Психология Жеке адам және топ

Раздел Школьному психологу
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары


Топ

Күн

БС - 21

25.09.15

Пән: Психология

Сабақтың тақырыбы: Жеке адам, топ және ұжым

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жеке адам туралы түсініктерін пысықтау, жаңа материалды меңгерту, тұлғаның топтағы және ұжымдағы рөлі туралы мәліметтер беру арқылы білімдерін тереңдете түсу;

Дамытушылық: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, жеке адам, топ және ұжым туралы түсініктерін тереңдету,өздігінен ізденіп, шығармашылықпен еңбек етуге бағыттау. Белсенділік пен танымдық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Студенттерді төзімділікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.Теориялық білімді болашақ кәсіби әрекетінде тиімді пайдалана білуге баулу, пәнге деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал ету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың жабдықталуы: сұрақтар жазылған карточкалар, анықтама таратпа лекциялар, рефлексия жаднамасы.

Пәнаралық байланыстар: психология, педагогика тарихы, философия.

Қолданылатын әдебиеттер: Қ.Жарықбаев «Психология», К.Жумасова « Психология»

Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі 5мин (8.30 - 8.35)

II.Студенттердің білімдерін өзектендіру кезеңі 15мин (8.35. - 8.50)

III. Жаңа сабақ 40 мин (8.50 - 9.30)

IY. Жаңа материалды бекіту 10 мин (9.30 -9.40)

Y. Бағалау 3мин (9.40 - 9.43)

YI. Үйге тапсырма 2 мин (9.43 - 9.45)

YII. Рефлексия 5мин (9.45 - 9.50)

Сабақтың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Студенттермен амандасу

2. Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру.

3. Студенттердің назарын сабаққа аудару

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

«Топтастыру» әдісі

Студенттерді 2 топқа бөліп, үйге берілген « Сана және психика», «Жануарлар психикасының пайда болуы және дамуы» тақырыбы бойынша тапсырмалар мен сұрақтар қою арқылы сайыс ұйымдастыру.

Сұрақтар:

  • Психика табиғатын түсіндіретін философиялық неше көзқарас бар, оларды атаңыз?

  • Тірі организмнің психикалық дамуының бүкіл ұзақ процесі неше кезеңнен тұрады?

  • Жануарлар психикасының дамуы қандай заңдылықтарға бағынады?

  • Жануарлар мінез - құлқының икемді түрі не деп аталады?

  • Маймыдармен тұңғыш зерттеу жүргізген кім?

  • Жануарлар мінез - құлқының тума түрі не деп аталады?

  • Дененің барлық рецепторларымен, қабығымен байланысындағы көру төмпешігі қалай аталады?

  • «Инстинкт» қай елдің сөзі?

  • «Интеллект» қазақша қандай мағына береді?

  • Дағдының физиологиялық негізі?

  • Жануарлар дүниесінің дамуындағы 3 түрлі әрекетті ата?

  • Инстинктің өзін тән ерекшеліктерін атаңыз?

Тапсырма:

Әр топ өздеріне берілген сөздің анықтамасын 1 мин ішінде құрастыруы қажет. Сөздер шашыраңқы түрде орналасып жатады.

1 - топ : «Инстинкт»

2 - топ : «Интеллект»

3. Жаңа сабақ

Жоспар:

1.Жеке адам туралы жалпы түсінік

2.Жеке адам, топ және ұжым

3.Дүниетаным, сенім және мұрат

Адам - белгілі бір қоғамның мүшесі , ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі ,білімі, өзіне тән ерекшеліктері болады.Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді. Мәселен,жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені ,онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе,білім, іс-әрекет т.б. жоқ . Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан,сезімінен ,талғам , мұратынан, бағытынан ,қабілет, қызығуынан жақсы байқалады .Жеке адам - тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі.Ол әлеуметтік ортада ғана қалыптасады. К.Маркстың айтуынша , жеке адам - «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы». Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері , оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың (экономикалық , идеологиялық) тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Жеке адамның психикалық қасиеттері бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы ерекшеліктер болып табылады. Жеке адамның психикалық тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады. Бұлардың өзгеруі қиын немесе бұл ерекшеліктер өзгермейді деу де қате. Демек, адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отыратындықтан, осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып , өзгеріп отырады. Мұндай қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі бір дәрежеде өсу , жетілу процесінде дамиды. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Кейбір психологтар адамның осындай тұрақты да тұрлаулы ерекшеліктерін өзгермейтін нәрсе деп есептейді . Адамның белсенділігі тума қасиетінен , яғни «психикалық энергиясының » дәрежесінен , «психикалық қуатынан » болады деп қоғамдық мәнін жоққа шығарады. Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адмның дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен адам өмірінің болуы мүмкін емес. Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі бір топқа кіреді. Топтар үлкен (макро), кіші (микро), ресми емес, ресми, ұымдасқан, ұымдаспаған, контакталы (адамдары ылғи жүздесіп жүретін топ), оқшауланған. формалы, формасыз, жасанды, табиғи, шартты, референттік т.б. болып бірнешеге бөлінеді. Мәселен, класс оқушылары, жұмысшы бригадасы, әскери бөлімше, отбасы контакталы немесе реалды топқа жатса, футбол алаңында, кино залында отырған адамдар ұйымдастырған топқа жатады. Белгілі бригада мүшелері, дос жарандар ағайын - туыстар ресми емес топ деп аталынады. Топ екі адамнан бастап құрылады; екіден қырық адамға дейінгі топ шағын топтар (мектеп класы), мыңдаған, миллиондаған адамдардың тобын(саяси партиялар, ұлт, кәсіподақ, діни ұйымдар т.б.) үлкен топтар деп атайды. Әрбір топтың ресми, не ресми емес жетекшілері (лидері) болады. Топтар ассоцация, кооперация, корпорация болып бөлінеді мұның ішінде референттік топ дегеннің мәні ерекше. Бұл - әрбір адамның қастерлеп, қадір тұтытатын, оның тіршілігіне әркез бағыт-бағдар сілтеп отырған топ. Реалды, контактылы топтың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. А.С. Макаренконың айтуы бойынша ұжым - мақсат-мүдделері ортақ, әрекеттес, белгілі-бір дәстүр салттары бар, өзін-өзі басқара алатын, әлеумет, ұжым тіршілігіне арқау еткен адамдар тобы. «Жерден жұлынып алынып, құнарсыз құмға тасталған өсімдіктің өмір сүруі мүмкін емес сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес» (А. Толстой). Сондықтан да адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни қандай қоғам мүшесі, қандай таптың өкілі екенін, нақтылы кәсібін, білімін , іс-тәжірибесін білуіміз қажет. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың бастлытары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар,дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам, түрткілер мен қажеттер. Адамды әрәкетке бағыттайтын қажетін өтеуге талаптандыратын бір түркі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай болмасын обьектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады. Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орй оның түрткілері де, мақсатқа жету қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт-бағдарынан нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс-әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді. Жеке адамды қандай болмасын әректке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив - оның түрлі қажеттері яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптастқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбңк құралдары т.б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын - рухани қажеттерді (білім, көркем өнер т.б.) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы - материалдық қажеттердің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы - тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамдардың алдына әр-түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді іс-әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелуі, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініш-сүйінішіне әсер етедіқажеттер орындалу тәсіліне қарай мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләзаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Олай болса адамдардың қажеттері - іс-әрекетінің негізгі мотивтері яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет - (әсіресе табиғи қажеттер)өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Қажет жануарларда да бар. Бірақ бұл - биологиялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың қажеттері олардың қореқтенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады. Қызығу - шындықтығы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты және ерекшелігінің көрінісі. Адамды електіріп өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі - «Бұл не ?» дейтін рефлекс. Қызығу құбылысының табиғаты өте күрделі. Ол өң алдымен өзінің көлемі жағынан ажыратылады. Осы тұрғыдан бір адамның қызығуы кең, жан-жақты болып келеді де, екінші біреудікі керісінше өте тар болады. Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ, осылардың ішінде басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеруіне, білім терең алуына көп жәрдем тигізеді. Қызығулар өзнің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық т.б. болып келеді. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, таным қызығулары оқуға, ғылымға қызығу, (математика, химия, биология, философия т.б.); кәсіптік қызығулар сан салалы кәсіптің түрлеріне байланысты, эстетикалық қызығулар кино, театр, музыка, бейнелеу, өнеріне т.б. орай бөлініп жатады. Адам объектіге мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы неәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, футболға қызығуды осыған жатқызуға болады. Жанама қызығу - бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. Мұндай қызығуда адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге қызығу осындай қызығулар. Дүниетаным, сенім және мұрат. Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі - адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмірі туралы білімдерінің жүйесі. Адамдарымыздың дүниетанымы мистика мен идиолизмге жат, дәйекті ғылыми-материалистік дүниетаным. Оның басты ерекшелігі - ғылымға негізделетіндігі. Бірден-бір ақиқат - дүниенің даму заңдарын дұрыс түсіндіретін ғылымға негізделген дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт береді. Кісі еңбегін қанайтын адамдардың дүниетанымы мейлінше рекцияшыл болады. Өзімшілдік, адамға деген өшпенділік, шыныдықты көре-тұра бұрмалау, пессимизмге салыну - керітартпа дүниетанымның басты белгісі. Адамдардың дүниетанымы ұжымшылдықты, гуманизмді (еңбек адамын құрметтей білу), оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дәріптеп қоймай, әр адамды дүниені қайта құру жолындағы жан қиярлық күреске баулиды. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Қай адамның болса да өзінше бір түсінігі болады. Бірақ осының бәрі дұрыс болып келе бермейді. Тек ғылымға негізделген түсінік қана, адамның сенімімен, іс-әрекетімен тығыз ұштасқан дүниетаным ғана бірден-бір дұрыс дүниетаным болады. Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші-сенім. Сенім -пікір талас, көзқарас қақтығысынды, имперализмге кең қол ашылғанда ғана шыңдала түседі. Ол адамға бірден келмейді, сенім өмір көріністерін топшылау, кесіп, пішіп көру, тәжірибе жинақтап, соны қорыту арқылы, терң, тиянақты білім негізінде қалыптасады. Сенім - кісінің еркін білдірген, сезімін қозғаған, мақсат-мүддесіне, бағыт-бағдарына айналған білім жүйесі. Сайып келгенде, ғылымға негізделген белгілі дүниетанымы, айқын мақсаты бар адамның ғана психологиялық қасиеті жоғары болатыны белгілі. Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің енді бірі - мұрат (идеал). Бұл - адамның өзіне өмірден өнеге іздеу, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат - адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам оған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді. Жеке адам психологиясынан елеулі орын алатын қасиеттерінің бірі - талғам. Қызығу, сенім, талап, мұрат адамды әр кезде іс-әрекетке итермелеп отыратын ең негізгі қозғаушы мотивтер болып табылады. Бірақ мотивтердің кез-келгені осындай пәрменді бола бермейді. Мән мәнісі адамға онша айқын емес, көмескі күңгіртболып көрінетін мотивтер де толып жатыр. Осы топтағы мотивтердің қатарына бағдар (установка), фрустрация («фрустрация» - латын сөзі, қазақша «босқа әлек болу», «жолы болмау» деген мағынаны білдіреді), елігу, стериоптиптерді жатқызуға болады.

4. Жаңа материалды бекіту

«Сұрақ-жауап» әдісі

  • Жеке адам сөзіне анықтама беріңіз?

  • Топ дегенміз не?

  • Топтар неше түрге бөлінеді?

  • Шағын топтарға кімдер жатады?

  • Үлкен топтарға кімдер жатады?

  • Шағын топ неше адамнан құралады?

  • Ұжым дегеніміз не?

  • Мотив сөзіне анықтама беріңіз?

  • Қызығу , дүниетаным, мұрат сөздеріне анықтама беріңіз?

5. Бағалау

Үй тапсырмасын сұрау, топтастыру барысындағы сабаққа қатысу белсенділігіне қарап және қосымша сұрақтар қою арқылы бағалау.

6.Үйге тапсырма

Жаңа тақырып бойынша дәптерде жазылған дәрісті оқу, А.С. Макаренконың ұжым туралы тағылымы жайлы, және басқа да ғалымдар жайлы мәлімет жинақтау. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар дайындау.

7. Рефлексия

«Бағдаршам» әдісі

Психология Жеке адам және топ

Жасыл: Түсіндім

Сары: Сұрағым бар

Қызыл: Түсініксіз

© 2010-2022