Урок «Дін мен дәстүр егіз ұғым»

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№7 Е. Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп













Тақырыбы:

«Дін мен дәстүр егіз ұғым»

Ток шоу

( 10сынып)









Мектеп психологы: Газимова Э.

2014/2015

Тақырыбы: «Дін мен дәстүр егіз ұғым»

Мақсаты: Оқушыларға діни тәрбие берумен қатар бір аллаға сенімдерін арттыру, дінді уағыздау арқылы балаларды тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы, тақырыпқа байланысты нақыл сөздер,видео ролик
Сабақтың түрі: Ток шоу
Сабақтың жүрісі:

I.Ұйымдастыру

ІI.Жаттығу. Бой жазу
IIІ. «Дін мен дәстүр» деген тақырыпта түсірілген деректі фильмді көрсету

ІV.Дін туралы түсінік.
V. Дін мен дәстүр егіз ұғым дегеніміз не? Сұрақ - жауап
VI. Жаттығу

Урок «Дін мен дәстүр егіз ұғым»

Психолог сөзі.
Армысыздар, қадірлі ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі «Дін мен Дәстүр егіз ұғым» тақырыбыдағы ток шоуда сағатында имандылық, мұсылман діні, аллаға құлшылық ететін жастар және басқа діни сөздер туралы айтылмақ. Бас мүфти биылғы жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп атағаны белгілі. Осыған байланысты «Дін мен Дәстүр егіз ұғым» тақырыбындаға ток шоуға қош келдіңіздер. Ал ендеше экраннан «Дін мен дәстүр» деген тақырыпта түсірілген деректі фильмгн назар аударамыз.

(Бейнекөрініс көрсетіледі )

-иа балалар бұл бейнекөрініс не түсіндіңіз?

Жат ағымдардан жапа шегіп, ақиқатты мешіт имамдарынан сұрап білген жас жігіттің өмірі туралы не түсіндіңіз?

-Адаспас үшін не істеу керек?

Урок «Дін мен дәстүр егіз ұғым»

Жаттығу. Бой жазу

Уақыты: ( 5-мин. )

Ал қазір сәл бой жазып алайық, ол " қорқыныштан арылу» деп аталады. Бұл бой жазумыздың мақсаты,қорқынышты, мазалануды алу, күйзеліс жағдайына дайындалу болып табылады.

Ынғайланып отырыңыз, еркін дем алыңыз, көздеріңізді жұмыңыздар және көз алдарыңа елестетіңдер, сіздер жасыл алаңда,ашық күннің астында дем алып отырсыңдар... Аспанда күн шуағын шашып тұр және осы нұрдың шашуының бөлігі сізге тиісті ... Оның шуақтары сіздің басыңызды жұмсақ және еркелетіп қыздырады, денеңізге кіреді, ол өн бойыңызға төгіледі, осының бәрі сіздің қорқыныш пен топшылама, барлық жағымсыз ойларыңызбен сезіміңіз, сіздің ренішіңіз және мазасыздануыңыздың бәрі ериді, оның бәрі тазартылған жарықпен толтырылады.

Барлық таза емес бөліктеріңіз қараңғы түнге айналып, оны жұмсақ жел тез қуады, ол сіздің денеңізді тастап кетеді. Сіз қорқыныштан арылдыңыз, сіз тазардыңыз, сізге жарық түсті және сіз көңілдісіз.

Талдау:

Қалай тренинг ұнадыма?

Қандай әсер алдыныз?

Әр қайсысы өз ойын білдіреді.

Психолог

Дін туралы түсінік.

Соңғы жылдары мысықтілеу жат ағымдар қазақ халқының сан ғасырлардан бері ата дініміз исламмен біте қайнасып келе жатқан дәстүрлерін жоққа шығарып, кейбірін тіпті Аллаға серік қосу деп жұртты дүрліктіріп жүргені белгілі. Оған әріресе оңы мен солын танып үлгермеген жастардың еріп кетуі мүмкін. Ежелден исламды ұстанған ата-бабаларымыздың әрбір ісі, әр салты мен дәстүрі шариғаттан шет кеткен емес.

Дүниеге көзқарас ұғымы және оның тарихи типтері: миф (аңыз), дін, философия. Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында білімдер жинақтайды, ара - арасында ол заттар мен құбылыстар неге олай , дүние неге бұлай құрылған , адамның тууы мен өлімнің , бақыты мен қайғы - қасіретінің себебі неде деген сияқты мың- сан сұрақтар қояды өзі-өзіне. Сөйтіп, әрбір адамның санасында біртіндеп ол сұрақтар жайында трлеше ой - пікіррлер, көзқаратар қалыптаса бастайды. Адамның дүниетанымы дамып, тереңдеген сайын ақиқат айыруға болады, ар, намыс, борыш, жауапкершілік, әділеттілік пен әділетсіздік, зұлымдық пен қайырымдылқ дегеніміз не деген сияқты әлеуметтік сұрақтар да қалыптаса бастайды.

Бұл сияқты сұрақтар ға жауап беру үшін олар жайында дұрыс ұғым , дүниенің өзгерісі мен дамуы туралы кең көлемді көзқарас, ой - пікір керек. Дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниеге көзқарас деп аталады.

Дүниеге көзқарас адамзат санасының , дүниетанымының қажетті бөлігі. Білім мен сенімнің , ой мен сезімнің , көңіл - күй мен мақсат - мүдденің , үміт пен ниеттің т.б. түрлі жақтарының бірігуі болып табылатын дүниегекөзқарас адамдардың дүние және өзі туралы біртұтас ұғымдарының жиынтығы деуге болады. Дүниегекөзқарас дегеніміз шындық дүние және адам туралы, адамның мінез - құлқы мен іс - әрекеттері туралы ең жалпы ұғымдарды айқындап беретін пікірлер мен тұжырымдардың жиынтығы екен.

Дүниегекөзқарастың философиядан бұрынғы әлеуметтік - тарихи типтерінемифология мен дін жатады.

Мифология - адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Онда бастамасы, діни сенімнің бастамасы, өнер мен адамгершілік қатынастар бейнеленді. Миф ( аңыз , ертегілер ) сананың әлі жіктелмеген біртұтас формасы болды

Мифология ( гректің mifos - аңыз , ертегі және logos - ілім, ұғым деген сөздерінен шыққан ) қоғам дамуының бастапқы сатыларына тән қоғамдық сананың формасы.Эпос , ертегі , аңыздар, тарихи әңгімелер арқылы мифологиялық кейіпкерлер түрлі халықтардың рухани мәдениетіне - әдебиетіне, музыкасына, сурет - мүсін өнеріне енді. Олар қазақтың ауыз әдебиетінде, эпостық жырларында бар. Мифология қойып кеткен бұл дүниегекөзқарасты сұрақтарға жауап іздеудің барысында дін мен философияның жолы екіге айырылды. Дін -дүниеге көзқарастың шындық дүниені бұрмалап бейнелендіруші формасы. Философия мен діннің жақындығы сол, ол екеуі де дүниегекөзқарастың қоғамдық тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен мінез құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешеді. Алайда олардың бір - бірінен айырмашылықтары да орасан зор. Мыңдаған жылдар бойы терең діни сенімдегі адамдардың ішінде философиялық пайымдауы бар адамдардың саны болмашы ғана болды. Философиялық пайымдауға ақыл - ой бостандығы тән. Діни көзқарас үстем болған ол жылдарда өздігінше еркін пайымдау жасауға тек тиісті білімі бар, ақыл - ойы жетік, рухани жағынан табанды адамдар ғана адамдар қабілетті болды. Ал адамдардың басым көпшілігінің дүниеге көзқарасы дін мен мешіт, шіркеу тағайындаған түсініктерден, адмгершілік мінез - құлық талаптарынан тыс шыға алмады. Тек білім мен мәдениет өскен , ғылыми прогресс іске асқан соңғы екі - үш ғасырда ғана философиялық көзқарас, зерттеулур кеңінен тарай бастады. Діни соқыр сенімге негізделген, жақсылық пен жамандықты құдайдан ғана күтетін ол дүние туралы көзқараспен салыстарғанда, философия бірінші орынға бұл дүниені және ондағы адамның орнын білім мен ақыл - ой тұрғысынан түсіндіретін теориялық көзқарасты ұсынды. Сөйтіп, нақты бақылауға, логикалық талдау мен жалпылауға, дәлелдеу арқылы тұжырымдауға негізделген философиялық ой - пікір қияли мифологиялық бейнелер мен шындықты бұрмалаушы діни жалған сенімдерді біндеп ығыстыра берді. Алуан түрлі күнделікті тәжірибеге негізделген дүниегекөзқарастық ой - пікірлер мен тұжырымдамалар ғасырлар бойы және бүгінгі таңда үлкен рөл атқарып келеді.

Жакиева Гүлнұр - Дәстүрлі дін дегеніміз не?

Психолог:

Дәстүрлі дініміз - Ислам төңірегінде әртүрлі алыпқашпа сөздер белең алып отырғаны жасырын емес. Дініміз қайсы, дәстүріміз қайсы екенін кейде білмей де қалатынымыз бар. Қазіргі жастар мешітке көп баратын болды. Бұл қуанышты жағдай, әрине. Дегенмен, сол жастардың бәрінің бірдей дінімізге деген көзқарасы дұрыс па әлде жаңсақ басып жүрген-дері де бар ма? Міне, гәп осында.
Дін мен дәстүр. Мұны біз, әсіресе, болашақ иесі жастар, қалай түсініп жүрміз? Бұл екеуі ажырамас, бірі мен бірі біте қайнасқан ұлағатты ұғым. Оның аражігін ажырату үшін үлкен діни білім, ұлттық дәстүрді жете меңгерген қабілет керек. Ең бастысы, дініміз бен дәстүрімізді ұғындыратын, соған жетелейтін насихат құралы қажет. Міне, осы тұста Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Дін мен дәстүр» атты кітап қазіргі қазақ қауымы алдындағы өткір де өзекті мәселе болып отырған дін мен дәстүр туралы жан-жақты сөз етеді. Сөз етіп қана қоймайды, осы егіз ұғымның қалыптасуы, тарихы, мән-мазмұны және мақсаты төңірегінде егжей-тегжейлі әңгімелейді.
Дәстүр сөзінің этимологиясы таратып, ұғыныңқы етіп, біздің заманымызға жақындатып, бейімдеп айтқанда Конституция деген мағынаны білдірсе керек. Қазақ халқы дала заңымен: дәстүр-салтымен, әдет-ғұрпымен өмір сүрген халық. «Уықты басқұр сақтайды, ұлтты дәстүр сақтайды» деп бабаларымыз неге айтқан дейсіз.

Кагенова Анара -Дін мен дәстүр егіз ұғым дегеніміз не?

Психолог

Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы өте зор. Дін - адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр - ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет.

Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Мәселен, еліміздің ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы, батырлық пен ерлік дәстүрін тудырған. Қазақ - ұлттық дәстүрге ерекше мән беретін халық.

Дәстүр - ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар. Дін мен дәстүр - қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым. Екеуі егіз тақырып десек те болғандай.

Дін бар жерде дәстүр, дәстүр бар жерде дін де бар деп айтуға болады. Алла тағала құранда: «Кешірімді бол, ғұрыпқа жақсылыққа бұйыр және надандардан жырақ бол» - деп әмір етеді. Ғұрып дегеніміз бір қоғамда қалыптасқан жағымды әрі қайырлы іс. Демек, Алла тағала жоғарыдағы аяттарда қоғамда жағымды жағдайларды қалыптастырып, оларды негізге алуға әмір етіп тұр.

Ислам діні әрбір халықтың, ұлттың өзіндік құндылықтары және ерекшеліктері - әдет-ғұрпына ерекше көңіл бөлген. Сондықтан ислам ғұламалары әдет-ғұрып мәселесін талдап, оның өзін жеке бір тақырып етіп зерттеген. Дәстүрге теріс көзқараспен қарау және оны жоққа шығару тек бір ұлттың тамырына ғана балта шабу емес, дінді бұзушылық болып та табылады.

Ислам ғалымдарының бірі Имам ибн Ғабидин: «Ислам шариғатында, «әл-ғурф» (ғұрып) және «әл-ғада» (әдет) деп аталатын, адамдар арасында қалыптасқан салт пен дәстүрді айқындайтын үкімдер бар» -деген.

Ал, Имам Сархаси хазірет: «Шариғатқа қарсы келмеген әдет және ғұрыппен бекітілген нәрсе, шариғатпен бекітілгенмен тең болады!» -деген. Егер әдет-ғұрып шариғатқа қайшы келмесе, оған Ислам тыйым салмайды. Халқымызда: «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген керемет нақыл бар. Осыған орай: ғұрыптардың барлығы дерлік әлбетте бірдей емес. Сол үшін де, оларға бір жақты қарауға әсте болмайды.

Себебі, әдет-ғұрыптардың ішінде тыйым салынатыны, сондай-ақ рұқсат етілетіні, тіпті орындалуы қажет болып табылатындары да бар. Әдет және ғұрыпқа айрықша орын бергенде, орындалатын өзіндік арнайы шарттары бар:

I. Салт-дәстүр - Құран мен Сүннет мәтіндеріне және ғалымдардың бір ауыздан келіскеніне немесе шариғатта бекітіліп қойған үкімге қарама-қайшы келмеуі тиіс. Имам Сархасидің: «Құран мен Сүннетке қарсы келген кез-келген салт есепке алынбайды», - деген сөзі бар.

II. Әдет пен ғұрып, сирек кездесетін емес, кең тараған болуы қажет. Имам Суюти: «Салт-дәстүрмен тек, егер олар кең тараған яғни қоғамдық ортада мойындалған болса ғана санасады, ал егер олар айқын болмаса, есепке алынбайды».

III. Салт-дәстүр бізге бұрынғылардан жеткен, қазіргі таңда да қолданыстағы дәстүр болуы керек. Өйткені, салт-дәстүр уақыттан-уақытқа, халықтан-халыққа ауысып келе береді.

Дініміз Ислам - адамгершілік пен парасаттылықтың, қайырымдылық пен ізгілік діні. Осынау асыл дінімізді әр саққа жүгіртіп, бұрмаламай өзінің тұнық қайнарынан үйренуге тырысқанымыз жөн. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып келген дәстүрлі дінін, әдет-ғұрпын жоққа шығарып, іріткі салушы топтар бар, олар қайдағы бір ағым, секталардың сойылын соғып жүргендер.

Ардақты Пайғамбарымыз: «Шын мұсылман - тілі мен қолынан ешкімге еш зияны тимейтін адам» - деген. Ал, бүгінде жасыратыны жоқ өзін мұсылман-намазханмын деп жүріп, ата-анасына «кәпірсің» деп тіл тигізіп, асын ішпей, өз ұлтынан жиреніп, ұлттық ғұрыпты харам деп, салт пен сүннетті қағыстырып жүрген бауырлар бар.

Мұны әлбетте олардың діни білімсіздігінен деп білгеніміз абзал. Ондайлардың көзқарасына бола Исламға шошына, үрке қарауға болмайды. Ол діннің кемшілігі емес, дінді дұрыс түсіне білмеген, оны даналықпен өміріне ендіре алмаған, дін мен дәстүрді хикметпен қабыстыра түсінбегендердің өз кінәсі.

Дін атын жамылған ағымдар елімізде көп. Осынау ағым, секталардың ешқайсысы дұрыс емес, бұрыс екендігі айтылып та, жазылып та жатыр. Бірақ өкінішке орай, біздің қаракөз бауырларымыз әлі де болса солардың еліткеніне еріп, желіктеріне желігіп, шырмауынан шыға алмауда. Өз құндылығымызды өзіміз қадірлей білмегеннен, кім болса соның соңынан еріп, жетегінде еріп, жүре береміз. Сондықтан ұлттық қасиетімізді де бағалай білгеніміз жөн.

Қадірлі ағайын! Барша мұсылман бауырлар! Біз ұстанатын мұсылмандық бабаларымыздан бері шариғатқа сай қалыптасқан ұлттық дәстүрімізге нұқсан келтірілмеуі тиіс. Мұсылман болу үшін тек мұсылмандық сауатты ғана болу жеткіліксіз. Біз жан-жақты білімді де мәдениетті болып, «Өз асылымызды құндап, өзгенің қаңсығына қызықпай, ұлттық ар-ұжданды» болуымыз қажет.

Бүгінде Мәңгілік Ел боламыз деп жатырмыз. Оның бірден-бір жолы - «Бірлігі бар елдің, берекелі тірлігі бар» -демекші ел ішінде тыныштық пен тұрақтылық, ынтымақ пен бірлікті нығайту. Тұрақтылық пен тыныштық бар жерде ғана өсіп-өркендеу, ертеңгі күнге деген үкілі үміт болатыны айқын.

Сонымен қатар ұлттық асыл құндылықтарымызды дәріптей отырып, оны паш ету. «Уықты басқұр сақтайды, ұлтты дәстүр сақтайды» - дегендей, ата-бабамыздан бері жалғасып келе жатқан дәстүрлі дініміз бен әдет-ғұрпымызды қадірлеп, құрметтей білуіміз керек.

Осындай асыл құндылықтарымызды дұрыс сақтай алсақ қана елдігімізді сақтай аламыз. Сонда ғана егемен еліміз бар деп мақтана аламыз. Мәңгілік Ел тек осындай өзіндік қадірімен ғана мәңгілік болмақ деп ойлаймын.

Бүгінгі сабағымызды қорытындысы ретінде

«Мейірім» және «Көршіңді бағала» тақырыбында ойын ойнауға шақырамын

«Мейірім»

Шарты: Ойыншылар қарама-қарсы тұрады. Бір-бірінің көздеріне қарап тұрып өзі байқаған сол кісі бойындағы жылылық, әдептілік, мейірімділік қасиеттерін айтады. Қорытындылау сәтінде «Почта» ойыны арқылы аяқтау.

Ойынның шарты: Ойынға қатысушылардың барлығы да бір-біріне арнау хат жазады. Ол хаттың мазмұны жетістіктер мен тілектерге толы болуы керек.

«Көршіңді бағала»

Шарты: Ойынға қатынасушы оң жағында отырған көршісін үлкен лауазымдық орынға ұсынады сол орынға ұсынады сол орынға өтуіне мінездеме жазып сол арқылы өз пікірін қорғау керек (жақсы қасиеттері мен жоғары қабілеттерін жазу)

Урок «Дін мен дәстүр егіз ұғым»








Хабарлама

Бас мүфти биылғы жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп атағаны белгілі.

10 сәуір күні 10 сынып оқушыларының қатысуымен діни тәрбие берумен қатар бір аллаға сенімдерін арттыру, дінді уағыздау арқылы балаларды тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында

«Дін мен дәстүр егіз ұғым» тақырыбында ток шоу өткізілді.

Ток шоуға оқушылар белсене атсалысып бірінші бөлім бойынша көрсетілген бейне көрініс туралы өз ойларын ашық жеткізе білді.

Келесі бөлімде қорқыныштан арылу мақсатында «Бой жазу» жаттығуы өткізілді. Бой жазу мақсаты,қорқынышты, мазалануды алу, күйзеліс жағдайына дайындалу болып табылды. Соңғы жылдары мысықтілеу жат ағымдар қазақ халқының сан ғасырлардан бері ата дініміз исламмен біте қайнасып келе жатқан дәстүрлерін жоққа шығарып, кейбірін тіпті аллаға серік қосу деп жұртты дүрліктіріп жүргені белгілі. Оған әсіресе оңы мен солын танып үлгермеген жастардың еріп кетуі мүмкін. Ежелден исламды ұстанған ата-бабаларымыздың әрбір ісі, әр салты мен дәстүрі шариғаттан шет кеткен емес.Осыған орай оқушыларға дін туралы баяндама оқылды. Дін мен дәстүр егіз ұғым дегеніміз не? Сұрақ - жауап барысынды қойылған сауалдарға жауап беріп отырдық. Бүгінгі ток шоу қорытындысы ретінде

«Мейірім» және «Көршіңді бағала» тақырыбында ойынмен аяқтал-ды .











© 2010-2022