты. Оның әсерінен үй жарық болып, жылуға толды.

Әрине, бақыт сол үйге мәңгілік қоныстауды ұйғарды. Ол үй иесілерімен бірге баланың дүниеге келуін, әр отбасы мүшелерінің туған күндерін, отбасы құрған күндерін және алтын той күндеріне дейін болуға қалды.

Талдау сұрақтары

  • Оқиғаның мағынасы неде?

  • «Отбасы ошағы» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Отбасы ошағының жылулығын қалай сақтауға болады?

  • Бұл үш отбасының қайсысынан сүйіспеншілік, мейірімділікті көріп тұрмыз?

Қорытындылау:

Қазақ ұғымында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарылық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы - үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің риясыз сүйіспеншілігі, қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты.

Шығармашылық жұмыс

(жағымды, жай музыка ойнап тұрады)

«Қуанышқа бөленген бақытты отбасы үйі» тақырыбына сурет салады. Оқушыларды топқа бөлу. Орындағаннан кейін әр топ өз суреттерін қорғайды.

  • Бұл отбасының негізін не құрайды? (Сүйіспеншілік)

Күлімдеу, адамдарға қуаныш сыйлай білу - өзіңнің де өзгенің де, олардың да өмір жасын ұзартып, денсаулықты жақсартады. Барлық адамдармен күліп амандасу, үнемі ақжарқын жүру, айналаңа қуаныш сыйлау - асыл қасиет. Бізде көңілді, қуанышты, үнемі күлімдеп жүру үшін өзгелерге, айналамызға риясыз сүйіспеншілікпен қуаныш сыйлай білуге тиіспіз.

Топпен ән айту

Ақ көгершін әні

Сөзі: А. Жұбановтікі

Әні: Н. Баймұханбетовтікі

Үй тапсырмасы: Мақтаншақ жолбарыс ертегі 63-65 бет оқу, мазмұндау.

Сабақтың соңғы тыныштық сәті

Мұғалім: Баяу музыка қосылады.

  • Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді сүйіспеншілікпен жүрегімізге жеткізіп сақтайық.

  • Енді көздеріңді ашсаңдарда болады.

Сау болыңыздар!!!!!!!!



© 2010-2022