Есте сақтау мен зейінді дамыту бағдарламасы. (1 сынып)

Раздел Школьному психологу
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Есте сақтау мен зейінді дамыту» түзету-дамыту жаттығуларының бағдарламасы.

Түсінік хат.

Заманауи мектеп өзінің болашақ оқушыларына жоғары талап қояды. Мектепке дейінгі балалық кезеңде балаларда оқу қызметінің алғышарттары қалыптасады, балалардың есте сақтауы, ойлауы, зейіні, қабылдауы қайта құрылады. Бұл үрдістер еріксіз түрден ерікті түрге айналады.

Көбінесе зейін мен есте сақтаудың даму деңгейі баланың мектепте табысты оқуын анықтайды. Мектепте оқу барысында қажетті ақпаратты есте сақтау мен ерік күшін салып зейінді шоғырландыруды талап ететін тапсырмаларды орындау қажет. Сондықтан мектеп оқушыларының ерікті есте сақтауын, ерікті зейінді және оның жеке құрылымдарын (көлемі, шоғырландыру, ауыстыру, тұрақтылығы) дамыту үлкен маңызға ие.

Баланың мектеп қызметіне толық дайын болуы үшін, баланың ерікті психикалық функцияларын қалыптастыру қажет.

Бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі мақсат: есте сақтау мен зейінді түзету және дамыту.

Бағдарламаның қатысушылары - 6-8 жастағы балалар.

Диагностиканың қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысушы-балалар топтарға іріктеледі.

( әдістемелер: "10 сөз", "10 зат", "Амалдық есте сақтау", "Корректуралық байқау", "Иә және жоқ", "Графикалық диктант").

Балалар саны - 6-8.

Жаттығу саны -17, жаттығу ұзақтығы - 25 минут.

Болжанатын нәтиже: берілген бағдарлама бойынша жаттығулар курсын өткен бала зейінің шоғырлануы, ауысуы, тұрақтылығы жоғарылайды;

- бейнелі және сөздік-логикалық есте сақтаудың көлемі ұлғаяды;

- есте сақтаудың тәсілдері қалыптасады;

- мағыналы есте сақтаудың даму деңгейі жоғарылайды;

- тапсырма орындауда дербестілік қалыптасады

Берілген бағдарлама бойынша жұмыстың нәтижесін бағалау кезінде қайта диагностика жүргізіледі.

Жаттығулар мен ойындар қосымша түрінде ұсынылған.

Қосымша 1.

Қосымша 2.



Жаттығулар мазмұны

Мазмұны

Сағат саны

1.

1.Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Айырмашылығын тап", "Ұшады - ұшпайды" "Иә және жоқ - айтылмайды"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Сөздер топтамасы", "Суретті есіңде сақта ", "Тыңда бәрін есіңде сақта - сұрақтарға жауап бер"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Графикалық диктант"

1

2

1.Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Суреттерді салыстыр", "Жеуге жарамды - жеуге жарамсыз"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Қарлы кесек", "Есте сақта және суретін сал", "Көңілді кестелер"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Графикалық диктант"

1

3

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Сандық кесте", "Топ- хлоп", "Айырмашылығын тап"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Қарлы кесек", "Көңілді кестелер", "Тыңда бәрін есіңде сақта - сұрақтарға жауап бер"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Графикалық диктант", "Корректуралық байқау"

1

4

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Құс - құс емес", " Не болмай қалды?"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Қарлы кесек", "Есте сақта және суретін сал", "Көңілді кестелер"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Графикалық диктант", "Корректуралық байқау"

1

5

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Сандық кесте", "Иә және жоқ - айтылмайды"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Зейін қойып тыңда және қайтала", "Суретке қара, одан кейін сөздерді есіңе сақта"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Үлгі бойынша суретін сал" (тор көз бойынша)

1

6

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Болады - болмайды", "Сандық кесте"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Тыңда бәрін есіңде сақта - сұрақтарға жауап бер", "Суретке қара, одан кейін сөздерді есіңе сақта"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Үлгі бойынша суретін сал" (тор көз бойынша)

1

7

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Топ- хлоп", "Өсімдікті қалдырып кетпе"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Зейін қойып тыңда және қайтала", "Суретке қара, одан кейін сөздерді есіңе сақта"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Үлгі бойынша суретін сал" (тор көз бойынша), "Белгілерді орналастыр".

1

8

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Балық, құс, аң", "Иә және жоқ - айтылмайды"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Зейін қойып тыңда және қайтала", "Суретке қара, одан кейін сөздерді есіңе сақта"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Үлгі бойынша суретін сал" (тор көз бойынша), "Корректуралық байқау"

1

9

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Иә және жоқ - айтылмайды", "Мамандықты қалдырып кетпе"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Зейін қойып тыңда және қайтала", "Суретке қара, одан кейін сөздерді есіңе сақта"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Үлгі бойынша суретін сал" (тор көз бойынша), "Белгілерді орналастыр"

1

10

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Айырмашылығын тап", "Жануарды қалдырып кетпе"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Мазмұндау", "Амалдық есте сақтау", "Қозғалысты орында"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Екінші жартысын суретте" (тор көз бойынша), "Белгілерді орналастыр"

1

11

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Иә және жоқ - айтылмайды", "Не болмай қалды?"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Мазмұндау", "Амалдық есте сақтау", "Қозғалысты орында"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Екінші жартысын суретте" (тор көз бойынша), "Корректуралық байқау"

1

12

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Не өзгерді?", "Өсімдікті қалдырып кетпе"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Мазмұндау", "Жұптарды есіңде сақта", "Қозғалысты орында"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Екінші жартысын суретте" (тор көз бойынша), "Белгілерді орналастыр"

1

13

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Топ-хлоп", "Сандық кесте"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Мазмұндау", "Жұптарды есіңе сақта", "Амалдық есте сақтау"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Екінші жартысын суретте" (тор көз бойынша), "Корректуралық байқау"

1

14

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

" Таяқшаларды дәл солай орналастыр", " Балық, құс, аң"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Мазмұндау", "Жұптарды есіңе сақта", "Пиктограммалар"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Екінші жартысын суретте" (тор көз бойынша), "Белгілерді орналастыр"

1

15

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Таяқшаларды дәл солай орналастыр", "Мамандықты қалдырып кетпе"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Жұптарды есіңе сақта", "Пиктограммалар", "Суреттер бойынша өлеңді есіңе сақта"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Нарисуй и раскрась по образцу" (по клеткам), "Графический диктант"

1

16

1. Топтық жұмыс.

Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:

"Таяқшаларды дәл солай орналастыр", "Иә және жоқ, айтылмайды"

Есте сақтауды түзету және дамыту:

"Пиктограммалар", "Суреттер бойынша өлеңді есіңе сақта"

2. Жеке жұмыс (дәптердегі жұмыс).

"Үлгі бойынша суретін сал және боя" (тор көз бойынша), "Белгілерді орналастыр"

1

17

Диагностикалық жаттығу.

"Амалдық есте сақтау",

"Корректуралық байқау",

"Графикалық диктант".

1

Барлығы



Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1. Архипова И. А. Подготовка ребенка к школе. - Екатеринбург, 2004.

2. Гаврина С. Е. , Кутявина Н, Л. и др. Развиваем внимание. - М. , 2003.

4. Гуткина Н. И. Психологическая готовность к школе. - СПб. , 2004

5. Забрамная С.Д., Костенкова Ю.А. Развивающие занятия с детьми. М., 2001.

6. Осипова А.А., Малашинская Л.И. Диагностика и коррекция внимания.: программа для детей 5- 9 лет. - М.: ТЦ Сфера 2004 - 104 с.

7. Тихомирова Л. Ф. Развитие познавательных способностей детей. - Екатеринбург, 2003.

8. Узорова О. В, Нефедова Е.А.350 упражнений для подготовки детей к школе.- М., 2003.

9.Фомина Л.В. Сенсорное развитие. Программа для детей в возрасте (4) 5-6 лет. М., 2001.

Қосымша 1.

Зейінді түзету және дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар.

Суреттер «Айырмашылығын тап»

Дидактикалық материал: бір-біріне ұқсас бейнелері бар екі сурет. Балалардың мақсат екі суреттің қандай айырмашылығы бар екенін табу.


«Жануарды қалдырып кетпе (өсімдік, мамандық)»

Сөздер қатары оқылады. Балалардың мақсаты мысалы, мамандық кездескен кезде қолмен

шапалақтауы керек. Келесі жолы өсімдікті білдіретін сөзді естіген кезде орындарынан

тұрады. Одан кейін екі тапсырманы біріктірсе де болады.

Жаттығу зейіннің ауысу мен бөліну жылдамдығын, ықыластылықты дамытады, одан басқа баланың танымдық белсенділігін және ой-өрісін кеңейтеді.

1-нұсқа

үстел, кітап, жылқы, үстел, есік, жүзім, ит, қайшы, қалам, туфли, қарындаш, доп, терезе, мысық, етік, ешкі, шыны, үй, жол, алма, ағаш, кілем, арыстан, қабырға, шатыр, қарбыз, шыңғы, қар, жолбарыс, жастық, дәптер, қасық, мұз, шырша, қоян, қасқыр, галстук, лимон, аю, анар, шәйнек, тәрелке, сөре, май, күрте, тиін.

2-нұсқа

МАШИНА, АЮ, МЫЛТЫҚ, КЕНГУРУ, СЕКІРГІШ, ШӘЙНЕК, ТҮЛКІ, ФОТОГРАФ, КІРПІ, МЫСЫҚ, МУЗЫКАНТ, САМСА, ЖОЛБАРЫС, ӘРТІС, ШАМ, БҰЛАН, МАЙМЫЛ, ГАЗЕТ, МҰҒАЛІМ, ӘЗІЛ, ПІЛ, КҮН, ТЫШҚАН, БАС, ЖАҒАЛАУ, ОРМАН, ИТ, САМАУЫР, ҚАСҚЫР, БАС КИІМ, ӘНШІ, ЖЫЛАН, ҚОЯН, АТ СӨЗДІК, БУХГАЛТЕР, БИ, СИЫР, АТҚЫШ…

Вариант 3

ЖОЛ, ҚАЙЫҢ, ҰШАҚ, БИДАЙ, БӘЙШЕШЕК, ЖЫЛАН, ЕМЕН, ҚУЫРШАҚ, САҢЫРАУҚҰЛАҚ, МЕКТЕП, ИТМҰРЫН, ТАҢҚУРАЙ, ТЕРЕК, ҚҰМЫРСҚА, КЕСЕ, ҚАРАҚАТ, ШЕГЕ, МҰРАЖАЙ, ТЕАТР, ОЙЫН, ШАЯН, ТОРҒАЙ, ПАЛЬМА, ДҮКЕН, КИНО, КЕНГУРУ, ҚЫЗҒАЛДАҚ, ҚАЛА, ИТ, ҚАЛАҚАЙ (КРАПИВА), ШЫРША, ҚҰМЫРА, СҮТ, ТҮЙМЕДАҚ, АСҚАБАҚ, ҮЙШІК, ОРМАН, ҚАРАҒАЙ, ТЕМІРЖОЛ, КҮНДЕЛІК, ӨНЕР, МУЗЫКА, КӨКТЕРЕК, БАЛЕТ, ЖАҢБЫР…

Вариант4.

ШАМ, ЖҮРГІЗУШІ, ҚАЙШЫ, МАШИНА ЖӨНДЕУШІ, ЕМЕН, КҮЗЕТШІ, АЛМА, СӨЗШЕҢ, АРХИТЕКТОР, ҚАРЫНДАШ, ҚҰРЫЛЫСШЫ, НАЙЗАҒАЙ, ШЕҢБЕР, САТУШЫ, ДИІРМЕН, ТІГІНШІ, ТОТЫҚҰС, АСПАЗ, ШАХТЁР, ПАРАҚ, САЯХАТШЫ, АУДАРМАШЫ, САБАН, ШЫДАМДЫЛЫҚ, ЖҮРГІЗУШІ, КӨЗІЛДІРІК, ӨЗЕН, ӘНШІ, ДӘПТЕР, ЗАҢ, ШАШТАРАЗ, БАҒБАН, ҚИЯЛ, ТРАКТОРШЫ…

«Ұшады - ұшпайды»

Сөздер қатары оқылады. Балалардың мақсаты ұшатын объектіні естіген кезде қолмен

шапалақтауы қажет.

ТЕРЕЗЕ, МҰЗ, ТОРҒАЙ, ӘЙНЕК, КІТАП, МАСА, ШУ, ТЕМІР, ҰШАҚ, ТОҚЫЛДАҚ, СУ, БАҚША, ТІКҰШАҚ, ҚАНАТ, ҚАЛПАҚ, ИНЕЛІК, ҚАРЛЫҒАШ, СИЫР, САРЫ МАСА, МЫСЫҚ, АРА, ЕДЕН, ҚОЛ, БЕТ, ҮСТЕЛ, ЗЫМЫРАН, ОРЫНДЫҚ, ЫДЫС, КӨБЕЛЕК, САНДЫҚ, НАН, САУЫСҚАН

«Жеуге жарамды - жеуге жарамсыз»

Сөздер қатары оқылады. Балалардың мақсаты жеуге жарамды сөзді естіген кезде қолмен шапалақтауы қажет.

Барабан, кубик, шұжық, тәрелке, ірімшік, орамал, теледидар, мәйке, қолтырауын, торт, қасық, диван, қарбыз, кірпі, нан, айран, ақыман, кесе, банан, кәмпит, үстел, сабын, сәбіз, қағаза, йогурт.

«Иә және жоқ, айтылмайды»

Балалардың мақсаты «иә» және «жоқ» жауаптарын айтпай сұрақтарға жауап беруі керек.

1 - нұсқа:
Сен бүгін тамақ іштің бе?

Саған сенің шашың ұнайды ма?
Сен бүгін мектепке кешігіп келдің бе?

Сен неше жастасың?

Сен мультфильм көргенді ұнатасың ба?

Сенің мектепке барғың келе ме?

Саған ертегі оқығанды ұнатасың ба?

Саған мультфильм көрген ұнай ма?

Сен қыдырғанды ұнатасың ба?

Сен ойнағады ұнатасың ба?

Қар жазда жауа ма?

Күннің көзі түнде шыға ма?

Сорпаны шанышқымен іше ме?

Үйректер жүзу біле ме?

Торғай - құс па?

Үйшікте мысықтар жата ма?

Шырша жасыл ма?

2 - нұсқа:

Аюдың апаны бұтақта орналасқан ба?

Алмалар күзде піседі ме?

Жапырақтар күзде сарғаяды ма?

Арыстан аң ба?

Машина 4 дөңгелек пе?

Түлкі орманда мекендейді ме?

Дүйсенбі - тәуліктің бөлігі ме?

Тақпақты әндетіп айтады ма?

Күнделік - мектепке қажетті жабдық па?

Сен оқығанды ұнатасың ба?

Ай төртбұрышты ма?

Аптада 5 күн бе?

Үстел - электроқұрал ма?

Апельсин көк пе?

Қар көктемде ериді ме?

Кірпі сіреңкенің ішіне сия ма?

«Топ-хлоп».
Жүргізуші сөз орамы-түсінікті айтады - дұрыс және дұрыс емес.
Балалардың мақсаты егерде түсінік дұрыс болса, қол шапалақтайды, ал дұрыс емес болса аяқпен тарсылдатады.

Мысалдар:

Жазда қар жауады.

Картопты шикі күйінде жейді.

Қарға - ұша алмайды.

«Болады - болмайды»

Жүргізуші кез-келген бір жағдайды айтады да, балаға допты лақтырады. Аталған жағдай дұрыс болса, бала допты қағып алуы тиіс, егерде дұрыс емес болас допты ұстаудың қажеті жоқ.

Әртүрлі жағдайды ұсынуға болады:

  1. Әкем жұмысқа кетті.

  2. Поезд аспанда ұшады.

  3. Мысық тамақ ішкісі келеді.

  4. Ұяны адамдар салады.

  5. Почташы хат әкелді.

  6. Қоян сабаққа барды..

  7. Алма тұздалған.

  8. Піл ағашқа мінді.

  9. Резеңке бас киім.

  10. Үй қыдыруға кетті.

  11. Шынылы туфли.

  12. Қайыңның жапырағы жоқ.

  13. Қасқыр орманда мекендейді.

  14. Қасқыр ағашта отыр.

  15. Қазанда кесе қайнап жатыр.

  16. Мысық шатырда қыдырып жүр.

«Не болмай қалды?»

Ұсақ заттар үстелге орналыстырылады (өшіргіш, қарындаш, блокнот, және т.с.с. 10-15 зат). Балаға 30 секундтың ішінде заттарды қарап, есінде сақтау ұсынылады; содан кейін 1-2 зат алынып тасталынады. Заттарды қарауға тағы да 30 секунд уақыт беріледі. Балалардың мақсаты қандай зат алынып тасталғанын анықтау.

«Құс - құс емес».

Балалардың мақсаты мәтінді мұқият тыңдау, егерде құсты білдірмейтін сөзді естісе қол шапалақтауы тиіс.

Құстар ұшып келді:
Көгершіндер, шымшықтар,
Масалар мен қарлығаштар...
Құстар ұшып келді:
Көгершіндер, шымшықтар,
Аққұтандар, қарға,
Көбелектер, кеспелер…
Құстар ұшып келді:
Көгершіндер, шымшықтар,
аққулар, мысықтар,
Ұзақтар мен қарлығаштар,
Шағалалар мен пингвиндер…
Құстар ұшып келді:
Көгершіндер, шымшықтар,
Сауысқандар, шымшықтар,
Сиырлар мен масалар…
Құстар ұшып келді:
Көгершіндер, шымшықтар,

Шағалалар, бірқазан,
Бұғылар мен сұңқарлар…
Құстар ұшып келді:

Көгершіндер, шымшықтар,
Көкқұтандар, бұлбұлдар,
Алабұға мен торғайлар…
Құстар ұшып келді:
Көгершіндер, шымшықтар,
Үйректер, аққулар, жапалақтар,
Қарлығаштар, сиырлар…
Құстар ұшып келді:
Көгершіндер, шымшықтар,
Таяқтар мен қарлығаштар,
Көбелектер, шымшықтар,
Аққұтандар, көкектер,
жапалақтар да,

аққулар мен үйректер де,
- рахмет осы әзілге.


«Құс, балық, аң» ойыны (нұсқа: «Гүл, ағаш, саңырауқұлақ», «Ыдыс, жиһаз, киім»)

Жүргізуші ойынға қатысушының әрбіреуіне кезекпен көрсетеді «құс, балық, аң». Одан кейін

жүргізуші кез-келген ойыншыға тоқтайды, қатысушы айтылған сөзге қатысты объектінің атын

атауы қажет.

«Дәл солай таяқшаларды орналастыр» жаттығуы

Балаларға үлгі ретінде санау таяқшаларынан жасалынған өрнек беріледі. Балалардың мақсаты үлгі бойынша өрнекті орналастыру. (нұсқасы есте сақтау бойынша)


«Сандық кесте» жаттығуы

Балаларға әртүрлі тәртіппен орналасқан 1-ден 9-ға дейінгі сандар жиынтығы бар кесте көрсетіледі. Балалардың мақсаты 1-ден 9-ға дейінгі сандарды тауып, дауыстап айтып, көрсетуі қажет. Көбінесе 5-7 жастағы балалар бұл тапсырманы 1,5-2 минуттың ішінде және қатесіз орындап шығады..







Қосымша 2.

Есте сақтауды түзету және дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар.

«Сөздер топтамасы»

Тапсырма: тыңдап, одан кейін сөздер қатарын қайталау.

1) тақта;

2) терезе, түтін;

3) шелек, құмыра, қарындаш;

4) мотоцикл, ванна, салат, қасық;

5) алма, тышқан, айран, қасық, еден;

6) автобус, үйрек, маса, әріп, көкеніс, бал;

7) қабырға, сүлгі, бала, ара, үстел, жауын, орамал;

8) трамвай, әпке, сусын, жер, ай, шана, шегіртке, қолғап;

9) бақ, тұрба, шаңсорғыш, паровоз, себет, сахна, шаңғы, пошта;

10) жол, комбайн, тікұшақ, алмұрт, ас бөлме, қамыр, бор, түйме, кілем, антенна.

1) от;

2) үй, сүт;

3) ат, саңырауқұлақ, ине;

4) қораз, күн, асфальт, дәптер;

5) шатыр, ағаш, су, шам, мектеп;

6) қарындаш, машина, әке, бор, құс, нан;

7) бүркіт, ойын, емен, телефон, стақан, пәлте, бала;

8) тау, қарға, сағат, үстел, қар, сурет, емен, бор;

9) доп, алма, сәбіз, үстел, көбелек, метро, балапан, қолғап;

10) машина, тас, жеміс, сөмке, шыны, орындық, балға, дастархан, қарбыз, ескерткіш.

«Суретті есіңде сақта»

Дидактикалық материал: таныс заттың суреттері бейнелеген 5 сурет: үстел, алмұрт, стақан, көйлек, бас киім.

Балалар 5 суретте не бейнелегенін 10 с. ішінде қарап шығуы тиіс. Одан кейін суретті теріс қаратып қояды. Психолог баладан теріс қарап жатқан суретте не бейнеленгенін есіне түсіріп, айтуын сұрайды.

«Тыңда бәрін есіңде сақта - сұрақтарға жауап бер»

Балаларға мәтінді мұқият тыңдап, барлық сұрақтарға жауап беру ұсынылады.

Арай бүгін балалардан тартып алды ұшақты,

Қонжықты, тотықұсты, паровоз бен пароходты...

Ал балалар болса былай деп жауап қатты:

«Бәрін алып кетсең де болады,

Керек емес қонжық та, керек емес пароход.

Мысық пен тышқан ойнаймыз: мүмкін мен - мысық, мүмкін тышқан болармын...»

Барлығы көңілді ойнап, күліп, шулап жүр,

Ал Арайдың ойынға зауқы соқпай тұр...

Көзіндегі жасты тоқтата алмай, төмен қарап қалды,

Оның ойыншықтары бір қорап, бірақ ойнауға көңіл-күйі жоқ!

(Е. Серов)

Сұрақтар:

Арай балалардан қандай ойыншықтарды тартып алды?

Неліктен Арай жылады, оның ойыншықтары көп еді ғой?

Неліктен басқа балалардың көңіл-күйі көтеріңкі?

Балалар қандай ойынды ойнай бастады?

Қандай ойынды бірге ойнауға болады?

«Қарлы кесек»

Бірінші ойыншы кез-келген бір заттың атын атайды. Келесі қатысушы аталған заттың атын қайталап, өзі тағы да бір жаңа заттың атын қосып айтады. Солай барлығы бірінен соң бірі кезекпен заттың атын қосып айтады.

«Есте сақта және суретін сал»

1-нұсқа

Балаларға 6 сурет ұсынылады. Бір суреттің көрсету уақыты - 3 секунд. Балалар кезекпен ол суреттерді дәптерлеріне түсіреді. Орындалған тапсырманың дұрыстығын, суретті тақтаға салып тексеруге болады.

2-нұсқа

Балаларға 6-10 сөз оқылады. Балалардың мақсаты сөзді есінде сақтап, одан кейін суретін салу.

3-нұсқа

Балаларға мәтін оқылады және сол мәтіннің мазмұнын ашатын сурет салу ұсынылады.

Жексенбі күні керемет үш аққаланы қардан домалаттым. Біреуі үлкен болып шықты, екіншісі - кішірек, ал үшіншісі - мүлдем кішкентай. Бірінші мен екіншісінің қолы - қарлы түйір, ал үшіншінікі - бұтақ. Мұрнының орнына сәбіз тағылған. Көздері үшбұрыштан.

«Көңілді кестелер» жаттығуы.

Балаларға әртүрлі заттардың суреті бейнеленген 4 торкөзден тұратын кесте беріледі, олар осы суретті естерінде сақтауы тиіс. Одан кейін әртүрлі заттардың суреттері бейнеленген 9 торкөзден тұратын кесте ұсынылады, оның ішінде бірінші кестедегі суреттер де кездеседі. Балалардың мақсаты осы заттарды атау, есінде сақтау. Содан соң 16 торкөзден тұратын кесте ұсынылады, балалардың мақсаты 9 суретті атау.

«Зейін қойып тыңда және қайтала»

Психолог сөйлемді оқиды. Балалар оны қайталауы тиіс.

Сөйлем 3-4 сөзден басталып, әлсін-әлсін ұлғаюы қажет.

Ойынның алдында мақсатын айту қажет: «Зейін қойып тыңда және есте сақтауға тырыс».

«Суретке қара, одан кейін сөздерді есіңе сақта»

Нұсқау: "Мен қазір сөздерді оқып тұрамын, есте сақтау оңай болу үшін, сол аталған заттың суретін көрсетіп тұрамын".

Тәрелке - Сорпа

Пошта - Хат

Қыс - Қар

Ұн - Нан

Қарындаш - Қағаз

Жол - Машина

Мультфилм - Теледидар

Әріптер - Кітап

Етік - Аяқ

Балық - Су

Содан кейін балалардың еске түсірулеріне оңай болу үшін суреттер ұсынылады.

«Мазмұндау»

Балаларға мәтін оқылады.

Ертеде балалар өмір сүріпті. Оларға анасы ағаш ат сыйлапты. Балалар әлгі ағаш атқа мысық пен итті отырғызып, тербетіпті. Жақсылап тербетіпті. Бір күні ағат ат мүлдем тербелмей қалыпты. Балалар қараса аттың аяғы сынып қалған екен. Олар үйге Арман ағаны шақырды, ол атты жөндеп берді.

Содан кейін мына сұрақтарға жауап беру ұсынылады.

Мәтінге сұрақтар:

1. Анасы балаларына не сыйлады?

2. Балалар қалай ойнады?

3. Олар неге ойнамай қойды?

4. Балалар кімді шақырды және не үшін?

Мәтін тағы да оқылады. Одан кейін бала мәтіннің мазмұнын айтуы тиіс. Мәтіннің мазмұнын айтқан кезде, барлығын мұқият тыңдау қажет.

«Амалдық есте сақтау»

Баланың есте сақтауы үшін 6-10 сөз, сонымен қатар суреті бар парақшалар ұсынылады (15- 20). Суреттер есте сақталынатын сөзге мысал ретінде болмауы тиіс.

Нұсқау: "Мен қазір сөздерді оқимын, есіңе сақтауға оңай болу үшін, осы суреттің ішінен мен айтқан сөзбен байланыстыратын бір суретті таңдап ал".

«Қозғалысты орында»

Балаларға үшдеңгейлі нұсқау беріледі, олар осы нұсқауды орындауы қажет.

1. қолдарыңды белге қой

2. алға қарай екі рет еңкей

3. қолыңды төмен қаратып, түзел

«Жұптарды есіңде сақта»

Балаларға есте сақтауға мағыналары бойынша бір-біріне жақын сөздер жұбы оқылады. Одан кейін сөздердің бірінші жұбы оқылады, ал балалар екінші жұбын айтуы тиіс.

мереке - сыйлық; үй - терезе;

сусын - салқын; үйшік - ит;

үстел - торт; құймақ - таба;

бас киім - шарф; пеш - отын;

ваза - гүл; шаңсорғыш - жинау;

ара - бал; қала - көше.

«Пиктограммалар» жаттығуы

Балаларға нұсқау:

«Бүгін біз сөздерге пиктограммалар салуды үйренеміз, сендер естеріңе сақтап отырыңдар. Салынған сурет қарапайым, еске сақтауға ыңғайлы болуы тиіс».

Еске сақтауға арналған сөздер: қыс, үй, өзен, күлкі, мектеп, ана.

«Суреттер бойынша өлеңді есіңе сақта»

Өлең оқылады.

Содан соң балалар сұрақтарға жауап береді:

Өлеңде қай жыл мезгілі айтылған?

Күзде қандай өзгерістер болады?

Что осень подарила рябине?

Что осень подарила осине?

Что осень подарила тополям?

Что осень подарила людям, то есть нам?

Затем стих читается ещё раз с одновременным показом картинок-пиктограмм.

Затем дети вместе с педагогом повторяют стих построчно с опорой на картинки. Затем дети индивидуально рассказывают стих с опорой на картинки.

«Күз сыйлықтары»

Біздің бақшаға да күз келді.

Күз бәріне сыйлықтар сыйлайды.

Шетен жидегіне - қызыл моншақ,

Көктерекке - қызғылт алжапқыш,

Терекке сары қолшатыр,

Ал бізге күз жемістер сыйлайды.

Есте сақтау мен зейінді дамыту бағдарламасы. (1 сынып)


© 2010-2022