Внеклассная работа на тему Көңілді балақай

Раздел Школьному психологу
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: баланың қабілетін,ақыл-ойын дамыту,ертегі айтып оның мағынасын түсіндіру,сандарды геометриялық фигураларды,түстерді ажырата білуге үйрету.

Көрнекіліктер: түрлі-түсті геометриялық фигуралар,сандар,жануарлар /жұмсақ ойыншықтар/,құрастыру материалдары,табиғат көрінісі бейнеленген сурет

Сабақтың барысы:

І.Психологиялық дайындық

Жаттығу «топтан топқа»

Мақсаты:топ ынтымақтастығын қалыптастыру

Балалар музыкамен жұптық би билейді.Музыка тоқтағанша билейді.Үзілістен соң жұптар «төртікке», «үштікке», «сегіздікке» бөлінеді.

Талдау тапсырма ұнады ма?

Қандай кедергідер кездесті?

ІІ. «Келген қонақтар» жаттығуы

  • Балалар бізге қонаққа орманнан жабайы жануарлар,яғни аңдар келді. Олар өте сақ,абайлағыш,сол себепті адамдарды көріп тығылады.Олар әрбір геомет.фигуралардығ артына тығылып қалды.Енді сол геомет.фигуралардың артынан алып шығайық.Ол үшін барлығымыз біраз жұмыс жасайық.

  • Тапсырмалар «адасқан сандар»

Шарты: Сандар үйінде түрлі-түсті сандар,геомет.фигуралар орналасқан.Сол сандарды балалардың әрқайсысына бөліп беру қажет.Әр бала алған соң санды атап,қандай түспен боялғанын айтып,оны өз орнына қояды.

  • «Тығылмақ» ойыны

Әрбір геомет.фигуралардың артына аңдар қойылады.Бала сол геомет.фигуралардың түсін және қандай фигура екенін айтады.

  • ІІІ.Тіл дамыту жұмысы. «Бүлдірген» ертегісі

Күн шығып тұр.Жер бүлдіргені пісті.Маса оны көріп шырылдады. «Жер бүлдіргені пісті,қып-қызыл үлпілдек».Масаның сөзін құс естіп орманға жүгірді.Жер бүлдіргеннің жегісі келіп тұр.Масаны ташқын естіп,ол да орманға жүгірді.Жылан да масаны естіп,жер бүлдірген жегісі келді.Күнді бұлт жапты.Бұлтты маса көріп: жаңбыр жауды деді.Масаны құс естіп,терекке тығылды.Құрбақа естіп,жапыраққа тығылды.Тышқан болса,інге тығылды.Жылан болса,жер астына тығылды.

Ал жер бүлдіргені болса,жаңбырға шомылып,ешкім тимегені үшін қуанып,рахаттанды.

  • Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір

Оң аяқ,сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Жаттығу «Жұптарды ауыстыру»

Мақсаты: көңіл-күйді көтеру.

Шарты: Музыка ойналып тұрады.Белгі берілген кезде әркім жұптарын ауыстырады

Талдау: Не ұнады?Не ұнамады? Кедергілер болды ма?

ІV.Рефлексия

  • Ал балалар, қазіргі көңіл күйлерін қалай? Сабақта сендерге не ұнады?

  • Не есте қалды?


© 2010-2022