Тренинг

Жаңаөзен қаласыТ р е н и н гтақырыбыАсыл қасиеттер ата-анаданДайындаған: Наурызбайқызы Ж.2014/15Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру.Міндеті: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру. Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, Көрнекілігі: Тақ...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңаөзен қаласы


Т р е н и н г

тақырыбы

Асыл қасиеттер ата-анадан

Дайындаған:

Наурызбайқызы Ж.







2014/15

Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.
Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,
өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу.
ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі
жайлы түсіндіру.

Міндеті: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап,

Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты нақыл сөздер жазылған слайд, маркер, әдістемелік бланк, үлестірме қағаздар;

Тренинг ережесі:
1. Сөзді бөлмеу
2. Бір-біріне кедергі жасамау
3. Бірігіп жұмыс жасау
4. Күлімсіреу

I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Тренингке қатысушыларды шеңбер жасап отырғызу.Тыныштық сәті. Әуен тыңдату.
II. Барысы:
1. Психологиялық ойын.
«Мен сенімен сұхбаттасқаныма қуаныштымын» атты жаттығу.
Барлығы бір - бірінің қолынан ұстап шеңбер құрады. Ойынды бірінші отырған адам бастайды. Кейінгілер осы бірінші ойыншының есімін шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре атау.

2. Қызықты сұрақтар:

1. Балаңыздың туған күні?

2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4. Балаңыздың парталас көршісі кім?

5. Бүгін сабактан қандай баға алды?

6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

9. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы бардыЮ

10. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

11. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

Баланы жастан бақпасан,

Жамандықтан қақпасан.

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата - ана.

3. «Ән айтайық» жаттығуы
Балаларыңыз жақсы көретін әнді айтасыздар.
4. Шығармашылық жұмыс.

Бала жаны гүлдену үшін не істеу керек?
Топқа тапсырма:
І топ. «Менің баламның жүрегі» Бұл жүрекке не керек?
ІІ топ. Өмірде сіздер үшін не маңызды?
ІІІ топ. Бала келешекте белгілі бір мамандық иесі болу үшін?
Плакатқа тапсырманы орындап, әр топ қорғайды.

5. «Жүрек жылуы» жаттығуы
Тренингке қатысушы аналар....
«Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім!». ..... деген ойды жалғастырулары керек. Бір-біріне деген жақсы лебіздерін білдіреді.
Мұнда бір - біріңізге тілек айтасыздар, яғни айту кезінде ол адамды құшақтап тұрып немесе басқалай да іс - қимылмен тілек білдіресіз.
6. «Түйінді сөзді мен айтамын» стратегиясы
«Бала көңілін қалай табуға болады?» деген сұрақты әр ата - ана топтарында талқылап, бір байламға келіп, ой түйінін ортаға жеткізіп, айтып береді.
7. Ата - аналарға кеңес.
1. Отбасындағы психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, бейіл береке - оның барлық мүшелерінің ырысы ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
2. Бала - ата - анасының физиологиялық, психо - әлеуметтік көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата - анасынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата - анамен қарым - қатынасы әсер етеді.
3. Жанұяда балаға орынсыз ұзақ әңгіме айтып, шұбалаңқы ақыл айта беру де пайдасыз.
4. Бала ісіндегі кездейсоқ болған бір сәтсіздікті қазбалай бермей, ескерту жасаса жеткілікті.
5. Балаға аса байыппен қарау керек, мейлі ол әлжуаз немесе дәрменсіз болсын, болашағынан үміт үзбеген жөн.
8. Қорытынды.

«Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен мектеп тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл - жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. Бала - ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған ата - аналарымыз аман - есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Бүгінгі тренингке қатысқан ата - аналарға алғысымызды білдіреміз.



© 2010-2022