Психологиялық тренинг-танымдық белсенділікті дамыту құралы ретінде

Раздел Школьному психологу
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Психологиялық тренинг-танымдық белсенділікті дамыту құралы ретінде

Тренинг-бұл білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды.
Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс , олар, ыза, қатты дауыс, дөрекілік , өзімшілдік , қатыспаушылық , қажетсіз күлкі , ынтасыздық, шыдамсыздық немесе қажетсіз сөзге араласу, тыныштық, селқостық қылжақтық және т.б.
Тренинг мақсаты-адамды нақты тапсырманы орындауға қажетті білім, шеберлік және бағытпен қамтамасыз ету. Тренингке өзгеріс, нәтиже бірден көрінеді. Осы міндеттерді шешу кезінде ұйымдастырылатын тренинг теңдігі түрлері де ерекшеленеді. Рольдік тренинг, видеотренинг, қарым-қатынас тренингі, іскерлік қарым-қатынас тренингі, мәдениетаралық өзара әрекет және т.б. Тренингтер белгілі бір ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзету, өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкіндік болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектеседі.
Әсіресе, мұндай жұмыстарды қиын оқушылармен жүргізу аса қажет екенін тәжірибемнен көріп жүрмін. Күннің көзін алақанмен жабуға болмайтыны секілді, қиын оқушылар бар екені шындық. Тәрбиесі қиын балалар балаларды тудыратын себептердің бірі-балаларын оқытуда тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті , яғни қатыгездікті , дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.
Екінші себеп-бұл үйдегі сәтсіздік , маскүнемдік , ұрыс-төбелес, ұрлық, ата-аналардың және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы-ажырасу, неке бұзу.
Отбасы тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші фактор. «Сіз өз балаңызды тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез-құлқынызды тексеріңіз» деген болатын А.С.Макаренко. Оның сөзін жалғастыра келіп, егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз.. ал, онда сізге тәрбие туралы ойланудың қажеті жоқ.
Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан (невроз), жиі қояншық ұстамадан (эпилепция) азап шегеді, олардың ақыл-ойы баяу дамиды. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді. Әрбір ата-ана азғындыққа түспеу үшін күш қабілетін пайдаланып, балаларға мейірімді өнеге мен әсер ету керек.
Үшінші себеп-ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін тілектерін, ойларын, қайғысын қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді.
Тату отбасында ата-аналар балалардың күнделікті өмірі мен іс-әрекетіне басшылық жасайды. Балалардың өздерінің қуанышын, қайғыларын, ойларын, уайымдарын бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, жаңа фильмдер мен кітаптарды бірлесе отырып талдайды, өздерінің сүйікті әндерін орындайды.
Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, т.б. тәртіп пен мінез-құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады. Отбасында қоғамның келешек азаматы өседі.
Басқаша айтқанда, отбасы жеке адамның тәртібі және мінез-құлық негізін қалайтын микро-ұжым. Бір уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жасөспірімдержатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастан-бастауыш мектеп кезеңінен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. «Тәртібі қиын оқушыларды» тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі өте зор.
Адамзат тарихында жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық негіздері ерте заманнан-ақ ойшылдар, ғұламалардың назарында болғаны мәлім. Олардың құнды идеяларды атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге жетіп отыр. Қазақтың ғұламаларының ішінде әл-Фарабидің шығармашылығында адам баласын ізгілікке, адамгершілікке баулу мәселесі кеңінен орын алғаны мәлім. Яғни, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы екенін ұмытпаған абзал.
Сол себепті шәкірт тәрбиелеуші қауымға айтарым, ұрпақты тәрбиелеу деген сөз, аянбай оқушылармен жұмыс жасайық, ұлт тағдырына бейжай қарамайық



© 2010-2022